400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Көптаңбалы сандарды жазбаша бөлу "

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәнінен оқушылар көптаңбалы сандарды жазбаша бөлуді үйренеді және орындау алгоритмін сақтап орындайды. Менің ойымша оқушылардың жазбаша көптаңбалы сандарды бөлу орындауы машықтанады са
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Көптаңбалы сандарды жазбаша бөлу /Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері 52-сабақ.

Мектеп: «ЕОМ» КММ

Күні:18.11.19ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жунусова Н.С

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты (оқу бағдарламасынан алынған)

4.1.2.10 ** көптаңбалы санды екі таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау;

4.1.2.11** көптаңбалы санды екі таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмін қолдану;

4.1.2.12** нөлмен аяқталатын көптаңбалы санды екі таңбалы санға бөлу және көбейту алгоритмін қолдану;


Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

-көптаңбалы сандарды екі таңбалы/ үш таңбалы сандарға бөлудегі алгоритмді түсінеді және қолдана алады, жазбаша түрде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлу алгоритмін орындай алады.

Көптеген оқушылар:

-бөліндінің мәнінде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы санды екі таңбалы / үш таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдануды түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:

-алған білімін санның әртүрлі бағытына ауыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-бөліндінің мәнінде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы санды екі таңбалы санға бөлуді ескере отырып, кері амалдар қолданып, көбейтумен тексереді.


Пəндік лексика жəне терминология:

-көбейту мен бөлу амалдарының компоненттерінің атауы, алгоритм, тексеру тәсілі.

Диалогке / жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

Бөліндінің мәнінің неше саннан тұратынын қалай анықтаймыз?

Бөліндінің мәнінің неше саннан тұратынын білу несімен ыңғайлы?



Жазу: жазбаша түрде көбейту және бөлу.

Алдыңғы білім

Жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Қызығушы-лығын ояту



Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындығын тексеру.

Назарларын сабаққа аудару.

Үй жұмысын тексеру.

44 б №9

208 ⋅ (50 820 : 33 + 460) : 40 = 10 400

(28 254 : 34 + 12 505 : 61) ⋅ 20 = 20 720

259 ⋅ 69 + 1 836 : 27 = 17 939

Ынталандыру

Оқушылар №1 тапсырманы орындай отырып суретте бейнеленген қазақ жазушылары мен ағартушыларының аты-жөндерін білетін боласың.

797 080

А. Байтұрсынұлы

414 500

С.Сейфуллин


489 330 М.Жұмабаев

916 000

Ш.Құдайбердиев

Өзектендіру

2А-тапсырма ұсынылады.

Нөлдерді қысқарту үшін бөлгіш санының соңындағы нөлдердің санына байланысты бөлінгіштегі санның соңындағы нөлдердің теңдей қысқаратынын ескереміз.

№ 2 Ә

27 200 : 320 = 85

17 920 : 280 = 64

22 400 : 640 = 35

16 720 : 440 = 38

132 500 : 5 300 = 25

252 000 : 7 200 = 35

Мақсат қою

– Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Көптаңбалы санды екі таңбалы санға бөлудің жаңа тәсілдерін қалай мегергенімізді тексеру.

Оқулық

Мағынаны тану



Өзіндік жұмыс

Оқушылар 3-тапсырманы (уақыт көрсеткіші 3-4 минут) үлгі бойынша өзін-өзі тексеру.

№ 3

14 880 : 620 = 24

285 600 : 3400 = 84

986 000 : 5 800 = 170

9 407 : 23 = 409

178 600 : 470 = 380

9 684 : 12 = 807

Өткен материалмен жұмыс.

№5.

Шешуі: Диаграмма бойынша Бауыржан – 5 жаста, Арман – 10 жаста, Ерлан – 18 жаста. Анасының жасы барлық балаларының жасын қосқаннан 5 жас артық екені белгілі.

5+10+18= 33

33+5=38 – анасының жасы.

Әкесінің жасы Арман мен Бауыржанның жасын қосқаннан

3 есе артық екені белгілі.

5+10=15

15x3=45 әкесінің жасы.

45-38=7 жас үлкен.

Оқулық, дәптер

Рефлексия


Ұсын.Жазбаша есептеуде өз біліміңді калай және қайда қолдану керектігін ұсыныңыз.

Ойлан.Жазбаша есептеу тәсілімен екі амалмен орындалатын өрнектер құрастыр.

Бөліс.Жазбаша көбейту және бөлуге өрнек құрастыру үшін сандар таңдауда қалай қателеспеу керектігі туралы ойыңды бөліс.

Сөйлемді толықтырыңдар:

– Бүгін мен ... білдім.

– Маған ... қызық болды.

– Маған ... қиын болды.

– Мен тапсырманы ... орындадым.

Үйге тапсырма: 47 б №10

30 660 : 420 = 73

25 200 : 560 = 45

430 500 : 3 500 = 123

221 130 : 630 = 351

132 300 : 540 = 245

993 300 : 4 300 = 231





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
3011
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі