400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Көптік жалғау 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:24.01.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Ізтілеуова Мөлдір

Сынып: 5

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Оқу мақсаттары

5.1.3.1 – тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;

5.4.2.2 – зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Сабақ

мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі мынаны орындай алады: зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: өзіндік ой-тұжырымын жазба жұмыстарында еркін білдіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Шығармашылық жұмыстар жаза алады.

Тілдік құзіреттілік

Мәтінге сүйене келе әрбір айтылатын ойды орынды пайдалана білуге, ұшқыр ойлы сөйлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар

Оқулық, топтық тапсырмалар, стикер, А3, көрнекілік қағаздар, плакат.

Әдіс-тәсілдер

«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі, «Бас бармақ» әдісі, «Гүл шоқтары» әдісі, «Бағдаршам» әдісі, «Смайликпен бағалау» әдісі, «Адасқан әріптер»ойыны

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, қазақстан тарих

Алдыңғы оқу

Өнер-білімнің пайдасы жайында мақал-мәтелдер жазу.

Сабақтың жоспары

Жоспарланатын уақыт

Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басталуы 5минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Оқушылармен амандасу.

Шаттық шеңбері.

Түрлі түсті лента арқылы топқа бөлу. Үй тапсырмасын тексеру

«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі

Үй тапсырмасын не жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылып, жауабы тыңдалады. Оқушы сұрақтарға нақты жауап беру керек.

Шар, «Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі

5 минут

«Қожаның қиялы» видеоролигін көріп, сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийлері:

1)видеоны мұқият қарап, тыңдау;

2)сұрақтарға толық жауап беру.

Берілетін сұрақтар:

1. Берілген үзіндіден Қожаның қандай өзіндік әлемі байқалады?

2. Қожа не себепті атақты, танымал тұлғаға айналғысы келеді?

3. Қожа батыр болуды армандағанда тек қана атын шығаруды мақсат ете ме?

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.


Видеоролик, «Бас бармақ» әдісі

Сабақтың ортасы 5 минут

Жауап берген сұрақтар бойынша «Адасқан сөздер»әдісін қолданады. Конверттерде берілген сөздерді рет-ретімен орналастырады.

1-топ:

1)Ахметов/ келеді./ директоры/ қасыма/ топ/ Мектеп/ мұғалім/ бастаған/ бір/

2)жатырмын/ атанып,/ Мен/ келе/ армиядан/ орден/ батыр/ тағып/

2-топ:

1)бір-бірімізге/ Аңсап/ Қозы/ көріскен/ мен/ құшақ/ ұмтыламыз./ Баяндай/ жая/

2)ішінен/ басылып,/ Солардың/ кетеді./ Жанар/ оттай/ ұшырай/ көзіме/

3-топ:

1)алмай,/ Майқанова/ келе/ таман/ шетке/ маған/ тұрады./ батып/ бір/ ыңғайсызданып/

2)саған/ бермегенімді/ лагеріне/ Баяғыда/ ұмытпаған/ жолдама/ боларсың./ пионер/

Гүл шоқтары арқылы өздерін бағалайды.

«Гүл шоқтары»

«Гүл шоқтары» әдісі

10 минут

Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Көптік жалғау дегеніміз не?

Қазақ тілінде төрт түрлі жалғау бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары. Көптік жалғау зат атауларына жалғанып, заттың көптігін білдіретін жалғау. Көптік жалғауы (-лар, -лер, -дар, -дер, тар, -тер) сөздерге үндестік заңдылығына сәйкес жалғанады. Мысалы: бала-лар, үй-лер, қаз-дар, із-дер, кітап-тар, көлік-тер.

Бағалау критерийлері:

1.Тапсырманы дұрыс және толық орындайды.

2.Ұқыпты, таза жазады.

3.Креативті рәсімдейді.

Көптік жалғауына байланысты тапсырмаларды орындайды.

1-топ: Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап, сөйлем жазыңдар. Бала, мектеп, облыс, аудан, пионер, кітап, газет, қала, ауыл, сөз.

2-топ: –тар жалғауы жалғанатын төрт сөз, -лар жалғауы жалғанатын төрт сөз, -дар, -дер жалғауы жалғанатын төрт сөз ойлап жазыңдар.

3-топ: Төменде берілген сөйлемдерден зат есімнің жекеше түрінің бір бағанға, көпше түрін бір бағанға жазыңдар.

Балалар түрлі құстарды біледі. Құстар адамға көп пайда келтіреді. Қыста балалар құстарға қамқоршы болады. Күн суытқанда құстар жылы жақа ұшып кетеді.

«Стикермен бағалау» әдісі

«Стикермен» әдісі. Ұнаған постерге немесе кластерге стикер жабыстырады.

Оқулық, сиқырлы қорап, «Стикермен бағалау» әдісі, А3

2 минут

Сергіту сәті

Би

5 минут

Алдыңғы сабақпен байланыстырылып ұяшықпен сұрақтар, тапсырмалар беріледі.

«Смайликпен бағалау» әдісі

«Смайликпен бағалау» әдісі

3 минут

«Адасқан әріптер» ойыны

Ойын шарта: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.

Директор, Ахметов, мұғалім

Қожатай, мектеп, орден

Ержүректік, Жанар, жұрт

«Адасқан әріптер»

Бағалау 3 минут

«Күн сәулесі» әдісі

Стикер, плакат


2 минут

Үйге тапсырма: «Менің қиялымдағы болашақтың мектебі» тақырыбында эссе жазу.

Оқулық



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11 тамыз
5252
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі