400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Көрініс пен тілікті біріктіру" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру, жергілікті тілік туралы түсінік беру. Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіруді орындауға үйрету. оқушылардың кеңістікте ойлау қабілетін, сызу құралдарымен сызба салуын дамыту. оқушылардың кеңістікте ойлау қабілетін, сызу құралдарымен сызба салуын дамыту. оқушыларды жауапкершілікке, табандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

52 негізгі мектеп















Ашық сабақ

Тақырыбы: ‹‹Көрініспен тілікті біріктіру››











Пәні: Сызу

Пән мұғалімі: Жетес Г.Т.

Өтетін сыныбы: 9 ‹‹А››









2018-2019 оқу жылы

Сыныбы: 9 ‹‹А››

Күні:

Тақырыбы: ‹‹Көрініспен тілікті біріктіру››

Мақсаты:

Білімділік – оқушыларға көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру, жергілікті тілік туралы түсінік беру. Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіруді орындауға үйрету.

Дамытушылық – оқушылардың кеңістікте ойлау қабілетін, сызу құралдарымен сызба салуын дамыту.

Тәрбиешілік – оқушыларды жауапкершілікке, табандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, постер.

Құрал-жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, А4 пішіміндегі формат, сызу құралдары.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Әдістері: интеактивті, әңгімелеу, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру(5 мин.)

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабаққа қатыспағандарды белгілеу. Жеребе тастау әдісі арқылы сыныпты үш топқа бөлу (қарапайым тілік, сатылы тілік, сынық тілік).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(10 мин.)

Қайталау тапсырмалары:

- Әр топ өз топтарын таныстыру арқылы өткен сабаққа шолу жасайды.

- Сөзжұмбақ шешу.

ф

р

о

н

т

а

л

ь





к

ө

р

і

н

і

с




с

а

т

ы

л

ы








ү

з

і

к










к

ү

р

д

е

л

і


1) Қандай тілікті тетікті фронталь проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы аламыз? 

2) Бақылаушыға көрінетін бөлшектін бір бөлігі. 

3) Бірнеше параллель қиюшы жазықтықтармен орындалған тіліктер қалай аталады? 

4) Нәрсенің көрінбейтін контурын қандай сызықпен жүргізеді? 

5) Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер қандай тіліктер деп аталады?

- Аяқталмаған сөйлемдер (анықтамалар), көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып жазыңдар.

1) Тетікті бір немесе бірнеше қиюшы жазықтықпен ойша қиғанда алынатын кескін --------------- деп аталады (тілік).

2) Тетіктің қиюшы жазықтықта жататын тұтас бөліктері ------------------- (штрихталады). 

3) Тетікті ойша бір ғана қиюшы жазықтықпен қию барысында алынған жағдайда ------------------- тіліктер деп аталады (қарапайым). 

4) Фронталь тілікті тетікті ------------------ проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы аламыз (фронталь). 

5) --------------------- тілік горизонталь проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию кезінде пайда болады (горизонталь). 

6) Профиль тілікті тетікті ------------------ проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы аламыз (профиль). 

7) Горизонталь проекция жазықтығымен тік бұрыштап өзге бұрыш жасай орналасатын қиюшы жазықтық жасайтын тілік -------------- тілік деп аталады (көлбеу). 

8) Қандай да бір тілікті салудан кейін басқа көріністер ----------(өзгермейді) .

9) Тіліктің қимадан айырмашылығы мынада: тілікте қиюшы жазықтықтағының ғана емес, сонымен бірге қиюшы жазықтықтың -------------- жағында жатқандарды да көрсетеміз (арғы). 

V.Жаңа тақырыпты түсіндіру (8 мин.)

Көріністің жартысымен тіліктің жартысын біріктіру .

Егер көрініс пен тілік симметриялы кескіндер болып табылса, онда сызбада көрініс пен тіліктің жартысын біріктіреді. Бұл жағдайда көрініс пен тілікті бөліп тұратын сызық симметрия осі болады, ол үзілме нуктелі сызықпен жүргізіледі.

Көріністің жартысы мен тіліктің жартысының бірігуін қамтитын симметриялы тетіктердің кескінің салу барысында төмендегіндей ережелерді орындау қажет:

  • Сызбада тілік симметрия осінің оң жағында немесе симметрия осінің астында орналасады;

  • Көріністің жартысында нәрсенің ішкі тұрпатын көрсететін үзілме сызықтар кескінделмейді;

  • Өлшем сызықтары симметрия осіне дейін жүргізіледі, бірақ өлшем толық қойылады.


Жергілікті тілік.

Көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін біріктірудің ерекше жағдайы жергілікті тілік болып табылады. Жергілікті тілік нәрсенің жекеленген, шектелген жеріндегі ішкі пішінің айқындау үшін пайдаланылады. Жергілікті тілікті алу үшін нәрсенің пішінінің шамасы жағынан кішірек бөлігі ойша алынып тасталады. Мұнда қиюшы жазықтық бейнеленетін элементтің осі бойымен өтеді.

Сызбада жергілікті тіліктің шекарасы тұтас жіңішке ирек сызықпен көрсетіледі, ол қандай да бір басқа сызықпен беттеспеу керек.Сызбада жергілікті сызық белгіленбейді.


VІ. Практикалық жұмыс (10 мин.)

3 топқа үш түрлі тапсырма беріледі. Топ болып орындап, постер қорғайды.

1 тапсырма. Көріністің жартысын және тіліктің жартысын біріктіруді орында.

2 тапсырма. Сызбада қателерді тап. Қателерді қызыл түспен сызып көрсет.

3 тапсырма. Сызбаны аяқта. Көрініс пен тілікті біріктіруді орында.

VII. Сабақты бекіту. 

Өзінді өзін тексер!Тест. (3 мин.)

1. Қандай жағдайларда сызбада көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіруді орындайды?

А) Егер көрініс пен тілік симметриялы кескіндер болып табылса.+

В) Егер көрініс пен тілік симметриялы емес кескіндер болып табылса.

С) Егер тілік симметриялы кескін болып табылса.

2. Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын қандай сызық біріктіреді?

А) Үзілме

В) Үзілме нүктелі+

С) Ирек

3. Жергілікті тілікті не үшін пайдаланады?

А) Нәрсенің көрінбейтін бөлігін айқындау үшін.

В) Нәрсенің көрінетін бөлігін айқындау үшін.

С) Нәрсенің жекеленген, шектелген жеріндегі ішкі пішінін айқындау үшін.+

4. Сызбада тілік қалай орналасады?

А) Симметрия осінің оң жағына немесе симметрия осінің үстіне

В) Симметрия осінің оң жағына немесе симметрия осінің астына+

С) симметрия осінің сол жағына немесе симметрия осінің астына

5. Сызбаларда жергілікті тіліктің шекарасы қандай сызықпен көрсетіледі?

А) Тұтас жіңішке ирек+

В) Үзілме нүктелі

С) Жіңішке үзілме

VIII. Қорытынды (3 мин.)

Топ мүшелері келесі топ мүшелерімен тест жұмыстарын өзара алмастырып, тексереді. Тексеріп болған соң қағаздың артына сабақтан алған әсерлерін жазып, ‹‹Шуақты лебіз›› айдарына жапсырады.

IX. Үй тапсырмасын беру(1 мин.)

§32, 81-беттегі жаттығуға арналған тапсырманы орындау.







Қарапайым тілік






Сынық тілік






Сатылы тілік



Қарапайым тілік Сынық тілік Сатылы тілік



Қарапайым тілік Сынық тілік Сатылы тілік



Қарапайым тілік Сынық тілік Сатылы тілік


Қарапайым тілік Сынық тілік Сатылы тілік



Қарапайым тілік Сынық тілік Сатылы тілік



Қарапайым тілік Сынық тілік Сатылы тілік



Қарапайым тілік Сынық тілік Сатылы тілік



Қарапайым тілік Сынық тілік Сатылы тілік




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1031
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі