400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Көркем өрнек салу(батик, гжель, хохлома) 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге, квал тесттен өтуге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Көркем еңбек пәні: Ашық сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар

Сәндік қолданбалы өнер

Мектеп: №35

Күні: 14. 11.19

Мұғалімнің аты-жөні: Турдимуратова А.А.

Сынып: 7 «г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома және т.б.).

Осысабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.1

Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау.

7.1.3.1

Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде АКТ қолданып)

Сабақ мақсаттары

  • Көркемдік жазба өнерімен танысу.

Бағалау

критерийлері

  • көркемдік жазба өнерінің түрлерімен танысты;

  • көркемдік жазбаның бір түрін белгілі бір техникада салды;

  • жұмысын таныстырды.

Тілдік мақсаттар


Сабақта қолданылатын пәндік терминдер:

Көркемдік жазба, гжель, хохлама,

Сөйлеу барысында қолданылуы мүмкін сөз тіркестері:

  • Көркемдік жазба түрлі материалдардан жасалған бұйымдарға салынатын ою-өрнек. Оны бояу арқылы салады.

  • Гжель тек көк түспен салынғанымен бір бұйымда көктің бірнеше реңктері сипат беруі мүмкін. Себеб,...

  • Менің пайымдауымша, көркемдік жазбаның атауына оның шыққан жері тікелей әсер етті. Өйткені,... Мәселен,...

Құндылықтарды

дарыту

Өзге елдердің сәндік-қолданбалы өнерімен танысып, өзгелердің өнерін сыйлауға үйренеді.


Пәнаралық

байланыс

Математика, география, өнер пәндеріндегі теориялық және тәжірибелік дағдыларын пайдалану.

АКТ қолдану

дағдылары

Ноутбук, принтер және т.б.

Бастапқы білім

Өнер. Тарих. Әдебиет. География.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин

Сергіту сәті - «Күлкіңді сыйла»

1. Оқушылар дөңгелене тұрады. Жүргізуші ойынға қатысушының біріне келіп; «Досым!Досым! Егер мені жақсы көрсең маған өз күлкіңді сыйла!

Оған күлмей жауап беру қажет:

Досым! Досым!!! Мен сені жақсы көремін. Бірақ саған күлмеймін! Егер оқушының бірі күлсе, жүргізуші сол болады. Егер шыдаса, онда өз орнында қалады. Жүргізуші өзгеге барады. Жеңілген оқушы өз өнерін көрсетеді.

(Мұндай ойын көңіл-күйді көтеріп, сыныпты біріктіреді)

2. Топқа бөлу: Гүлдер астына жасырылған өрнектерді табу арқылы топтарға бөлінеді.

Сабақ мақсаттары мен жетістік критерийлері айтылады.


Презентация РР 1,2,3 слайд.


5 мин.





























5 мин



















3 мин






15 мин


















6 мин

W = бүкіл сынып жұмысы:

Мұғалім оқушылардың бар білімдерін ортаға шығару үшін «Ойлан-тап» әдісі арқылы сұрақ-жауаптар өткізу.

1 Сәндік қолданбалы өнер түрлері

2. Адамның көркем бейнесі.
3. Ұлттық ою - өрнектер неше топқа бөлінеді?

4. Алжапқышты қандай матадан тігеді.

5. Тіл көзден сақтайды деп тағылатын бұйым.

6. Алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам

7. Бірнеше заттың көркем жиынтығы.

8. Жұқа маталарға нешінші номерлі ине пайдаланады.

9. Адам дене бітімін өлшейтін құрал.

10. Мата неден өңделеді.

11. Үйдің ішкі көрінісі.

12.Жансыз заттарды бейнелеу.
13. Ерте заманда ине орнына не пайдаланған?

14. Ағаш үйдің сүйегі нешеге бөлінеді?

15.Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды.
16. Ең алғашқы рет тігін машинасының жобасын кім ұсынды?

Жаңа тақырып «Ой қозғау».

Ал сонымен қыздар сәндік қолданбалы өнер дегенді қалай түсінеміз?

Сәндік қолданбалы өнер -  тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашы лық түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын (жиһаз, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. Қолөнер түрі 4-топқа бөлінеді, олар: Ұста ,Зергер ,Ісмер ,Шебер 

Сонымен бірге әр халықтың өзіне тән қолөнері болады.Мысалы: Көркемдік жазба түрлері(батик, гжель, хохлома)

№1 Тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Қазақ ұлттық және әлемдік мәдениетінің өнер, қолөнері мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтайды, талдайды және зерделейді:

Бұйымдарды өзара салыстырып көр. Презентацияда сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің түрлі техникада орындалған түрлері бар.

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Өзара қандай ұқсастықтары бар?

  • Айырмашылықтары неде?

  • Қандай материалдардан жасалған?

Шеберлер көркемдік жазба орындауда қандай бояуларды қолданады?



  • Көркемдік жазбалар қандай негіздерде орындалады?

- Мәтін бойынша өз түсініктеріңізді постерге түсіріп, топта қорғаңыздар.

(Бұл әдісте оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдылары, айтылым, жазылым, ойлау, іздену дағдылары қалыптасады)

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сәндік-қолданбалы өнердің бұл түрлері жасалу техникасына қарай бөлінетіндіктерін және түрлі материалдардан жасалатындықтарын түсіну керек. Оларды әсемдеу тәсілдері де әртүрлі.

G = топ жұмысы. Топтық жұмыс.

Оқушылар слайдта бейнеленген көркемдік жазбаның түрлері бұйымдардың материалы, бояуы, шыққан жеріне қарай бірнеше түрге бөлінетіндіктерін түсіну қажет.

Топтық жұмыс ретінде 1-інші топқа: Ағаш бұйымдарынан жасалатын городецкая, 2-інші топ матаға боялатын батик, 3-інші топ қышқа жасалатын Қытай вазасын беруге болады. Бұл көркемдік жазбалар жайында оқушылар постер дайындауы тиіс.

Тапсырманы орындаудың критерийлері:

  • Анықтамасы;

  • Пайда болған жері;

  • Орындалу техникасы;

  • Қандай материалдардан жасалған;

  • Көркемдік жазбаның ою-өрнегін қазіргі заманда қайда қолдануға болады? Үлгілерінің суретін сал. Түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлерді қолдан.

  • Постеріңді таныстыр.

Қосымша тапсырма:

  • Талабы жоғары оқушыларға ою-өрнектерді жалғастыр тапсырмасын беруге болады.

  • Суреттерді қайда салған?(Матаға).

  • Батикте негізгі құралдың бірі не?(резерв).

  • Түйінді батикте резервтің көмегін не атқарады?(жіп).

  • Оларды қалай атайды?


Презентация РР 4 слайд







Скетчбук, түрлі түсті қарындаштар.



































Презентация 5 слайд























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
2043
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі