ашық сабақ коррекциялық мектеп Ғажайып сандар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ коррекциялық мектеп Ғажайып сандар

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың өткен сабақтардан алған білімін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.Алған білімдерін бекіту.1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санауды пысықтау.Есту барысында сандарды ажырата білуге жаттықтыру.баланың ой-өрісін дамыту, тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Ғажайып сандар.1-ден 5-ке дейінгі сандар.

Сабақтың мақсаты: баланың өткен сабақтардан алған білімін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.Алған білімдерін бекіту.

Білімділік: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санауды пысықтау.Есту барысында сандарды ажырата білуге жаттықтыру.

Түзете-дамытушылық: баланың ой-өрісін дамыту, тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: баланы тапқырлыққа, жылдам ойлауға, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:өткен сабақты қайталау.

Сабақтың түрі: жеке.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырмалар,санамақ.

Көрнекіліктер: 1-5ке дейінгі сандар бейнеленген картчкалар, мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңбе?

- Жағдайың қалай?

-Бүгін бізде ерекше күн,себебі бізге қонақтар келді,қане амандасайық!

-Сәлеметсіздерме!!!!

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс мезгілінің қазір қай айы?

-Қыc мезгілінен соң қай мезгіл келеді?

Үйге қандай тапсырма берілген едім?
1,2,3,4,5 сандарын дәптерге жазып келу және санап келу!

-Қане санайықшы!

-1,2,3,4,5

-Жарайсың!

Ұсақ қол моторикасына жаттығу:

ІІ.Жаңа сабақ:

Бас бармағым-атам,

Балан үйрек-әжем.

Ортан терек –әкем,

Шылдыр шүмек-анам,

Кішкентай бөбек-мен.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі:

Мақта қыз бен мысық дос болыпты.Мақта қыз үй жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық келмейді.Мақта қыз:

-Келмесең келме!-деп мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:

-Неге шақырдың?–деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:

-Ендеше қатығыңды төгемін!-дейді.

Мақта қыз: Мен құйрығыңды кесіп аламын!-дейді.Мысық қатықты төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады.

Мысық:

-Апа, апа құйрығымды берші- дейді.

Мақта қыз:

-Құйрығыңды алатын болсаң маған қатығымды алып кел- дейді.

Біз мысықтың құйрығын алуға көмектесемізба?

-Иә!

-Бірінші бір уыс тары алу үшін тышқанға барайық!

-Тышқан бізге тары бересіңбе?

-Жарайды,бірақ мен cаған тапсырма беремін сол тапсырманы орындасаң саған тары беремін!

-Жарайды!

1.Тышқанның тапсырмасы:

Қайталау:

1.1-5-ке дейін тура санау.

2.1-5-ке дейін кері санау.

3.1-5-ке дейін сандарды санамақпен санау.

-Жарайсың,біз тышқанның тапсырмасын орындадық!Енді жұмыртқа алу үшін тауықтың тапсырмасын орындайық!

2.Тауықтың тапсырмасы: «Сандарды сурет бойынша орналастыр»

Аю-1,машина-2,кеме-3,доп-4,пирамида-5.

-Жарайсың,біз тауықтың тапсырмасын орындадық!Енді сағыз алу үшін дүкеншінің тапсырмасын орындайық!

3.Дүкеншінің тапсырмасы: «Тез ойлап тап!»

Есеп:

1.Менде 4 жұмыртқа болды,біреуін жарып алдым.Менде неше жұмыртқа болды?

2.Ермек дүкеннен 5 алма сатып алды,жолда біреуін жеді,Ермекте неше алма қалды?

-Жарайсың,біз дүкеншінің тапсырмасын орындадық!Енді су алу үшін қыздардың тапсырмасын орындайық!

4.Қыздардың тапсырмасы:

-Балақай сен тышқанның,тауықтың,дүкеншінің,тапсырмаларын орындап шаршадың ба?

-Кел екеуміз сергіту сәтін жасайық!

Сергіту сәтін өткізу: «Көңіл күй»

-Жарайсың,саған қыздардың тапсырмасы ұнадыма?Енді жапырақ алу үшін ағаштың тапсырмасын орындайық!

5. Ағаштың тапсырмасы:

«Қай жемісті таңдайсың?» дидактикалық ойыны: педегог балаға жемістердің суретін көрсетеді, суреттің артында есептер болады соны бала шығару керек.

Алма Банан Алмұрт Жүзім

1+1=2 2+1 =3 5-1=4 4-1=3

-Жарайсың,біз ағаштың тапсырмасын орындадық!Енді қатық алу үшін сиырдың тапсырмасын орындайық!

6.Сиырдың тапсырмасы. «Санды боя!»

-Мына суретте қандай сан бейнеленген?

-5 саны!

-Жарайсың!Осы 5 санын қызыл түске бояйық!

-Жарайсың біз тышқанның тапсырмасын орындап тары алдық,тауықтың тапсырмасын орындап жұмыртқа алдық,дүкеншінің тапсырмасын орындап сағыз алдық,қыздардың тапсырмасын орындап су алдық,ағаштың тапсырмасын орындап жапырақ алдық,сиырдың тапсырмасын орындап қатық алдық!

-Енді қатықты мысыққа берейік!Мысық қатықты алып Мақта қызға беріп,өзінің құйрығын алсын!

-Мысық саған үлкен рахмет-дейді!

 III. Сабақты қорытындылау:

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Саған қай тапсырма ұнады?

-Қай тапсырманы орындауда қиналдың?

-Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқаның үшін жарайсың!

IV.Үйге тапсырма беру:

Логикалық есеп шығарып келу!

V.Қорытынды: Баланы мадақтау, мақтау, бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2021
539
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі