400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Көшбасшы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау, танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру;Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, логикалық ой - өрісін дамыту, интеллектуалдық қабілетінің дамуына ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шакетова Гүлжан Батырбекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Астана қаласы №74 мектеп-гимназия



Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»


Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау, танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру.
Дамытушылық: Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, логикалық ой - өрісін дамыту, интеллектуалдық қабілетінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация
Тәрбие сағатының жүрісі: «БӘЙГЕ», «ЖОРҒА», «ДОДА»

«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің сыныбымызда өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Ендеше оқушыларымызбен танысып өтейік.
Таныстыру.
Сайысымызды бастамас бұрын алдымен әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

Сайысымыз 3 айналымнан тұрады: БӘЙГЕ, ЖОРҒА, ДОДА,
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!

I айналым «БӘЙГЕ»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық.
Шарты: Мұнда барлық сайыскерлерге 10 сұрақ беріледі. Жазбаша жауап бересіздер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1. Атақты қазақ күйшісі, «Күй атасы» кім?
2. Әбу-Насыр әл-Фараби қай қалада туды?
3. Әлемде неше мұхит бар?
4. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім? (Қ. И. Сәтбаев )
5. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім, қай жылы ұшты? (1991ж. 2 - қазанда Т. Әубәкіров)
6. Қазақ тілінде неше септік бар?
7. Ауданы 100 м² шаршы қабырғасының ұзындығы неше метр? 10 м
8. Қазақстан солтүстігінде қай елмен шектеседі? Ресей
9. Үш дананы жаз.
10. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? 1992 жылы.

Қорытындысы шығарылады.


ІІ айналым «Жорға»
Шарты:
Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану пәндерінен және салт-дәстүрден сұрақтар келеді. Таңдаған ұяшықтың артында 5 сұрақ болады. Әр дұрыс сұраққа 1 ұпайдан беріледі. Жауап бере алмаса, қарсыластарына мүмкіндік беріледі.
Осы кезеңнен кейін 2 кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушы сайыстан шығып қалады.

1.

Зат есімнің септелуі дегеніміз не?

«Адамның нашар мінезі» өлең авторы кім?

Көбейтіндінің компоненттерін ата.

Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орын алады?

Шілдехана қандай салт-дәстүр?

2.

Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі

Теңеу дегеніміз не?

Көлемді қалай табамыз?

Жердің серігі не?

Тоқымқағар қандай салт-дәстүр?
3.

Жалғаудың неше түрі бар?

«Ақ ірімшік» әңгімесі кім туралы?

Ауданы 64кв. см шаршының қабырғасы неше см-ге тең?

Жер өз білігінен қанша уақытта 1 рет айналады?

Үштабан ойынындағы басты асық
4.

Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Қабанбай батырға Абылай ханның қойған аты қалай?

Қашықтықты қалай табамыз?

Полюстерден бірдей қашықтықта жүргізілген сызық, ол Жерді тең екі жарты шарға бөледі

Баланы тәй-тәй бастырып, күрмеу жібін шешетін кезең.

5.

Дауысты дыбыс дегеніміз не?

Ақан сері Қорамсаұлының қыранына шығарған әні қалай аталады?

3 санының кубы нешеге тең?

Полюстердің арасын қосатын шеңбер түріндегі сызық

Сықырлауық дегеніміз не?

6.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегеніміз не№

Бір ғасыр өмір сүрген ақын кім№

Қай санға бөлуге болмайды?

Экватордың ұзындығы қанша?

Киіз үйдің төбесінде уықтарын біріктіре ұстап тұратын күлдіреуіштері бар дөңгелек шеңбер.


ІІІ айналым “ Дода”.

Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.
Шарты: Бұл- шешуші,көшбасшыны анықтайтын айналым.. Алдарында 3 тақырып: «Батырлар», «Ойлан, тап!», «Табиғат». Әр тақырып 3сұрақтан тұрады. Таңдаған ұяшық саны ұпай санын білдіреді. Сан үлкейген сайын сұрақ күрделене түседі.


Батырлар”.

10-  Қобыланды батырдың тұлпары.(Тайбурыл)

20- Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының 2 дүркін батыры болған қазақ ұшқышы (Т.Бигельдинов)

30-Алатаудың қыраны мол еді-

Қырағы болсын құлыным.

Қойнауы суға мол еді-

Бұлағы болсын құлыным.

Ата тілегі оң еді-

Құмары болсын құлыным.

Бұл жер батырлар төрі еді-

Сыңары болсын құлыным,- деп нәресте Бауыржанға (Момышұлы) бата берген кім?

(атасы Имаш))


Ойлан,тап”

10- 2 сағат 15 минут нешеминутқатең? ( 120+15 )

20-Шанаға қосарланыпжегілгенекіат 20 км жүріпөтті. Әратқанша км жүріпөтті? ( 20 км)

30-  Сәуле, Әсет, Батыр – туыстар. Сәуле – Әсеттіңқызы; Әсет-Батырдыңұлы. СәулеБатырғакімболады? ( немере)


Табиғат

10- Еңалғашқыпайдаболғанөсімдіктіата( балдырлар)

20- Бұлкітапөсімдіктер мен жануарлардыңкөптегентүрлеріненжербетіненжоғалып, құрып кету қаупітөнгенінескертеді. (Қызылкітап)

30- Қазақстандағы бір жартысы тұзды, екінші жартысы тұщы болып келетін көл. Оның тереңдігі 25 м дейін барады. (Балқаш көлі)

 

Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп жеңімпаз оқушыны марапаттау.


Мақтанамын кең - байтақ елім үшін,
Құнарлы мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,
Тілеймін, о, туған жер, пейілім шың – деп тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл, ізденгіш, білімді ұрпақ болып өсіңдер.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
524
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі