жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Көшбасшы болу..." Өзін-өзі тану сабағы бойынша 1 курс студенттеріне
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледж
(білім беру ұйымының атауы)
Cабақ жоспары
Көшбасшы болу...
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы Өзін өзі тану
Дайындаған педагог Қайратова Айсамал Қайратқызы
2020 жылғы "20" 11
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқужылы, топ 1 курс, 2020ж, А-20
Сабақ типі аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттер
2.1. Көшбасшының мотивтері және мақсаттары. Көшбасшылықтың адамгершілік негіздері. Шынайы көшбасшының қасиеттері туралы біледі.
1.студенттердің осы пәнге байлданысты пікірлерін тыңдап, өз пікірлерін ашық айтуға тәрбиелеу;
2. Өзін танып білу,өзінің өміріндегі орнын түсіну,өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту инеттерін тамыту;
3. Күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешеуде қиянат жасамай белсенділік таныту.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелікқұрал-жабдықтар, анықтамалықәдебиеттер
Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық /Жұбатова Л.С., Әкімбаева Ж.Ж., Нұркеева С.С. – Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2019. – 166 б.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар
Слайд, зоом, youtube каналы
4. Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру
Студенттерді түгендеу
5 «Т» ұстанымын еске түсіру.
(тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)
2.Тыныштық сәті. «Орманға саяхат» видео
Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.
Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.
Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.
Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.
Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.
Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Мектепке келіп өз орнымызға отырайық.
Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.
2. Жаңа сабақ
Дәйексөзбен жұмыс
«
Күшті
ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік,
ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай
ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот,
еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін,
тілін, дінін, ділін, құрметтейтін азамат
нағыз көшбасшы болуға лайық».
Н.Ә.Назарбаев.
3.Мұғалім сыйы. «Көшбасшы дегеніміз?»
Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі. Көшбасшы ұйымдағы адамдарға әлеуметтік, психологиялық, эмоционалдық тірек, қоршаған ортаға білі, моральдық құндылықтар беруші, қоғамдық өмірде, топта белсенді, авторитет мүшесі.
«Көшбасшы» термині 2 мағына береді:
Іс-әрекеттің жемісті болуына әсер ететін пайдалы, айқын көрінетін қасиеттері бар индивид (топішілік қызығушылыққа ие). Мұндай көшбасшы еліктеуге болатындай үлгі, субьектіге психологиялық әсер береді. Өз тобының қызығушылықтарын біледі және солар үшін шешім қабылдай алады, бәрін ұйымдастыруға, ортақ мақсат үшін топты біріктіруге шебер адам. Бұл көшбасшылар топтың құндылықтарын қорғай алады.
Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және т.б. Ең бірінші кезекте оның мінезі жақсы болуы тиіс.
Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер:
Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс.
Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау.
Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жәбермейді.
Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.
Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.
Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғына нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.
Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.
Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады.
Әдеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.
Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкігің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.
Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады.
Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды.
Олай болса, іске сәт!
«Сіз көшбасшы болуға лайықсыз»
Көшбасшы деген кім?
Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек?
Қалай көшбасшы болуға болады?
1-ТАПСЫРМА
Төменде берілген қанатты сөздерді зер сала оқып, көшбасшының жеке адам, қоғам және мемлекет, сондай-ақ адамзат тарихындағы рөлі мен орны туралы ой-тұжырымдамаларыңызбен бөлісіңіздер.
Көшбасшы ердің төрт құбыласы тең болсын,
елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!
Жүсіп Баласағұни
Басшы болу, өзінің соңынан басқаларды ерту кез-келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін ерекше қасиеттер керек.
Әбу Насыр әл-Фараби
Көшбасшы болу шеберлігін үйрету мүмкін емес, оған адамның тек өзі ғана үйрене алады.
Гарольд Дженин
2-тапсырма. Төмендегі тізімді екі бағанға бөліп, бір бағанға басқарушының іс-әрекетіне тән нәрсені, ал екінші бағанға шынайы көшбасшының іс-әрекетіне тән нәрсені жазыңыздар. Өз таңдауларыңызды нақты мысалдармен дәйектеп, түсіндіріңіздер.
Басқарушы |
Көшбасшы |
|
|
1. Әкім. 14.Қадағалайды.
2. Жаңашыл. 15. Кәсіби.
3. Рухтандырады. 16. Энтузиаст.
4. Жүктейді. 17. Істі дұрыс атқарады.
5. Өз мақсаттары бойынша 18. Шешімдерді шындыққа
жұмыс істейді айналдырады.
6. Өзгелердің мақсаттары 19. Шешімдер қабылдайды.
бойынша жұмыс істейді. 20. Дұрыс істі атқарады.
7. Дәлелдемелерді пайдаланады. 21. Сыйлы.
8. Өзінің жеке тәжірибесін 22. Ұнамды, құрметті.
қолданады. 23. Көру, елестету – іс-әрекет
9. Идеалдары іс-әрекетке негізі
бастайды. 24. Жоспар – іс-әрекет негізі.
10. Шамдануы іс-әрекетке 25. Жүйені арқа тұтады.
бастайды. 26. Адамдарға сенеді.
11. Жеке басының мүдделері бар. 27. Қозғалысқа серпін береді.
12. Риясыз. 28. Қозғалысты қолдайды.
13. Сенеді.
4. Қорытынды
5. Сабақ бойынша рефлексия «Жақсылық тамшысы»
Студенттер көшбасшы бойында болу керек қасиеттерден өз ойларын айту қажет және әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді.
Мұғалім. Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен теңізге айналады. Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
6.ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
Режиссер Рүстем Әбдірашевтың «Елбасы жолы» фильмін көріп, төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар.
Фильмде қандай рухани құндылықтар ашылған?
Сіздің өміріңіздегі мақсатыңыз, жүрек қалауыңыз, таңдауыңыз қандай?
Өз мұратыңыз, арман-мақсатыңызға жетіп, қабілеттеріңізді ашу үшін сізге не қажет деп ойлайсыз?
Шынайы көшбасшыға тән адамгершілік қасиеттер қандай?
Фильмдегі өз халқына, Отанының көркеюіне риясыз қызмет ету үлгісінен қандай сабақ алдыңыздар?
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі
Келісемін «Бекітемін»
«Жалпы білім беру» пәндік – циклдік Колледж әдістемелік кабинеті
Комиссиясының төрағасы: меңгерушісі
_____________Игібаева Т.Ө. ____________Айтжанова Ш.Р.
«_____»__________2020 ж. «_____»__________2020 ж.
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Модуль/пән атауы: Өзін-өзі тану
Дайындаған педагог: Қайратова Айсамал Қайратқызы
Курс, оқу жылы, топ: 1-курс, 2020-2021 оқу жылы, А-20
АҚТАУ 2020 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген