400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Көсемше

Материал туралы қысқаша түсінік
Көсемшенің жасалуы мен түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін меңгерту, оқушылардың өз бетімен іздену қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, ойларын дәл, нақты айтуға дағдыландыру,ізеттілікке, оқуға, білім алуға деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: А.Б.Тохлиева


Күні: 02.02. 2018 ж Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 6а


Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің жасалуы мен түрлері 
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Көсемшенің жасалуы мен түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін меңгерту; 
2. Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен іздену қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге баулу. Ойларын дәл, нақты айтуға дағдыландыру; 
3. Тәрбиелілігі: Ізеттілікке, оқуға, білім алуға деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. 
Пәнаралық байланыс:Әдебиет 
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту сабағы. 

Көрнекілігі: таратпа материалдар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 
1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару 
2.Оқушыларды топқа бөлу 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 
- Өткен сабақта етістіктің қай түрімен танысып едік? 
- Көсемше 
- Көсемше дегеніміз не? 
- Көсемше қандай мәнде жұмсалады? (Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді) 

ІІІ. Жаңа сабақ. 
1. Сын түзелмей, мін түзелмейді. 
2. Дұшпан күлдіріп айтады, 
Дос жылатып айтады. 
3. Абай мен Ербол қалаға кеп жатқалы бірталай күн өтті. 

а) көсемшенің жасалуы мен түрлері түсіндіріледі. 

- а: айта, бара (бер) 
- е: келе, бере (тұр) 
- й: сөйлей, санай (бер) 

- ып: айтып отыр 

- іп: келіп кетті 
- п: сөйлеп жүр 

- ғалы: жұмсағалы 
- гелі: көргелі 
- қалы: айтқалы 
- келі: кеткелі 

б) көсемшенің ерекшеліктері түсіндіріледі. 

1. –а, -е, -й және –ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі. 
2. –ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді. 
3. Көсемше тұлғасына көптік., септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды. 


Мағынаны тану  Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей (Қайырболатов Б) 206-жаттығу (көшіріп жазу)

ІІ деңгей. Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір. (Эсмира, Әліби, Мейірбек. Дәптерге орындайды)

1. Таң----------------------жымыңда+п тұр

2. Жұлдыз----------------ағар+ып атты

3. Ай------------------------жау+ғалы тұр

4. Боран-------------------сыңғырла+й соғылды

5. Қоңырау---------------жарқыра+й+ды

6. Жаңбыр----------------гуілде+й соқты

3-деңгей тапсырмасы

207-жаттығу (Аршат, Дәнел, Таня, Гүлназ, Ануар)

Көсемшелерді теріп жазып, тұлғалық талдау жасату. 

Сабақты бекіту: Тест тапсырмалары.

1. Берілген сөздерден көсемше жұрнағы бар сөзді табыңыз.

а) барған         б) келіп           с) бармақ

2. Есімше қатысқан сөйлемді табыңыз.

а) Асан бүгін сабаққа барған жоқ.

б) Асан бүгін сабаққа барады.

с) Асан бүгін сабаққа барды.

3. Дос … айтады, Дұшпан … айтады. Мақалға керекті сөздерді табыңыз.

а) жылатып, күлдіріп   б) айтады, дос, дұшпан   с) дос, дұшпан, күлдіріп

4. Ол жүгіріп келе жатыр. Сөйлемдегі көсемше жұрнағын табыңыз.

а) -іп, -е          б) -іп, -ыр       с) -е, -кел

5. Көсемше жұрнағы бар сөз тіркесін табыңыз.

а) ән салдым б) жаяулатып жүр с) ән айтты


Бағалау. 
Үйге тапсырма 
207-жаттығу. (Эсмира, Әліби, Мейірбек, Бекзат)
Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, көсемшелерге тұлғалық талдау жасау.

Өзіңді –өзің бағала (1,3,4,5 сұрақтарға жауап жазу.Аршат, Дәнел, Таня, Гүлназ, Ануар)















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
923
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі