жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Көшпелілер мен жер өңдеушілер" 3 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Уақыт» |
|
||||||||||||||
|
Мерзімі: 2-тоқсан |
|
||||||||||||||
|
Сынып: 3 |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Көшпелілер мен жер өңдеушілер |
||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.3.1.1. Ежелгі адамдардың көшпелі және отырықшы өмір салттарының ерекшеліктерін түсіндіру. |
||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар - көшпелілердің маусымдық жайылымдары мен жер өңдеушілердің өмірлері туралы біледі; - Көшпелі және отырықшы өмір салтын ажыратады. |
||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
- Көшпелі және отырықшы өмір салттарын салыстырмалы түрде талдайды; - Көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы айтады. |
||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: - көшпелі және отырықшы өмір салттарының ерекшеліктері туралы айтады; Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - көшпелі өмір сүру салтының отырықшы өмір салтынан қандай айырмашылығы бар? - Көшпелі өмірдің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? -Көшпелілерге маусымдық жайылымдар не үшін қажет болды? Жазуға берілетін тапсырма: - көшпелі және отырықшы өмір сүру салттарының айырмашылығын кестеге түсір. |
||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Патриотизмді дамыту көне бабалар тарихын танып білу арқылы жүзеге асады. |
||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Математика: уақыт өлшем бірліктері (жыл/ғасыр). |
||||||||||||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Оқушылар ежелгі адамдардың өмірі, ежелгі артефактілер және қалалар, отырықшы және көшпелі өмір сүру салты туралы 1 сыныпта «Саяхат» , 2 сыныпта « Салт-дәстүр және әдебиет» тарауларынан оқып танысқан. |
||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||
|
Сабақтың басы 0-5 6-7 |
1.Психологиялық атмосфера қалыптастыру 2.Үй тапсырмасын тексеру Спорт –денсаулық кепілі. Өткен сабақты қайталау,пысықтау. -Спорттың денсаулыққа қандай пайдасы бар? -Спорт түрлері нешеге бөлінеді ? - Спорт түрлері қандай болып бөлінеді? -Қазақстан спортшыларын ата? Ольга Шишигина, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекпаев, Илья Ильин, Александр Винокуров ,Геннадий Головкин
3.* Бағалау айдарына арналған тапсырма: «Сәйкестігін анықта» 4. * Видео қаралады «Қазақтың көшпелі мәдениеті» https://www.youtube.com/watch?v=usNPed6t3zE * Суреттермен жұмыс Кейін оқушылар топта өз нұсқаларын талдайды Әрбір топтың жауаптары ұжымда талданады,. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда) *Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады. *Сабақ мақсаты ұсынылады: - көшпелілердің маусымдық жайылымдары мен жер өңдеушілердің өмірлері туралы біледі; - көшпелі және отырықшы өмір салтын ажыратады. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты. Бүгінгі сабақтағы тірек сөздер: Көшпелі –кочевник- nomad Егінші – земледелец –far mer Ой шақыру : Көрнекті қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов «Көшпелі елдің тұрмысында азығы да,сусыны да,киімі де малдан..... ,» деп жазды.Ғалымның сөзін мысалмен дәлелде. |
Слайд №3 Топтық жұмыс Ауыспалы бекет әдісі.қызыл,қара,жасыл,көк. Видео |
|||||||||||||
|
Сабақ ортасы 7-12 13-18 19-23 24-28 29-35 |
5. Оқулықпен жұмыс : Мәтінді оқыту. 6. «Сызбаны оқы» стратегиясы (ұжымда) Оқушыларға көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы сызба ұсынылады. Олар сызбаны пайдалана отырып, жыл мезгілдеріне сәйкес көшпелілердің жайылымдарды ауыстыруы туралы әңгімелеу керек.
Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы. Халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. Жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. Қыстау - қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды, оты мол жерлерде орналасады. Қыстау аумағы, негізінен шарбақпен қоршалады. Айналасында ор қазылған қора жайлары болады. Қыстаудағы тұрақжай түрлері: киіз үй, қоржын үй, жер үй, ас үй, сондай-ақ, шаруашылыққа арналған мал қора, тезек қора, пішен қора, т.б. Көш жүгі жаздай даярланған азық-түлік, киіз-төсеніш, үй жабдықтары, қыстық киім есебінен құралып, күзге қарай молыға, ауырлай түседі. Күзеуге шығынсыз, аман-есен жету мақсатында, алғашқы күндері көш баяу қозғалады. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады Көктеу– көктемгі қоныс; шөптің жаңадан қаулап шыққан кезінде, көктем айларында мал жаятын өріс. Жайлау, Көктеу, Күзеу және Қыстау сөздерін сөздіктеріне немесе дәптерлеріне жазып алады. Оқушылар осы сөздердің түбірлеріне қарап, өздері анықтама беріп көреді: Жаз, Көктем, Күз, Қыс. Бағалау критерийлері: - Көшпелілердің маусымдық жайылымдары туралы айтады. 7. «Мен - көшпелі» ойыны (ұжымда) Оқушылардың бір бұрышқа жиналуын сұрау. Бормен шекара сызығын сызады. Осы шекарадан аспай қарапайым гимнастикалық жаттығулар жасау ұсынылады. Қайтадан бастапқы орындарына барып, сол жаттығуларды жасауға тапсырма береді. Талқылауға берілетін сұрақтар: -Неліктен сендерге бұрышта жаттығуларды жасау ыңғайсыз болды? -Жаттығуларды қай жерде жақсы жасадыңдар ? -Бұл ойын мен көшпелі және отырықшы өмір салтының қандай байланысы бар? Өзіңді көшпелі өмір салтын ұстанатын адам деп ойла: -Жайылымды таңдағанда сен бірінші неге назар аударар едің? - Өзіңнің көшпелі өмір салтыңды сипаттап бер Оқушылар өз зерттеулеріне сүйеніп, қорытынды жасайды. Бағалау критерийлері: - маусымдық жайылымдардың рөлін түсінеді.
Оқулықтағы жер өңдеушілер туралы мәтінмен таныстыру. Топта «Жер өңдеушілер немен айналысады?» тақырыбында постер жасап немесе афиша салуларын сұрау . Жұмыстың нәтижесі: постерді қорғау. Бағалау критерийлері: - жер өңдеушілердің өмір салты туралы біледі;
Жұптағы оқушыларға көшпелі және егінші рөлдерін бөліп алуларын сұрау . Олар әңгімелесу үшін әрқайсысы 5 сұрақтан жазулары керек. Кейін сол сұрақтарын кестеге (әркім өз бағанына) жазып шығады. Осы кестедегі жазылған сұрақтарға сәйкес жұптар өзара әңгімелеседі.
Әңгімелесу нәтижесінде жұптар көшпелілер мен егіншілердің айырмашылықтары мен ұқсастығын талқылайды. Мұғалім жұптардың жұмысын бақылайды және тапсырманың соңында кері байланыс береді. Оқушылар нәтижелерін өздері қорытындылайды.
Бағалау критерийлері: *Көшпелі өмір салтының 3 ерекшелігін атай алады; *Отырықшы өмір салтының 3 ерекшелігін атай алады. - Көшпелі өмір салты- табиғаттағы маусымдық өзгерістерге, жайылымның азаюына байланысты халықтың малын далалар мен жартылай шөлейт, шөлді мекендердегі белгілі жолдармен жүйелі қоныс аудара жаюы.
9.
Қалыптастырушы
бағалау 10. «Тауарыңды сат» тапсырмасы (топта) Әрбір топқа тауарлар бейнеленген суреттер беріледі. Тауарды «сату» керек. Ол үшін оқушылар тауарын мақтап, мадақтап, жетістігін айтып жарнама жобасын дайындайды (өлең, ән, қойылымдар және т.б.). Бағалау критерийлері:
|
Сызба
Бор, Сюжетті суреттер
Сюжетті суреттер А3 форматтағы парақтар, маркерлер, түрлі түсті қарындаштар
Жұптық жұмыс
Рөлдерге бөлінген карточкалар Әңгімелесуге арналған кесте
(Көшпелілер мен жер өңдеушілердің тауарларының суреттері |
|||||||||||||
|
Сабақтың соңы 36-40 |
Рефлексия (жеке): |
Таратпа парақ |
|||||||||||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|||||||||||||
|
«Көшпелі мен егінші арасындағы әңгіме» тапсырмасында оқуда кедергілері бар оқушыларды қолдау мақсатында көшпелі және отырықшы өмір салттары бейнеленген суреттерді беруге болады. Қабілеті жоғары оқушыларға көрнекі қазақ ғалымы Ш.Уалихановтың «Көшпелі елдің тұрмысында азығы да, сусыны да, киімі де малдан...» деген сөздеріне кем дегенде 5 дәлел келтіру ұсынылады. |
Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Әр тапсырмаға бағалау критерийлері берілген. Оны оқушыларға дайын түрінде беруге немесе оқушылармен бірге талдап жаңа критерийлер құруға болады. Әр тапсырманы критерийлер бойынша қорытындылап, бағалау маңызды. |
Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.
|
|||||||||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген