жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Көшпелілердің жазуы 7-сынып Қазақ тілі
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
А. Әділов атындағы №86 жалпы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Байдуйсенова Гульнара Сейтхановна
Сабақтың тақырыбы: Көшпелілердің жазуы |
Мұғалімнің аты-жөні: Г Байдүйсенова Күні: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП:
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
7.0.2; Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану. 7.ӘТН3; Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшіліктерін түсініп қолдану |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды. Сабақ барысында тыңдаушы назарын өзіне аудара алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушы назарын өзіне аудара алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік құзіреттілік |
Моншақтағы таңба, 32 моншақ, Бөріжар өзен аңғары. Фразеологизмдер даяр қалпында қолданылады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, әдебиет, тарих |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Көшпелі қазақ мәжениеті |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспары |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Орхон – Енисей өзендерінің бойынан табылғандықтан бұл ескерткіштер Орхон ескерткіштері деп аталады. Соның ішінде ең үлкені – «Күлтегін ескерткіші». Онда «Үлкен жазу» және «Кіші жазу» деген бар. Сондықтан бүгінгі сабақта оқушылар «Күлтегін», «Үлкен жазу», Кіші жазу» деп топтарға бөлеміз
|
1-топ: «Күлтегін» 2-топ: «Үлкен жазу» 3-топ: «Кіші жазу»
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну Ой
түрткі
Тыңдалым Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды қосымша ақпараттардан ажырат. Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Солардың ішіндегі ең көлемдісі – Орхон ескерткіші. Тас моншақтағы жазу – Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Бөріжар өзені аңғарынан табылған моншақтағы таңба.1968 жылы Бөріжардағы зиратқа зерттеу жүргізген кезде біртізбек моншақ табылған.Тізбеде 32 моншақ бар: 7-і кішірек қара моншақ, 7-і ірілеу ақшыл моншақ, 17-сі қызыл күрең, сарғыш моншақ, біреуі төртбұрышты, аспан түсті көк моншақ. Басқа моншақтардан ірілеу, дөңгелек моншақтың бір шеті тегістеліп, көне түркі әліпбиі үлгісімен «ес сек үс» деген үш сөз жазылған.Жазу ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы түркі халықтарының тілінен дерек береді. Жазудың қазақша мәні: ес, сек, үс – «дос секір үз» деген мағына береді. Бұл түркі халықтарының ежелгі дәстүрінде, жігіт үйленерде қалаған қыздың есімін жазу, құлағын тістеу немесе мойнындағы моншағын үзу дәстүріне байланысты болса керек. |
Оқулық.Кеспе мәтіндер.
Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 10 минут
|
Қолдану Берілген мәтіндерді балалар тыңдап, дәптерлеріне жазып алады. Ортақ тапсырма: «Пікірлер» парағы әдісі
2-сұрақ. Тас моншақтағы жазу туралы мәлімет 3-сұрақ. Көне түркі жазуы қандай жазу? 1-топ: «Күлтегін» Жауабын жазады. 2-топ: «Үлкен жазу» Тексеріп, қосымша мәліметтер қосады. 3-топ: «Кіші жазу» Ұсыныс жазады.
Талдау «Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.
|
«Пкірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар, қалам.
Оқулықтағы мәтінді оқып алады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті 2 минут |
Кішірек қара моншақ пен ірілеу ақшыл моншақтардың саны қанша? Осы тас моншақтағы төртбұрышты моншақтың түсі қандай? |
Миды шынықтыру тапсырмасын орындайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Жазылым «Сөйлем құрайық» әдісі Фразеологизмдерді қатыстырып сөйлемдер құра. Көзді ашып жұмғанша. Көздің жауын алады. Тайға таңба басқандай. Үріп ауызға салғандай. Осы тұрақты тіркестерді бүгінгі өтілген мәтін мазмұнымен байланыстырып, сөйлемдер жазу. |
Карточкада жазылған терминдер
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау
5 минут
Кері байланыс 3 минут |
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
Рефлексия парағы
|
Бағалау парақшасы
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма: «Тас моншақтағы» жазу жайлы досыңа хат жаз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген