Ашық сабақ Коваленттік байланыс 7сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Коваленттік байланыс 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа сабақ беретін мұғалім үшін керек дайын сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы «Манашы орта мектебі» КММ Химия пәнінің мұғалімі Кошпанова Қарлығаш


Сабақтың тақырыбы. Коваленттік байланыс. Полюсті және полюссіз байланыстар

Сабақтың мақсаты.

Білімділік.Коваленттік байланыс, электрондық бұлттың бүркесуі, тығыз электрондық аймақ, энергия ұтымы ұғымдарын қалыптастырып, құбылыстарды оқып үйренудің негізін қамтамасыз ету.

Дамытушылық.Коваленттік байланыстың маңызды сипаттамасы байланыс ұзындығы мен байланыс энергиясының мәнін түсіндіру.

Тәрбиелілік. Ғылыми көзқарасты қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ноутбок, Д.И.Менделеев периодтық кестесі, электртерістік кестесі, парақтар, тест тапсырмалары, оқулық.

Сабақтың түрі: Жаңа технологияға негізделген аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, ой қозғау, тест сұрақтары, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: физика, география, биология.

Сабақ барысы.

I. Ұиымдастыру бөлімі.

II.Үй тапсырмасын тексеру

1.Электртерістік дегеніміз не ?

2.Периодтық жүйеде топшада орналасқан элементтердің электртерістігі қалай өзгереді?

3.Периодта орналасқан элементтердің электртерістігі қалай өзгереді?

4.Электртерістігі ең кіші элементтің атын ата?

5.Химиялық байланыстың негізгі қандай түрлері бар.

Тест сұрақтары.

1.Электртерістігі ең үлкен элементті көрсетің?

А)F Ә) H Б) Cs

2.Периодтық жүйеде элементтердің электртерістігі жоғарыдан төмен қарай қалай өзгереді.

А) Артады Ә) кемиді Б) өзгермейді

3.Электртерістігі ең төмен (аз) элемент.

А)F Ә) H Б) Cs

4.Электртерістік периодтық жүйеде солдан оңға қарай қалай өзгереді?

А) Артады Ә) кемиді Б) өзгермейді

5.Электртерістіктің шартты өлшем бірлігі ретінде қайсы элемент атомының

электртерістігі алынған?

А) Li Ә) F Б) Cs

III.Жаңа сабақ

Атомдар әрекеттескен кезде олардың арасында химиялық байланыстар түзіледі. Электртерістік ұғымының көмегімен жай және күрделі заттар түзілгенде пайда болатын химиялық байланыстардың түрлерін анықтауға болады.

Химиялық байланыстар негізінен төрт түрге бөлінеді

1.Коваленттік

2.Иондық

3. Металдық

4.Сутектік.

Коваленттік баланыс өз кезегнінде екі түрге бөлінеді:Полюсті және полюссіз.

Ортақ электрон жұбына сай келетін екі атом ядроларының арасындағы электрон бұлты арқылы түзілетін химиялық байланыс – коваленттік байланыс деп аталады.

Әрекеттесуші атомдардың электртерістіктерінің айырмашылықтарына байланысты молекулалар коваленттік полюсті байланыс арқылы түзіледі.

H • +•CL > H: CL

Электртерістіктері бірдей атомдар арасындағы түзілетін байланыс коваленттік полюссіз байланыс деп аталады. Полюссіз коваленттік байланысты электртерістіктері бірдей атомдар түзеді. Мысалы:

H•+•H > H:H

CL•+•CL > : CL: CL:

Полюсті коваленттік байланыста ортақ электрон жұбы (электрон бұлты) электртерістігі артықтау элементке қарай ығысады.Мысалы: H2O, CO2,H2O,NH3

H2S,HF.

Полюссіз коваленттік байланысты электртерістіктері бірдей екі атомнан тұратын жай заттар түзеді. Мысалы: H2, O2,N2,CL2,F2.

Oқулықпен жұмыс.

  1. Төмендегі берілген заттардағы байланыстың түрлерін анықтаңдар?

F2, O2, HI, NaH, CH4.

  1. Коваленттік полюссіз және коваленттік полюсті байланыс арқылы түзілетін қосылыстардың формуласын жазыңдар.Олардың түзілуін электрондық формула арқылы көрсетің?

  1. H2, N2, O2, F2.

  2. HCL, H2S, HBr, H2O.

IV Тест тапсырмалары.(Бекіту)

1.Химиялық байланыстардың негізгі неше түрі бар?

А) 2 Ә) 3 Б) 4

2.Химиялық байланыстардың негізгі түрлерін ата?

А) Коваленттік, иондық, металдық, сутектік.

Ә) Коваленттік, полюсті, полюссіз.

Б) Қосылу,айырылу,орынбасу,алмасу.

3.Коваленттік байланыстың қандай түрлері бар?

А) полюсті, полюссіз.

Ә) коваленттік, иондық

Б) металдық, сутектік.

4.Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз?

А) Na2SO4 Ә) HF Б)O2

5.Полюсті коваленттік байланысты қандай элемент атомдары түзеді?

А) электртерістігінде айқын айырмашылық бар элемент атомдары.

Ә) электртерістігі бірдей элемент атомдары.

Б) электртерістігінде айырмашылық аз.

V.Үйге тапсырма. П.27 Коваленттік байланыс. Полюсті және полюссіз байланыстар. 1-3 тапсырма.

VI. Бағалау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
661
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі