жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Күй әлеміне саяхат
Атырау облысы Қызылқоға ауданы
Миялы балалар өнер мектебі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Күй әлеміне саяхат»
Мұғалім: Гүлмайя Арысбайқызы
Оқушы: Мақсот Нұрбақыт
Сабақтың тақырыбы: «Күй әлеміне саяхат»
|
Сабақтың мақсаты:
1)Домбыра арқылы жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, күйдің рухани мәдени әлеміне дәстүрлі орындаушылық мектептердің ерекшеліктерін түсіндіру.
2)Логикалық ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге дағдыландыру,
Міндеті: Күй өнерінің ең негізгі мектептерімен таныстыру және күй өнерінің орындалу ерекшкліктерін баяндау.
Тәрбиелік:
Күй арқылы шәкірттің ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін көтеру.
Дамытушылық:
1.Жеке тұлғаның аспапта ойнау шеберлігін арттыру, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
2.Аспаптық музыканың дамуы, ерекшелігі туралы түсінік беру.
Сабақтың типі: Саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Домбыра аспабы, видео – аудио жазбалар, сөз жұмбақ, ой жұмбақ, күйсандық.
Сабақтың барысы: 1.Психалогиялық даярлықты қамтамасыз ету.(жақсы көңіл – күй, оқушы назарын сабаққа аудару)
2. Сабақтың тақырыбымен мақсатын таныстыру.
3. Сабаққа қатысты оқу құралдарын түгендеу.
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Храматикалық гамманы ойнау.
2. «Шаттанамын» А.Жайымовтың күйін жатқа ойнау.
Актуалдау: Біз өткен сабағымызда А.Жайымовтың өмірбаяны, шығармашылығымен таныс болдық. А.Жайымовтың күйлерінің бірі «Шаттанамын» күйін ойнап үйрендік. Бұл күйдің шығу тарихын білесіңбе?
Сергіту сәті:
Музыкалық біліміңді шыңдап көптеген қызықты сұрақтардың жауабын еске түсіру үшін «сөз жұмбақ» шешіп көрейік.
|
|
|
|
М |
у |
з |
ы |
к |
а |
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
А |
д |
ы |
р |
н |
а |
|
|
|
|
|
||
|
|
|
А |
Х |
м |
е |
т |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
А |
қ |
қ |
у |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ж |
а |
М |
б |
ы |
л |
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
А |
Б |
ы |
л |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
И |
н |
Е |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
А |
Т |
а |
Т |
о |
л |
ғ |
а |
у |
ы |
|||||
1.Белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі?
2.Қазақ халқының көп ішекті шертпелі көне саз аспабы. Аңыз деректеріне сүйенсек, бұл аспап көне түркілер мен қыпшақтар арасында кең таралған?
3 ....... Жұбанов?
4. Н.Тілендиевтің күйі?
5.Н.Тілендиев кай жерде дүниеге келген?
6. Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы, Маңғыстаулық күйші?
7.Білім – .... құдық қазғандай?
8.Жыр алыбы Жамбылға арнап шығарған күйі?
Жаңа сабақ: «Күй әлеміне саяхат»
.
Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрдің негізін қалаушылар
Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданынақарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған.Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.[2] Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Ал жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ аңызды, сөз дарыған адам екен. Күні бүгінге дейін ел ішінде «Ершінің еркегін қойып, әуелі әйелімен айтысып ал» деген сөз бар. Құрманғазының нағашы жұрты - Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын. 1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы және оның жан досы, дауылпаз ақын, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір-ханға шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады. Түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи не шуми», «Машина». 1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқтыжайсаңкүйшіменсырласболып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.
Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыратартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.\Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбір деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған.
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. —1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан. Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданындаауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уакытта ол сол елдегі жеке-жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен-сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX ғасырдың орта тұсындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады.Атақты музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, Дәулеткерейдің туған жиені, Кеңес өкіметінің тұсында өмір сүрген Науша Бөкейханов күйшінің елу шақты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы, құнды деректер берген де сол кісі көрінеді. Дәулеткерей бала кезінде молдадан оқып, мұсылманша хат таныған. Ресейде білім алып, кейін генерал дәрежесіне дейін жеткен хан Жәңгір Ордада балалардың орысша білім алуына да жағдай туғызыпты. Дәулеткерей орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын болған. Кішкентайынан-ақ оқымысты бала атанған. Домбыраны тамаша орындаушы Мүсірәлі деген күйшіден шеберлікті үйренген. Оның үстіне сұлтандардың қысқы мекеніне айналған Ордаға қырқыншы жылдардың бас кезінде Саратовтан драма және эстрада артистері шақырылады екен. Дәулеткерей орыс және Еуропа музыкасымен жастайынан танысқан деген жорамал бар. Ол орыстың балалайкасында шебер ойнапты. Сондай-ақ гитара мен мандолинаны да тарта білген. 1854 жылы француз саяхатшысы Паули сызған суреттің нобайымен Чередеевсалған акварельде күй тартып отырған Дәулеткерей, одан басқа да аспаптарда орындаушылар бейнеленген. Ең қызығы — ортада билеп жүрген еркек бейнесі бар.1855 жылы Екінші Александр патшаның таққа отырып, тәж кию салтанатына қатысқан өкілдердің ішінде Дәулеткерей де бар еді. Оны делегация құрамына кіргізудегі мақсат — бірте-бірте ел басқару тәртібін үйрене берсін дегендік еді. Бірақ ол патша колонизаторларының сарайымен емес, озықойлы Ресеймен, Пушкин елімен танысуға келген-ді. Ол осы сапардан көрмегенін көріп, естімегенін өз қүлағымен естіп қайтады. Еуропа сазгерлерінің оркестр ойнаған шығармаларын тыңдайды. Өзі өлең жазбаса да поэзияны жүрегімен түсінетін күйші екі жылдан кейін Пушкинге, акынның өзі оқыған лицей жанынан ескерткіш қоюға Бөкей ордасынан қаржы жиналған кезде, бірінші болып өз үлесін қосқан. Дәулеткерей 1861 жылы Қызылқұрт елінің билеушісі боп тағайындалған соң, бір жылдан кейін күй атасы Құрманғазымен кездескен. "Дәулеткерейдің Құрманғазымен әңгімелесіп, халық дәстүрі үлгісіндегі басқа да домбырашыларды көріп тануы, оның музыкалық творчествосына қатты әсер етеді", — деп жазады академик Ахмет Жұбанов. Құрманғазы және оның шәкірттерінің ең үздік музыкалық шығармалары дауылдатқан екпінімен, тастай тегеуірінділігімен, өршіл батылдығы, кең тыныстылығымен ерекшеленеді.
Қазанғап Тілепбергенұлы(1854 – 1921) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы Туып-өскен жері — Арал көлінің жағасы, Қүланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері — сол Ақбауыр маңы, Айшуақауылының іргесі. Шыққан тегі — Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі — Шанышқылы.Кіші жүздің Ресейге бодан болуы, ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә-бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекетбатыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-ақ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім-түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке- шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада — Төреш, Бесқалада — Орынбай, Құрманияз, Орынборда — Үсен төре сияқты әйгілідомбырашыларменкездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегіне армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады. Алайда жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уөделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тагдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға ұшырасады. Сонда Балжан: "Қазанғап аға, тағдырдың бүйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Кінә өзіңізден, енді арамызда өкпе мен өкініш қалмасын. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!" — деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы, шабыт түғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклы қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Шығармашылығы:
Жалпы, Қазанғап — эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы "Ноғайлы босқыны" деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып, "Жұртта қалған", "Окоп" деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп, "Қызыл керуен" деп бебеулейді. Ал "Майда қоңыр", "Учитель", "Өтті-ау дүние", "Көкіл" сияқты күйлері өмірдің мәні мен сөні туралы, бүгін мен болашақтың қамы туралы таусыла толғанады. Қазанғаптың күйшілік болмыеына ден қойғанда, оны да XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының рухани әлемінде көрініс тапқан антиутопиялық ағымның, кертолғау сарынының, зар заман тақырыбының аса дарынды өкілі деп таныған жөн
Қазіргі заман күйшілері:Қаршыға Ахмедияров,ӘзидоллаЕсқаликв,Айгүл Үлкенбаева.тб.
Маңғыстау күйшілік дәстүр:
Мамандардың
өзара байланысы, ізденіспен айтылған
тұжырымдар нәтиже беріп келеді. Осындай
зерттеу белестерінен өтіп, өрлеп келе
жатқан, біршама игілікті істер тындырылған
күйшілік мектептердің бірі – Маңғыстау
өнері.
Маңғыстау
күйшілері мен күйлері жөнінде белгілі
зерттеуші Т. Мерғалиевтың 1971 жылы шыққан
«Домбыра сазы» [5] атты жинағында бұрын
белгісіз көлемді дерек бар. Бұл жинақ
«Нар идірген» циклдық, айтыс күйлер
дерегі және нота жазбасының бір жүйеге
келтірілген нысанымен құнды. К.Сахарбаева
өзінің «Күй өнерінің дамуы» мақаласында
(қол жазба) сол 1970 жылдарда орындаушылық
ортаға Есірдің «Қос айырған» күйінен
басқасы түспегенін және Абылдың «Абыл»,
«Нарату», Мұрат Өскенбаевтың «Жеңіс»,
Есір «Ақжарма» сынды орындаушылар
репертуарында санаулы күйлердің
болғанын, Маңғыстау күйлерінің өрлеу
жылдарын дәулескер күйшілер Қазақстан
халық артисі Қ. Ахмедияров пен С.
Шәкіратовтың күй табыстырған кездесулерімен
сипаттаған. Алматыдан шалғай жүрсе де
консерватория түлегі, Қазақстанның
еңбек сіңірген артисі Р.Айдарбаеваның
1990 жылдары жарық көрген «Маңғыстау
күйлері», «Ақжарма» жинақтарын А.
Жұбановтан кейін бір аймақ, бір күйшіге
арналған құнды еңбек деп бағалаған.Маңғыстаудың
көптеген күйлері Қ. Ахмедияровтың
«Табыну» жинағында жарыққа шықты.
Маңғыстау күйшілік мектебінің басқалардан
мол сақталған үрдісі «Айтыс» күйлердің
«Жаңылтпаш» тобы да алғашқы рет осы
еңбекпен танылды. Консерваторияда
Қ.Ахмедиярұлы және К.Сахарбаева Маңғыстау
күйлерінің түпнұсқа болып саналатын
үлгілерімен үлкен жинақ дайындаған.Өнертану
ғылымдарының кандидаты С.Өтеғалиева
Маңғыстау күйшілік мектебін бірнеше
қырынан қарастырған маман. Маңғыстау
домбыра музыкасында Батыс өңірінің
басқаларында кездеспейтін ерекшеліктері
туралы С.Өтеғалиева жақсы ой айтады.
Мысалы, Абыл, Есір, Құлшар, Өскенбайдан
Мұратқа жалғасқан күйшілік өнерді
стильдік, орындау шеберлігіне құрылымдық,
функциялық, интервалдық сипаттамалары
бойынша талдаған. Сонымен қатар күйшілік
мектептерге көршілес басқа халықтармен
байланыс әсерін баса көрсетеді. Маңғыстау
өңірінде үш мектеп (Есір, Өскенбай,
Байшағыр) қалыптасқанын ең ірісі Есір
Айшуақұлы атымен Шоңай мектебі екенін
баса көрсетеді. Қазіргі таңда Есірдің
«Ақжарма», «Күнтай» күйлерінен басқасы
домбырашылар репертуарында
орындалмайтындығы, жете зерттелмеген
деп жазылған.Бұл күйшілік мектептің
тағы бір ерекшелігі жергілікті күйшілер
туындыларында түркімен саз-әуендеріндегі
қазақ күйлерінің жиі кездесуі.
С.Өтеғалиеваның шәкірті С.Темірғалиевамен
бірге «Туркменские кюи в домбровой
традиции Западного Казахстана» атты
жинағында мұндай үрдіс қақында толық
мәлімет берілген.Белгілі жазушы Ә.
Кекілбаевтың күйі қақындағы терең
толғамды еңбектері Қ.Сыдиықовтың
деректемелі зердеге толы ой толғамдары
күйшіге білім қоры екені айқын. Маңғыстау
күйшілік өнері қақында өндіре жазған
ғалым, белгілі зерттеуші, филология
ғылымының кандидаты. Қ.Сыдиықов.
«Маңғыстау» энциклопедиясында [2,
144-151] бұрын белгісіз көптеген деректерді
келтіріп, Түбектің ерекшелеу ән, жыр
күйлері турасында мәліметтер жариялаған.
Жыр күйлер туралы сирек жазылады, осы
тақырыпта С. Өтеғалиеваның шәкірті А.
Сарымсақова кандидаттық диссертация
жазуда. «Қоғам өмірінде соңғы жылдарда
орын тепкен күрделі өзгерістер рухани
мұраны неғұрлым тұтас күйінде танып-білуге,
оны ел игілігіне жаратуға мүмкіндік
беріп отыр», – деп белгілі ғалым Р.
Бердібай [7] айтқандай «Мәдени мұра»
бағдарламасы аясында қолға алынған
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясы мен М. Әуезов атындағы
әдебиет және өнер институты бірлестігімен
жарық көрген «Қазақ музыкасы» антологиясы
көп томдығына жыр күйлер туралы К.
Сахарбаеваның мақаласы енген [10,17 б].
Жыр күйлердің хаттамасы алғашқы рет
осы жинақпен танылды. [10,387 – 406 бб] «Қазақ
музыкасы» анталогиясы авторлар тобының
мүшелері Қ. Ахмедияров, К.Сахарбаевалар:
1 томға Нар идірген, Ақсаққұлан циклы,
2 томға «Балбырауын» Қ.Сыдиықовтың
қорынан, Асқарбаланың, Сүгірдің,
Қалнияздың, Түркмен қыздың, Шеркеш
Олжаның, т.б. жыр күйлерін, сол өңірден
жеткен халық және ән-күйлері, 4 томда
Есбай Балаұстаұлы шығармашылығы, 5-томда
Маңғыстаудан Өскенбай күйлері және
айтыс күйлер – Үш ананың айтысы,
Өскенбаймен Құлбайдың тартысы, қызбен
жігіт айтысы сынды туындылар орын алған.
Жоғарыда аталған күй танушылар
еңбектерінің озық үлгілерімен бірге
Қарасай Қази жырының жеті мақамының
алғаш жарық көруі үлкен жаңалық.
Маңғыстау
күйлерінің зерттеу аймағындағы қарымды
тұсы сол өлкенің мамандарының еңбегіне
байланысты. «Нарату» жинақтары бұрын
болмаған үлкен жетістік. Жинақтарды
құрастырушы, консерватория түлегі
Айтберген Жаңбыршы сонау 1980 жылдарда
тырнақ алды жұмысын «Мұрат Өскенбаев»
туралы дипломдық реферат жазудан
бастаған. Бірақ мұның бәрі вербальдық
түрі және толық қамтуға мүмкіншілік
жоқ екені түсінікті. Болашақ жас
күйшілерге үн – бейне таспалардан
тыңдаудың зор әсерлі екенін ескерсек
Маңғыстау өңірі орындаушыларынан қолда
бары – М. Өскенбаев, С.Шәкіратов, Р.
Айдарбаевалардың орындауындағы үн және
консерватория фольклорлық ғылыми-зерттеу
бөлімінің қоры. Мысалы, С.Шәкіратов күй
тарихын айтып отырып орындайды.
Р.Айдарбаеваның жинағында Кәрима
Сүндетқызы құрастырған аңыздары бар.
Тағы бір үлкен жақсылық Маңғыстауда
тұрақты өткізіліп келе жатқан Есір,
Мұрат, Сержан атындағы республикалық
күйшілер сайыстары.Бейне таспа екеу
ғана – М. Өскенбаевтың, Сержан
Ысқақұлының, К. Сахарбаеваның қоры.
Сержан Ысқақұлы бейне түсірілімде
тарихын айтумен қатар қағыс алыну
құпиялары, саусақ кестесі, орындаушылықтағы
әдіс амалдарды түсінікті жеткізген.Мұның
бәрі музыкалық білім беру бағытын
жаңарту, терең және электронды оқулықтар
дайындауда керекті негіз қоры болмақ.
Мұнан артық әдістемелік оқу құралының
болуы мүмкін емес.
Сыр өңірінің күйшілік дәстүрі:
Сыр бойы күйлері көпке дейін қазақ музыкасы саласында аз зерттеліп, насихатталуы кемшіндеу болып келгенімен, соңғы кездері кеңінен қолға алына бастады. Белгілі жыршы, филология ғылымдарының кандидаты Б.Жүсіповтың «Жиделі Байсын күйлері» (А., 2000) деген еңбегінде осы орындаушылық мектептің күйлері алғаш жинақталып жарық көруі де – сең қозғалуының бір көрінісі. Сырдың бойында ертеректе өткен Құрманай Төремұрат, Асан Көнек, Бекпенбет сынды күйшілердің мұралары көнеден көшкен керуендей жалғасын тауып келеді. Одан беріректе Сыр өңірінде өмір сүрген күйші-композиторлардың ішінде үш дәулескер күйшінің есімін атауға болады. Олар: Мырза Тоқтаболатұлы, Әлшекей Бекпенбетұлы, Досжан Құрақұлы. Сыр бойы күйшілік дәстүріндегі көрнекті тұлғалардың бірі Мырза Тоқтаболатұлының ғұмыр кешкен, музыкалық мұрасының молынан сақталған жері – Қызылорда облысының Қазалы өңірі. Бүгінгі күні Мырза күйшінің «Асанқайғы», «Бұғының күйі», «Баулы ешкі», «Алпыс екі Ақжелеңнің бауыр шешпесі», «Ташауыз» сияқты бітімі, құрылымы бөлек, композициялық жағынан оқшау тұрған жиырмадан астам күйлері белгілі болып отыр. Мырза күйлерінің басты ерекшелігі, көбінесе, транспозициялық формада құрылған. Күйдің өзі шағын 3 бөлімді шығарма іспеттес. Бұны «Жемнің ағыс күйі», «Ташауыз», «Бұғының күйі», т.б. күйлерден байқауға болады. Осындай құрылымдағы күйлер, көбіне, сағасыз болып келеді. Яғни, батыс күйлеріндегідей кіші, үлкен сағаларда үстіңгі ішектегі стереотип тартылмайды. Осы әдіс Сыр бойы күйлерінің көбіне тән.Мырза күйлерін, сонымен қатар, Сыр бойында сақталған халық күйлерін, Құрманай Төремұрат, Жалдыбай күйшілер мұрасын шашау шығармай, ерекше нақышпен орындап, насихаттаушы – қазалылық дүлдүл домбырашы Нәби Жәлімбетов.Жоғарыда аттары аталған күйшілердің шығармаларымен қатар, осы антологияға Жалдыбай, Қобылаш, Исламбек Ысқақов, Жалғасбай Аралбаев, Төлеген Қаражанов, Мұзарап Жүсіпов тәрізді Сыр бойында өмір сүрген күйшілердің туындылары да енгізілді.
Қаратау
күйшілік дәстүрі. Күйшілік
дәстүрі (Өтелбайұлы Ғалымжан)
Қаратау
күйшілік мектебіндегі негізгі тұлға –
Сүгір Әлиұлы. Шертпе күй шебері, қазақтың
аспаптық өнерінде өшпес із қалдырған
Сүгір өзіне дейінгі Тәттімбет Тоқа,
күйлерін жете меңгере отырып, түр,
мазмұн, көркемдік жағынан байытып,
дамыта түсті. Әйгілі қобызшы Ықылас
Дүкенұлын өзіне ұстаз тұтқан Сүгірдің
қобыз сазын домбыра күйімен қабыстыра
білуі үлкен жаңашылдық болды, қобыздағы
мұңды әуеннің Сүгір күйлерінде домбырамен
астасуы күйшілік дәстүрге өзгеше рең
берді. Ол өмір сүрген өңір – қарт Қаратау,
көне Отырар, қасиетті Түркістан аймағы
– тоғыз жолдың торабы, түрлі мәдениеттің
тоғысқан жері. Сондықтан қазақ
музыкасындағы озық жетістіктерді бойына
жинаған Сүгір шығармаларында Арқа,
Жетісу, Алтай-Тарбағатай, Батыс
әуен-саздарының кездесуі кездейсоқ
құбылыс емес. Оның күйлері мазмұны
жағынан да, көркемдік бітімі жағынан
да ерекше. «Шалқыма», «Ілме», «Бес жорға»
(5 тараудан тұрады), «Қаратау шертпесі»,
«Жолаушының жолды қоңыры» (2 тарау), т.б.
туындыларының қай-қайсысын алсақ та,
кемеліне келген көркемдік, мүлтіксіз
жаңашылдығымен, соны сипатымен оқшау
тұрады. Сүгір күйлерін алғаш республика
жұртшылығына танытқан дарынды өнерпаз,
қобызшы әрі домбырашы Жаппас Қаламбаев
болды. Сүгірдің «Кертолғау», «Ілме»,
«Шалқыма», «Ыңғайтөк», «Аққу», т.б.
күйлері Ж.Қаламбаевтың орындауында
қайталанбас өрнегін тауып, қазақ
музыкасының алтын қорында мәңгі сақталып
қалды.
Сүгір
күйлерін асқан шеберлікпен орындап
жеткізушілер қатарында күйші, домбырашы
Төлеген Момбековтің есімін айрықша
атауға болады. Сүгірдің «Қосбасар»,
«Жолаушының жолды қоңыры» (2 тарау), «Бес
жорға», «Қаратау шертпесі», «Телқоңыр»,
«Шалқыма», «Бозінген» сияқты күйлерін
өзіндік мәнерімен орындап, өз жанынан
да көптеген күйлер шығарған Төлеген
Момбеков – Сүгір мектебінің көрнекті
өкілі. Антологиядан Сүгір, Бапыш, Төлеген,
Жаппас, Боранқұл, Айкен сынды қаратаулық
күйшілердің туындылары қомақты орын
алды.
Арқа
күйшілік дәстүрі (Садуақасова
Перизат)
Қазақстанның
шығыс, солтүстік, орталық аймақтарын
алып жатқан байтақ өңірдің атымен
аталатын Арқа күйшілік мектебінің ең
көрнекті тұлғасы – Тәттімбет Қазанғапұлы.
Шертпе күй саласында екі ішекті алма-кезек
даралап қағу, бір ішекті бойлай шерту
әдістерін көбірек қолданып, бұл тарапта
жаңашыл бағыт, оқшау мектеп қалыптастырған
Тәттімбет күйлерін терең ойға, философиялық
толғамға толы шертпе күйлердің үздік
үлгісі деуге болады. Небары 45 жас қана
ғұмырында өшпестей мұра қалдырған,
қазақтың күй өнерін жаңа саз, соны
өрнектермен байытып, түрлі тақырыпты
қамтитын 40-тан аса күй шығарған
Тәттімбеттің философиялық ой-толғамдарға
құрылған «Қосбасар» (9 нұсқасы),
«Сарыжайлау», «Көкейкесті», «Бес төре»
(І, ІІ түрі), махаббат сырын шерткен
«Сылқылдақ», «Көш жанаған», «Балбырауын»,
тарихи оқиғаларға арналған «Айдос»,
«Алшағыр», «Азамат қожа», «Бозайғыр»,
т.б. күйлерін үйреніп, кейінгіге
жалғастырған – өз інісі Жақсымбет,
балалары Мұсатай, Исатай болған.
Тәттімбет
күйлерінің басым көпшілігі белгілі
күйші, домбырашы Әбікен Хасенов арқылы
жетті. Ұлы күйші мұрасын Аққыз Ахметова,
Әпике Әбенова, Жақсылық Омашев, Уәли
Бекенов, Мағауия Хамзин сияқты саңлақ
өнерпаздар да кеңінен насихаттады.Ұлттық
музыка өнеріндегі Тәттімбет бастаған
жаңа дәстүрді оған ілесе шыққан Тоқа,
Әбди, Сембек, Қыздарбек сынды күйшілердің
өзінше жалғастыруы да – заңды құбылыс.
Тәттімбет тәлімі дегенде, ауызға ең
әуелі әйгілі Тоқа Шоңманұлының есімі
ілігеді. Ел іші оны шыққан руына байланысты
«Сайдалы сары Тоқа» атап кеткен.
Тәттімбеттен он бес жас кіші Тоқа, ұлы
күйшімен өнерде үзеңгілес жолдас бола
жүріп, одан күйшілік өнердің қилы
тағылымын меңгерген. Өзінің біліп,
үйренгенін Тоқа айналасындағы ізбасарлары
Қыздарбек, Әбди, Баубектерге табыстап
отырған. Бұлардың барлығы дерлік
Тәттімбеттің ізімен «Қосбасарлар»
циклын жалғастырды. Қыздарбектің
«Өткінші», «Мұң» қосбасарлары – шертпе
күй мектебінің ең бір сыршыл, мұңшыл
шығармалары. Бұл күйшілердің Кеңес
дәуіріне тірі жеткендері көп қуғын-сүргін
көрді, Әбди мен Сембек 30-жылдары атылып
кетті. Күйлері көпке дейін жұрт назарына
ұсынылмай, шетқақпай болып келді.Олардың
мұрасын бүгінге жеткізушілер – Әпике
Әбенова, Дәулетбек Сәдуақасұлы, Манарбек
Сағымбеков, Орал Исатаев сынды
күйші-домбырашылар.
Табиғаттың
бұла бір сәтін күй арқылы жеріне жеткізіп
суреттеген Арқаның тылсым күйшілерінің
бірі – Әшімтай еді. Оның соңында қалған
бір ғана күй «Қоңыр қаз» деп аталады.
Атақты Дайрабайдың да күйлерінің көбісі
бүгінге жетпеген. Бұл екі күйшінің
туындыларын елге табыстаған – әйгілі
күйші Мағауия Хамзин.
Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958).«Менің Қазақстаным» контатасын (1959)Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961)«Ата толғауы» оркестр үшін жазылған шығармаларын(1962)«Халық қуанышы»(1963) «Қайрат» (1964) «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу»,«Аңсау»,«Арман»,«Ата толғауы»,«Әлқисса»,«Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені»,«Махамбет»,«Фараби сазы» сияқты күйлері және «Саржайлау»,«Алатау»,«Ақжайық»,«Ақ құсым»,«Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ
«Қыз Жібек»
«Қилы кезең»
«Менің атым Қожа»
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр»
«Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған.
Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өнер туындату барысында уақыттың идеологиялық өктемдігіне, ассимиляцияшыл әсіре үрдісіне мүлде мойын ұсынбастан, өзінің тәңір дарытқан төлтума қалпынан қылдай ауытқымай жүріп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Бұл ретте, Нұрғиса жерден қуат алатын Антей сияқты, қазақтың музыкалық дәстүріне табанын нық тіреп тұрып, өзінің арман аңсарын еш жасқанбастан дыбысқа айналдыра білді. Ол өз заманының музыкалық танымын терең игерген кәсіпқой музыкант бола тұра суырыпсалмалық дәстүрді ұдайы шабыт тұғыры етіп отырды. Былайша айтқанда, көргенді күйттеп, естігенді жаттап отыратын оркестрлік қасаңдыққа Нұрғиса буырқанған шабыт еркіндігін дарыта білді. Бұл рете, Нұрғиса сахараның ақ бас абыздары сияқты, өз үнін көп дауысқа тұншықтырмай, өз лебізін көп даңғазаға ілестірмей, қазақтың дәстүрлі музыкалық тіліндегі дарашыл қасиетті (монодийность) тәу етіп өтті. Нұрғисаның композитор, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Егер, салсерілер өнері адамның жан жүрегіне бағытталуымен дараланса, сол ұлы дәстүр Нұрғисаның да барша шығармашылық болмысында аста төк болып, шалқып шашылып жатты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан тек қана өзіне тән профессионализмді қалыптастыра алды.
Бекіту: 1.Күй туралы не білдің?, не білгің келеді?
4. «Күйдің» ерекшелігі неде?
5. Жаңа тақырыптан қандай жаңалық алдың?
6. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Қорытындылау: .Әрқашанда қазақ халқының музыка өнерін халқымыздың қасиетті жәдігер –жауһарын сақтау, ұрпаққа жеткізу, міндетіміз!
Үй жұмысы:
Бағалау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген