15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Күй құдіреті 3-сынып
Пән: Әдебиеттік оқу Орта мерзімді жоспар бөлімі: 5- тарау: Өнер Күні: Сынып: 3-сынып |
Мектеп: «Тұрмыс-1 жалпы орта мектебі» Мұғалімнің аты-жөні: Бекбаева Эльвира Қатысқандар саны: 14 Қатыспағандар саны: 0 |
|||||
Сабақ тақырыбы |
Күй құдіреті |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау. 3.1.3.1 – шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау. |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
|||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
|||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, қазақ тілі. |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
|||||
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
|||||
Бастапқы білім |
5-тарау өткен төрт тараудан(1-4) алынған білім мен дағдыларға сүйенеді. Оқушылар алдыңғы өткен құрылымды (шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, жоспар құруды үйрену) ұстанып, әңгімелерді жоспарлап, мазмұнын айта және өз ойын жаза алуы керек. |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Достық шеңбері» жылулық шеңбері Балалар шеңберге жиналады.Педагог ортаға орындық қойп,кез келген балаға отыруды ұсынады (ұялшақ,өзіне сенімсіз,жасқаншақ баланы шақырғаны жөн).Педагог «Күлгін көзілдірікті» киіп «күн сәулесін қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірік жарайды),ол арқылы адамның ең жақсы қасиеттерін көруге болатынын айтады да,ортада отырған баланың жақсы қасиеттерін айтады.Балалар қалаулары бойынша көзілдірікті кезекпен киіп,ортадағы баланы мадақтайды. «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. 1-топ «Бақыт жалаулары» 2-топ «Арман жалаулары» 3-топ «Қуаныш жалаулары» Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Балмұздақ таяқшасы» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
||||
Сабақтың ортасы |
Ширату тапсырмасы. Ойқозғау. Жұмбақты шешіп, домбыраның атқаратын қызметі туралы әңгімелесу. Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта, Сөйлемді шежіредей адал соқса. Тағы бір мінезі бар таңғажайып, Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта. Мағынаны ажырату. Тыңдалым.
Әл-Фараби туралы мәлімет
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді. Фараб – қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала. Әл- Фараби – көрнекті ойшыл, өз замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «екінші ұстаз» атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор. Оның 150-ге жуық философиялық және ғылыми еңбектері бар. Ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – филосо- фия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады. Оның атақты «Музыка туралы үлкен трактат» деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Оқылым. «Күй құдіреті» аңызы оқылады. Қыпшақ – рудың аты. Құдiретi – күшi, қасиетi. Дескриптор:
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. |
||||
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Жазылым. Жеке жұмыс. Орындаған тапсырмалардың қорытындысы ретінде «Күй құдіреті» деген сол, ол адамды күлдіреді, қуантады, билетеді (көңілді ырғақта болса), көзіне жас алдырады (қайғылы ырғақта болса), ұйықтатады деген ойлар сызба түрінде жазылады. Топтық жұмыс. І топ. 1-тапсырма. Оқулықтағы 3, 4-тапсырмалар орындалып, күй құдіреті сөзінің астары түсіндіріледі. ІІ топ. 2-тапсырма. Қандай күй тыңдағанды ұнатасың? Қазіргі өнер сахнасындағы күйшілерді білесің бе? ІІІ топ. Мәтіндегі ойды әсерлі сөздермен жалғастыр. Қыпшақтарша киінген Фараби елеусіз ғана бір шеттен орын алады. Ол өзі жасап алған домбырасымен күй тартса, жұрттың бәрі күліп, мәз-мейрам болады. Себебі:
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.
(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Көңіл-күй» кері байланысы.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Оқушылар дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету. |
||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз |
Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. |
||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген