Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Күй құдіреті 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1.1.2.1 Аспаптарды ажыратады; 1.1 2.2 Күй туралы түсінік алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:  Күй құдіреті

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың мақсаты:1.1.2.1 Аспаптарды ажыратады;

1.1 2.2 Күй туралы түсінік алады

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу

Сабақтың көрнекілігі:  топтастыру, сергіту сәті, сызба жұмыстары, аспаптардың суреті,  фортепиано аспабы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Психологиялық дайындық:

Үлкендерге сіз,

Кішілерге біз.

Әдеппенен бас иіп,

Сәлем бердік біз!

3.

 «Адасқан ноталар» ойынын ойнату

 Балалар біздер «Адасқан ноталар» сұрақ - жауап ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау. Нота астында жазылған сұрақтарға жауап беріп, ноталарды нота сызығына орналастырамыз.
1.
Айтыс өнері деген не?

2.Импровизация деген сөзді қалай түсінесің?

3.Суырыпсалма деген не?

4.Қайым айтыс

5.Түре айтыс

5.Сүре айтыс

6.Қандай айтыскерлерді білесің?

7.Музыкалық импровизация деп нені айтамыз?

4 . Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Күй құдіреті»

- Музыка дегенде көз алдымызға не елестейді? Сұраққа жауап беру.

- Ән, күй, би, домбыра бұның барлығын өнер деп атаймыз.

Соның ішінде бүгінгі сабақта танысатынымыз «Күй» өнері.

Күйдің құдіреттілігі жөнінде ақын Ілияс Жансүгіров былай деп жырлаған:

Тайпалап жорға болып салдырған күй,

Мейірін тыңдағанның қандырған күй.

Тартқанда зарылдатып,сұңқылдатып

Аққуды аспандағы қондырған күй.- деп күйдің мазмұны мен сырын терең бағалай біліп, поэзия тілімен шебер суреттеген

Күй» дегеніміз не?

Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері.Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ      кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен  арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен назды әндер, ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес,мәдени байлыға, рухани азығы болып отыр.

Күй - домбыра және басқа аспаптарда халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма

Күйлер тақырыбымен мазмұнына қарай: аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау, лирикалық, психологиялық күйлер болып жіктеледі

Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды. «Жетім бала», «Ақсақ құлан» т. б күйлерді жатқызамыз.

Тарихи оқиғаларға жоңғар шапқыншылығымен оған қарсы халқымыздың күресі «Ел айырылған», «Жеңіс» атты күйлер.

Арнау күйі - белгілі бір адамдарға арнап шығарған күй. Оларға «Абыл»,»Байжұма» күйлерді жатқызамыз.

Ұлы күйшілеріміз: Құрманғазы, Дина, Сүгір, Қазанғап, Тәттімбет, Қорқыт, Дәулеткерей, Боғда, Махамбет т.б ал, қазіргі  заманда  күй жанрын елге танытқан, еңбек еткен Қ. Ахмедияров, Х. Тастанбеков, А. Райымбергенов, С. Тұрысбеков т.б. ағаларымызды айтып

кетуіміз керек.

Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Сергіту сәті



6. Топтастыру әдісі: жеміс-жидек суреттері арқылы топқа бөлу



7. Топпен жұмыс

Ұрмалы аспаптар   тобы

 Постер жасау ұрмалы аспаптарға,жасалуы,ойнау әдісі

Үрлемелі аспаптар тобы

Постер жасау,үрлемелі аспаптар,жасалуы, ойнау әдісі

Ішекті аспаптар    тобы

Постер жасау,ішекті аспаптар,жасалуы,ойнау әдісі

Сабақты бекіту

Білемін

Білдім

Білгім келеді? /стикер/

Бағалау: басбармақ, от шашу

Оқушылар күй туралы түсінік алады;

Күйді талдай алады;

Аспаптардың түрлерін ажырата алады;

Рефлексия: Оқушыларға күйлердің шығу туралы әңгімелер беру, мазмұнын сұрау





Тексерілді:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2020
3764
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12