|
1 бөлім: Қазақ
халқының музыкалық мұрасы
|
Сабақтың тақырыбы:
Күй құдіреті (Төкпе күй)
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Дильмуханова С.Т
|
|
Сынып:
5
|
Қатысқан оқушылар
саны:
|
Қатыспаған оқушылар
саны:
|
|
Осы сабақты
меңгеруге қол жеткізетін оқыту
мақсаттары:
|
Білімді,көзі ашық,көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің
қанымызда бар қасиет.Рухани жаңғыру
«Туған жер» бағдарламасы негізінде
«Білімнің
салтанат құруы» және
«Ұлттық
бірегейлікті сақтау» бағыты бойынша Күй
құдіретінің тарихын аша отырып:
5.1.2.2 Дәстүрлі халық күйлері мен аспаптық музыканың
айырмашылығын ажырату.
5.1.1.1 Музыкалық жанр мен көркемдеуші құралдарды
анықтау,тыңдалған шығарманы талдау.
5.2.2.2 компьютерлік
бағдарламаларды ( «Audacity», «Soundation» «Windows Movie Maker”,
«Киностудия») қолдана отырып,музыкалық композицияларды редакциялау
және интерпретация жасау
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық
оқушылар
|
|
-сыныптастарымен бірге музыкалық аспапта күйді
тыңдайды,көркемдік сипатына талдау жасай
алады;
-күй жанрын ажыратуда
музыкалық сауаттылығын дұрыс көрсетуге
тырысады;
|
|
Оқушылардың
көпшілігі
|
|
-сыныптастарымен бірге музыкалық аспапта күйді
тыңдайды,көркемдік сипатына талдау жасай
алады;
-күйдің орындау түрін
ажырата алады,орындаушылық түрленімге баға беруге
тырысады.
|
|
Кейбір
оқушылар
|
|
-күй әуенін ажырата алады,интонациясын,стилін
сезінеді;
-күйді орындау
түрленімдеріне байланысты нақты пікір қоса
алады.
|
|
Бағалау
критерийлері
|
-Күйді тыңдау мен талдау барысындағы оқушылардың өзіндік
пікірі.
-Өз жұмысын көрсете
білі және бағалау.
|
|
Тілдік
мақсаттар
|
Оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға
ынталандырыңыз.
Оқушылар:
Күй өнерін талдау және талқылау барысында сәйкес
терминдерді қолданады,өз жұмысына түсініктеме беріп,оны жақсарту
үшін ұсыныстар жасай алады.
Талқылауға арналған
сұрақтар:
-күйді тыңдау барысында
мен.......
-күй қай нұсқада
орындалғанда......
-егер де .......мен
жұмысымды жақсартар едім.
|
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Білімді,көзі ашық,көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің
қанымызда бар қасиет.Рухани жаңғыру
«Туған жер» бағдарламасы негізінде
«Білімнің
салтанат құруы» және
«Ұлттық
бірегейлікті сақтау» бағыты бойынша Күй
құдіретінің тарихын аша отырып,рухани жаңғыру бағытында ұлттық
мәдени құндылықтарды,салт-дәстүрімізді,тілімізбен
музыкамыз,
әдебиетіміз,бір сөзбен
айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс яғни аспаптық
музыканы тыңдауға үйрету дәстүрлі күйшілік өнерді оқушылар бойына
дарыту.
|
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Тарих,әдебиет
|
|
Бастапқы
білім
|
Алдыңғы сабақтарда алған
білімдері
|
|
Сабақ
барысы
|
|
Сабақ
кезеңдері
|
Сабақтағы
жоспарланған іс-әрекет
|
ресурстар
|
|
Сабақтың басталуы
|
Сабақ басталмас бұрын сыныпты түрлі-түсті стикерлер арқылы
үш топқа бөлу.
Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Ұлттық бірегейлікті
сақтау» бағыты негізінде Абайдың
даналығы,Әуезовтың ғұламалығы,Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының
күйлері,ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні бұлар біздің рухани
мәдениетіміздің бір парасаты.
1-тапсырма Ақпарат
іздеу.
«Серпілген сауал»
әдісі
«Төкпе күйі» атты тақырыпша аясында және төкпе күйдің
құдіреті Құрманғазы өмірін оқушылармен бірге «күй» жанрын ,күйші
өмірі,күйлердің орындалу түрлерін,тарихын
талқылау.
2-тапсырма Тыңдау және
талдау.
Төкпе күйдің құдіреті күйші-композитор Құрманғазы
Сағырбайұлының «Адай» күйін тыңдау.Әр топ күйді постер арқылы
қорғайды.
1-топқа:Оқушылар бейнежазбадан
Р.Ғабдиевтің жеке орындауында;
2-топқа: Құрманғазы атындағы ұлт
аспаптар оркестрінің орындауында;
3-топқа: Заманауи өңдеудегі
А.Еңсеповтың орындауында тыңдайды.
Тыңдау барысында күйдің орындау түрін сонымен қатар: дыбыс
күшіне,екпініне,дыбыс бояуына, динамикасына көңіл
қояды.
Музыкалық стиль
дегеніміз не? мазмұнын ашады.
|
Стикерлер
Құрманғазы портреті
Домбыра аспабы
Интербелсенді тақта
Үлестірме парақшалар,
түрлі-түсті бояулар,постер,
стикерлер
Құрманғазы «Адай» күйі
Бейнероликтер
Музыка оқулығы,
хрестоматия
|
|
Сергіту
сәті
|
Көңілді музыка арқылы оқушылардың көңіл-күйін
сергіту.
«Ақ бұлақ» әнін
интербелсенді тақтадан жіберу
|
Интербелсенді
тақта
|
|
Сабақтың ортасы
|
3-тапсырма.Әнді орындау және
талдау.
Сабақта оқушылар үйренетін «Күй-домбыра» әнінің
авторы-композитор,өнертанушы Т.Тоқжанов,өлеңін жазған; айтыскер
ақын,жазушы А.Рахметов.Ән күрделі әндер қатарына
жатады.
Оқушылар әнді талдау
және айту кезінде: ән неше буынды,әннің мазмұнына,әннің орындалу
екпіні,ырғағына,әннің қайырмасында дыбыстардың интонациялық
тазалығына көңіл бөлу керек.
|
Т.Тоқжанов,
А.Рахметов
«Күй-домбыра» әні.
Интербелсенді
тақта,
|
|
Сабақтың соңы
|
Сабақ соңында оқушылар
бірігіп «Адай күйіне» компютерлік бағдарлама көмегімен бейнебаян
дайындау тапсырылады немесе оқушылар өздері жинаған суреттер арқылы
иллюстрция ретінде көрсетуіне
болады.
|
Компютер желісі
Бейнебаян,
суреттер
|
|
Рефлексия
|
«Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша кері
байланыс

|
Үлестірме
парақшалар
|
|
Саралау-Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді
жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап
отырсыз?
|
Бағалау –
Оқушы лардың материалды
игеру деңгейін тексеруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіп
сіздік техникасының
сақталуы
|
|
Тыңдалған әнді
түрлендіру барысында мұғалім кейбір оқушыларға көмек ретінде әуен
үлгілерін ұғына алады.
|
Бақылау:
Бағалау критерийлері мен дескрипторлар
бойынша:
Ән орындау және
тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар бірін-бірі «Бас бармақ»,
«Қол шапалақтау» арқылы өзара
бағалайды.
|
Денсаулық сақтау
технологиялары
Белсенді іс-әрекет
түрлері
|
|
Сабақ бойынша
рефлексия
Сабақ мақсаты,оқу мақсаты дұрыс қойылған
ба?
Оқушылардың барлығы ОМ мен жеткізді
ме?
Жеткізбесе неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді
ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды
ма?
Мен өз жоспарыма қандай
өзгерістер енгізуді қалар едім?
|
|
|
Қорытынды баға
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті(сабақ беру
туралы,сондай-ақ үйрету туралы да
ойланыңыз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді(сабақ беру
туралы,сондай-ақ үйрету туралы да
ойланыңыз)?
1.
2.
Мен сабақ барысында сынып және жекелеген оқушылар туралы
келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді
білдім?
1.
2.
|