Материалдар / Ашық сабақ: "Күйімді жеткіз халқыма", 3-сынып

Ашық сабақ: "Күйімді жеткіз халқыма", 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта үшінші сыныптарға арналған қысқа мерзімді жұмыс жоспары берілген. Сабақ жоспары толық 40 минутты қамтиды. Сабақтың тақырыбы, мақсаты құрылымында толық берілген. . Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.Онда психологиялық кезең, жаңа сабақ, оқулықпен жұмыс, шығармашылық кезең және сабақтың соңғы кезеңі. сабақтың барысында оқудың бірнеше түрі кездеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
405
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбыКүйімді жеткіз халқыма. Ә.Сәрсенбаев
Мақсаты:Құрманғазының бейнесі арқылы өнерге ән-күйге оқушылардың ынтасын арттыру, шығармашылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:Құрманғазының шығармашылығымен танысады, өнерге деген сүйіспеншілігі артады, қазақтың ұлы күйшілері туралы білімі кеңейеді.
Психологиялық ахуалІ минутСабаққа әр кез қатысыпБілімді шыңдап көрейік.Әрбір атқан таңменен,Бөленіп нұрға жүрейік. Оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді.
Жаңа сабақ
ІОй толғаныс3 минутНоутбуктан күй қосылады.
  • Балалар, мына күй сіздерге таныс па?
  • Күйді жазған кім?
  • Күй шығарған адамды кім деп атаймыз?
  • Олай болса біз бүгінгі тақырыбымыз кім туралы деп ойлайсыздар?
  • Дұрыс айтасыздар, біз бүгін Әбу Сәрсенбаевтің тағы бір шығармасымен танысамыз.
  • 2Тақырыбы мен мақсатыСұрақтардың жетегімен тақырыбын ашамыз
    3Оқулықпен жұмыс3 минутСыныпта тек бір оқушы мәтінді оқып шығады. Қалған оқушылар оқулықтарын жауып тыңдап отырады.
    4Шығармашылық әңгіме2 минут- Мәтін кім туралы?-Күйді кім орындап шықты?-Оның қасына кім келді?-Құрманғазы Динаның домбыра тартқанына неге қуанды?

    5Оқу түрлерін жүргізу9 минутМұғалімнің сөзі: Қазір алдарыңа тапсырма таратылады, топтасып отыра қойыңдар. Әр топ басшысы тапсырманы таныстырып шығады.І топ: Оқулықтағы мәтінді абзацпен оқу. Оны сахналап көрсетіңдер. 3 минутІІ топ: Дина мен Құрманғазының кездескен жерін тауып, тізбектей оқыңдар. Динан мен Құрманғазының іс әрекетін сахналап беру.3 минутІІІ топ: Дина мен Құрманғазының арасындағы диалогты рөлге бөліп оқу. 3 минут.

    6Сергіту кезеңі4 минут«Көбік шашқан» күйін тыңдау.Ішкі сезімдерін жеткізу.
    7Постермен жұмыс. 5 минутҚорғау. 6 минутІ топ. «Құрманғазының қарт кезеңін неден аңғардыңдар» Суреттеп әңгі мелеп беріңдер.ІІ топ. «Суретті жинақтай отырып, қай кездегі көріністі бейнелейтінін әңгімелеп беріңдер».ІІІ топ. «Құрманғазы атаның шығармашылығына көз жүгіртіп, әңгімелеп беріңдер»
    8Рефлексия1 минутСонымен сабақ ұнады ма?Сабақта кімдермен таныстық?
    9Бағалау1 минутОқушыларды бағалау, өзін өзі бағалау, топты бағалау кезеңмен өткізіп тұру
    10Үйге тапсырма1 минутМәтінді түсініп оқып келу. Өнер туралы мақалдар жаттау. Құрманғазының өнері туралы эссе дайындау.
























    А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия









    Ашық сабақӘдебиеттік оқу«Күйімді жеткіз халқыма»3 «Ә» сыныбыАбдыкасымова Галия Жумановна













    АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫ









    А.Байтұрсынов атындағы бастауыш сынып мұғаліміАбдыкасымова Галия Жумановнаның өткізген ашық сабағынарефлексивтік есебі

    Алдын ала жоспарланған ашық сабақтың тақырыбы мен мақсаты және күтілетін нәтиже анықталды. Сабақтың өту күніне Ә.Сәрсенбаевтің «Күйімді жеткіз халқыма» атты тақырып сай келді. Тақырыптың мақсаты анықталды. Мақсаты: Құрманғазының бейнесі арқылы өнерге ән-күйге оқушылардың ынтасын арттыру, шығармашылыққа баулу.Күтілетін нәтиже: Құрманғазының шығармашылығымен танысады, өнерге деген сүйіспеншілігі артады, қазақтың ұлы күйшілері туралы білімі кеңейеді. Сабақтың басында сынып оқушылары әртүрлі түстегі жұлдызшалар арқылы топқа бөлініп отырғызылды. Топтасып болған соң психологиялық ахуал орнатылды. Сынып оқушылары бір-біріне сәттілік тілей отырып, сыныпта қалыптасқан жұмысқа дайындық басталды. Мұғалім сабақ басында жаңа сабақтың бағытын анықтау үшін ноутбук арқылы қазақ халқының ұлттық оркестрі мен жеке домбырашыларының орындауында бірнеше күйді қосып, оқушылардың ой-өрісін бақылау мақсатында сұрақтар қойды. Сұрақтарға жауап ала отырып, орындалған күйлер мен күй авторларының кім екенін анықтады. Оқушылардан алынған жауаптарды саралай отырып, мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыра отырып, оның мақсатын ашты.Сабақ барысында оқулықпен жұмыс жүргізілді. Тек бір оқушы ғана оқулықты ашып, мәтінді оқып шықты. Содан кейін оқушылар өз беттерімен мәтіннің мазмұны не туралы, күйшінің кіммен кездескенін, ол оған қандай аманат тапсырғаны туралы әңгімеледі. Осы кезеңде оқушылардың тыңдау және әңгімелеу қабілеттерінің дами түсуіне, танымдық қабілеттерінің ұшқырлық шектері анықталды. Жұмыс барысы топтық түрде жалғасты. Мұғалімнің сөзі: Қазір алдарыңа тапсырма таратылады, топтасып отыра қойыңдар. Әр топ басшысы тапсырманы таныстырып шығады.І топ: Оқулықтағы мәтінді абзацпен оқу. Оны сахналап көрсетіңдер. 3 минутІІ топ: Дина мен Құрманғазының кездескен жерін тауып, тізбектей оқыңдар. Динан мен Құрманғазының іс әрекетін сахналап беру.3 минутІІІ топ: Дина мен Құрманғазының арасындағы диалогты рөлге бөліп оқу. 3 минут.Берілген тапсырмалар бойынша уақытпен жұмыс жүргізілді. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасады. Топтық жұмыс регламентке сай орындалып, топтық жұмыстар бағалаушының көмегімен бағаланып отырды.Ж.Жабаевтің «Көбік шашқан» күйі арқылы сергіту сәті өткізілді. Осы кезеңде ашық мирофон арқылы әр оқушы күйді тыңдап отырған кезде өздерінің ішкі сезімдері қандай күйде болғаны туралы еркін әңгімелей білді.Келесі кезеңде постермен жұмыс тапсырылды. Ол мына мазмұнда болды. І топ. «Құрманғазының қарт кезеңін неден аңғардыңдар» Суреттеп әңгі мелеп беріңдер.ІІ топ. «Суретті жинақтай отырып, қай кездегі көріністі бейнелейтінін әңгімелеп беріңдер».ІІІ топ. «Құрманғазы атаның шығармашылығына көз жүгіртіп, әңгімелеп беріңдер»Уақытпен таныстырылған оқушылар барлық ережені орындап отырды. Топ басшылары әр топ жұмысын ортаға салып, өз постерлерін қорғап шықты.Сабақ мақсаты орындалып, күтілген нәтижеге жетті. Сабақ соңында рефлексия жасалып, оқушылардың білімдері бағаланды. Үйге тапсырма берілдіі.

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ