Сабақтың
тақырыбы
|
Күйімді жеткіз халқыма.
Ә.Сәрсенбаев
|
Мақсаты:
|
Құрманғазының бейнесі арқылы
өнерге ән-күйге оқушылардың ынтасын арттыру, шығармашылыққа
баулу.
|
Күтілетін
нәтиже:
|
Құрманғазының шығармашылығымен
танысады, өнерге деген сүйіспеншілігі артады, қазақтың ұлы
күйшілері туралы білімі
кеңейеді.
|
Психологиялық
ахуал
І
минут
|
Сабаққа әр кез
қатысып
Білімді шыңдап
көрейік.
Әрбір атқан
таңменен,
Бөленіп нұрға
жүрейік.
Оқушылар бір – біріне сәттілік
тілейді.
|
Жаңа
сабақ
|
І
|
Ой
толғаныс
3 минут
|
Ноутбуктан күй
қосылады.
-
Балалар, мына күй сіздерге
таныс па?
-
Күйді жазған
кім?
-
Күй шығарған адамды кім деп
атаймыз?
-
Олай болса біз бүгінгі
тақырыбымыз кім туралы деп
ойлайсыздар?
-
Дұрыс айтасыздар, біз бүгін
Әбу Сәрсенбаевтің тағы бір шығармасымен
танысамыз.
|
2
|
Тақырыбы мен
мақсаты
|
Сұрақтардың жетегімен
тақырыбын ашамыз
|
3
|
Оқулықпен
жұмыс
3
минут
|
Сыныпта тек бір оқушы мәтінді
оқып шығады. Қалған оқушылар оқулықтарын жауып тыңдап
отырады.
|
4
|
Шығармашылық
әңгіме
2
минут
|
- Мәтін кім
туралы?
-Күйді кім орындап
шықты?
-Оның қасына кім
келді?
-Құрманғазы Динаның домбыра
тартқанына неге қуанды?
|
5
|
Оқу түрлерін
жүргізу
9
минут
|
Мұғалімнің сөзі: Қазір
алдарыңа тапсырма таратылады, топтасып отыра қойыңдар. Әр топ
басшысы тапсырманы таныстырып
шығады.
І топ: Оқулықтағы мәтінді
абзацпен оқу. Оны сахналап көрсетіңдер. 3
минут
ІІ топ: Дина мен Құрманғазының
кездескен жерін тауып, тізбектей оқыңдар. Динан мен Құрманғазының
іс әрекетін сахналап беру.3
минут
ІІІ топ: Дина мен
Құрманғазының арасындағы диалогты рөлге бөліп оқу. 3
минут.
|
6
|
Сергіту
кезеңі
4
минут
|
«Көбік шашқан» күйін
тыңдау.
Ішкі сезімдерін
жеткізу.
|
7
|
Постермен жұмыс. 5
минут
Қорғау. 6
минут
|
І топ. «Құрманғазының қарт
кезеңін неден аңғардыңдар» Суреттеп әңгі мелеп
беріңдер.
ІІ топ. «Суретті жинақтай
отырып, қай кездегі көріністі бейнелейтінін әңгімелеп
беріңдер».
ІІІ топ. «Құрманғазы атаның
шығармашылығына көз жүгіртіп, әңгімелеп
беріңдер»
|
8
|
Рефлексия
1
минут
|
Сонымен сабақ ұнады
ма?
Сабақта кімдермен
таныстық?
|
9
|
Бағалау
1
минут
|
Оқушыларды бағалау, өзін өзі
бағалау, топты бағалау кезеңмен өткізіп
тұру
|
10
|
Үйге
тапсырма
1
минут
|
Мәтінді түсініп оқып келу.
Өнер туралы мақалдар жаттау. Құрманғазының өнері туралы эссе
дайындау.
|
Абдыкасымова Галия
Жумановнаның өткізген ашық сабағына
рефлексивтік
есебі
Алдын ала жоспарланған ашық
сабақтың тақырыбы мен мақсаты және күтілетін нәтиже анықталды.
Сабақтың өту күніне Ә.Сәрсенбаевтің «Күйімді жеткіз халқыма» атты
тақырып сай келді. Тақырыптың мақсаты
анықталды. Мақсаты: Құрманғазының бейнесі арқылы
өнерге ән-күйге оқушылардың ынтасын арттыру, шығармашылыққа
баулу.
Күтілетін
нәтиже: Құрманғазының шығармашылығымен
танысады, өнерге деген сүйіспеншілігі артады, қазақтың ұлы
күйшілері туралы білімі кеңейеді.
Сабақтың басында сынып
оқушылары әртүрлі түстегі жұлдызшалар арқылы топқа бөлініп
отырғызылды. Топтасып болған соң психологиялық ахуал орнатылды.
Сынып оқушылары бір-біріне сәттілік тілей отырып, сыныпта
қалыптасқан жұмысқа дайындық басталды. Мұғалім сабақ басында жаңа
сабақтың бағытын анықтау үшін ноутбук арқылы қазақ халқының ұлттық
оркестрі мен жеке домбырашыларының орындауында бірнеше күйді қосып,
оқушылардың ой-өрісін бақылау мақсатында сұрақтар қойды. Сұрақтарға
жауап ала отырып, орындалған күйлер мен күй авторларының кім екенін
анықтады. Оқушылардан алынған жауаптарды саралай отырып, мұғалім
бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыра отырып, оның мақсатын
ашты.Сабақ барысында оқулықпен жұмыс жүргізілді. Тек бір оқушы ғана
оқулықты ашып, мәтінді оқып шықты. Содан кейін оқушылар өз
беттерімен мәтіннің мазмұны не туралы, күйшінің кіммен кездескенін,
ол оған қандай аманат тапсырғаны туралы әңгімеледі. Осы кезеңде
оқушылардың тыңдау және әңгімелеу қабілеттерінің дами түсуіне,
танымдық қабілеттерінің ұшқырлық шектері анықталды. Жұмыс барысы
топтық түрде жалғасты.
Мұғалімнің сөзі: Қазір
алдарыңа тапсырма таратылады, топтасып отыра қойыңдар. Әр топ
басшысы тапсырманы таныстырып шығады.
І топ: Оқулықтағы мәтінді
абзацпен оқу. Оны сахналап көрсетіңдер. 3
минут
ІІ топ: Дина мен Құрманғазының
кездескен жерін тауып, тізбектей оқыңдар. Динан мен Құрманғазының
іс әрекетін сахналап беру.3 минут
ІІІ топ: Дина мен
Құрманғазының арасындағы диалогты рөлге бөліп оқу. 3
минут.
Берілген тапсырмалар бойынша
уақытпен жұмыс жүргізілді. Әр топ өздеріне берілген тапсырма
бойынша жұмыс жасады. Топтық жұмыс регламентке сай орындалып,
топтық жұмыстар бағалаушының көмегімен бағаланып отырды.Ж.Жабаевтің
«Көбік шашқан» күйі арқылы сергіту сәті өткізілді. Осы кезеңде ашық
мирофон арқылы әр оқушы күйді тыңдап отырған кезде өздерінің ішкі
сезімдері қандай күйде болғаны туралы еркін әңгімелей
білді.
Келесі кезеңде постермен жұмыс
тапсырылды. Ол мына мазмұнда болды.
І топ. «Құрманғазының қарт
кезеңін неден аңғардыңдар» Суреттеп әңгі мелеп
беріңдер.
ІІ топ. «Суретті жинақтай
отырып, қай кездегі көріністі бейнелейтінін әңгімелеп
беріңдер».
ІІІ топ. «Құрманғазы атаның
шығармашылығына көз жүгіртіп, әңгімелеп
беріңдер»
Уақытпен таныстырылған
оқушылар барлық ережені орындап отырды. Топ басшылары әр топ
жұмысын ортаға салып, өз постерлерін қорғап шықты.Сабақ мақсаты
орындалып, күтілген нәтижеге жетті. Сабақ соңында рефлексия
жасалып, оқушылардың білімдері бағаланды. Үйге тапсырма
берілді
і.