Сабақтың тақырыбы: Күлпаш
Б.Майлин
Сабақтың мақсаты: 1.Б.Майлин
туралы мәлімет беру. Ел басынан өткен қиын кезеңдер туралы түсінік
беру, мазмұның ашу.
2.Оқушыларды сұраққа толық
жауап беруге дағдыландыру, ой-өрісін
дамыту.
3.Оқушының бойында жаңашырлық
сезімің ояту, отаның сүюге тәрбилеу.
Сабақтың түрі: Аралас
сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,
түсіндіру, топпен жұмыс, әңгімелесу.
Сабақ көрнекілігі: слайд,
суреттер, сөзжұмбақ, сахналық койылым.
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
бөлімі
Оқушының зейінін сабаққа
аудару. Кезеқшінің хабарламасы.
Шаттық
шеңбері: М.Шаханов «Төрт ана»
өлеңі
халқының бостандығы, азаттығы
тілеген батырларымыз-біз қандай бөлімдерді оқып
білдік.
-
«Ата-бабасы тарихы-менің
тарихы»
-
Кімдер туралы
білдік?
-
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай,
Ақжолтай Ағыбай батыр,
Махамбет пен Исатай, Жақия, Амангелді.
«Бәйге» (ойыны бойынша
қортындылау.)
1. Абақты қараушысы Тоқашты
қайда алып кетті. (Тергеушісінің
кабинетіне)
2. Тоқаштың айыпталу
қорытындысы. (Дарға асу)
3. Тоқаш кіммен тығыз
байланыста болған? (Бекболат Әшекеевпен)
4. Темір тордың ар жағында
кіммен кездест? (Анасы Ақбалтырмен)
5. Соңғы сәтінде көшенің қақ
ортасында тұрған кімді көрді. (Таяққа сүйенген
шешесін)
Сөзжұмбақ
1.Азаттық жолында мәтініндегі
басты кейіпкер кім? Бокин
2.Тоқаштың аяқ-қолына не
салынды? Кісен
3.Шешесінің парлап аққан жасы
неге тамды.? Кеудеге
4.Тоқашты түн ауа неге
шақырады? Тергеуге.
5. «Азаттық жолында мәтінінің
авторының аты. Зейін
-
-
Кедей сөзі
шақты.
Жырлағаным-кедейдің
жыры
Сырлағаным-кедейдің
сыры
Сырым да бір, жырым да
бір-
Мен дағы сол кедейдің бірі- -
дей келе Б. Майлин жырлағандай.
Өмірбаяны: Бейімбет Майлин - аса көрнекті суреткер
жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай
облысы, Тараз ауданы, казіргі Майлин атындағы кеңшарда туды. Әкеден
ерте жетім қалған бала жалшылықта жүріп, ауыл молдасынан сауат
ашып, хат таниды, кейін көрші ауылдағы медреседе екі жыл оқиды.
1913-1914 жылдары Троицкідегі "Уазифа" мектебінде, оны бітіргеннен
кейін Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде оқиды. Медресе
қабырғасында талапты жастармен бірге "Садақ" қолжазба журналын
шығарысады. Алғашқы тырнақалды туындысы "Шұғаның белгісі" әңгімесі
осы журналда жарияланады. Медреседе белгілі татар жазушылары Мұхит
Ғафури, Ғалымжан Ибрагимовтен сабақ алады, башқұрт ақыны Сайфи
Құдашпен бірге
оқиды.
Сұрақ.
«Кедей» деген сөзді қалай
түсінесің?
Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың
барысында өкімет халықтың күн көрісінің жалғыз ғана жолы қолындағы
малын зорлық пен жинап алып, қоғамдық мемлекеттік меншікке
айналдырады. Одан қалған жарым малдарын ет, май астық жоспарларын
дайындап тағы тартып алды. Сөйтіп негізгі кәсібі мал шаруашылығы
болған қазақ шаруалары төрт – түлік малдан түгел жұрдай болып,
ашыға бастады. Табысы жоқ колхоздан, жергілікті үкіметтен жәрдем
ала алмаған халқымыз ендігі жерде ашаршылыққа
ұшырады.
1921 - 1922 жылдары және 1931 - 1933 жылдар
Қазақтың тіпті адамзат тарихында бұрын - соңды естіп білмеген
қасіретке толы жылдар. Кейбір деректер бойынша 4 млн 100 мың қазақ
баласы қайтыс болды.
Ашаршылық деректі фильм:
Бейне ролик
(Оқушылар ашаршылық туралы
мәлімет айтады.)
Оқулықпен
жұмыс:
Күлпаш.
Тақырыпты жоспар бойынша
түсіндіру.
Күлпаштың баласы Қалидың, күйеуі Мақтымның,
үйінің болмысын
сипаттау.
Күлпаш пен Қалидың
әңгімесі.
Мақтымның бос
оралуы.
Мәтінді мәнерлеп оқыту. (екі бөлімді екі
оқушыға)
Дәптермен
жұмыс.
Сөздік
жұмыс.
Өрім - өрім – тозған,
жыртылған.
Бөкебай - басқа жамылатын
шәлі.
Ызғырық – суық
жел.
Өлмем кедей – өте
кедей.
Сергіту
сәті:
Топпен
жұмыс: 1-топ
Күлпашты
сипаттау.
2-топ Мақтымды
сипаттау.
1-топ
2-топ
Қали өмір сүрген
заман
Қазіргі бейбіт заман қазақ елі,
жері
Үйге тапсырма. Б.Майлин. «Күлпаш» әңгімесін оқу,
әңгімелеу
Бағалау
Қарабұтақ орта
мектебі
Әдебиеттік
оқу
Сабақтың тақырыбы:
«Күлпаш»
(Ашық
сабақ)
Өткізген: Жапарова
Л
2015-2016 оқу
жылы