Оқушылар өздеріне
тиісті суреттер(күн, ай, сағат) бойынша білгендерін талқылайды да,
ортаға шығарады.
Одан кейін оқушылар
мұғалімнің көмегімен үш ұғымның арасындағы байланысты анықтайды.
Сабақ тақырыбын шығарады.
Тақырыптың тірек
сөздерін 3 тілде үйрету.
Уақыт-время-time;
күн-день –
day;
түн-ночь –
night.
Қалыптастырушы
бағалау: «Допты лақтыру» әдісі арқылы
жүзеге асырылады. Яғни оқушылар допты бір –біріне лақтырып сөзді
атайды, допты ұстап алған оқушы сөзді орысша, келесі оқушы
ағылшынша айтады.
1-тапсырма.
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтағы суреттер бойынша Асланның күн тәртібі туралы
әңгімелейді, топпен
талқылайды.
Дескриптор:
1. Суреттердің
мазмұнын түсінеді;
2. Сурет бойынша
әңгіме құрастырады;
3. Күн тәртібінің
ретін сақтайды.
Қалыптастырушы
бағалау:
Бармақпен
бағалау
2-тапсырма:
Оқушылар «Фуршет»
әдісі арқылы өз күн тәртіптері жайлы өзара
сұхбаттасады.
Дескриптор: оқушылар өз күн тәртіптері
жайлы әңгімелейді.
- Сен таңертең
нешеде оянасың?
-Нешеде
ұйықтайсың?
-Таңертең тұрғанда
не істейсің?
-Күндіз немен
айналысасың?
Қалыптастырушы
бағалау:
Мадақтау
3- тапсырма
орындау: әр топқа сағаттың суреті
беріледі. Күн тәртібіндегі іс-әрекеттер суреті салынған қиынды
қағаздары таратылады. Оқушылар күн тәртібін дұрыс ретпен сағат
шеңберіне орналастыру қажет.
Дескриптор:
-суреттерді дұрыс ретпен
орналастырады;
-Суреттерді уақыт
өлшемдерімен дұрыс
сәйкестендіреді;
-Жұмыстарын дәлелдей
алады.
Қалыптастырушы
бағалау: фейерверк әдісі арқылы
мадақтау
4-тапсырма:
Апта күндерін
үйрету. Оқушыларды 1-2-3 санатып, №1 оқушылар ортаға шығады. Әр
қайсысына апта күндері жазылған тәждер
беріледі.
Оқушылармен бірнеше
тапсырмалар орындалады.
1)Оқушылар көздерін
жұмып, рет-ретімен дұрыс тұруы
қажет.
Көздерін ашқанда,
қай жерде қателік кеткендерін табады. Бірнеше рет
қайталайды.
2) Бастарындағы
тәждерін шешіп, тез рет-ретімен тұра қалуы
керек.
Дескриптор: апта күндерін ретімен
орналастыру;
Қалыптастырушы
бағалау: 3 рет қол
шапалақтау
Сергіту
сәті: Ломбада биі. Оқушылар апта
күндері жазылған жолақшаларды таңдап алады. Музыка басталғанда
«дүйсенбі»-«сейсенбі» - тб
билейді.
Тапсырма:
Мұғалім күн тәртібі
шаблонын таратып, әр оқушы өзінің күн тәртібін жобалап
жасайды.
Ал үйде өздері
құрастырған күн тәртібін қатаң сақтап, шағын зерттеу жұмысын
жүргізуді тапсырады.
Интербелсенді
тақтадан «Күн тәртібі» тақырыбында «Балапан және оның достары»
мультфильмін тамашалау.
|