400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Күнмен бірге саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақшада жұмыс істейтін тәрбиешілерге керек. Ашық сабақ педагогтерге бағыт беруші құрал болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өткізілген мерзімі: 06.04.2017 уақыты: 9.30

Білім беру саласы: Таным, коммуникация, шығармашылық, денсаулық

Тақырыбы: «Күнмен бірге саяхат»

Мақсаты:

Білімділік: Түстерді ажырату, көлеміне қарай үлкен-кіші геометриялық пішіндерді ажырата білуге,салыстыруды үйрету.

Дамытушылық: Ұсақ моторикаларды дамыту, мәнни ботқасымен жұмыс жасау.

Тәрбиелік: Балаларды мейрімділікке, өзге адамдарға көмектесуге талаптандыру. Қызығушылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап, үнтаспалар, сергіту сәті.

Қолданылатын көрнекіліктер: Түрлі-түсті доптар, күннің суреті, ойыншық қоян, үлкен-кіші пішіндер.

Қостілділік компонент: Қызыл-красный, күн-солнце, қоян-заяц .

Тәрбиеші: Балалар бізге қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайық.

Арайлап таң атты. Алтын шуақ таратты,

Армыздар қонақтар,

Сәлем, салем, салем.

Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте!

Тәрбиеші: Балалар мынау не?

Балалар: Күн

Тәрбиеші: Күнмен амандасайық. Күн бізге жай келген жоқ, бізді саяхатқа шақырып жатыр. Саяхат жасамастан бұрын бізге тапсырмасын орындауымызды сұрап жатыр. Күннің тапсырмасын орындай аламыз ба? Балалар: Ия

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бұл не?

Балалар: Доптар

Тәрбиеші: Дұрыс, бұл доптар. Доптардың түсі қандай?

Балалар: Түрлі-түсті (Көк, қызыл, сары, жасыл)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар . Ал енді мына жерге қараңдаршы, мұнда түрлі-түсті тегештер бар. Осы тегештерге түстеріне сәйкес етіп доптарды саламыз. Ендеше іске кірісіңдер! Доптарды бір-бірден алыңдар балалар. Қонақтар сендерге қарап отыр. (Осы кезде, тәрбиеші балалардың қате не дұрыс орындап жатқандықтарын қадағалайды). Балалар, енді қарандаршы, тегештерге дұрыс салдыңдарма көрейік. (Тегештер мен доптардың түсін балалардан сұрап шығады). Жарайсыңдар, балалар.

Балалар: Сары түс күннің түсіне ұқсайды, көк түс теңіздің түсіне ұқсайды, ал қызыл түс қызанақтын түсіне, жасыл түс шөптің түсіне ұқсайды . Тәрбиеші: Ал енді сапарымызды жалғастырайық. Балалар қайда келдік?

Балалар: Көлге(көлдің дыбысы естіледі, көлге ұқсас безендіріледі)

Тәрбиеші: Мына жерде тастар бар екен, тастар әр түрлі пішінді. Біз үлкен пішінді тастар жинауымыз керек. Жинаған тастарды маған беріп отырыңдар, көпір тұрғызамыз. (Балалар тастарды жинай бастайды, тәрбиеші дұрыс жинаған балаларға қолдау көрсетіп отырады. Тастан көпір құрастырып болғаннан кейін, қандай пішіннен көпір тұрғызғаны жайлы сұрайды). Балалар көлден асықпай өтеміз.

Көлден өткеннен кейін көңілсіз тұрған қоянды көреді. Ой балалар мынау қоян ғой. Қоян неге көңіл-күйің жоқ?

Қоян: Серуенге шыққанмын, адасып кеттім.

Тәрбиеші: Қайда тұрасын?

Қоян: Әжеммен тұрамын.

Тәрбиеші: Бізде әжеге бара жатырмыз. Саған көмектесіп, әжеңе жеткізіп саламыз, сен уайымдама. Нурбибі саған тақпақ айтып береді Нурбибі: Ақ қоян ау, ақ қоян. Ұзын құлақ сақ қоян, Қаша берсең орманға , «Қорқағым» деп ат қойам. Тәрбиеші: Балалар қоянның көңілін көтеру үшін өлең айтып берейік. Ал енді үлкен шеңбер жасайық. (Балалар шеңберге тұра қалады, қояндармен бірге өлең айтады.)

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ , сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы, қырлы жерлермен

Ытқып - ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Енді қоянға ойыншық қоян жасап берейік.(Шығармашылық столға барып, қағаздан қиылған қояндарға, қыстырғыштардан құлақтарын жасап береді). Балалар қоянның көңілін котердіңдер.

Қоян: Рахмет!

Тәрбиеші: Қоян сен не көріп тұрсын?

Қоян: Үй

Тәрбиеші: Кімнің үйі екен?

Қоян: Әжемнің үйі

Тәрбиеші: Қанеки қарайық. (Музыка ойналады, әже үйден шығады)

Әже: Сәлеметсіңдерме балалар?

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе әже

Әже: Менің қоянымды тауып бергендеріңе рахмет. Жолды табуға кім көмектесті?

Тәрбиеші: Әже, біз кім көмектескенін айтпаймыз, көрсетеміз. Балалар жүріңдер, жолды табуға кім көмектескенін көрсетейік. (Балалар шығармашылық столдағы тәрелкелердегі мәнни ботқасынан, саусақтарымен күннің суретін салып көрсетеді.)

Тәрбиеші: Әже, бұл неге ұқсайды?

Әже: Дөңгелек, күнге ұқсайды.

Тәрбиеші: Ия дәл таптыңыз. Бізге күн көмектесті.

Әже: Күнге рахмет!

Тәрбиеші: Әже біз сізге қонаққа келдік. Сіздің денсаулығыңызды біліп, қалай жасап жатқандығыңызды көруге келдік. Балалар әжені барып құшақтаңдар, сағынып қалған шығарсыңдар.

Әже: Мен қоянымды уайымдап отыр едім, сендер тауып әкелдіңдер, енді көңілім орнына түсті, рахмет сендерге балалар. Қоян үйде тәттілер бар алып келе ғой.

Тәрбиеші: Балалар, әже бізге тәттілер берді, не айтуымыз керек?

Балалар: Рахмет! Тәрбиеші:

-Балалар бүгін бізге кім қонаққа келді?

-Күн

-Күнмен қайда бардық?

-Саяхатқа -Күннің қандай тапсырмасын орындадық?

-Түрлі-түсті доптарды ажыраттық

-Көпірді қандай пішіндерден құрастырдық?

-Үлкен пішіндерден. (Ұшбырыш, төртбұрыш, дөңгелек)

-Жолда кімді кездестірдік?

-Қоянды

-Қоянға не жасап бердік?

-Ойыншық қоян

-Тағы не көрдік?

-Үй -Кімнің үйі екен?

-Әженің

Өте жақсы балалар. Осымен саяхатымыз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
921
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі