жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Күрделі сөз
Қазақ тілі. 9. 12. 2017
І. Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөз
ІІ. Сабақтың мақсаты: Күрделі сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
ІІІ. Сабақтың міндеті: 1. Күрделі сөздерді туынды түбір, еркін сөз тіркесінен айыра білуге үйрету.
2. Оқушылардың сөз қоры мен ой-өрісін кеңейту.
3. Ойын элементтерін пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығын ояту.
ІҮ. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, жарыс сабақ
Ү. Сабақтың әдістері: Жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар.
ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, плакаттар, стикер.
ҮІІ. Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру сабағы, дүниетану.
|
Сабақтың барысы |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Басталуы 5мин Үй тапсырмасын тексеру 3мин «Миға шабуыл» 5мин Сабақтың негізгі бөлімі 5мин 8мин Сергіту сәті 3мин 5мин Сабақтың соңы 5мин 2мин |
ынтымақты атмосфераны қалыптастыру -Балалар, сабағымызды бастамас бұрын, көңіл-күйімізді орнатайық. -Оқушылар: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда жан-жағым. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. 2. Топқа бөлу. Қағазда жазылған сөздер арқылы топқа бөліну. Әр топ топ басшы сайлайды. Топ басшы өз тобын стикер арқылы бағалап отырады. І-топ «Біріккен сөз» ІІ-топ «Сөз тіркесі» ІІІ-топ «Қос сөз» -Бүгінгі сабақ өзге сабақтан өзгерек болады. Себебі, біз бүгін Қазақстанның жеті кереметіне саяхат жасаймыз. Жеті кереметке бару үшін қазақ тілі пәнінің тапсырмалары көмектеседі. -Үйге қандай тапсырма берілді? (27-жаттығу, сөзжұмбақт ышешу. 92-бет)
2 3 4
5
Үй тапсырмасын жақсы орындағандарың үшін, алдымызда Қазақстанның 1-креметі күтіп тұр. 1-керемет «Алтын адам» 1970ж. Алматы облысы, Есік қорғанынан табылды. ІҮғ. Өмір сүрген сақ ханзадасы, бойындығы қаруы да, киімі де жоғары сапалы алтыннан құйылған. Жалпы салмағы 2,6 кг. Төрт мыңнан астам әшекей бұйымнан тұрады.
1-тапсырма «Қайталау – білім анасы» өткен материалды еске түсіру (3мин) . І-топ «Біріккен сөз» сөз туралы не білеміз? Білетін ақпаратымызды қағаз бетіне түсіреміз.
Е
Сөз Сөз
Заттың атауы қатынас құралы
ІІ-топ «Сөз тіркесі» сөз және оның мағынасы дегеніміз не?
Мәндес сөздер мағынасы қарама- қарсы сөздер
Сөз және оның мағынасы
Әртүрлі мағыналы (мысал келтіру) сөздер
ІІІ-топ «Қос сөз» тұрақты сөз тіркесі туралы не білеміз?
Орнын ауыстыруға болмайтын тіркестер мысал жаз
Тұрақты сөз тіркесі
Мақалдың ойды әсерлі жеткіземіз орнына қолданамыз
Топтар қарсыластарының жұмысын ауыстыру арқылы бағалайды. 1-тапсырманы жақсы орындағаны үшін, алдымызда Қазақстанның 2-креметі күтіп тұр. 2-керемет «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі. Ортағасырлық сәулет өнерінің озық үлгісі. Түркістан қаласында оны парсы шеберлері салған. Күллі мұсылман баласының тәу ететін қасиетті мекеніне айналған ескерткіш. Қазақ хандары мен би-сұлтандары жерленген жер.
ІІ. Жаңа сабақ. «Тапқыр болсаң , тап» тарауында суретпен жұмыс.
-Суретте нені көріп тұрмыз? (ай және гүл) . Енді осы екі түбір сөзді біріктіріп көрейікші. Қандай сөз шықты? (Айгүл) -Балалар, не байқадық? Мағынасы басқа жаңа сөз шықты. Яғни, екі жай түбір сөздің қосындысы арқылы жаңа мағынаға ие, басқа да сөз табының сұрағына жауап беретін күрделі сөз шықты.
-Балалар, берілген суретті өздерің біріктіріп, жаңа сөз құраңдар. Қандай сөз құрадыңдар? (тасбақа). Демек, екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз. Күрделі сөз 4 түрлі жолмен жасалады:
Күрделі сөз:
Сөз тіркесі: асық жілік
Біріккен сөз: қараторғай
Қос сөз: жиырма-отыз
Қысқарған сөз: медколледж
-Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады? (күрделі сөз). Балалар осы тақырыпқа байланысты мақсат қояйық. Жаңа сабағымыздың тақырыбы ашылды, мақсатымызды айқындадық, осыған орай еліміздің 3-кереметімен таныс болыңдар. 3-кереметі, ол – «Медеу» мұз айдыны. Іле Алатауының бөктерінде 1691,2 м биіктікте орналасқан. 1972 жылы салынған спорт кешені. Медеудің ауа-райы, атмосфера қысымының төмендігі күшті желді күндердің аз болуы, т.б. табиғи жағдайы спорт пен шұғылдануға өте қолайлы. Келесі кезең «Іздеген жетер мұратқа». Оқулықпен жұмыс. 3-жаттығуды тақтаға жазып талдаймыз. Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. Берілген сөздердің кейбіреуіне сөйлем құраймыз. Ақсақал, айбалта, тасбақа, итмұрын, жас ұлан, сары май, әке-шеше, көзбе-көз, мая-мая. Ақсақал итмұрынның түбінен тасбақа тауып алды. -«Іздеген жетер мұратқа» кезеңін де артқа тастадық. Келесі Қазақстанның 4-кереметі Бурабай табиғаты. Бурабайдың табиғаты өте көркем, сұлу. Барлық елдерден келіп, біздің табиғатымызды тамашалап, демалып кетеді. Қазақстанның кішкентай Швейцариясы деп атайды. -Балалар, біз бағанадан бері тақтамен де, оқулықпен де, ауызша-жазбаша да жұмыс жасадық. Сендер шаршап қалдыңдар. Келесі кезең «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» деген ойынмен жалғастырамыз. Допты оқушыларға лақтыру арқылы сұрақтарға жауаптар аламын. І-топ. Күрделі сөз дегеніміз не? Біріккен сөзге мысал келтір. ІІ-топ. Күрделі сөз неше жолмен жасалады?Сөз тіркесіне мысал келтір. ІІІ-топ. Күрделі сөз қалай жасалады?Қос сөзге мысал келтір. Міне, балалар, 5-кереметке де келдік, «Байқоңыр» ғарыш айлағы. Тұңғыш жер серігі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Басқаралардың әуе кемелерімен ғарышкерлер космосқа ұшуын жалғастырып келеді. Келесі тапсырма «Ойлы болсаң, озып көр» поэзия минуты (шығармашылық тапсырма). Әр топтың топ басшылары берілген күрделі сөздерді қолдана отырып, өлең шумақтарын шығарады. Туған жер деп ән саламын, Бақытты боп жар саламын. Мектеп берген біліміммен, Ата-анама мақтанамын. .........................ән саламын, ......................жар саламын. ............................................., ........................мақтанамын. Осы кезде қалған оқушылар күрделі сөздердің түрлеріне мысал жазады. Жазып болғаннан кейін, жұптық жұмыс жасаймыз. (Бір-бірінің жұмысын тексеріп, бағалайды) Бұл кезеңде екі бірдей тапсырманын берілгеніне қарамастан, өте керемет орындап шықтыңдар, балалар. Сол үшін біз бірден Қазақстанның 6 және 7 кереметтерімен танысамыз. «Ақтаудағы атом реакторы» Каспий суын тұщы суға айналдыратын атом реакторы осы қалада. Соңғы 7-керемет «Астана» Есіл өзенінің сол жағалауына салынған Қазақстан Республикасының жаңа Астанасы. Топтың ұпайлары саналады.
ІХ. Сабақты қорыту
Бүгінгі сабақта не білдік? Не оқыдық?
Х. Бағалау. ХІ. Үй тапсырмасы. 5-жаттығу, 95-бет. |
Стикер
Қағазға жазылған сөздер
Слайд
Плакаттар
Слайд
Слайд
Суреттер
Суреттер
Плакат
Слайд
Дәптер
Слайд
Доп
Слайд
Слайд
Слайд
Плакат |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Қ. Сәтпаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: Күрделі сөз
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 «А»
Сынып жетекшісі: Жекебаева Айжан
Жаңатұрмыс ауылы
2018-2019 оқу жылы



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген