400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ: Күрделі шығармамен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Н.Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Махамбет» шығармасында кездесетін штрихтардың орындалуын үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылқоға ауданы Миялы балалар өнер мектебі







Ашық сабақ



Тақырыбы: Күрделі шығармамен жұмыс.

Н.Тілендиев импровизациялық күй – поэма

«Махамбет»





Домбыра және халық әні пәнінің мұғалімі:

Орынбай Гүлмайя Арысбайқызы


Оқушы:Гайдаров Медет Асхатұлы












Сабақтың  тақырыбы:  «Күрделі шығармамен жұмыс»


Шығармамен жұмыс. Н.Тілендиев «Махамбет»




Сабақтың мақсаты:1)Шығарманы талдау арқылы күйсандықпен бірге ойнағандағы ерекшеліктерін ажырата білу.

2)Логикалық ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге дағдыландыру,


Білімділігі:

Н.Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Мхамбет» шығармасында кездесетін штрихтардың орындалуын үйрету.


Дамытушылық:

Шығарманы талдау арқылы оқушының ой –өрісін ноталық сауатын, шығармашылық қабілетін дамыту.


Тәрбиелік:

Шығарманың авторымен таныстыру қазақ халқының музыка өнері арқылы, оқушының бойындағы туған еліне, жеріне деген сезімін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа сабақ.


Сабақтың  көрнекілігі: Домбыра аспабы, видео – аудио жазбалар, сөз жұмбақ, ой жұмбақ, күйсандық.


Техникалық құрал. Үнтаспа


Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Сергіту сәті

4.Жаңа сабақ

5.Бекіту

6.Қорытындылау

7.Үйге тапсырма

8.Бағалау.


І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Храматикалық гамманы ойнау.

2. «Шаттанамын» А.Жайымовтың күйін жатқа ойнау.

Актуалдау: Біз өткен сабағымызда Қазанғаптың өмірбаяны, шығармашылығымен таныс болдық. Қазанғаптың күйлерінің бірі «Шаттанамын» күйін ойнап үйрендік. Бұл күйдің шығу тарихын білесіңбе?

Сергіту сәті:

Музыкалық біліміңді шыңдап көптеген қызықты сұрақтардың жауабын еске түсіру үшін «сөз жұмбақ» шешіп көрейік.





М

у

з

ы

к

а









А

д

ы

р

н

а









А

Х

м

е

т













А

қ

қ

у










Ж

а

М

б

ы

л











А

Б

ы

л











И

н

Е















А

Т

а

Т

о

л

ғ

а

у

ы


















1.Белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі?

2.Қазақ халқының көп ішекті шертпелі көне саз аспабы. Аңыз деректеріне сүйенсек, бұл аспап көне түркілер мен қыпшақтар арасында кең таралған?

3 ....... Жұбанов?

4. Н.Тілендиевтің күйі?

5.Н.Тілендиев кай жерде дүниеге келген?

6. Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы, Маңғыстаулық күйші?

7.Білім – .... құдық қазғандай?

8.Жыр алыбы Жамбылға арнап шығарған күйі?




Міне сөз жұмбақты шеше отырып «Махамбет» шығармасын үйренеміз

Жаңа сабақ: Н.Тілендиев «Махамбет»

Күрделі шығарма деп – бірнеше бөлімнен тұратын шығарманы айтады.

Штрих деп – музыкалық аспаптарда дыбыс шығару тәсілін айтады. Штрих неміс тілінен аударғанда «сызықша» мағынасын білдіреді. Штрихтың бірнеше түрі болады.

1Пиццикато а)бас бармақпен төмен қарай орындау .

б) сұқ саусақпен төмен-жоғары орындау.

2.Тремоло әдісі

а)Дара ішектегі тремоло

б)Қос ішекті тремоло


Н.Тілендиев – Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі.Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді.Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961)Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) бас дирижер, көркемдік жетекші. 1964-68 жылдары Абай атындағы опера және балет театрының директоры. 1968-81 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді.Тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынан, «Достық жолымен» (1958)«Менің Қазақстаным» контатасын (1959)Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961)«Ата толғауы»оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962)«Халық қуанышы» (1963)«Қайрат» (1964)«Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның«Аққу»,«Аңсау»,«Арман»,«Ата толғауы»,«Әлқисса»,«Қорқыт туралы аңыз»,«Көш керуені»,Махамбет».

«Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған.





І бөлімінде екі төмен, екі жоғары қағысымен орындалса, ал, ІІ бөлімінде сұқ саусақтың пиццикато қағысымен орындалады. ІІI бөлімінде дара тремоло және екі ішектегі вариациялармен бастап қос ішектегі қағыспен ойнайды. IV бөлім, «соло» яғни жеке өзі ойнау, басты әуені орындаушыда болады, оны триоль әдісімен орындап(бір төмен екі жоғары) пиццикато қағысына жалғастырады. V бөлімін шырқау шыңы деп таймыз, мұнда біз күрделі қағыстардың барлығын қолдана отырып ең биік ноталарды жылдамдықты арттыра отырып ойнаймыз. Өлшемі 2/4, кейде ауыспалы ¾ кездеседі. Екпіні ауыспалы кейде жүрдек,кейде коңыржай тездете орындайтын жерлері де бар. Тақырыпқа сай динамикасын сақтай отырып орындалатын шығарма.





Shape2 Shape1

Штрих



Шығарманы талдау




Shape3

Махамбет




Shape5 Shape4

Ырғақ

Динамика

(нюанс)















Бекіту: 1.Күрделі шығармада дегеніміз не?

2.Штрихтің түрлерін ата?

3.«Махамбет» туралы не білдің?, не білгің келеді?

4. «Махамбет» шығармасының ерекшелігі неде?

5. Жаңа тақырыптан қандай жаңалық алдың?

5. Бүгінгі сабақ ұнады ма?



Қорытындылау: Бүгінгі шығармада кездесетін штрих қағыстарымен таныс болдық. «Штрих» түрлері арқылы шығарманы түрлендіріп ойнауға болатынын білдік. Н.Тілендиевтің өмірбаянымен таныс болдық. Оның «Махамбет» атты шығармасын аспапта ойнап, күйсандықпен қостап үйрендік. Әрқашан қазақ халқының музыка өнерін халқымыздың қасиетті жәдігер –жауһарын сақтау, ұрпаққа жеткізу міндетіміз.



Үй жұмысы: Н.Тілендиев «Махамбет» нотамен санап ойнау және әр түрлі  ырғақпен ойнау – оң қолдың білек  буынның  жылдам қозғалысын қалыптастыру.


Бағалау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
1129
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі