Ашық сабақ "Күрек"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Күрек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімі студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Күрек»

МКҚК«Бәйтерек» бөбекжайының екінші санатты тәрбиеші

Құбаева З.Л. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,

Подстепный ауылы

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту.Адамдардың қысқы еңбегі туралы айтып түсінік беру.

Еңбек құралдарымен таныстыру.Күрек туралы айтып,күректі бейнелету.Бастырып салу әдісі арқылы

қылқалам және субояумен жұмыстану іскерліктерін қалыптастыру.Бейнелеу өнеріне қызығушылығын

арттыру, көркемдік талғамын дамыту,шыдамдылыққа,ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын әрекеті.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: түсіндіру,тақырыпқа сай әңгімелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Қысқы еңбек көрінісінен суреттер,еңбек құралдарының суреттері,шағын

көрме,күректің макеті,ақ парақ,бастырма,субояқ,қылқалам және дымқыл шүберек,

Биллингвальді компонент: Қыс-зима,sammer,қар-снег, snow,күрек-лопата.

Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешенің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Себепті қызығушылығын ояту кезеңі


Шаттық шеңбері:

- Балалар бәріміз шеңберге тұрып,шаттық шеңберін жасайық.

Армысың шұғылалы Алтын күн!

Армысың мейірімді Жер-Ана!

Сәлемәтсіздер ме, балалар,

Тату доспыз бәріміз.

-Жарайсыңдар балалар,өте жақсы орындадыңдар.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде күн қандай болады?

-Қардың түсі қандай болады?

-Балалар тақтада ілулі тұрған суреттерге назар аударайық,

суретте қысқы еңбек түрлерін бейнелеген екен.Қыста жерге

қар қалың болып түседі.Үлкендер қар басқан аулаларды,

ойын алаңын қардан тазартады. Ауыл көшелерінің ,қала

көшелерінің қарын машина, тракторлармен тазалайды.

Қыста күн салқын болғандықтан адамдар үйлерін жылыту

үшін орманға барып ағаш кесіп отын әзірлейді.

Балалар , осы жұмыстарды жасау үшін үлкендерге құралдар

қажет екен.Олай болса мен сендерді еңбек құралдарымен

жақсырақ танысуымыз үшін шеберханаға саяхатқа апарайын.

-Балалар,мынау біздің шеберханамыз бұнда еңбек құралдары

болады.Олардың түрлері көп.

-Ал енді балалар,мынау не кім біледі?

-Арамен не істейміз?

-Ал мынау не?

-Балғамен не істейміз?

-Ал мынау не?

-Күрекпен не істейміз?

л мынау не?

-Тырмамен не істейміз?

-Балалар осы көріп тұрған құралдарды еңбек құралдары

дейді.Еңбек құралдары ағаштан, темірден жасалады екен.

-Сендердің үйлеріңде осындай құралдар бар ма?

Биллингвальді компонент:Балалар, жаңа сөзді бірге

қайталайықшы. Қыс-зима,sammer. Қар-снег,snow.

Күрек- лопата,

Балалар тәрбиешімен бірге

қимылмен жасайды.

Армысың шұғылалы Алтын

күн!

Армысың мейірімді Жер-

Ана!

Сәлемәтсіздер ме, балалар,

Тату доспыз бәріміз.

-Қыс

-Қыста күн салқын,

аязды,боранды болады.

-Ақ болады.


Балалар тақтадағы суреттер

туралы айтып береді.



Балалар еңбек құралдарын

көріп танысыды.






-Ара.

-Арамен ағаш кесеміз.

-Балға.

-Балғамен шеге қағамыз.

-Күрек.

-Қар күрейміз, жер қазамыз.

-Тырма.

-Тырмамен жерді

тырмалаймыз.

-Иә,бар.

Сөздердің аудармасын

қайталайды.


Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі













































Таңғажайып сәт:

-Балалар, тыңдаңдаршы біреу есік қағатын сияқты, кім

болды екен.Осы кезде топқа атай келеді.

-Сәлеметсіз бе ата!

-Сәлеметсіңдер ме балалар.

-Ата,сіз неге көңілсізсіз?

*Ой, қарақтарым-ай, ауылда тұрғандан кезімде қар күрейтін

күректерім көп болатын .Ал қазір қалаға көшіп келгелі

сол күректерімді таба алмай қалдым.Үйімнің айналасын,

ауламның ішін қар басып қалды,күрейін десем күрегімді

таппадым.Көктем болса жақындап қалды,күн жылынып

қар еритін болса үйімнің бәрі суға кететін болды.

-Ата,сіз ренжімеңіз.Бүгін біздің балалар сізге көмектеседі,

көңіліңізді көтереміз.

-Балалар,біз атамызға күректің суретін салып береміз бе?

-Балалар,бастырма әдісі бойынша күректің суретін саламыз.

-Ол үшін сендерге бастыру жолдарын түсіндіріп

көрсетемін.Бастырманы ақ парақ үстіне қойып орналас-

тырып ,сол қолымызбен шетінен ұстаймыз. Қылқаламды

оң қолға үш саусақтың көмегімен ұстап, бояуға ұшын

ғана батырып,бастырманың үстінен әдемілеп бояймыз.

(Балалар жұмысқа кіріседі)

Сергіту сәті:

Ұсталардай тарсылдатып.

Шегені де қағамыз.

Әшекейлеп, әдемілеп.

Суретті де саламыз.

-Балалардың салған суреттерін мадақтау,шеңберге тұрғызу.

-Балалар , салған суреттерімізді атайға берейік .

-Мен сендерге ризамын ,күректің суретін әдемі етіп

салдыңдар,үйімнің айналасын қардан тазалайтын болдым.

Мен сендермен қоштасайын.Сау болыңдар балалар.

Ойын: «Қар жинау»

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа , ептілікке,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Шарты:Қарды жерге шашып тастайды,ал балалар қарды

тез,шапшаң жинаулары керек.Қарды көп жинаған бала

жеңімпаз атанады.


Балалар берілген дыбысқа

көңіл аударып,таңырқай

қарайды.











Ия


Балалар тәрбиешінің

көрсетуі бойынша

жұмысқа кіріседі.





Балалар қылқаламды

қойып,сергіту сәтін

жасайды.






Сау болыңыз ата.

Балалар ойынды қызыға

ойнайды.


Іс-әрекеттің бағалау кезеңі



















-Балалар бүгінгі оқу қызметі ұнадыма?

-Біздер немен таныстық?

-Бүгін бізге қонаққа кім келді?

-Балалар атайға ненің суретін салып бердік?




-Ия ұнады.

- Еңбек құралдарымен.

- Атай келді.

-Күректің суретін.




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Еңбек құралдарын ажырата алады.

Қандай түсініктерді меңгерді : Ұқыпты әрі таза жұмыс істеуге дағдыланды..

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Бастырмамен жұмыс жасай алады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
2377
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі