400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Күш"

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні мұғалімдеріне арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №72 жалпы орта мектеп


Күні: 21.11.17ж - 23.11.17ж - 24.11.17ж Мұғалімнің аты – жөні: Ахметова К


Сынып: 7е, 7з, 7ж, 7и , 7д

Сабақтың тақырыбы:

Күш


Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.2. Күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаты:

  • 1.Барлық оқушылар үшін: Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шаманың мағынасын білу (күштің қандай әріппен белгіленетінін, ХБЖ – дегі өлшем бірлігін, тек сан мәнімен ғана емес, бағытымен де сипатталатынын білу)


  • 2.Оқушылардың басым бөлігі үшін: Денелердің бір – біріне әрекет етуіне мысалдар келтіру( осы жағдайдағы күштің сан мәнінің аз немесе көп болуының қандай шамаларға байланысты болатындығын білу)


  • 3. Кейбір оқушылар үшін: Қоршаған ортадағы денелердің қозғалысын бақылай келе, қозғалыстың себебін түсіндіру (күштің дененің қандай нүктесіне түсірілуін білудің маңыздылығын түсіну)


Бағалау критерийі:

1.Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шаманың мағынасын біледі;

2.Денелердің бір – бірімен әрекет етуіне мысалдар келтіреді;

3.Күштің физикалық мағынасын түсінеді;

4.Күштің ХБЖ - дегі өлшем бірлігін, одан басқа да үлкен бірліктерін біледі;

5.Күш шамасының сан мәнімен қоса, бағытымен де сипатталатынын біледі;

6.Денеге әрекет ететін күштің модулін анықтап, бағытын кескіндей алады

Тілдік мақсаттар:

1.Терминдер: Күш, Ньютон, масса, килоньютон,меганьютон

2.Терминология:

Қазақ тілінде

күш

Ньютон

масса

Орыс тілінде

сила

Ньютон

масса

Ағылшын тілінде

force

Newton

mass

Бір дененің екінші денеге әрекеті оның ... ... сипатталады.


Құндылықтарға баулу:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім, еңбек өнімділігін арттыру - күш пен жұмыс

Пәнаралық байланыс:

Математика , технология, әдебиет, тарих, дене тәрбиесі

Алдыңғы білім:

Жаратылыстану, математика (бағыты бар сызық)


Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар




Сабақтың басы









(ойлау, саралау,

салыстыру,

тыңдалым дағдыларын қалыптастыру)







(тыңдалым,

ойлау, жазылым, ұстамдылық, шапшаңдық дағдыларын қалыптастыру)


I Ұйымдастыру:

III Үй жұмысын пысықтау:

Бағалау критерийлері:

1. «Тығыздық» физикалық шамасының мағынасын біледі;

2.Тығыздықты көлем және масса шамаларымен байланыстыра алады;

3. Формулаларды пайдаланып және түрлендіріп, есептер шығара алады;

1. «Қате жауап» әдісі (оқушыларға қате жауапты тұжырымдар ұсынылады, қатені тапқан оқушы дұрыс тұжырымды айтады)

А) Мыстың тығыздығы 8900кг/м3. Бұл 1кг мыстың массасы 8900м3 дегенді білдіреді.

Ә) Ауаны жабық цилиндрде сығады:

- Ауаның массасы өзгереді.

- Поршень астындағы ауаның тығыздығы өзгереді.

- Поршень астындағы ауаның көлемі өзгермейді

Б) Массалары бірдей екі қасықтың (болат және алюминий) өлшемдері бірдей

2. «Бұрыштар» тәсілі: Мұғалім оқушыларға есептер ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көз қарастарын дәлелдейді.

1 – тапсырма: Цистернаның сыйымдылығы 60м3. Оған массасы қандай бензинді құюға болады?

2 – тапсырма:

Массасы 3,9кг, көлемі 500см3 тетік қандай металдан жасалған?

3 – тапсырма:

Көлемі 1500м3 аэростатты толтырушы сутегінің массасын анықтаңдар.

4 – тапсырма:

Балық аулайтын кеме өзімен 120т мұнай алып кетеді.Цистернаның сыйымдылығы қандай?

Дескриптор :

1. «Тығыздық» физикалық шамасының мағынасын білді;

2.Тығыздықты көлем және масса шамаларымен байланыстыра алды;

3. Формулаларды пайдаланып және түрлендіріп, есептер шығара алды;


  • 7 – сынып оқулығы ;

  • Физика және астрономия есептер мен жаттығуларының жинағы ( 7 сынып)





Сабақтың ортасы
















































Ой бөлісу

Біз, күнделікті өмірде бір дененің екінші денеге әрекет ететінін көп кездестіреміз. Мысалы, қолдың допқа,желдің ағаш бұтағына, баланың әткеншекке,магниттің темірге,т.б.

Қалай ойлайсыңдар, балалар

  • Бұл әрекеттер қалай жүзеге асады?

  • Олар ненің әсерінен болады?

  • Суретте қандай денелер бір – бірімен өзара әрекеттесіп жатыр?

  • Күш туралы қандай аталы сөздер, мақал – мәтелдер білесіңдер?

  • Суреттегі күштер қалай қарай бағытталған?

  • Арбашаларды итеруге бірдей күштер жүмсала ма?

  • Күш пен дененің қозғалыс бағытының арасында байланыс бар ма?





1– тапсырма Физикалық диктант «Ақпарат жинау» жаттығуы

1. Күш – сандық мәнімен және ... сипатталатын шама болып табылады

2. СИ жүйесінде күш бірлігіне .... алынған

3. Күш дегеніміз ... ... ... ... ...

4. Күш ... әрпімен белгіленеді

5. Күш бағыты ... ... ... кескінделеді

6. Күштің СИ жүйесіндегі бірлігінен үлкен ... және ... сияқты бірліктері бар

Бағалау: БББ

Дескрипторлар :

- Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шаманың мағынасын білді;

- Денелердің бір – бірімен әрекет етуіне мысалдар келтірді;

- Күштің физикалық мағынасын түсінді;

- Күштің ХБЖ - дегі өлшем бірлігін, одан басқа да үлкен бірліктерін білді;

- Күш шамасының сан мәнімен қоса, бағытымен де сипатталатынын білді;

- Денеге әрекет ететін күштің модулін анықтап,бағытын кескіндей алды;



Сабақтың соңы



( танымдық, оқылым, зерделеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру)


















Салыстыру мен салғастыруға арналған графиктік органайзер әдісі бойынша «Венн диаграммасы»



Рефлексия: «Табыс ағашы»

Оқушылар себеттегі алма, гүл және жапырақ түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:

  • Алма – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

  • Гүл – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

  • Жапырақ – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.








Оқулықтағы §25 қайталау

7-жаттығу. Өзін -өзі тексеру сұрақтары

Р. Башарұлы Физика және астрономия 7-сынып. Алматы «Атамұра» 2012 жыл. 108 -110 беттер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).

Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия Cабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Тексерілді

Оқу ісі меңгерушісі: А.Усенова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
683
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі