400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Күш" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша құрастрылған қысқа мерзімді сабақ жоспары. 7 сынып физика пәні. Мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ ысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Күш

Мектеп: «Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп» КММ

Күні: 29.11.17ж

Мұғалімнің есімі: Ерсаинова Б.Т.


СЫНЫП: 7 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

7.2.2.2 – күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Денелердің өзара әрекеттесуінің өлшемі болатын шама күш екенін түсінеді, күш шамасының таңбасын, ХБЖ-дағы өлшем бірлігін біледі. Күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіре алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Тұрмыста және техникада күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіре отырып, тәжірибеде көрсете алады.

Кейбір оқушылар:

Күш әсерлерінің әр түрлі факторларға тәуелділігін талдай алады.(бағытына, қандай нүктеге түсірілетіндігіне, жылдамдықтың өзгеруіне) Теориялық білімдерін қолдана отырып, өз тұжырымдарын дәлелдей біледі.

Бағалау критерийі

  • Күш ұғымының физикалық мағынсын түсінеді.

  • Күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіре алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Не істей алады?

Салыстырады, себебін түсіндіреді, дәлелдейді.

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):

Масса, жылдамдық, күш, Исаак Ньютон

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Біріксең алмайтын қамал жоқ», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Сіз неліктен күштердің әрекеті дененің масса мен жылдамдығы ұғымдарымен тікелей байланысты деп ойлайсыз?


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

Инерция құбылысы

Сабақ барысы

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 минут













7 мин


Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Шаттық шеңбері»

Кіші топтарда әр топтан 3 оқушыдан тілек тілейді - 3 минут

Топқа бөлу 2 минут

Түрлі түсті карточка түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Топ ережесін еске түсіру:

  1. Бірін-бірі тыңдау

  2. Белсенді болу

  3. Тәртіпті болу

  4. Ынтымақтаса жұмыс жасау

  5. Уақытқа бағыну

  6. Әділ бағалау


Үй тапсырмасын тексеру:

1.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Жол

Путь

Way

Жылдамдық

Скорость

Velositas

Көлем

Объем

Volume

Масса

Масса

Mass

Уақыт

Время

Time

Ұзындық

Длина

Length

Шама

Величина

Amount

2. Физикалық шамаларды өлшем бірліктерімен сәйкестендіреді.

3. Инерция тақырыбына берілген сұрақтарға «дұрыс – бұрыс» жауаптарын береді.

1-топ

2-топ

3-топ



Презентация











Карточкалар







А-3, маркер


Презентация

Ортасы

20 минут

Миға шабуыл

«Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады».

«Көптің күші – бірлікте». Мақал-мәтелдерді сабақпен байланыстырып жаңа сабақ тақырыбын анықтайды.


Білу және түсіну 10 минут

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі








Жеке-жеке тақырыпты оқиды, жұпта талқылайды, әр топта топтық тапсырма орындайды. Постер құрады.

1-топ: «Күш – физикалық шама»

2-топ: «Күш – векторлық шама»

3-топ: «Күш – өлшем бірлігі»








Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.


Әртүрлі денеге әртүрлі күш түсіреміз.

Демек, күштің сан мән көп те, аз да болуы мүмкін.

Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады.







Күшті Ғ әрпімен белгілейміз.


SІ жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. 1Н – тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі – килоньютон (кН) да қолданылады. 1кН = 1000 Н.




шағын бейнеролик көрсету.


Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі


Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушыларға тақырып аясында отырған орындығының арқасына стикерге жазылған сұрақтар жапсырылады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді


Күш дегеніміз не?

Күш немен сипатталады?

Күштің өлшем бірлігі қандай?

Күш бірлігі кімнің құрметіне ие болған?

Түсірілген күштің шамасы белгілі бір шектен асқанда не болады?

Қандай күш 1Н-ға тең?

Күш дененің қозғалыс сипатына қалай әрекет етеді?

Күш бірлігі ретінде не қабылданған?

«Күш» ұғымына Ньютон қандай анықтама берді?

Ньютон бірлігіне еселенетін бірліктер.









«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

арқылы түсіндіріледі.














































Bilimland.kz ақпараттық медиа порталы



«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»


би билеу

«Қыдырып қайтайық!» биі


Аяқталуы

5 минут


























Бағалау 1 мин

Үйге тапсырма 1мин

Кері байланыс

Синтез

Физикалық диктант

  1. Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын _________________ болып табылады.

  2. SІ жүйесінде күш бірлігіне _________________ алынған.

  3. Физикалық негізі мақсаты табиғатта болып жатырған _________________ зерттейді.

  4. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрген, ондай қозғалыс _________________ қозғалыс деп аталады.

  5. Пішіні мен көлемін сақтау _________________ денеге тән қасиет.

  6. Дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама ________ деп аталады.

«Кім шапшаң?» сайысы.

Есептер шығару.

1 – есеп: Көлемі 0,012 м3 ыдыс сумен толтырылған. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. ыдыстағы судың массасы қандай?

2 – есеп: Ыдыста массасы 200 гр су бар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. Ыдыстың көлемін анықта.

3 – есеп: Массасы 2 кг, ал көлемі 100 см3 металдың тығыздығы қандай?

4 – есеп: Көлемі 0,1 м3 ыдыста сүт бар. Сүттің массасын тап. Сүттің тығыздығы 1030 кг/м3.


Өзін-өзі бағалау. «Баға баспалдағы» әдісі.

«Күш – бізідң өмірімізде» шағын эссе жазып келу



«Білім қоржыны»

Рисунок 1

Оқушылар карточкадағы тапсырмамен жұмыс жасайды




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
2087
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі