15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Күш атасы. Ә. Қоңыратбаев. «Балуан» 3 сынып
Тексерілді: Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Атақты тұлғалар
Күні: 01.03.2019 Сынып: 3 «В» сынып |
Мектеп: Абай атындағы ЖОББ мектеп-лицейі Мұғалімнің аты-жөні: Адильбекова Д.К.
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Күш атасы. Ә. Қоңыратбаев. «Балуан» |
|||||||||||||
Оқу мақсаттары |
3.1.2.1 – шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау. |
|||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын өз сөзімен айтады, сюжеттің дамуын болжайды; Көптеген оқушылар: шығарманы құрастырған жоспар бойынша өз сөзімен толық мазмұндайды, кейіпкердің іс – әрекетіне, мінез –құлқына сүйеніп оқиғаның дамуын болжайды; Кейбір оқушылар: мәтін бойынша жоспар құрастырады, жоспар бойынша әңгімелейді, кейіпкердің іс –әрекетіне, мінез –құлқына сүйене отырып сюжеттің дамуын болжайды, қорытынды жасайды, өз ойын дәлелдейді |
|||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||
Тірек сөздер |
Оқушылар: Мәтінді түсініп оқиды. Оқығаны бойынша өз сөзімен мазмұндайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Жиырма төрт ел, Поддубный, Қажымұқан, Қытай елі, жапондар, Сар-Кенен, Ресей, сипаттау Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Қажымұқан батыр, себебі ... |
|||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Спортқа қызығушылық. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Ел-жер атауларын тани алуы барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрастыру барысында қазақ тілі пәнімен байлыныс пайда болды. |
|||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары, ресурстар |
Интербелсенді тақта. Слайдтар. Сюжетті суреттер. Бейне жазба. Таратпа қағаздар |
|||||||||||||
Алдыңғы білімді игерулері |
А. Жұбанов. «Құрманғазы» |
|||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы
|
«Иә, жоқ» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау 1. Құрманғазы тартқан күй «Серпер» (иә) 2. Қазақтың ұлттық аспабы – домбыра (иә) 3. Күй атасы – Ахмет Жұбанов (жоқ) 4. Ахмет Жұбанов – суретші (жоқ) 5. Күй тарту – қазақ халқының ұлттық өнері (иә) Кері байланыс «Өте жақсы», «Жақсы» 1-тапсырма (МК, Ұ) «Ой шақыру» әдісін қолдана отырып «Қазақша күрес» сөзінің мағынасын ашатын сөздерді атайды. Үлгі: ұлттық спорт түрі, жекпе-жекке шығады, қолмен белдіктен, күрте жағасынан ұстайды, жеңінен ұстап шалады, жұлқиды, кеудеден асыра лақтырады. Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
? Қазақстандағы балуандар есімін білесіңдер ме?
Қосымша мәлімет: Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) –Әлем чемпионы. 6 мамыр 1951 жыл Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысы — грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Дәулет Болатұлы Тұрлыханов - КСРО-ның жеті дүркін чемпионы (18 қараша, 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылында туған) — грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы кеңес одағының палуаны. КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Жарма ауданының Құрметті азаматы. Оқушылар мәлімет беріледі. Бүгінгі күннің тақырыбын болжайды. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру. Айбек Нұғымаров (3-маусым, 1987 ж.) - Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы (2008 ж., 2010 ж.), қазақ күресінен Азия чемпионы (2008 ж.), қазақ күресінен әлем кубыгінің иегері (2011 ж.), қазақ күресі чемпионаттарының жеңімпазы, Самбодан Қазақстан Республикасының жеңімпазы (2012 ж.). Қазақстан Республикасының Президент күніне орай өткен жарыстың жеңімпазы. Осы жарыста "Қазакстан Барысы" атағын алды (2013 ж.) Бапкері - Серік Қоржыкенов. Мақсаты: Спорттың биік шыңдарын бағындыру. Кері байланыс |
Қима сөздер, интербелсенді тақта, қосымша 1 Слайдтар
Мақал-мәтелдер
|
||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Жаңаны ашу. - Ендеше, біздің бүгінгі Әуелбек Қоңыратбаевтың естелігі «Балуан» мәтінімен танысамыз.
«Естелік» дегеніміз не? Автормен танысу айдары. «Пікірлер ағашы» Әуелбек Қоңыратбаев – 1905-1986 Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. Ғалым, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы. «Фараби және Абай» еңбегін жазған. Сабақ тақырыбы мен сабақ мақсатымен таныстырылады. (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
құрастырған жоспары бойынша әңгімелейді. 2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқы. Бейнежазба көру. (Сен білесің бе?) Дәптермен жұмыс: Бейхабар – хабарсыз Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Қосымша: Қажымұқан Мұңайтпасұлы (7 сәуір 1871 ж. Ақмола облысы Қараөткел ауылы – 12 тамыз 1948 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы) – қазақтың атақты палуаны және цирк әртісі. Кәсіпқойлар арасындағы классикалық күрес бойынша әлем чемпионаттарында бірнеше дүркін (1908, 1909, 1911, 1913 және 1914 жылдары) жеңіске жетті. Француз күресі бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған ең алғашқы қазақ; классикалық күрес бойынша ауыр салмақ палуандары арасында әлемдік, ресейлік, аймақтық, одан кейін одақтық чемпионаттарда бірнеше рет жеңіске жеткен. Қажымұқанды «Қара Иван» деп те атаған, ал 1912 жылы қажылыққа барып келгеннен кейін, ол өз атына «қажы» атауды қосып алып, осы атпен бүкіл әлемге танымал болды. 3-тапсырма. Мәтінге, бейнежазбаға сүйеніп, Қажымұқанды сипаттайды. Үлгі: 24 елді аралаған, 48 медалі бар, балуан, қара күш иесі, намысшыл т.б. Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға, кейіпкердің іс-әрекетіне болжау жасауға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейіпкерді сипаттауда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды «Кубизм» әдісі арқылы мәтінге сүйене отырып мәнінге байланысты ашық және жабық сұрақтарға жауап береді. Үлгі: 1? Естелік дегеніміз не? 2? «Балуан» естелігін кім жазып отыр? 3? Қажымұқан қандай жарақат алды? 4? Қажымұқан неліктен жарақаттанып қалды? 5? Ресейлік балуан кім? 6? Қажымұқан неліктен жеңіске жетті? Саралау: сұрақтар бойынша саралау жүргізіледі. Сұрақтар топтағы оқушыларға ұсынылады. Оқушылар бірге жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді. Кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін-бірі бағдаршам арқылы бағалайды.
Сергіту сәті. «Жұбыңды тап»
4 - тапсырма (МК, ЖЖ) «4 сөйлем» тәсілі арқылы мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасайды. («Шың» орнына кестені қолданасыз) Үлгі:
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады. (Б) «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады. Қорытынды: «Балуан» сөзжұмбақ шешу |
интербелсенді тақта, Сюжетті суреттер
Қоңыратбаев суреті, пікірлер ағашы
Бейне жазба
Оқулық
Кубиктер
Тарапта кесте
|
||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия: «Есімде қалған 3 сәт» әдісі Оқушылар тақырып бойынша естерінде қалған сәттердің үшеуін жазады.
|
таратпа |
||||||||||||
Саралау
|
Бағалау |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген