400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне арналады. сабақта топтық, жұптық жұмыс түрлері қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 4 «Ә»

Мерзімі: 21. 12. 2015 ж

Тақырыбы: Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер


Мақсаты

Қос сөздің жаңа түрімен таныстыру

Міндеті

Оқушылардың өз бетімен тапсырманы меңгеруіне ықпал жасау, жаттығулар орындату.

Күтілетін нәтижесі

Қос сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыра алады, өз пікірін дәлелдей біледі

Қолданылған модульдер

СТОҮ: жаттығуларды сыни тұрғыдан талдау,Оқыту мен ОЖТ: ОБ және көшбасшылық, Диалогтық оқыту.


Кезең


Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Ресурстар,

Құралдар,

көрнекіліктер

Кіріспе

5 минут

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

  • Әрбір адам?

  • Әрбір сабақ?

  • Әрбір ісің?

  • Әрбір сөзің?

Оқушыларды қиындылар арқылы топқа бөлу. Әр топтан топбасшы сайланып, топтарына ат қояды.

Оқушылар топпен жауап береді.

- Досым, сыныптасым

- Үйрену, оқу, іздену

- Тірлік, тірек, адамдық

- Шындық, бірлік, адалдық.

Қиындылармен бөлінген топтар өз топтарын қорғайды.

Дәптерлері, стикерлер, А4 форматы

Таныстырылым

  1. минут

Өткен сабақты қорытындылау.

4-жаттығуды тексеру. Көп нүктенің орнына тиісті қос сөздерді қойып, көшіріп жазу. (оқу, түсіндіру)

Кестемен жұмыс

Қос сөздер

Қосарлама қос сөздер

(бір түбірдің екі рет қайталануы арқылы)

Қайталама қос сөздер

(екі түрлі түбірден қосарланып жасалған)

Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер

(түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылу арқылы)

түрлі-түрлі

шөре-шөре


киім-кешек

жауын-шашын

жап-жасыл үп-үлкен




Оқушылар әр топтан бір оқушыдан үй тапсырмасын оқып, түсіндіреді.




Оқушылар кестемен жұмыс жасайды.

Ережемен танысады.

Оқулық



3 минут

Оқушыларға түстер тарқату

Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2

Оқушылар қолдарына берілген түстерге күшейткіш буын қосады.

Жап-жасыл, сап-сары, қып-қызыл, қап-қара, аппақ,

қоп-қоңыр, жап-жасыл, көкпеңбек, сап-сары, қып-қызыл.

Сызбалар, стикер, фишкалар

Негізгі бөлім

6 минут

1-жаттығуды жеке орындату.

Мәтінді оқытып, көшіріп жазғызу. Қос сөздерді тапқызу.


Оқушылар 1-жаттығуды жеке жұмыс ретінде орындайды.

Өзі нәп-нәзік. Өзінің қияңқылығы да жоқ, моп-момақан, жұп-жуас. «Шеп-шеп» десең болды, қасыңа қанатын қағып жүгіріп келеді.


А4 форматы.

4 минут

«Қос сөз жаса, тез жаса» ойыны (топтық жұмыс)

Берілген сөздерге күшейткіш буын қосып, қос сөз жасау.

І топ ІІ топ

терең таза

суық алыс

жаңа оңай

семіз қалың

әдемі толық

Балалар топтаса отырып, берілген сөздерге күшейткіш буын қосып , қос сөз жасайды.


6минут

2–жаттығуда өлеңді жатқа жазғызу. Қос сөздердің күшейткіш буынын тауып, астын сызғызу.


Оқушылар өлеңді жатқа жазып, қос сөздердің күшейткіш буынын тауып астын сызады.

Алматы қаласы

Жап-жасыл ағашы,

Қып-қызыл алмасы,

Ақ басты тауы бар –

Алматы қаласы.

Дәптерлері, оқулық




5 минут

3-жаттығу. Оқушыларға санау арқылы тапсырмаларды бөліп беру. Қарамен жазылған сөздерге күшейткіш буын қосып, сөйлемдерді көшіріп жазғызу. (жұппен жұмыс)

  1. Біздің үйде егіз лақ болды. Екеуінің де жүні жылтыр, әдемі болатын.

  2. Көлдің таза, тұнық суы күнге шағылысып, айнадай жалтырайды.

  3. Сылдырап аққан бұлақтың жағасында жуан жалғыз ағаш өсіп тұр.

  4. Күн ашық болғанымен, ызғар бетті қарып барады.

  5. Түзу көше бойымен асықпай жүріп келеді.

3-жаттығуда әр жұп өздеріне бөлінген сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерге күшейткіш буын қосып, сөйлемдерді көшіріп жазады.

  1. Біздің үйде егіз лақ болды. Екеуінің де жүні жып-жылтыр, әп-әдемі болатын.

  2. Көлдің тап-таза, тұп-тұнық суы күнге шағылысып, айнадай жалтырайды.

  3. Сылдырап аққан бұлақтың жағасында жұп-жуан жалғыз ағаш өсіп тұр.

  4. Күн ап-ашық болғанымен, ызғар бетті қарып барады.

  5. Түп-түзу көше бойымен асықпай жүріп келеді.



3 минут

«Қайратқа көмек» ойыны

Қайратқа шашылып жатқан қос сөздерді жасалуына қарай үш қалташаға бөліп салуға көмектес.




Оқушылар жеке орындайды.


2-минут

Бағалау

ФShape12 ишкаларын санау арқылы бағалау

  • -Shape13 20-25 балл

  • -Shape14 15-19 балл

  • -10-14 балл

фишкалар

Қорытынды бөлім

5 минут

Кері байланыс жасау

  1. Сабақ қалай өтті?

  2. Сендерге ұнады ма?

  3. Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

  4. Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер жайлы түсінбеген сұрақтар болды ма?

Балаларға стикерлер беріп, жауаптарын жаздырып, сенім ағашына ілулерін тапсыру.

Үйге тапсырма



Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, сенім ағашына іледі.




Ережелерді қайталау. 4-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, қос сөздерді тауып, тыныс белгісін қою.

Сенім ағашы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1148
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі