400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Күз.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Күз мезгілі

Сабақтың мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін қалыптастыру

  1. Білімділік мақсаты: Күзгі табиғат ерекшеліктерін көре білуге үйрету

  2. Дамытушылық: Тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету

  3. Тәрбиелік:Табиғат сұлулығын бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: Тіл дамыту ,бейнелеу.

Сабақтың көрекілік: Күз мезгілі суреттер, көкөністермен жемістердің суреті,күзгі еңбек.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру,дитатикалық ойын: «Кім шапшаң?»

ІІІ. Негізгі бөлім


Ел егінін орады

Қырманға дән толады

Бұл қай кезде болады?

(Күз мезгілі)

Күз туралы кім тақпақ айтады?

Неше жыл мезгілі бар?

Жаз,қыс,күз,көктем.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қазір жылдың күз мезгілі.

Күз мезгілінде неше ай бар?

Күз мезгілінде үш ай бар:қыркүйек,қазан,қараша

Қазір күз мезгілінің қай айы?

Қазан айы

Балалар мына суретке қарайықшы?

Бұл суретте қай мезгілі бейнеленген?

Ия, дұрыс айтасындар бұл күз мезгілі екен.

Күз мезгілі екенін қайдан білдіндер?

Себебі,күз мезгілінде күн суытып,салқындайды.Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.Көкөністер мен жемістер піседі.Қырман мол астрыққа толады,құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді?

Себебі,олардың қорегі жоқ.

Күзде ауа райы қалай өзгереді? Күз мезгілінде күн салқындайды,жиі-жиі жаңбыр жауады,жел соғады.

«Күз байлықтары» дегенді қалай түсінесіндер?

Күз байлықтары дегеніміз күзде барлық көкөністермен жемістер піседі.

Көкөністерге нелер жатады?

Сәбіз,пияз,картоп,қызанақ,қияр,орамжапырақ.

Жемістерге нелер жатады?

Алма,алмұрт,жүзім,шие,ананас,банан.

Жемістер мен көкөністер қайда өседі? Бау-бақшада өседі.

Сонымен бірге күз мезгілінде дәнді – дақылдарда піседі.

Дәнді-дақылдарды атау?Күріш,жүгері,бидай.

Дәнді-дақылдар қайда өседі ?

Егіс даласында өседі.

Балалар бидайдан не шығады?Нан шығады.

Нан туралы тыйым сөздер білесіңдер ме?

  1. Наннан аттама

  2. Нанды лақтырма.

  3. Нанды теріс қойма.

  4. Нанды бір қолмен үзбе.


Балалар,неге қараша айын қоңыр күз дейміз?

Себебі,жаңбыр жиі жауады,ауа райы салқындайды,шөптер,гүлдер солып,жер қараяды.

Күзде науқымды жұмыс басталады.Күзде астық ору, оны бастыру жұмыстары аяқталады.Астық тасылып,комбаға құйылады.Жеміс беретін ағаштар мен бұталар отырғызылады.Көкөністер жиналып,одан қысқа керекті түрлі тағамдар дайындалады.

Сергіту сәті: Өзімізді ағаш деп елестетейік.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай бұталар

Үп-үлкен болып өседі

Балалар жұмбақ шешейік.

  1. Көкала костюм киеді

Бойын жерге жасырған

(Қарбыз)

  1. Күннің көзін сүйеді

Бұрымы бар жасылдан

(Сәбіз)

  1. Асықпай піскен

Қайнамай түскен.

(Жеміс)

  1. Жазда тұрып жоғары

Күзде жерге қонады.

(Жапырақ)


Дәптермен жұмыс: Тапсырмалар:

1 қатарға көкөністің суретін салу.

2 қатарға жемістің суретін салу

3 қатарға сарғайған жапырақтың суретін салу

Жақсы балалар ойын ойнағыларың келе ме?

Ендеше ойын ойнайық.Ойынның аты: « Дәміне қарай ажырат»

Сабақты қорыту: Ал балалар,бүгінгі сабағымызда біз не туралы

әңгімелестік?

Күзгі байлық дегеніміз не?

Күзгі еңбекті атаңдар?

Қандай тапсырмалар орындадық?

Жарайсыңдар балалар бүгінгі сабаққа барлығыңыз жақсы қатыстыңдар.




Өсімдік түрлерін ата?

Өсімдік қайда өседі?


Өсімдікке не қажет?


Өсімдік қалай көбейеді?


Өсімдік мүшелерін ата?


Тірі табиғатты ата?


Өлі табиғатты ата?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
793
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі