400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды күз мезгілі келуінен табиғатта болатын өзгерістер туралы түсініктерін ұлғайту.Танымдық қабілеттерін арттыру.Балалардың тілін дамыту ауызша әріптерді айтуға және дыбысқа бөлуге дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыратуға 1-10-ға дейінгі сандарды үш тілде айту,ауызша есептеп қосып алу,түстерді ажыратып білу.Күз мезгілінің суретін ұжыммен бірлесіп салу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы:Шығармашылық Коммунизация.

Бөлімі:Сауат ашу негіздері сурет

Тақырыбы:Күз.

Мақсаты:Балаларды күз мезгілі келуінен табиғатта болатын өзгерістер туралы түсініктерін ұлғайту.Танымдық қабілеттерін арттыру.Балалардың тілін дамыту ауызша әріптерді айтуға және дыбысқа бөлуге дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыратуға 1-10-ға дейінгі сандарды үш тілде айту,ауызша есептеп қосып алу,түстерді ажыратып білу.Күз мезгілінің суретін ұжыммен бірлесіп салу.

Көрнекілік:түрлі-түсті шарлар.

Жыл мезгілі,Апта күндері,Айлар 1-10-ға дейінгі сандар.Күз мезгілінің бейнесі алмалар,құстар АТПН әріптері және суреттер.

Тәрбиеші:

-Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті,қане амандасайық!

Біз әдетте боламыз.

Алдыменен қонақпен

Амандасып аламыз.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой,

Ал қанекей бәріміз

«Сәлем!» дейік үлкенге.

Топқа «Білім» ханшайымы келеді.Балалармен амандасады.

-Балалар,мен сендерге құр қол келген жоқпын.Мына шарларды ала келдім.Мен сендердің білімдеріңді тексеруге келдім.

Тәрбиеші:Балалар біз білімді екенімізді «Білім» ханшайымына көрсетіңдер.



-Бір жылда неше мезгіл бар.

Сезім 4 мезгіл.

Қыс

Көктем

Жаз

Күз

Орыс тілі Ақтоты:

Зима

Весна

Лето

Осень

Іңкәр:

Винтер

Спринк

Саммер

Аутум

Тәрбиеші:Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгіліді белгілейді.

Күз мезгілінде неше ай бар?

Айару:

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Кәусар:

Септембе

Октубе

Десембе

Ақарыс:

Сентябрь

Октябрь

Ноябрь

Аптаның қай күні.

Оразкелді:

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Жексенбі.

Ажар:

Понидельник

Вторник

Среда

Четверк

Пятница

Суббота

Воскресенье

Қазына:

Мондей

Тиуздей

Венздей

Сөздей

Фрайдей

Сәтдей

Сондей



Күз мезгіліне ұқсайтын қай шар.

Балалардың жауабы сары.Бұл шар күз мезгілінің түсін білдіреді.

Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?Күн суытады.Жаңбыр жауады Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Жапырақтар түседі жеміс-жидек көкөніс піседі.Ағаштардан жапырақтар түседі.Адамдар жылы киіеді.

Дұрыс айтасыңдар т.б көптеген өзгерістер болады.

Күз мезгілі туралы маған тақпақ айтып беріңдерші.

С.Ердәулет

Әй алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

Іңкәр:

Листопад листопад.

Листья желтые летят

Под ногой они шуршат

Скоро голый будет сад.

Ақерке:

Даун,даун

Елоу энд броун,

Зе ливс фалин,

Оува зе таун

2.Балалар шардың түсі қандай? Ақ

Балалардың жауабы ақ шар

-Бұл шардың түсі қыс мезгілін білдіреді.

Қыста жер қандай болады?

Балалардың жауабы. Ақ қар болады

-Олай болса бұл шардың ішінде бізді қандай сұрақтар күтіп тұрғанын көрейік.

2.Тапсырма Дидонтикалық ойын.

Сурет арқылы балалардың әріптерді атау және дауысты дауссыз дыбыс екенін айту.

1)Сурет Алма

2)Сурет Алмұрт

3)Анонас

4)Апельсин

А әрпін айтайық,Алма деп қайталайық

1)Сурет Тарақ

2)Сурет Тал

3)Тышқан

4)Тиін

Т әрпін айтайық,Тарақ деп қайталайық

1)Піл

2)Пингвин

3)Парта

4)Поезд

1)Сурет Нан

2)Сурет Найзағай

3)Наубайшы

4)Ноқат

Н әріпін айтайық Нан деп қайталайық.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кір кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

3.Бұл шардың қандай түсі? Жасыл,

-Табиғат көктемде оянып жер бетін жасыл шөп басады.

Балалар бұл шардың ішінде бізде қандай тосын сұрақтар күтіп тұр.

1-10 дейін үш тілде сонау Орыс және қазақ ағылшын тілдерінде.

2.Логикалық есептер

Себетте 2 алма оған 3 алма қостым неше алма болды?

Балалардың жауабы 5 алма.

Ағашта 5 құс отыр,оның 2-уі ұшып кетті ағашта қанша құс қалды.

Балалардың жауабы: 3 құс

Балалар «Білім» ханшайымының қолында қандай шар қалды?

Балалардың жауабы.(Қызыл)

Дұрыс айтасыңдар.

-Қызыл түс қай мезгілді білдірді?

-Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?

Балалардың жауабы (Жаз) мезгілі

Тәрбиеші :Олай болса бұл шардың ішінде бізді қандай тапсырма күті тұр.

Ұжымдық жұмыс күз мезгілін бейнелеу.

Білім ханшайымы өте білімді тапқыр ақылды балалр екенсіңдер.

Менің шар мезгілге жасырған тапсырмамды дұрыс орындап шықтыңдар.Мен сендерді білім еліне қонаққа шақырамын.Менің кететін уақытым болды қош сау болыңдар.

Қорытынды:Балалар бізге кім қонаққа келді. «Білім»ханшайымы. Ол бізге не алып келді.Шарлар.Шарлардың түсі қандай ақ,жасыл қызыл,сары.

Біз қандай тапсырмалар орындадық

Суреттен әріптерді айттық.

1-10-ға дейін санадық Есептер шығардық.Күз мезгілінің суретін салдық.

Жарайсыңдар балалар сендерге рахмет,оқу қызметіне барлығыңа бестік баға қоямын.Келген қонақтар мен қоштасайық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1129
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі