жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: "Күз"
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Күз»
Мақсаты: Күз туралы білімдерін тиянақтау.Адамдар еңбегіне құрмет сезімін тәрбиелеу.Ырыс құт-береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру,сөздік қорын молайту.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: Күз мезгілінің суреті.
Билингвальды компонент: күз-осень
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту |
Шаттық шеңбері: Тәрбиеші балалардың назарын ортада тұрған себетке Аударып, оны алтын күздің сыйымен толтыруды ұсынады.бір көкөністен алып, себеттің ішіне алғыспен толтырады. Қайырымды күз, қызыл қызанақ үшін рахмет! Қайырымды күз, жасыл қияр үшін рақмет! Сары алтындй сары күз, ақ қырыққабат үшін рахмет! Сары алтындай сары күз, қызғылт асқабақ үшін саған рахмет! Балалар қазір күз мезгілі екенін жақсы білеміз. Күзде нелер піседі? Жемістер мен көкөністер, дұрыс. Олардың адамға пайдасы бар ма? Қандай пайдасы бар? Балалар қарайықшы үстелде не көріп тұрмыз? Жемістер қайда өседі? Мынау не? Банан дөңгелек пе, сопақша ма? Алманың түсі қандай? Ол тәтті ме , ащы ма? Ал, алмұрт қатты ма, жұмсақ па? Алмұрттың түсі қандай? Ал оның дәмі қандай? Сондай ақ, көкөністерде күзле піседі. Көкөністерді атап айтайықшы? Көкөністерде адам денсаулығына өте пайдалы. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Шеңбер жасап алайық Бір отырып, бір тұрып Бір тынығып алайық. «Қонжықты қуантайық »ойыны Бізге қонжық «ойыншық» қонаққа келді. Қонжықты мадақтап тәтті бал, жемістер берейік онымен жасырынбақ ойнайық. Қонжық, қонжық бал жейсіңбе? Алма жейсіңбе? Балалар ойыншықпен сөйлескенде жылы сөз айту керек, мысалы, «Кішкентай қонжығым мен саған дәмді алма бергім келеді?» содан кейін балалар қонжықпен жасырынбақ ойнайды. «Алма» ертегісін әңгімелеу.Орман аралап жүрген Қоян жабайы ағаштың басында өсіп тұрған жалғыз алманы байқап қалады. Алма өте биікте секіріп жете алмайсың! Тәрбиеші алманы жоғары көтеріп , балалардың қоян сиықты секіріп алманы алуын ұсынады. Кім алманы тап? Ал, алманы кім үзіп алды? Кім оны ұстап алды? Жақсы балалар, ертегіні жақсы ұққан екенсіңдер Биллингвальді компонент: көкөністер овощи, жеміс фрукты. Көкөністер адам денсаулығына өте пайдалы. Жемістер мен көкөністерді көп жесендер жақсы болып өсесіндер. «Жеміс-жинау» ойыны. |
Амандасу.
Қайырымды күз, қызыл қызанақ үшін рахмет! Қайырымды күз, жасыл қияр үшін рақмет! Жемістер мен көкөністер Бар Денсаулыққа, витаминдері бар. Жемістер Ағашта Банан Сопақша Қызыл, тәтті болады Жұмсақ Сары Тәтті Картоп, орамжапырық, қызанақ, қияр, Бойларын сергітіп екі, үш рет жасайды.
Ойыншық Қонжық келеді. Балалар қонжыққа жылы сөздер айтып жеміс береді, жасырынбақ ойнайды.
Қоянға ұқсап секіреді. Қоян Қарға Кірпі Екі , үш рет қайталап айтады. Балалар ойында белсенділік көрсетті. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: Бүгін біздер қандай жыл мезгілдері туралы айттық? |
Сұрақтарға жауап берді. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: жыл мезгілдерін.
Қандай түсініктерді меңгерді: жаңа сөздерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өлең арқылы күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.
Бөбекжай әдіскері: Қуспанова Р.Х.
Тәрбиеші: Сапарова А.М.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тобы: «Зерде»ІІ кішілер тобы.
Күні: .09.17ж
Білім беру саласы : «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекет түрі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты: Балаларды мамандық түрлерімен таныстыру. Үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: суреттер.
Көптілді компонент:жұмыс-работа
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушы лығын ояту кезеңі Ұйымдастырушылық кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар бәріміз ортаға шығып,шаттық шеңберін құрайық. Шеңбер болып тұрайық, жылы жүзбен, Бізге келген қуаныш нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден. -Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын. -Бүгін оқу-іс әрекетімізде ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы» өлеңімен танысамыз. Кіріспе әңгіме. Құрылысшы. Қолда темір қалағым, Содан сарай қаладым. Алматыдан аумайтын Әсем қала саламын. Шахтер: Орыны бөлек елдегі, Шахтердың көп еңбегі. Тау-тау болып үйілген, Оның қазған кендері Ұстаз: Оқу-білім ордасы, Ұстаз оның арнасы. Ұстаздық деген ұлы іс, Адамдардың айнасы. Сұрақ-жауап. -Әңгіме шумағында не жайлы айтылған? -Кім білім береді? -Автобусты кім айдайды? -Балаларды кім емдейді? Дидактикалық ойын: «Кім болам?» Мақсаты: Балаларға мамандықтардың түрлерімен таныстырып,олардың қандай жұмыс атқаратындарын түсіндіру.Әр мамандық иелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.Сөздік қорын молайту. |
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Жайғасып отырады. Мұқият тыңдайды. Ұстаз Жүргізуші Дәрігер. Балалар ортаға шығып,ойынға белсене қатысты. |
|
|
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: -Балалар,мына суреттерге назар аударыңдар.Кімдерді көріп тұрсыңдар? -Суретте қандай мамандық иелері бейнеленген. -Сендер өскенде кім болғыларың келеді? |
Сұрақтарға жауап берді. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: мандықтар туралы.
Қандай түсініктерді меңгерді:өлең мазмұнына қарай мамандық түрлерін ажыратуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:сурет арқылы аңгіме құрады.
Бөбекжай әдіскері: Қуспанова Р.Х.
Тәрбиеші: Мырзабаева Т.А.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тобы:«Кәусар» ІІ кішілер тобы
Күні: 04.10.2016ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалқан» (орыс халық ертегісі).
Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс тұрысын талдауға,оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.
Әдіс-тәсілдер:көрсету, сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру;
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:топты ұйымдастырған оқу іс әрекетіне дайындау.
Қажетті көрнекі құралдар: атрибуттар,хрестоматия.
Билингвальды компонент: Шалқан-ребка
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті. |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі |
«Шаттық» шеңбері. Бір шаңырақ астында Тату тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. Н.Айытов.Кіріспк әңгіме: Бүгінгі оқу іс әрекетімізде «Шалқан» ертегісін саусақтиятыры арқылы сахыналаймыз. Ертегіні саусақ театыры арқылы көрсете отырып, мазмұнын ашу. Сұрақ жауап:Қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтадыңдар? Ата көмекке кімді шақырды? Әже көмекке кімді шақырды? Немересі кімді шақырды? Күшік кімді шақырды? |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен амандасты. Балалар қызықта Әжені ,немересін. Күшікті, Мысықты |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
Мысық кімді шақырды? Сонымен бәрі бірігіп не істеді? Сөздік жұмыс: Шалқан,ата,әже,қыз,мысық,күшік,тышқан. Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Алақанды ұрайық, Отырып бір тұрайық. Билингвальды компонент: Шалқан-ребка Дидактикалық ойын: «Бұл қай ертегі кейіпкері?» Ойын шарты: Әр-түрлі атрибуттар жатады солардың ішінен бір,екеун алып қай ертегі кейіпкері екенін айту.Және жағымды кейіпкер ме,жағымсыз кейпкер ме екенін табу. |
Тышқанды Шалқанды жұлып алды. Балалар сергіту сәтін қимылмен жасады. Балалар ойынға белсене қатысты. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
Қорытынды. - Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде қандай тапсырма орындадық? Ендеше ,балалар ,өздеріңе ұнаған кейіпкерлердің атрибутын киіп,ертегіні сахыналайық |
Балалар ертегіні сахыналады. Тәрбиешінің мадақтауларына ризашылық білдірді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ертегіні мұқият тыңдауды біледі.
Қандай түсініктерді игерді: сахыналау арқылы мазмұнын игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ертегіні зейін қойып тыңдап,кейіпкерлердің көңіл күйін сезінуді.
Бөбекжай әдіскері: Қуспанова Р.Х.
Тәрбиеші :Искалиева Ж.Ж.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тобы: « Кәусар» ІІ кішілер тобы
Күні: 20.09.2016ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Алтын дән»Күләш Ахметова
Мақсаты:Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру,оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер:көрсету, сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру;
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Топты ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне дайындау..
Қажетті көрнекі құралдар: Хрестоматия ,егін,комбайын суреттері.
Билингвальді компонент:дән-зерно,егін-уражай.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
|
«Шаттық» шеңбері (балаларды ортаға жинау) Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біздер тату баламыз, Гүл гүл жайнап толамыз. Кіріспе әңгіме: Балалар,бүгінгі оқу іс әрекетімізде ақын апаларың Күләш Ахметованың «Алтын дән» өлеңін мәнерлеп оқимыз: Жатыр дала жалтылдап, Жаз шуағын мол құйды. Күн астында алтын дән, Толықсыған тасқындай, Көкжиекпен ұштасып. Күн астында ақ бидай Билиді қол ұстасып. Сұрақ жауап арқылы түсіндіру. Алтын дән дегеніміз сап сары болып өсіп тұрған бидай. Астықты күзде жинайды. Өсіп тұрған бидайды комбайын орып,астықты Жүк машиналары қамбаға тасиды. Алтын дән ақырында дастарқанға ас атасы нан болып келеді. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен амандасты. Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. Балалар ұнын қайдан пайда болатынын білді. |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
Балалар сендер ұннан жасалатын қандай тағамдарды білесіңдер? Иә,дұрыс балалар тағыда басқа көп деген тамақтар ұннан жасалады екен. Балаларға дән,бидай нан туралы түсінік беру. Сөздік жұмыс: Алтын дән, ақ бидай,қамба, дала. Сергіту сәті: Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Дидактикалық ойын: «Алтын дәнді боя » Ойын мақсаты: Балаларға бидайдың сары түсті болатынын ұғындыру.Ұқыпты бояуға үйрету. |
Бауырсақ,тоқаш, печенье. Алтын дән, Ақ бидай,қамба,дала. Балалар сергіту сәтін қимылмен жасады. Балалар ойынға белсене қатысты. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
Қорытынды. - Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде қандай өлең шумағымен таныстық? - Тағы сендерге не ұнады? Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды жеке-жеке атап мадақтау, бағалау. |
Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарға толық жауап берді. Тәрбиешінің мадақтауларына ризашылық білдірді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Өлеңнің мазмұнын біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Алтын дәннің нәтижесі нан, оны қадырлеу керек екенін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Нанның үлкен еңбекпен келетінін меңгерді.
Бөбекжай әдіскері: Қуспанова Р.Х.
Тәрбиеші :Искалиева Ж.Ж.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тобы: «Кәусар»ІІ кішілер тобы.
Күні:18.10.2016ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан»(латын ертегісі)
Мақсаты:«Арыстан мен тышқан»ертегісінің мазмұнымен таныстыру,ертегіні оқып беру,тіл байлықтарын молайту.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: суреттер.
Билингвальды компонент: арыстан-лев,тышқан-мыш
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар бәріміз ортаға шығып,шаттық шеңберін құрайық. Шеңбер болып тұрайық, жылы жүзбен, Бізге келген қуаныш нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден. -Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын. -Бүгін оқу-іс әрекетімізде Арыстан мен тышқан»атты латыш ертегісімен танысамыз.Ертегі өте қызықты екен. Жалпы мазмұнын айта кету.Ертегіні оқып беру.Ерте ерте ертеде бір арыстан болыпты.Ол ұйқтап жатқан кезінде бір тышқан үстіне түсіп кетеді.Тышқан арыстанға мені жіберші менің де саған бір көмегім болар дейді.Сол кезде арыстан қарқылдап күліп,сенің маған қандай көмегің тиер дейсің деп күледі. |
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Жайғасып отырады. Мұқият тыңдайды. |
|
|
Бір күні арыстан торға түсіп қалған кезде,тышқан торды қиып арыстанды құтқарып алады. Бұл ертегіде балалар әрқашан бір біріңе көмектесіп жүріңдер делінген. Сұрақ-жауап. -Балалар сендерге ертегі ұнады ма? -Арыстан қайда жүреді? -Арыстан мен тышқанның айырмашылығы неде? Қане кім ертегінің мазмұнын түсінгенін айтып береді? Дидактикалық ойын: «Бұл қай жануар?» Ойын шарты: Бір суретті таңдап,сол жануардың қимылын,дауысын салу. Билингвальды компонент: арыстан-лев,тышқан-мы |
-Иә ,ұнады. -Жарас ертегі мазмұнын айтып береді. |
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: -Балалар,мына суреттерге назар аударыңдар.Нені көріп тұрсыңдар? -Бұл қай жануар? |
Сұрақтарға жауап берді. -Арыстан. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Жануарлар туралы.
Қандай түсініктерді меңгерді:ертегінің мазмұнын.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Жануарлардың қимылын салды.
Бөбекжай әдіскері: Қуспанова Р.Х.
Тәрбиеші :ИскалиеваЖ.Ж.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тобы: «Кәусар»ІІ кішілер тобы.
Күні:15.11.2016ж.
Білім беру саласы: « Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Айлакер түлкі»(орыс ертегісі)
Мақсаты:Балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: суреттер.
Билингвальды компонент: түлкі-лиса
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Психологиялық сәт:Балалар шеңбер бойына тұрып,Өтебай тұрманжановтың «Кел,балалар,күлейік»өлеңін үнтаспаға қосылып,тәрбиешімен бірге орындайды. Кел,балалар,күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік. Кел,балалар,күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл айнасы, Күліп өмір сүрейік. Сұрақ-жауап. -Балалар,түлкі туралы қандай ертегілер білесіңдер? -Түлкі қандай аң? -Олай болса түлкі туралы ертегімен танысамыз «Айлакер түлкі»(орыс ертегісі)оқып мазмұнын түсіндіру. Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Сұрақ жауап: -Сендерге ертегі ұнады ма? -Ертегіде не жайлы айтылған? -Түлкінің жасаған қылығы қандай? -Түлкі жолбарысты қалай алдады? Дидактикалық ойын: «Бұл қай жануар?» Ойын шарты:Бір бала ортаға шығып бір қимыл көрсетеді,қалған балалар сол қимылға қарап қай жануар екенін табуы керек. |
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар ертегіні мұқият тыңдады. Сергіту сәтін қимылмен орындады. Балалар сұрақтарға жауап берді. -Балалар ойынға қызығушылықпен қатысты. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Жұмбақ жасыру арқылы іс-әрекетті аяқтау. Өзі қу, Жүрген жері шу. |
Түлкі. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Түлкінің жабайы,қу,айлакер аң екенін.
Қандай түсініктерді меңгерді:Көркем сөйлеу қабілетін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Ертегі кейіпкерлерінің іс-әректтерін бағалай білді.
Бөбекжай әдіскері: Қуспанова Р.Х.
Тәрбиеші : Искалиева Ж.Ж.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Кәусар»ІІ кішілер тобы.
Күні:20.12.2016ж.
Білім беру саласы:«Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Маша мен аю»(орыс ертегісі)
Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсінуге,кейіпкерлердің әрекетін бағалауға баулу. Адамгершілікке тәрбиелеу.Тілдік дағдыларын қалыптастыра отырып,сөйлеу тілін дамыту.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: маша мен аюдың суреттері.
Билингвальды компонент: аю-медведь
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығу-шылығын ояту кезеңі Ұйымдастырушылық- ізденіс кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері Кел,балалар,күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік. Кел,балалар,күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл айнасы, Күліп өмір сүрейік. Балалар бізге қонаққа кім келді? Балалар сендер оны танисыңдар ма? Балалар Маша аюды іздеп жүр екен. Кіріспе әңгіме: Бүгінгі іс-әрекетімізде Маша мен аю ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқып беру. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу. -Атасы мен апасы Машаға не деді? -Олар қайда барды? -Маша аюға не деді? -Маша атасы мен әжесіне не пісірді? Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Билингвальды компонент: аю-медведь Дидактикалық ойын: «Бұл қай ертегі кейіпкері?»
Ойын шарты: Әр-түрлі атрибуттар жатады солардың ішінен бір,екеун алып қай ертегі кейіпкері екенін айту.Және жағымды кейіпкер ме,жағымсыз кейпкер ме екенін табу.
|
Шаттық шеңбері Кел,балалар,күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік. Кел,балалар,күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл айнасы, Күліп өмір сүрейік. Ол Маша Балалар ертегіні тыңдайды Бәліш пісірді Сергіту сәтін қимылмен орындады. аю-медведь сөзін қайталады. Балалар ойынға белсене қатысты. |
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай ертегі оқыдық? -Ертегі сендерге ұнады ма? Балалар сендер де |
Маша мен аю Ұнады. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: ертегінің мазмұнын біледі.
Қандай түсініктерді меңгерді: Көркем сөйлеу қабілетін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Ертегі кейіпкерлерінің іс-әректтерін бағалай біледі.
Бөбекжай әдіскері:Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Искалиева Ж.Ж.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тобы: «Кәусар»ІІ кішілер тобы.
Күні:17.01.2017ж.
Білім беру саласы:«Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»(орыс ертегісі)
Мақсаты: ертегі мазмұнын түсінуге,кейіпкерлердің әрекетін бағалауғакөмектесу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: суреттер.
Билингвальді компонент: қасқыр-волг
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. -Балалар,бәріміз төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайық: Арым таза,ақ көңіл, Аджамдыққа сенемін, Абыройлы,ақ ниет, Адалдыққа сенемін. |
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
Кіріспе әңгіме: Бүгінгі іс-әрекетімізде «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін оқимыз. Ертегіні оқып беру. Ерте ерте,ертеде бір ешкі болыпты оның жеті лағы болыпты.Ол орманға кеткенде қасқыр келеді.Осылай ертегі жалғасады. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу. -Балалар сендерге ертегі ұнады ма? -Ешкі тоғайға не үшін барды? -Ешкі мен лақтар қайда тұрады? -Ешкі тоғайға кеткенде кім келді?
Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Балаларға ертегіні сахналату. Билингвальды компонент: қасқыр-волг,ешкі-коза. Дидактикалық ойын: «Төлін тап» Ойын шарты:Үй жануарларын атап,олардың төлін табу.Дауысын салу. |
Ертегіні мұқият тыңдады. Балалар қимылмен орындады. Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Балалар ертегіні сахналады. :қасқыр-волг,ешкі-коза коза. Ойынға барлығы бел белсене қатысады. |
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай ертегі оқыдық? Балаларда бағалау ,мадақтау. |
«Қасқыр мен жеті лақ» |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: ертегінің мазмұнын
Қандай түсініктерді меңгерді: Көркем сөйлеу қабілетін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Ертегі кейіпкерлерінің іс-әректтерін бағалай білді.
Бөбекжай әдіскері:Куспанова Р.Х
Тәрбиеші:Искалиева Ж.Ж.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тобы: «Зерде»ІІ кішілер тобы
Күні:19.01.2018ж
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Суретші қыс»
Мақсаты: Өлеңді көрнекі құралдар көмегінсізжатқа айтуға,оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: суреттер.
Билингвальды компонент: Суретші-художник
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушы лығын |
Ұйымдастыру кезеңі. Шанамен зырғанап желетін, Шаңғы коньки тебетін Аққала жасап ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың? Сырғанақ Жасап қардан үйілген Дөңге шығып бүгін мен Маңайыма бір қарап, Кеттім төмен сырғанап. Жерге тимей табаны Шанам зулап барады, Қорыққам жоқ сонда да, Сужүрек деп ойлама. (Қ.Баянбаев) |
Қыс Өлең жолдарын бірге қайталап сәйкес қимылдар жасайды. Жасап қардан үйілген Дөңге шығып бүгін мен Маңайыма бір қарап, Кеттім төмен сырғанап. Жерге тимей табаны Шанам зулап барады, Қорыққам жоқ сонда да, Сужүрек деп ойлама. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
Балалар бұл өлең шумағында не туралы айтылған? Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу. -Қыс несімен қызықты? -Қандай ойындар ойнаймыз? Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. -Олай болса, бүгінгі оқу іс-әрекетінде К.Нүсіповтың «Суретші қыс» өлеңін жаттаймыз. «Суретші қыс»өлеңін мәнерлеп оқып беру. Өлең мазмұнын ашу. Билингвальды компонент: Суретші-художник «Қар жинау»қимылды ойыны.
|
Ертегіні мұқият тыңдады. Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Суретші-художник сөзін қайталау. |
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: Балалар біздер жаттаған өлең шумағында не туралы айтылған? 3-4баладан тақпақ жатқа сұрау. |
Қыс туралы айтылған. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:өлеңді жатқа айтуды.
Қандай түсініктерді меңгерді:ойын арқылы қыс мезгілінің ерекшеліктерін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:өлең мазмұнын түсіне отырып,қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын
Бөбекжай әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Мырзабаева Т.А.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Зерде»ІІ кішілер тобы.
Күні:08.12.2017ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Отан» (өлеңі) Ермек Өтетілеуұлы
Мақсаты: Отан туралы шығармаларды оқып беру арқылы әдебиетке құштарлыққа баулу.Отан сүюге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: үнтаспа,суреттер.
Көптілді компонент: Отан-родина
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығу-шылығын ояту |
Ұйымдастыру кезеңі. Көк тудың желбірегені, Жаныма қуат береді Таласқа түссе жан мен Ту Жан емес,маған керегі Көк Тудың желбірегені. -Отан деген не? -Біздің ұлтымыз қандай, Балалар, біз бүгін сүйікті отанымыз , яғни отбасымыз, ауылымыз, қаламыз, өскен ортамыз жайлы әңгімелейміз. «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Әр адамның өз отаны болады. Отан ол біздің туған жеріміз, отбасымыз, Отан- біздің атамекеніміз. Отан – біздің табиғатымыз, айнала қоршаған ортамыз. Біздің еліміз өте бай, өте әдемі. Біздің Отанымыз –Қазақстан.Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады.Бігін біз оқу іс-әрекетімізде ақын Ермек Өтетілеуұлының «Отан »өлеңімен танысамыз.Балалар әркім өз Отанын қорғауы тиіс. Біздің еліміздің үлкен азаматтары болып өсесіңдер. Өлеңді мәнерлеп оқып беру. Әңгімелеу
Өйткені оны бабамыз бен атамыз мекен еткен.Отанды әркім анасындай бағалап,қастерлейді. Отан деген-атамекен, Отан деген-туған жер, Отан-ана, Отан –үлкен Қазақстан-туған ел. Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Көптілді компонент: Отан-Родина «Біз тату тәтті доспыз » тақырыбында ұжымдық жұмыс Балалар ақ қағазға қолдарын ыдыста езілген субояуға саусақтарымен күннің шуағын бейнелейді. Мақсаты:Ұйымшылдыққа баулу, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. «Отан-отбасынан басталады» Мақалын қайталайық. |
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Біз қазақпыз Балалар Балалар –өлеңді қайталайды Балалар қимылмен орындады. «Отан- отбасынан басталады.» |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: Балалар біздер жаттаған өлең шумағында не туралы айтылған? 3-4баладан өлеңді жатқа сұрау. Отан туралы мақал-мәтелдер айту. |
-Отан туралы. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: өлеңді жатқа айтуды.
Қандай түсініктерді меңгерді:Отанын,жерін сүйіп,құрметтеуді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:мақал мәтелдер арқылы ой өрісі кеңейді.
Бөбекжай әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Мырзабаева Т.А.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тобы:«Кәусар»ІІ кішілер тобы
Күні: 14.03.2017ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Дәрігер Айболит» (ертегі)
Мақсаты: Балаларды мейрімділікке , өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық сезімін білдіруге талаптандыру.Ертегі арқылы балаларды табиғатты қорғауға,өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер:көрсету, сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру;
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Топты ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне дайындау.
Қажетті көрнекі құралдар: хрестоматия,суреттер,құстардың,ағаштардың,орманның суреттері.
Билингвальді компонент:Дәрігер- доктор, Айболит-Айболит
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығынояту кезеңі
|
Психологиялық сәт: «Ертегілер» әні үнтаспадан тыңдалады. Ғажайып түс көрдім, Таң ата мен бүгін. Ертегі әлемінің Қызығында жүрдім. Бірақ оянып кеттім әттең... - Кіріспе әңгіме: Берілген ертегідегі орман аңдарының Суреттері арқылы ертегінің мазмұнымен таныстыру. Алдымен ертегіні мәнерлеп оқу. Сұрақ жауап арқылы балалардың тілін дамыту . «Саусақ театыры» арқылы ертегіні сахналау.Ертегіні сахналау алдында балалардан сұрау. |
Балалар шеңбер бойына тұрып бір біріне қарап тұрып қимылдар жасайды. Балалар ертегіні мұқият тыңдады.
Балалар ойларын айтады. |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
- Ертегі ұнады ма ? - Ертегі не жайлы ? - Ертегіде қандай құстар бар екен ? Әртүрлі қимылдар жасау арқылы бойларын сергіту. Құс болып ұшамыз, Жерге қонамыз. Жемді шоқып жейміз, Суды ұрттап ішеміз. Жайлап қанат қағамыз, Орнымызды табамыз. Билингвальді компонент:Дәрігер- доктор, Айболит-Айболит Дидактикалық ойын: «Кімге не қажет?» Ойын шарты:мамандықтарға қатысты құралдарды тауып,атау.Мысалы: Тарақ-шаштаразшыға қажет, Аспазға-ыдыс -аяқ. |
Балалар ойын айтады. Ойын ойнайды. Балалар педагогтің айтқан сөздерін қимылмен көрсетіп , жасайды. Дәрігер- доктор, Айболит-Айболит Ойынға белсене қатысты. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
Қорытынды. - Балалардың алған білімдерін тиянақтау. ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды жеке-жеке атап мадақтау, бағалау. |
Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарға толық жауап берді. Балалар мадақтауларға риза болды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Айболит орман дәрігері екенін біледі.
Қандай түсініктерді игерді:Дәрігер өз қызметін қалай атқаратынын,қалай көмек көрсетуге болатынын игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Ертегіарқылы қоршаған ортаны қорғай білуді меңгерді..
Бөбекжай әдіскері:Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Сапарова А.М.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Тобы: «Барыс»аралас II-кішілер тобы
Күні:
Білім беру саласы:«Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы:«Әке мен бала»
Мақсаты: Әңгімені тыңдай білу дағдыларын дамыту. Адамгершілікке баулу , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру, тілдік қорларын дамыту.
Әдіс-тәсілдер:көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру;
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Әке, ата туралы өлеңдер жаттау
Қажетті көрнекі құралдар: Отбасы мүшелерінің суреттері, дидактикалық материалдар
Билингвальды компонент: Әке-отец, бала-сын.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
|
«Шаттық» шеңбері Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Жарқыраған күнге. Қайырлы күн балалар?! Балалар мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? Отбасында кімдер бар?Кәне атап айтайық Ата, әже, Әке, Ана , аға, әпке Бүгінгі оқу іс әрекетінде ақын, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» атты әңгімесімен танысамыз. Сурет бойынша әңгімелеу. «Әке мен бала» шығармасын оқып беру немесе аудио үнтаспадан таңдату. Сұрақ жауап : Баланың тіл алмағаны дұрыс па? Әкесінің әрекеті дұрыс па? Қайысысының мінезі ұнады? Сендер әке шешелеріңнің тілін аласыңдар ма? |
Балалар «Шаттық» шеңберіне жақсы көңіл-күймен жиналып, бір-бірімен жылы амандасты.
Балалар сурет бойынша қайталап айтады. Ата, әже, Әке, Ана , аға, әпке Балалардың жауабы.
|
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
Сергіту сәті Шаршасаңдар балалар, Қолдарыңды созыңдар. Саусақтармен ойнаңдар, Содан соң қолды сермеңдер. Саналарың тынықсын, Денелерің шынықсын. Дидактикалық ойын: «Кім тез табады?» Жасырынған суреттерден отбасы мүшелерін табу. Мақал- мәтел: Әке көрген оқ жонар Шеше көрген тон пішер. Дидактикалық ойын: «Қуыршақты киіндір» Ойын шарты: Бір ұл қуыршақ,бір қыз қуыршақ соларға ұл бала мен қыз бала киімдерін ажыратып,түсін айтып,киіндіру. Билингвальды компонент: Әке-отец, бала-сын. |
Балалар сергіту сәтін екі үш рет қайталады.
Балалар ойынға белсенді қатысты. Әке көрген оқ жонар Шеше көрген тон пішер.
Ойынға белсене қатысты. Әке-отец, бала-сын. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
Қорытынды. - Балалар, сендерге әңгіме ұнады ма? Сенің досың кім? Ол қандай? ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды жеке-жеке атап мадақтау, бағалау |
Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарға толық жауап берді. Мадақтауларға риза болды. |
Нені біледі: Әңгімені тыңдауды біледі.
Қандай түсініктерді игерді:Үлкендерді сыйлауды игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:әңгіменің мазмұнын дұрыс түсіне отырып,еңбексүйгіштік қасиетті.
МдҰ Әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Искалиева Ж.Ж.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Тобы: «Барыс»аралас ІІ кішілер тобы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Сыпайылық сабақтары»өлең
Мақсаты: Балаларды адамдардың арасындағы қарым-қатынастың адамгершілік нормаларымен,әлеуметтік ортадағы жүріс тұрыс ережелерімен таныстыруды,сыпайылықтың қарапайым дағдыларына тәрбиелеуді жалғастыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: суреттер.
Билингвальді компонент:сыпайы-вежливый
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Балаларды шеңбер бойына тұрғызып,тәрбиешімен бірге мына өлең жолдарын қайталайды: Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын»деп ойла. Жамандық көрсең біреуден «Мен қандаймын»деп ойла. (Ө.Ақыпбеков.) Әңгімелесу. -Балалар бүгін біз сыпайы,әдепті,жағымды қасиеттер туралы әңгімелейміз. Сендер қалай ойлайсыңдар,адамдар неліктен бір-бірімен амандасады? Дұрыс айтасыңдар. Сәлемдесу,амандасу-адамдардың бір біріне ізет,сый-құрмет көрсетуі.Оның бәрі сыпайылық. Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Сұрақ-жауап Балалар сендер қандай болуларың керек? -Біздің топта сыпайы,әдепті,арлы балалар бар ма? Билингвальді компонент: сыпайы-вежливый Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап» Ойын шарты: Берілген суреттердің жартысын дұрыс табу. |
Қыс Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Балалардың жауабы. Балалар қимылмен орындады. Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Балалардың жауабы. сыпайы-вежливый Ойынға белсене қатысты. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: Мақал: 1.Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені. 2.Әдепті бала-ата-анасын мақтатар, 3.Әдепсіз бала-ата-анасын қақсатар. |
Балалар мақал-мәтелдерді бірге қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Жағымды қасиеттерді.
Қандай түсініктерді меңгерді:Өлең арқылы әдептілік ережелерін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Әдептілік туралы бірнеше мақал-мәтелдерді жаттады.
МдҰ Әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Утепбергенова С.А.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Тобы: «Барыс»аралас ІІ кішілер тобы.
Күні:
Білім беру саласы : «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Жақсы деген немене,жаман деген немене»
Мақсаты: қоршаған ортадажақсы деген не екенінтүсіндіру.Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.Әдептілікке тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: суреттер.
Билингвальды компонент:Жақсы-хорошо,жаман -плохо
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Балаларды шеңбер бойына тұрғызып,тәрбиешімен бірге мына өлең жолдарын қайталайды: Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын»деп ойла. Жамандық көрсең біреуден «Мен қандаймын»деп ойла. (Ө.Ақыпбеков.) Балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық. Әңгімелесу. -Балалар бүгін біз Влвдимир Маяковскийдің Жақсы деген немене,жаман деген немене» өлеңімен танысамыз.Өлеңді оқып,мазмұнын түсіндіру.. «Мен қандаймын » ойыны. Мақсаты:Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту. Ойын барысы:Балалар шеңберге тұрып,бір-біріне допты беріп,сол бала жайлы пікірін айтады. Мысалы: Гүлім сен әдемісің,мейрімдісің,жақсы қызсың т.б. Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Сұрақ-жауап Балалар сендер қандай болуларың керек? -Біздің топта жақсы,әдепті,арлы балалар бар ма? Ойын: «Кім жылдам?» Шарты: Балалар, жерде жатқан саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды себеттерге бөліп салулары керек. Ойын жылдамдыққа ойналады. Билингвальды компонент: Жақсы-хорошо,жаман -плохо |
Қыс Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Мұқият тыңдайды. Балалар қимылмен орындады. Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Балалардың жауабы. Жақсы-хорошо,жаман –плохо |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: Бүгін біз оқу іс-әрекетімізде ненің жаман,ненің жақсы екенін білдік. «Жақсы бала»деген атқа лайық болу үшін әдепті,шыншыл тәрбиелі болу керек. |
Балалар бір-біріне пікірлерін айтады. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Жағымды қасиеттерді.
Қандай түсініктерді меңгерді: Өлең арқылы әдептілік ережелерін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Әдептілік нормаларын.
МдҰ Әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Искалиева Ж.Ж.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Тобы: «Барыс»аралас ІІ кішілер тобы
Күні:
Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Қызыл телпекті қыз»( ертегі)
Мақсаты: ертегі мазмұнын түсінуге,кейіпкерлердің әрекетін бағалауғакөмектесу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары:Үйдің іші бейнесі,томар,орман ағаштары.
Билингвальды компонент: қасқыр-волг
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Жарқыраған күнге. Қайырлы күн балалар?! Ғажайып сәт: Әуен ойналады: Қызыл телпек кейіпінде келіп балалармен сәлемдесу. -Сәлеметсіздер ме,балалар?! Мені танып тұрсыңдар ма,мен кіммін? Бүгінгі іс-әрекетімізде «Қызыл телпекті қыз» ертегісін оқимыз. Ертегіні оқып беру. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу. -Балалар сендерге ертегі ұнады ма? -Анасы қызыл телпекті қызын қайда жұмсайды? -Қызыл телпекті қызға кім кездесті? -Қызыл телпекті қыз не деп жауап берді? Ертегі кейіпкерлдерін бөліп сахналату. Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Биллингвальды компонент: қасқыр-волг Ойын: «Кім жылдам?» Шарты: Балалар, жерде жатқан саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды себеттерге бөліп салулары керек. Ойын жылдамдыққа ойналады. Биллингвальды компонент: қасқыр-волг |
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Шаттық шеңбері. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Жарқыраған күнге. Қайырлы күн балалар?! -Сәлеметсіз бе? -Қызыл телпек. Ертегіні мұқият тыңдады.Ұнады. Әжесіне. Қасқыр. Орманда. Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Ойынға белсене қатысты. қасқыр-волг сөзін қайталады. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай ертегі оқыдық? -Ертегіні екі топқа бөліп сахналауды ұйымдастыру. |
«Қызыл телпекті қыз» Ертегіні сахналайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: ертегінің мазмұнын
Қандай түсініктерді меңгерді: Көркем сөйлеу қабілетін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Ертегі кейіпкерлерінің іс-әректтерін бағалай білді.
МдҰ Әдіскері: Куспанова Р.Х.
Тәрбиеші: Утепбергенова С.А.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тобы: «Кәусар»ІІ кішілер тобы
Күні: 04.04.2017ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі:Көркем әдебиет.
Тақырыбы:«Айна» ( ертегісі).
Мақсаты:Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс тұрысын талдауға,оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.
Әдіс-тәсілдер:көрсету, сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру;
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:топты ұйымдастырған оқу іс әрекетіне дайындау.
Қажетті көрнекі құралдар: атрибуттар,ер балаларға айна..
Билингвальді компонент: Айна-зеркало
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушы лығын ояту кезеңі
|
«Шаттық» шеңбері. Бір шаңырақ астында Тату тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. Н.Айытов. Кіріспк әңгіме: Бүгінгі оқу іс әрекетімізде «Айна» ертегісін тыңдап,ондағы кейіпкерлермен танысамыз.Сондықтан балалар ертегіні мұқият ,зейін қойып тыңдаймыз. «Айна» ертегісі оқылады. -Балалар ертегі не туралы? -Аңдар не, істейді? -Айнадан не көреміз? |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен амандасты.
Балалар қызықтайды. Балалар білгендерін есте сақтап қалғандарын айтады. |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
«Айна» ойыны. Ойын шарты: Әр бала айнаға қарап: - Кірпідей жиырылады; - Қояндай көздерін жыпылықтатады; - Керіктей мойындарын созады. Бұның бәрі бала үшін жаттығу. Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Алақанды ұрайық, Отырып бір тұрайық. Дидактикалық ойын: «Не жоғалды?» Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру. Билингвальді компонент: Айна-зеркало |
Ойнайды. Қимылдарды жасайды. Өздерін айнадан көріп, Көңіл күйлерін көтереді. Балалар сергіту сәтін қимылмен жасады. Балалар ойынға белсене қатысты. Айна-зеркало сөзін қайталап жаттады. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
Қорытынды. - Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде қандай тапсырма орындадық? Ендеше ,балалар ,өздеріңе ұнаған кейіпкерлердің атрибутын киіп,ертегіні сахыналайық |
Балалар ертегіні сахыналады. Тәрбиешінің мадақтауларына ризашылық білдірді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ертегіні мұқият тыңдауды біледі.
Қандай түсініктерді игерді:Ертегідегі жақсы мен жаман кейіпкерлерді ажыратуды..
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ертегіні зейін қойып тыңдап,кейіпкерлердің көңіл күйін сезінуді.
Бөбекжай әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Искалиева Ж.Ж.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тобы: «Зерде»ІІ кішілер тобы
Күні:20.04.2018ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Құлыншақ»(өлең)
Мақсаты: ертегі мазмұнын түсінуге,кейіпкерлердің әрекетін бағалауғакөмектесу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: суреттер.
Көптілді компонент:жылқы-лошадь,құлыншақ-жеребенок.
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі. -Балалар,бәріміз төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайық: Арым таза,ақ көңіл, Адамдыққа сенемін, Абыройлы,ақ ниет, Адалдыққа сенемін. Ғажайып сәт: Балалар бүгін біздер жануарлар бағына саяхатқа барамыз.Ол жерде жануарлардың көп түрі бар. -Көргілерің келе ме? Ендеше бәріміз әндетіп жануарлар бағына барамыз. -Міне жануарлар бағына да келдік. -Мынау қай жануар? -Ал,мынау ше? Балалар бұнда үй жануарлары да дала жануарлары да бар.Ендеше құлыншақ туралы өлең жаттайық. Өлеңді оқып беру. Құлыншақ. Құлын құлын,құлыншақ, Желкілдейді тұлымшақ. Маңдайында жұлдызы, Құйрығында құндызы. (М.Жаманбалинов) Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу. -Балалар сендерге өлең ұнады ма? -Құлын қай малдың төлі? Құлыншақ балалар үй жануары.Себебі оны үйде адамдар бағады.Ол жылқының төлі. Ал,енді біраз шаршасақ бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Көптілді компонент: құлыншақ-жеребенок,жылқы-лошадь |
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. -көргіміз келеді. -Түлкі. -Құлыншақ. Құлыншақ. Құлын құлын,құлыншақ, Желкілдейді тұлымшақ.Маңдайында жұлдызы, Құйрығында құндызы. Балалар сұраққа жауап береді. Балалар қимылмен орындады. Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. құлыншақ-жеребенок жылқы-лошадь сөзін қайталап жаттау. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: (Ойын арқылы) «Малдың төлін атау» ойыны. Ойын мақсаты:балаларды алғырлыққа,ойлау қабілеттеріне баулу. |
Төлдерін айтады. . |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі:өлеңнің мазмұнын
Қандай түсініктерді меңгерді: Ойын арқылы малдың төлін айтуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: іс-әректтерін бағалауды,адамгершілік қасиеттерін білді.
Бөбекжай әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Мырзабаева Т.А.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Тобы: «Барыс»аралас ІІ кішілер тобы.
Күні:
Білім беру саласы:Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Ана»өлең
Мақсаты:Қазақстан республикасындағы мерекелер туралы білімдерін қалыптастыру,анаға деген құрметін,балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуді дамыту.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: суреттер.
Билингвальды компонент:ана-мама
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Балаларды шеңбер бойына тұрғызып,тәрбиешімен бірге мына өлең жолдарын қайталайды: Ана-біздің күніміз, Ананың біз гүліміз. Ұландарды қуантып, Аман-есен жүріңіз. Әңгімелесу. -Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? -Бүгінгі оқу-іс-әрекетінде ақын ағамыз Өтебай Тұрманжановтың «Ана»өлеңімен танысамыз. Ана. Ана әнмен тербетеді, Күйге бөлеп жанынды. Көңіліңді сергітеді. Балбыратып тәніңді. Сен ұйқтасаң әңге балқып, Анаң жаны жайланар. Аспандағы айда қалқып, Ақ бетіңнен аймалар. Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Биллингвальды компонент: ана-мама,әже- бабушка. Сұрақ-жауап Балалар сендер бұл өлең жолдарынан не түсіндіңдер? -Сендер аналарыңды жақсы көресің дер ма? Иә дұрыс ақ аналарды жақсы көріп әрқашан сыйлап жүруіміз қажет. «Гүл теру»ойыны |
Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын қайталайды. Ана-біздің күніміз, Ананың біз гүліміз. Ұландарды қуантып, Аман-есен жүріңіз. Өлеңді мұқият тыңдайды. Ана әнмен тербетеді, Күйге бөлеп жанынды. Көңіліңді сергітеді. Балбыратып тәніңді. Сен ұйқтасаң әңге балқып, Анаң жаны жайланар. Аспандағы айда қалқып, Ақ бетіңнен аймалар. Балалар қимылмен орындады. Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. ана-мама,әже- Бабушка. Балалардың жауабы. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: «Мейірім ұшқыны».ойыны. Әр бала өз анасы туралы мейірімді сөздер айтады. |
Ойын ойнайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: аналар мерекесі жайлы.
Қандай түсініктерді меңгерді: Наурыз мейрамы туралы түсініктері қалыптасып,салт-дәстүрді құрметтеуді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:күн мен түннің теңелетінін,басқа мейрамдардан айырмашылығын ажыратуды.
МдҰ Әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Утепбергенова С.А.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тобы: «Кәусар»ІІ кішілер тобы.
Күні:28.02.2017ж.
Білім беру саласы«Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Наурызым,армысың»өлеңОразақын Асқар
Мақсаты: Шығыс күнтізбесі жайлыбілімдерін жетілдіру.Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл 22 наурыздан басталатынын,күн мен түн теңесетінін түсіндіру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: суреттер.
Билингвальды компонент: наурыз-март,
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Балалар педагогпен бірге «Наурыз-біздің жаңа жыл» әнін қосылып айтады. (Ж.Қалжанованікі.) Наурыз- біздің жаңа жыл Наурыз келді балалар, Көктеді қыр жағалар, Наурыз тойын тойлайқ, Жаңа жылда ағалар. Наурыз, наурыз, Келді біздің жаңа жыл. Әңгімелесу. Белгілі ақынОразақын Асқардың «Наурызым,армысың!»өлеңімен танысамыз. Наурызым ,армысың! Ата бабам тойлаған, Наурызым,армысың! Қызығына тоймаған. Дархан дала,қарлы шың. Қауыша алмай қанша жыл, Қалдық сенен адасып, Төрле,есіктің бәрі ашық. Мерекені байырғы Алды халқым қабылдап. Ақ дастарқан жайылды, Ошақта от жалындап. Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. Биллингвальды компонент: наурыз-март,гүл-цветы «Гүл құрастыру».ойыны. Шарты: Гүлдерді түсіне,түріне қарай құрастыру. |
Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын қайталайды. Наурыз- біздің жаңа жыл Наурыз келді балалар, Көктеді қыр жағалар, Наурыз тойын тойлайқ, Жаңа жылда ағалар. Наурыз, наурыз, Келді біздің жаңа жыл. Өлеңді мұқият тыңдайды. Наурызым ,армысың! Ата бабам тойлаған, Наурызым,армысың! Қызығына тоймаған. Дархан дала,қарлы шың. Қауыша алмай қанша жыл, Қалдық сенен адасып, Төрле,есіктің бәрі ашық. Мерекені байырғы Алды халқым қабылдап. Ақ дастарқан жайылды, Ошақта от жалындап. Балалар қимылмен орындады. Ал,балалар,тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап, Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық. наурыз-март,гүл-цветы сөздерін бірнеше рет қайталап жаттады. Ойын ойнайды. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: Балалар,өлеңде не туралы айтылған? Балалар сендер бұл өлең жолдарынан не түсіндіңдер? |
Балалардың жауабы. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: өлеңнің мазмұнын
Қандай түсініктерді меңгерді: Наурыз мейрамы туралы түсініктері қалыптасып,салт-дәстүрді құрметтеуді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: күн мен түннің теңелетінін,басқа мейрамдардан айырмашылығын ажыратуды.
Бөбекжай әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Искалиева Ж.Ж.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: «Барыс»аралас І кішілер тобы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Үш жолдас»әңгіме
Мақсаты:Әңгімені мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндіру.Достық қатынасты бағалай білуге баулу.Достаса білуге адал достыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: суреттер.дидактикалық материалдар
Билингвальды компонент: дос-друг, үш-три
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушы-лығын ояту |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз. Біздің топта ұл-қыздар, Тату тәтті ойнаймыз. Балалар бізге қуыршақ Айгүл қонаққа келді. Ол өзі жалғыз достары жоқ екен. Ол өзіне дос іздеп жүр екен. Балалар Айгүлмен дос боласыңдар ма? Біздің балалар сенімен дос болады, солай ма балалар? Әңгімелесу. Суретпен жұмыс. -Балалар суретте не көріп тұрсыңдар? -Қане осы суретке қарап әңгіме құрастырайық. -Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер? -Достық дегеніміз екі адамның арасындағы сыйластық.Ендеше,балалар,бір-біріңе адал,қамқор,тату дос болуларың керек.Қазіргі оқылатын әңгіме «Үш жолдас» деп аталады. |
Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын қайталайды. Балалар қуыршаққа таңдана қарады. -Иә дос боламыз. -Екі бала доппен ойнап жүр. - Балалар өз жауаптарын айтты. |
|
Ұйымдас-тырушылық Кезеңі |
Сергіту сәті: Зуылдаймыз зулаймыз, Алыс-алыс жерлерге. Бақытты біз достармыз. Тату-тәтті ойнаймыз. Сұрақ-жауап Әңгіме не жайында болды? -Шынайы дос қандай болуы керек? Мақал-мәтел айту. Досы көпті жау алмайды, Дұшпаны көпті дау алмайды. Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас. Билингвальды компонент: дос-друг, үш-три Дидактикалық ойын: «Менің досым » Допты лақтырып,қағып алған балаға педагог досының атын,білетін болса,достық туралы мақал-мәтел айтқызады. |
Өлеңді мұқият тыңдайды. Балалар жауап береді Балалар қимылмен орындайды. Досы көпті жау алмайды, Дұшпаны көпті дау алмайды. Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас. Қайталайды. дос-друг, үш-три сөздерін қайталайды. Ойынға белсене қатысты. |
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Балалар біз бүгін не туралы айттық? Балалар достар қандай болу керек? Сендер достарыңмен бірге тату ойнаңдар. Бір-біріңді ренжітпеңдер. |
Дос туралы. Біздің досымыз көп |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:шығарманың мазмұнын түсінді.
Қандай түсініктерді меңгерді:адал дос болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: мақал-мәтелдерді жаттауды.
МдҰ Әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Утепбергенова С.А.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: «Барыс»аралас ІІ кішілер тобы
Күні:
Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Өкпелеме»өлеңі.
Мақсаты: Шығарма мағынасын түсінуге,кейіпкерлердің қарапайым іс-әрекетін бағалауға,адамгершілік қасиеттерге сипаттама беруге үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: суреттер.
Биллингвальді компонент:көңіл –күй-настроение
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Ал балалар тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға солға түзу тұр. Солға,оңға түзу тұр. Жоғары төмен қарайық, Бойымызға күш жинап, Бір тынығып алайық. Әңгімелесу. -Ал,енді балалар,бәріміз орнымызға жайғасып отырайық. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ақын Мұзафар Әлімбаев атамыздың Өкпелеме өлең шумағын тыңдап көрейік. Өлеңді мәнерлеп оқу. Қане мына суретке қарап әңгіме құрастырайық.Бұл суретте екі баланың бір-біріне ренжіп тұрғаны көрініп тұр.Олар өкпелеп тұрған сияқты. Балалар сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер? -Қайсар, сенің достарың кім? -Неліктен оларды достарым деп атайсың? Дұрыс-ақ,балалар.Достық деген балалар екі адамның арасындағы сыйластық.Достар қиын сәтте бір-біріне көмектесу керек. Сергіту сәті: Зуылдаймыз зулаймыз, Алыс-алыс жерлерге. Бақытты біз достармыз. Тату-тәтті ойнаймыз. Сұрақ-жауап -Осы оқылған өлең? -Өкпелеме сөзін қалай түсінесіңдер? Дидактикалық ойын: «Көңіл күй» Ойын шарты: Мұндағы суреттерге қарап адамның қандай көңіл-күйінде екенін табу керек. |
Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын қайталайды. Өлеңді мұқият тыңдайды. -Амир,Данияр -Олар маған ойыншықтарын береді біздер үнемі бірге ойнаймыз.Біз бір-бірімізді ренжітпейміз. Балалар қимылмен орындады. Балалардың жауабы. Балалар ойынға қызыға қатысты. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: «Өкпелеме». Өлеңін қайталаумен бүгінгі оқу іс-әрекетін аяқтау.Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау. |
Балалар өлеңді қайталап,жаттайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: шығарманың мазмұнын түсінді.
Қандай түсініктерді меңгерді:Жақсы қасиеттерін сипаттай білуді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:«Өкпелеме» деген сөздің мағынасын түсінуді.
МдҰ Әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Искалиева Ж.Ж.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: «Барыс»аралас ІІ кішілер тобы.
Күні:
Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Аққу-қаздар»ойыны.
Мақсаты: қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету,өзге адамға мейірімділікті,қамқорлық қатынас білдіруді ниеттеуді жалғастыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: Аққу мен қаздар атрибуттары,қасқырдың маскасы немесе киімі.
Билингвальды компонент: Аққу-лебедь,қаз-гусь
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. Психологиялық сәт: Қаңқ,қаңқ қаздарым, Тізені сәл бүгіңдер. Қолды артқа ұстаңдар, Кәне,қазға ұқсаңдар, Тектен-текке тұрмайық, Мойындарды бұрайық, Бойымызға күш жинап, Бір тынығып алайық. Әңгімелесу. Бүгіңгі оқу іс-әрекетін «Аққу мен қаздар»ертегісінің желісі бойынша өте қызықты әрі тартымды ойын арқылы болады. Сұрақ-жауап -Ал,балалар, бүгін бізге сонау орманшылар елінен аңдар қонаққа келіпті.Олар өздерімен бірге қызықты ойын ала келіпті.Қазір біз сол ойынды өзіміз ойнап көрейік.Әрбір бала өз қалауы бойынша ұнаған атрибуттарын басына киіп,рөлге еніп,ойнап көрсетеміз. Ойын өте қызықты. -Ал ендеше,төрлетіңдер,орман аңдары! Қасқыр келіп,ойын шартын түсіндіреді.Ойын әрі қарай жалғасады. -Балалар,сендердің бүгінгі көңіл- күйлерің өте жақсы болған сияқты. Билингвальды компонент: Аққу-лебедь,қаз- гусь Дидактикалық ойын: «Үй құстары мен дала құстарын ажырат» Ойын шарты: үй құстарын үйдің суретіне дала құстарын ағаштың суретіне апарып жапсыру. |
Балалар шеңбер бойына тұрып,орындайды. Қаңқ,қаңқ қаздарым, Тізені сәл бүгіңдер. Қолды артқа ұстаңдар, Кәне,қазға ұқсаңдар, Тектен-текке тұрмайық, Мойындарды бұрайық, Бойымызға күш жинап, Бір тынығып алайық. Балалар тыңдайды. Аққу-лебедь,қаз- гусь Ойынға қызыға қатысты. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Сендерге ойын түрінде өткен оқу іс-әрекеті ұнадыма? -Ендеше бұл ойынды таза ауада серуенде жалғастырамыз.Ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. |
Балалардың жауабы. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі:Ұжымдық қатынаста ойнай білуді..
Қандай түсініктерді меңгерді: адамгершілік қасиеттерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері :ойынға қызығушылық танытады.
МдҰ Әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Утепбергенова С.А.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: «Барыс»аралас ІІ кішілер тобы.
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Түлкі мен Тырна»ертегі
Мақсаты: Балалар әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін,жүріс-тұрысын талдауға,оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары:Түлкі мен Тырнаның суреттері.
Билингвальды компонент: түлкі-лиса
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Шаттық шеңбері. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық, Жүрек жылуын салайық. Осы жақсы лебізді, Бір-бірімізге сыйлайық. Әңгімелесу. -Балалар бүгін біз «Түлкі мен Тырна» ертегісін Оқып,мазмұнын ашамыз. «Түлкі мен Тырна» Ертегісін оқып беру. Ертеде бір Тырна мен Түлкі болыпты.Түлкі бір күні тырнаны қонаққа шақырады.Тәрелкеге сүт құйып береді,оны тырна тұмсығы ұзын болғандықтан іше алмайды.Келесі күні тырна түлкіні қонаққа шақырып,сүтті құмыраға құйып береді,сол кезде түлкінің тұмсығы құмыраға сыймай іше алмайды. Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Сергіту сәті: Қанат жаям жалма жан, Талпынғандай ұшуға. Иіліп келіп қол созам Аяғымның ұшына. Сұрақ-жауап -Түлкі кіммен дос болыпты? -Түлкі қонағын қалай күтіпті? -Тырна түлкіні қалай күтіпті? Билингвальды компонент: түлкі-лиса Ертегіні сахналау. Дидактикалық ойын: «Бұл қай жануар?» Ойын шарты: Дала жануарларының қимылын жүрісін салу. |
Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын қайталайды. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық, Жүрек жылуын салайық. Осы жақсы лебізді, Бір-бірімізге сыйлайық. Ертегіні мұқият тыңдайды. Иә,ұнады. Қанат жаям жалма жан, Талпынғандай ұшуға. Иіліп келіп қол созам Аяғымның ұшына. Балалардың жауабы. Балалар ертегіні сахналады. түлкі-лиса сөздерін бірнеше рет қайталады. Балалар ойынға белсене қатысты. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
||
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: -Түлкі қандай аң? -Тырна қандай құс? Ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. |
Жабайы,қу, Мойыны ұзын. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: шығарманың мазмұнын түсінді.
Қандай түсініктерді меңгерді:ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Жақсы қасиеттерді.
МдҰ әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Искалиева Ж.Ж.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: «Барыс»аралас ІІ кішілер тобы.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Жаз»өлеңі.Абай
Мақсаты: Балалар жаз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау.Көктем мезгіліндегі ерекшеліктермен салыстыра отырып табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: Төрт жыл мезгілдерінің суреттері.
Билингвальды компонент: жаз-лето.
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық, Жүрек жылуын салайық. Осы жақсы лебізді, Бір-бірімізге сыйлайық. |
Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын қайталайды. |
|
Ұйымдастырушылық кезеңі |
Әңгімелесу. -Сурет бойынша әңгіме. (жыл мезгілдері) -Қазір жылдың қай мезгілі? -Олай болса бүгінгі іс-әрекетімізде Абай атамыздың «Жаз»өлеңін оқып беремін. Әрбір оқылған шумақтарға толық түсінік беру. Жаз. Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын бәйшешек. Ұзарып өсіп толғанда, Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда. -Жаздың қай айы туралы айтылған? -Тағы нелер туралы айтылған? Сергіту сәті: Қанат жаям жалма жан, Талпынғандай ұшуға. Иіліп келіп қол созам Аяғымның ұшына. -Сендерге жаз мезгілі ұнайды ма? -Жаз айларын ата. Қимылды ойын: «Тамшыларды жина» Ойын шарты:Екі топқа бөлінеді бір топ қыздар кішкентай тамшылар екінші топ ұлдар үлкен тамшылар.Әуен біткенде екіге бөлініп жиналып қалулары керек. Дидактикалық ойын: «Бұл қай мезгіл?» Ойын шарты: сурет бойынша қай мезгіл бейнеленгенін айтып ол мезгілдегі ерекшеліктер туралы оз ойларын айтады. |
Өлеңді мұқият тыңдайды. Балалар сұрақтарға толық жауап береді. Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды. Қанат жаям жалма жан, Талпынғандай ұшуға. Иіліп келіп қол созам Аяғымның ұшына. Балалар қимылмен орындады. -мамыр,маусым, шілде. Балалар ойын ойнайды. |
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. -Өлеңде не туралы айтылған? -Жазда күн қандай болады? Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау. |
Балалардың жауабы. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: өлеңнің мазмұнын түсінді.
Қандай түсініктерді меңгерді: Өлеңге сүйене отырып,жаз мезгілінің ерекшеліктерін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Сурет бойынша әңгіме құрастыруды.
МдҰ Әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Сапарова А.М.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: «Балбұлақ»ІІ кішілер тобы.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Жайлау»өлеңі.
Мақсаты: Шығарма кейіпкерлерінің әрекеттерінің жүріс-тұрысына эмоциялық ықпалдастық танытуға талаптандыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындау.
Әдіс- тәсілдіері:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.
Қажетті көрнекі құралдары: жайлау көрінісі бейнеленген суреттер,төрт түлік малдың макеттері.
Билингвальды компонент: жайлау-
|
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын |
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық, Жүрек жылуын салайық. Осы жақсы лебізді, Бір-бірімізге сыйлайық. Әңгімелесу. -Ал ендеше балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетінің ерекшелігі: барлығымыз шеңбер бойында ата-әжеміздің жайлауында отырғандай сезініп,әңгіме желісін тыңдаймыз. Сұрақ-жауап Балалар жайлауда нелер бар? -Қандай үй жануарларын білесіңдер? |
Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын қайталайды. -Сиыр,қой,ешкі, түйе жылқы. |
|
Ұйымдастырушылық Кезеңі |
«Жайлау» өлеңін оқу. Жаз келіпті дегенше, Жайлауға бардық дегейсің. Жайлаудағы ендеше қой-қозылар көбейсін. -«Жайлау »деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Жылдың неше мезгілі бар? -Жайлауға қай мезгілде адамдар қоныстанады? Мазмұнын сұрақ-жауап арқылы толық ашу. Суреттер бойынша жұмыс жүргізу. Сергіту сәті: Қанат жаям жалма жан, Талпынғандай ұшуға. Иіліп келіп қол созам Аяғымның ұшына. Билингвальды компонент. Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап» Ойын шарты: Балалар жануарлардың төлін тауып,енесінің қасына апарады.Және дыбысын салады. |
Өлеңді мұқият тыңдайды. -Балалардың жауабы. Балалар қимылмен орындады. Қанат жаям жалма жан, Талпынғандай ұшуға. Иіліп келіп қол созам Аяғымның ұшына. Балалар ойын ойнайды. |
|
Іс- әрекетті бағалау кезеңі |
Қорытынды: «Қошақаным»әнімен қорытындылау. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. «Төлдерін тап» ойынында Аяулым өте жақсы қатысты.Барлықтарың да сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. |
Балалар барлығы «Қошақаным»әнін айтып жайлаудан көңілді қайтты . |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Жыл мезгілдерін.
Қандай түсініктерді меңгерді: Жаз мезгілінің ерекшелігін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:«Жайлау»сөзінің мағынасын.
МдҰ Әдіскері: Куспанова Р.Х
Тәрбиеші: Аккулова Н.Д.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Тобы: «Балбұлақ» ІІ кішілер
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Берекелі күз»
Мақсаты: Күз мезгілдері туралы білімдерін толықтыру. Күз мезгілінің ерекшеліктеріне назар аударып, шығарманың мазмұнын түсініп, жаттай білуге, мәнерлеп айтуға дағдыландыру. Дауыс ырғағын келтіру. Көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, мадақтау;
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындық, көрнекіліктерді ілу.
Қажетті көрнекі құралдар: күз мезгілінің табиғаты бейнеленген сурет, жапырақтар, күз мезгілінде пісетін әр түрлі жемістер мен көкөністер;
Билингвальды компонент: Жапырақ-листья, жаңбыр-дождь, алтын күз – золотая осень;
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
«Шаттық» шеңбері Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Жарқыраған күнге.
Өрік, алма, шие, алша, Жеміс-жидек піседі. Қауын-қарбыз, қияр-сәбіз, Дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады. Ал, балалар айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? - Күз мезгілінің неше айы бар? Атап берейікші. - Күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады? - Өте дұрыс айтасыздар. Осы күз мезгілі туралы көп өлеңдер үйрендік, кім айтып бере алады? - Жарайсыңдар, ендеше балалар,біз бірақ көңіл-күйімізді көтеріп ойын ойнап алайық, келісесіздер ме? Дидактикалық ойын: «Не, қайда өседі?» Мақсаты: көкөністер мен жемістердің атын атауға, түсін, пішінін білуге, олардың бақта немесе бақшада өсетіндігін ажыратуға үйрету. Таңғажайып сәт. Есік қағылып, Пошташы кіреді. Балалармен амандасып, Мұзафар атайдың хаты мен сәлемдемесін әкеледі де, кетіп қалады. |
Балалар «Шаттық» шеңберіне жақсы көңіл-күймен жиналып, бір-бірімен жылы амандасты. - Саламатсыз ба, апайлар! Балалар тәрбиешінің оқыған жұмбақ-өлеңін тыңдап, шешімін тапты.
Ойынғабелсенеқатысып, ұйымдастырылғаноқуіс-әрекетінедегенқызығушылықтарыартты. Балалартаңырқады, хаттанежазылғанынбілгілерікелді. |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі |
Балалар, мен сендерге Мұзафар атайдың хатын оқып берейін: «Амансыңдар ма, балаларым, «Болашақ» тобының балалары өте ақылды, әдепті де естіп жатырмын, мен сендерге «Сары жапырақтар жауғанда» атты өлеңімді беріп жібердім, оқып жаттап алыңыздар және тапсырмамды орындасаңыздар, қорапшада сыйлығым бар». «Сары жапырақтар жауғанда» Т.Молдағалиев Күзде жауын, бұлт, тұман, Сары жапырақ жауады. Сары құйын ұйытқыған, Сапырады ауаны.
Өлеңді қайталатып, жаттату. Сергіту сәті. Таң атты, күн шықты, Аспанды бұлт жапты. Жел тұрды, жаңбыр жауды, Найзағай сарт-сұрт етті. Біз бұға қалдық. Тапсырма: «Күзгі жапырақтарды боя». Дайын суреттерді қоңыр, сары, қызыл түстерге бояту.
Жауып жаңбыр, Жер сабыр, Шөп жапырақ солады, Бұл қай кезде болады? Ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтап, қорапшадан шыққан балалардың аты жазылған алтын жапырақтарды үлестіру. |
Мұзафар атайдың хатын тыңдады. Өлеңді тыңдап, қайталап, жаттап алуға тырысты.
Бой сергіту сәтін қимылмен көрсетті. Тапсырманы қызығушылықпен орындады. Балалар қуанды, не бар екенін тезірек білгілері келді. -Күзде болады Балалар аттары жазылған жапырақтарды алып риза болды. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі |
Қорытынды. - Балалар, бүгінгі ұ.о.і.ә. сендерге ұнады ма? - Несімен ұнады? - Қандай тапсырма орындадық? - Қандай өлең жаттадық? - Мұзафар атайдың сыйлығы ұнады ма ? - Жарайсыңдар, сендер де жақсы қатыстыңыздар, рахмет, апайларға сау болыңыз деп айтайық, |
Балалардың толық жауаптары. Балалар мадақтауларға риза болды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Күз мезгіліндегі ерекшеліктерді біледі.
Қандай түсініктерді игерді: «Күзгі жапырақтардың» түстерін ажыратады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Өлең жаттауы артты,сөздік қорлары байыды.
МдҰ әдіскері: Қуспанова Р.Х.
Тәрбиеші: Сапарова .А.М.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тобы: «Балбұлақ» ІІ кішілер
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі : «Көркем әдебиет»
Тақырыбы:: «Көкөністер мен жемістер»
Мақсаты:Көкөніс туралы түсінік беру. Көкөністердң аттарын ажыратып, сөздік қорын молайту.Көкөністердің модулдық құрлымын меңгерту.Көкөністерді түсіне, пішініне, дәміне. Оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы білімдерін жетілдіру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу , дидактикалық ойын , түсіндіру, сұрақ жауап.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: оқу іс- әрекетіне көңіл бөлгізу.
Қажетті көрнекі құралдар: көкөністердіңсуреттері
Билингвальды компонент: көкөністер- овощи, жемістер- фрукты.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс–әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
|
Жылулық шеңбері: Тәрбиеші балалардың назарын ортада тұрған себетке Аударып, оны алтын күздің сыйымен толтыруды ұсынады.бір көкөністен алып, себеттің ішіне алғыспен толтырады. Қайырымды күз, қызыл қызанақ үшін рахмет! Қайырымды күз, жасыл қияр үшін рақмет! Сары алтындй сары күз, ақ қырыққабат үшін рахмет! Сары алтындай сары күз, қызғылт асқабақ үшін саған рахмет! |
Амандасу. Қайырымды күз, қызыл қызанақ үшін рахмет! Қайырымды күз, жасыл қияр үшін рақмет!
|
|
Ұйымдастырушылық Ізгденіс кезең
|
Балалар қазір күз мезгілі екенін жақсы білеміз. Күзде нелер піседі? Жемістер мен көкөністер, дұрыс. Олардың адамға пайдасы бар ма? Қандай пайдасы бар? Балалар қарайықшы үстелде не көріп тұрмыз? Жемістер қайда өседі? Мынау не? Банан дөңгелек пе, сопақша ма? Алманың түсі қандай? Ол тәтті ме , ащы ма? Ал, алмұрт қатты ма, жұмсақ па? Алмұрттың түсі қандай? Ал оның дәмі қандай? Сондай ақ, көкөністерде күзле піседі. Көкөністерді атап айтайықшы? Көкөністерде адам денсаулығына өте пайдалы.
|
Жемістер мен көкөністер Бар Денсаулыққа, витаминдері бар. Жемістер Ағашта Банан Сопақша Қызыл, тәтті болады Жұмсақ Сары Тәтті Картоп, орамжапырық, қызанақ, қияр, |
|
|
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Шеңбер жасап алайық Бір отырып, бір тұрып Бір тынығып алайық. «Қонжықты қуантайық »ойыны Бізге қонжық «ойыншық» қонаққа келді. Қонжықты мадақтап тәтті бал, жемістер берейік онымен жасырынбақ ойнайық. Қонжық, қонжық бал жейсіңбе? Алма жейсіңбе? Балалар ойыншықпен сөйлескенде жылы сөз айту керек, мысалы, «Кішкентай қонжығым мен саған дәмді алма бергім келеді?» содан кейін балалар қонжықпен жасырынбақ ойнайды. «Алма» ертегісін әңгімелеу. Орман аралап жүрген Қоян жабайы ағаштың басында өсіп тұрған жалғыз алманы байқап қалады. Алма өте биікте секіріп жете алмайсың! Тәрбиеші алманы жоғары көтеріп , балалардың қоян сиықты секіріп алманы алуын ұсынады. Кім алманы тап? Ал, алманы кім үзіп алды? Кім оны ұстап алды? Жақсы балалар, ертегіні жақсы ұққан екенсіңдер Биллингвальді компонент: көкөністер овощи, жеміс фрукты. Көкөністер адам денсаулығына өте пайдалы. Жемістер мен көкөністерді көп жесендер жақсы болып өсесіндер |
Бойларын сергітіп екі, үш рет жасайды. Ойыншық Қонжық келеді. Балалар қонжыққа жылы сөздер айтып жеміс береді, жасырынбақ ойнайды. Қоянға ұқсап секіреді. Қоян Қарға Кірпі Екі , үш рет қайталап айтады. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
Жылулық шеңбері: Балалар бүгін біз не білдік? Олардың пайдасы бар ма? Хормен айту. Ағаш, бұта , жасыл шөп! Жайқалып өскен гүлдер көп! Рақмет саған, қайырымды жер! Бізге берген таза ауа көлеңкені! Жапырақ жидек пен жемістер! Рахмет саған ,ғажайып өсімдіктер! Сау болыңыздар! |
Ағаш, бұта , жасыл шөп! Жайқалып өскен гүлдер көп! Рақмет саған, қайырымды жер! Бізге берген таза ауа көлеңкені! Жапырақ жидек пен жемістер! Рахмет саған ғажайып өсімдіктер! Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
Нені
біледі: Көкөністер мен жемістерді
ажырата алады.
Қандай түсініктерді игерді
: Жемістер мен көкөністердің
пайдасы мол екенін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жемістер ағашта өсетінін меңгерді.
МдҰ әдіскері: Қуспанова Р.Х.
Тәрбиеші: Сапарова А.М
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Тобы: « Балбұлақ»ІІ кішілер
Күні:
Білім беру саласы: "Әлеуметтік орта"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы:" Нан дастарханға қалай келеді?"
Мақсаты: Балаларға нан туралы,оның шығу тарихы туралы түсінік беру.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Нан туралы тыйым сөздерді, тақпақты оқыту.
Қажетті көрнекі құралдар: нанның дастарханға келуі бейнеленген сурет,ұн.бидай,арпа.
Билингвальды компонент: нан-хлеб-bread , ұн-мука.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
||
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
|
«Шаттық» шеңбері Күлімде, күн, күлімде, Бүлдіршіндер қуансын. Қырдың қызыл гүліндей, Қолдарына ту алсын! Қайырлы күн балалар?! |
Балалар «Шаттық» шеңберіне жақсы көңіл-күймен жиналып, бір-бірімен жылы амандасты. |
||
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі |
-Балалар,біз бүгін нанның дастарханға қалай келетінін әңгімелейміз. Нанның қандай түрлері бар екен? Айтыңдаршы. -Дұрыс ,балалар, нан ақ нан,қара нан, батон нан, бөлке, бауырсақ, немесе тәтті бөлкелер, тоқаштар болып бөлінеді екен. Нанның неден пісіретінін білесіңдер ме? -Әрине, ұннан пісіреді.Ал ұнды қайдан алады? -Адамдар алдымен жерді трактормен жыртады, кейін тұқым себеді.Оны суарады.Күзде егін піседі оны комбайнмен жинайды. Диірменге апарады,бидайдан ұн дайындайды. |
Балалар тақтадағы суретпен жұмыс істейді. |
||
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
Енді ұнды қайда апарады деп ойлайсыңдар? -Наубайханаға апарады,наубайшылар ұннан неше түрлі нан пісіреді. Пісірілген түрлі нанды дүкендерге жібереді. Сергіту сәті: Нан қоқымын шашпандар, Жерде жатса баспандар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастандар. Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Тез боя» Суретте берілген батон нанның бір бөлігін бояу.
Тыйым сөздермен таныстыру. -Балалар,нан бізге оңай жолмен келмейді екен, сол себепті нанды қастерлеуміз керек. Нан қиқымын шашпа, қалдығын тастама.Нанды бір қолмен үзбе. Нанды тауысып жеу керек. |
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар бойларын қимыл -қозғалыс арқылы сергітеді.
Балалар барлығы бірдей бояиды. Балалар тәрбиешімен бірге тыйым сөздерді қайталайды. |
||
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
-Балалар нан дастарханға қалай келеді? -Нанның қандай түрлері бар?
Балаларды мадақтау. |
Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарға толық жауап берді. Тәрбиешінің мадақтауларына ризашылық білдірді. |
||
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: нанның түрлерін,олардың қалай аталатынын
Қандай түсініктерді игерді: нанның дастарханға келу жолын
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: нан туралы тыйым сөздерді жаттап, үлкендердің еңбегін құрметтей білуді
МдҰ әдіскері: Қуспанова Р.Х.
Тәрбиеші:Аккулова Н.Д.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Тобы:«Балбұлақ» ІІ кішілер
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: « Көктем»
Мақсаты:Балаларға көктем мезгілі туралы түсінік беру,көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтып әңгімелеуге үйрету,жер ананың оянуы арқылы табиғат түрлерін көркейтіп әдеміленетіндігін ұғындыру.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар:Көктем туралы әңгімелеу.
Әдіс – тәсілдер: әңгімелесу,сұрақ-жауап, ойын,түсіндіру
Қажетті көрнекі құралдар: Көктем мезгілі бейнелнеген мазмұнды суреттері
Билингвальды компонент:көктем-весна,гүл-цветы,құс-птица.
|
Іс – әрекетКезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс –әрекеті |
|
Cебепті қызығушылығын ояту кезеңі
|
Жылулық шеңбері: Қары еріп даланың, Арықтардан су ақты. Ақ жүзіндей ананың, Күнде келді шуақты. |
Қары еріп даланың, Арықтардан су ақты. Ақ жүзіндей ананың, Күнде келді шуақты |
|
Ұйымдас- тырушылық ізденіс кезеңі
|
Таңғажайып сәт. -Балалар бізге Ару көктем хат жолдапты.(тәрбиеші оқиды) «-Балалар,сендердің көктем мезгілі туралы білімдеріңді білгім келеді,маған хат жолдаңдар» -Балалар,біздер көктем ерекшеліктерін білеміз бе? -Көктем қандай болады? -Көктемде неше ай бар? -Көктемде ағаштарда қандай өзгеріс болады? -Жерде,далада қандай өзгерістер болады? Сурет бойынша әңгіме: «Жер ананың оянуы» Көктем мезгілінде сонымен қатар ұйқыға кеткен жануарлар мен жәндіктерде оянады.Ағаштар бүршік атады. Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?» М/ы:Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру. Балалар өте жақсы,ойынға белсене араласа білдіңіздер. Менің сіздерге көктем мезгілінде болатын қызғалдақ гүлі туралы ертегі айтып бергім келіп тұр тыңдайсыздарма? «Қызғалдақ» ертегісі.Балаларға айту,ертегіні талдау. Көктемде құстар ұшып келеді.Алғаш ұзақ,қараторғай,қарлығаш; Су құстары:аққу,қаз келеді.Құстарға қамқорлық көрсетіп,өсіп-өнуіне жағдай жасау керек,ұя жасаймыз,жем шашамыз.Көктемнің алғашқы күндерінен бастап қылтиып гүлдер өседі.Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады.Қалың қарлар еріп,жылғалардан су ағады.Күн ұзарып,түн қысқара бастайды.Күн жылынады. -Балалар,біз Ару көктемге көктем мезгілінің әдемі көріністерін бейнелеп,салып жіберейік. Сергіту сәті. Табиғат неткен көрікті, Жапырақтай жайқалып. Гүлдей жайнап өсеміз, Бір отырып,бір тұрып, Билеп-билеп аламыз Дидактикалық ойын:(сөзді аяқта) Мақсаты:Тәрбиеші көктем мезгіліне байланысты сөйлем айтады.Баланың тапқырлығын ақыл-ойын дамыту. |
-Балалар Ару көктемнің хатын мұқият тыңдады.
Көктемде қар еріп,күн жылынады.Жылы жақтан құстар ұшып келеді, -наурыз,сәуір,мамыр. -Ағаштар бүршік жарады.
Балалардың жауабы.
Балалар сурет бойынша әңгімелейді. -күн жылынады, Қар ериді, Жылғалардан су ағады, Жыл құстары оралады т.б. Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?»
балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды -Ия,ертегі тыңдаймыз. -ертегіні белсенді тыңдап,айта алады.
-Балалар Ару көктемге арнап көктем мезгілінің суретін салады. Сергіту сәті. Табиғат неткен көрікті, Жапырақтай жайқалып. Гүлдей жайнап өсеміз, Бір отырып,бір тұрып, Билеп-билеп аламыз Балалар ойынды қимылмен,қызығушылқ пен ойнайды. |
|
Іс – әрекеттің бағалау кезеңі |
-Балалар,бүгін бізге кімнен хат? -Балалар не жайында әңгімелестік? Балаларды жеке-жеке бағалау,мадақтау, мақтау. |
-Ару көктемнен. Балалар көктем мезгілі туралы білгендерін айтып береді. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Көктем мезгілін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін\.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сурет бойынша әңгіме құрай біледі.
МдҰ әдіскері: Қуспанова Р.Х.
Тәрбиеші:Сапарова А.М.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: «Балбұлақ» ІІ кішілер
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Аспан алемі».
Мақсаты: Күн, ауа, жаңбыр туралы түсініктерін қалыптастыру. Мазмұнына қарай сұрақтарға жауап беруге, дыбысты, сөзді, сөйлемді анық айтуға үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Күн, су, ауа туралы өлең, мақал-мәтел айту.
Әдіс – тәсілдер: әңгіме, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Қажетті көрнекі құралдар: Күннің, жаңбырдың, табиғаттың мазмұнды суреттері. .
Билингвальды компонент: күн-солнце, аспан-небо, жаңбыр-дождь, су-вода.
|
Іс – әрекет Кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс –әрекеті |
|
Cебепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Шаттық шеңбер: Алақанымызды ашайық. Күннің нұрын салайық. Таза ауадан салайық, Жүрек жылуын салайық Мейірімділік шоғын салайық Жиналған жылы шуақты Қонақтарға шашайық! |
Балалар мәтінге байланысты қимыл-қозғалыс жасайды. |
|
Ұйымдас- тырушылық ізденіс кезеңі |
Әңгімелесу. Бізді қоршаған ортаны қалай атаймыз?Адам өміріне табиғатта ең қажет не?
-Жарайсыңдар балалар! Менде сендерге қосыламын. Су қонаққа келеді. -Сәлеметсіңдер ме,балалар! -Мен жаңбырмын, сумын Табиғатқа тіршілік беретін менболамын. Біз су туралы көп білеміз. -Балалар сендер судың қандай қасиеттерін білесіңдер? -Судың қандай пайдасы бар? Егерде жауын жаумаса, тобымыздағы гүлдер-імізді суармасақ не болар еді?
-Су туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?
-Рахмет сендерге балалар, мен туралы көп біледі екенсіңдер. Келіңдер, ойын ойнайық. Ән ырғағымен жауын-су билеп жүреді. Сергіту сәті:
-Сау болыңдар балалар! Осы кезде ән ырғағымен Күн шуақ келеді. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені таныдыңдар ма? Мен табиғаттың бір бөлшегі Күн шуағымын. Барлығыңмен дос болуды қалаймын. - Күн шуағы, біз сені жақсы көреміз. Балалр сен туралы көп әңгіме біледі. -Балалар күн шуағы туралы не білесіңдер? Егерде өсімдіктерге жылу бермесе, жарық бермесе қандай жағдай болады?
-Жарайсыңдар балалар, мен туралы көп әңгіме біледі екенсіңдер! Дидактикалық ойын: «Аспан мен күн» Сау болыңыз! |
-Менің ойымша адам өміріне табиғатта ең қажет су, өйткені сусыз өмір жоқ. - Менің ойымша адам өміріне ең қажет күн шуағы,өйткені ол бізге жарық және жылу береді. - Менің ойымша адам өміріне ең қажет ол жер, егерде жер болма-са тіршілік болмайды. - Менің ойымша ең қажет ауа, өйткені ауа болмаса біз дем ала алмаймыз.
-Сәлеметсізбе!
-Иісі жоқ, түссіз, мөлдір. Өзен, көл, мұхит сулары буға айналып, қайта жаңбыр болып жауады. -Су барлық тіршілікке қажет, біз сумен гүлдерді, өсімдіктерді суарамыз. Тамақ пісіреміз, кір, қол, ыдыс жуамыз. Су анасы- бұлақ Сусыз тіршілік жоқ. Судыңда сұрауы бар Балалар қолшатырдың астына тығылады. Көңілді музыка ойнағанда жауын- су қозғалмай бір орында тұрады, ал балалар жүгіріп,секіріп ойнайды.
-Сәлеметсізбе! -Күн шуағы көңілді, бізге жылу, жарық береді. Қараңғы болса өсіміктер өспейді, өңсіз болады, жылу бермесе
өсімдік тоңып қалады, тоңса қурап, солып қалады. Айналаның бәрі көңілсіз болады. Нұрланып күн тұрса Күллі әлем жайнайды Жер беті құлпырса Бұлбұлдар сайрайды.
балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. |
|
Іс – әрекеттің бағалау кезеңі |
- Не жайлы әңгімелестік? -Бүгін бізге кімдер қонаққа келді? -Олар қандай өтініш білдірді?
-Олармен қалай дос болуымыз керек? -Табиғатты қалай қорғау керек?
ҰОІӘ жақсы қатысқан балаларды бағалау |
-Табиғат туралы. -Су мен күн шуағы. -Табиғатпен дос болуды ұсынды. -Табиғатты аялап күтіп, табиғаттың берген байлығын шашпау керек. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: : Судың, жылудың, ауаның адам өміріне пайдасын.
Қандай түсініктерді игерді: Табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Табиғаттың барлық бөлшектерімен дос болу.
МдҰ әдіскері: Қуспанова Р.Х.
Тәрбиеші:Аккулова Н.Д.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Тобы: «Балбұлақ» ІІ кішілер
Күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: « Қыс қызығы»
Мақсаты: Қысқы табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін арттыру. Өлеңді тыңдай білу дағдыларын қалыптасытру. Шығарманы жаттай білуге үйрету.Қыс мезгілін суреттей білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу , дидактикалық ойын , түсіндіру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: оқу іс әрекетіне көңіл бөлгізу.
Қажетті көрнекі құралдар: суреттер, қыс бейнесінің суреті.
Билингвальді компонент: қар снег, қыс зима,аяз ата дед мороз.
|
Іс-әрекет Кезеңдері |
Тәрбиешінің іс –әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
|
Жылулық шеңбері: Балалар көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңберге тұрайық. Армысың алтын күн Армысың жер ана Армысың көк аспан Армысың жан досым Жылуыма жылу қосқан Міне менің қолым. |
Балалар барлығы қол ұстасып бір біріне жылу сыйлайды. Балалар тәрбиешімен амандасады. Сәлеметсізбе! |
|
Ұйымдастырушылық Ізгденіс кезеңі
|
Қыс мезгілі жайлы әңгімелеу: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Атап өтейікші? Қыста не жауады? Үйдің шатырынан, ағаштың басынан, жерден не көріп тұрсыңдар? Қар қандай? Қар жылы ма? Сендер қалай киініп жүрсіндер? Далада қыс мезгілі. Қыста айналаның бәрі аппақ қар болады. Қар суық, оны қолғапсыз ұстайға болмайды. Қыста адамдар жылы киініп жүреді. Жұмбақ жасыру: Қыста ғана болады, Ұстасан қолын тонады. Ол не? |
Қыс мезгілі Үш ай Желтоқсан, қаңтар, ақпан Қар жауады Қарды Аппақ Салқын Жылы киініп жүрміз. Балалар мұқият тыңдайды. Қар |
|
|
Сергіту сәті: Аппақ қылып өңірді Қар жауды! Қар жауды! Көңілді балалар Қызығып секірді. Балалар қыста қандай мерекені қарсы аламыз? Дұрыс. Жаңа жыл. Жаңа жылда бізге кім келеді? Аяз атамен Ақшақар. Аяз ата өте мейірімді, барлық балаларға сыйлық береді. Аяз атасыз мереке өтпейді. Сендер аяз ата арнап өлеңдер айтасыңдар. Жұмбақ жасыру: Тікен тікен тік пісте Қысы, жазы бір түсте. Ол не? Қарайықшы шыршаның бұтақшаларында не бар? Инелер қандай? Шырша безендірілген бе? Шыршада не ілініп тұр? Балалар бұның бірі қыс мезгілінде болатын мереке. Ендеше өлең жаттайық. «Қыс» өлеңі,оқу,жаттау Қыс келді,қыс иықтап Қалды аюлар ұйықтап Қыс келді,қыс мұз –қарлы Қыраулы да,ызғарлы Қыс келді,қыс боранды Қырат көрпе оранды. «Ақшақар» ойыны Балаларды шеңберге жинап, алдын ала дайындалған ақшақарды балалардың қолына береді. Олар әртүрлі ақшақарды бір біріне беріп, ойнап көреді. Өте жеңіл ақшақар. Суық ақшақар. Ауыр ақшақар. |
Алақандарын ашу Қолдарын сермеу Қолдарын шапалақтау Орындарында секіреді. Жаңа жылды Аяз ата. Шырша. Инелер Өткір, жасыл, тікен Ия Ойыншықтар. Сақалы аппақ күмістей Тістері аппақ күріштей Қызыл ала шапаны Сағындым аяз атаны Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. Ойынды қызығушылықпен ойнайды. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
Жылулық шеңбері: Оқу іс әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Қыс мезгілі ұнайма? Сау болыңыздар |
Ұнайды. Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Қыс жылдың суық мезгілі.
Қандай түсініктерді игерді : Қыста адамдар жылы киінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өлеңді жаттай біліуді меңгерді.
МдҰ әдіскері: Куспанова Р.Х
МдҰ тәрбиеші: Сапарова А.М
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: «Балбұлақ» ортаңғы тобы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: « Асыл жанды ана»
Мақсаты: Балаларға аналар мерекесі туралы білім беру. Аналарына,апа,сіңілі,қарындастарына үнемі қамқор болып ,аялай білу сезімдеріне тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Оқу іс-әрекетіне көңіл аударту
Қажетті көрнекі құралдар:Көрнекіліктер, аналарға арнап гүл салғызу
Биллингвальды компонент: Аналар мерекесі – праздник наших мама,көктем-весна
|
Іс-әрекет Кезеңдері |
Тәрбиешенің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
|
Шаттық шеңбері: Күлімдеп күн бүгін, Қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін Қарады саған да Шуағын шашып нұр, Сәлем күн анаға! - «Айналайын мама» әнің тыңдату. Балалар зер салып тыңдап отырыңдар,қандай ән тыңдағандарынды айтып бересіңдер. -Балалар сендер қандай ән тыңдадыңдар? -Әннің аты қалай аталады? -Дұрыс, «Айналайын мама» әнің тыңдадық -Балалар кім аналар туралы өлең,тақпақтар біледі? -Балалар қазір көктем мезгілінің алғашқы күндері.Көктемде күн жерді қыздырып,табиғаттағы бар тіршілік иелері оянып жер-анадан күш алады. -Балалар көктем айларын атайықшы: Наурыз,Сәуір,Мамыр. -Көктем мезгілінің алғашқы айы Наурызда қандай мерекелерді тойлаймыз? Дұрыс айтасыңыз.Көктемнің ең алғашқы мерекесі біздің ең сүйікті аналарымыздың мерекесі.Дүниеде ең қымбатжан-ол ана.Ана саған туғаныңнан бастап,азамат болғаныңша қамқор болады.Сіздерде аналарыңызды сыйлап,көмектесіп,қамқор болып жүрулеріңіз керек. |
Күлімдеп күн бүгін, Қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін Қарады саған да Шуағын шашып нұр, Сәлем күн анаға! Ана туралы Айналайын мама Балалар ана туралы жаттаған тақпақтарын айтып береді. -Наурыз,Сәуір,Мамыр. -Аналар мерекесін,Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлаймыз. |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
Өмірдегі ең жақсы сөз-ана,мама! Ана-өмірдің гүлі. Мен сендерге «Анам менің » атты өлең жлдарын оқып беремін . -Балалар өлең жолдары кім туралы? -Аналар мерекесі қай күн? -Сендер аналарына көмектесесіңдер ме? -Сендер мамаларындынды ренжітіп алғанда не істейсіңдер? Сергіту сәті: Апам үшін күнде мен,отынға ағаш жарамын. Су құямын гүлге де,дүкенге де барамын. Сыпырамын үй ішін,жуам аяқ-табақты. Жылай қалса,бөпемді,жұбатамын ойнатып. -Қозым,алтыным,құлыным,ботам бұл сөзднрді сендерге кім айтады? -Дұрыс,мамамыздың еңбегін бағалауымыз керек. Анамыз бізге ең қымбат жан. Мамаларыңды сендер жақсы көресіңдер ме? -Балалар сендердің әжелерін бар ма? -Әжеміз біз үшін не істейді? «Әже мен немере» ертегісін оқып беру. Желілі-рөлді ойын: «Сыйлықтар дүкені» М/ы:Балалар қиялын,ұқыптылыққа,сыйлық таңдай білуге баулу. |
Ұлттық киімдерді Аналар туралы 8-наурыз Ия Кешірім сұраймыз Сергіту сәтін орындайды Анамыз Ия Бар Тамақ пісіреді,ертегі оқып береді Ертегіні тыңдап,сұрақтарға жауап береді |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
«Аналар күні » атты дидактикалық ойының ойнату Аналарына арнап гүлдің суретін салғызу Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Балаларды мадақтау. |
Ойынды ойнап,аналарына арнап гүлдің суретін салады. Қойылған сұрақтарға жауап беріп,белсенді қатынасады. . |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Аналар мерекесі туралы біледі
Қандай түсініктерді меңгерді: Ана -өмірдегі ең қымбат жан екенің меңгерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: аналарына арнап гүлдің суретін салып үйренді
МдҰ әдіскері: Куспанова Р.Х.
Тәрбиеші: Сапарова А.М
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Тобы: «Балбұлақ» ІІ кішілер тобы
Күні:
Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қайырымдылық»
Мақсаты;Шығарманы оқып беру арқылы түсініктерін қалыптастыр;Әңгімелеп беруге,диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге дағдыландыру; Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Қажетті құралдарды дайындау.
Әдіс тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын
Қажетті көрнекті құралдар: суреттер, слайд
Биллингвальді компонент:Қамқорлық-забота
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Шаттық шеңбері Үлкенгеде де-сіз, Кішігеде де-сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. |
Шаттық шеңбері Үлкенгеде де-сіз, Кішігеде де-сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі |
Кіріспе әңгіме -Балалалар қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер? -Сендер кімге қамқорлық жасай аласыңдар? -Бізге үйде,балабақшада кімдер қамқорлық көрсетеді? -Ендеше,бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелесеміз. Сергіту сәті Ал,балалар, келіңдер, Бой жазайық бәріміз Мойнымызды бұрамыз, Қолымызды созамыз, Топ-топ басып аяқпен, Орнымызға барамыз. Сұрақ-жауап арқылы әңгіменің мазмұнын ашу. -Әңгіме не туралы? -Нақысбек қандай іс істеді? -Нақысбектің істегені неге дұрыс деп ойлайсыңдар? -Осы оқиғаға ұқсас жағдай сендерде кездестіме? -Назымбек неге көмектеспеді? - Балалар суреттен нені көріп тұрсыңдар ? Балалар тағы нені көріп тұрсыңдар? -Балалар қарлығаш адамның досы,оның ұясы бұзылып қалыпты, біз оған ұя жасап береміз бе? -Балалар ұя төртбұрыш,дөңгелек болады. Мына пішіндерден ұя жасап жапсырамыыз. Балалар ұяда не болады? Балалар үлгіге қарап пішіндерді пайдаланып, ұя жапсырады -балалар ұяны көктемде жасайды,себебі құстар жылы жақтан қайтады. «Дауысынан таны» ойыны Музыка ойнайды.Құстардың дауысын тыңдап, сол бойынша қай құстың дауысы екенін ажыратады, және суретін тауып көрсетеді. «Кім тез» ойыны Кішкентай карточкаларда әртүрлі құстар,үй жануарлары,жабайы аңдар,үй құстары,т.б суреттері салынған. |
Біреуге көмектесу,қиын сәттерде қол ұшын беру. Құстарға,достарымызға,табиғатқа,т.б. Аға-әпкелер. Бой сергітіп қимылдар жасайды. Балалардың жауабы. Құстарды торғай, көгершін,қарлығаш, т,б. балапандары бар -Жасап береміз -Балапан Балалар тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдады. Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі |
Қорытындылау. -Бүгін біз үлкендерге,кішілерге қол ұшын беріп,қамқор болуға үйрендік.Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес,қайырымды ісінен ғана танимыз. Біз қайрымды баламыз, Тек жақсылық ойлаймыз. Кішілерге қамқор боп, Үлкеннің тілін аламыз. |
Біз қайрымды баламыз, Тек жақсылық ойлаймыз. Кішілерге қамқор боп, Үлкеннің тілін аламыз. |
Күтілген нәтиже:
Нені біледі: шығарманың мазмұнын.
Қандай түсініктерді игерді: үлкенге құрмет,кішіге ізет білдіруді.
Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: бір-біріне көмек беріп,ренжітпей,сыйлау керек екендігін.
МдҰ әдіскері: Куспанова Р.Х.
Тәрбиеші:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Тобы: «Балбұлақ» ІІ кішілер тобы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қайырымдылық»
Мақсаты;Шығарманы оқып беру арқылы түсініктерін қалыптастыр;Әңгімелеп беруге,диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге дағдыландыру; Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Қажетті құралдарды дайындау.
Әдіс тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын
Қажетті көрнекті құралдар: суреттер, слайд
Биллингвальді компонент:Қамқорлық-забота
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Шаттық шеңбері Үлкенгеде де-сіз, Кішігеде де-сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. |
Шаттық шеңбері Үлкенгеде де-сіз, Кішігеде де-сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі |
Кіріспе әңгіме -Балалалар қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер? -Сендер кімге қамқорлық жасай аласыңдар? -Бізге үйде,балабақшада кімдер қамқорлық көрсетеді? -Ендеше,бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелесеміз. Сергіту сәті Ал,балалар, келіңдер, Бой жазайық бәріміз Мойнымызды бұрамыз, Қолымызды созамыз, Топ-топ басып аяқпен, Орнымызға барамыз. Сұрақ-жауап арқылы әңгіменің мазмұнын ашу. -Әңгіме не туралы? -Нақысбек қандай іс істеді? -Нақысбектің істегені неге дұрыс деп ойлайсыңдар? -Осы оқиғаға ұқсас жағдай сендерде кездестіме? -Назымбек неге көмектеспеді? - Балалар суреттен нені көріп тұрсыңдар ? Балалар тағы нені көріп тұрсыңдар? -Балалар қарлығаш адамның досы,оның ұясы бұзылып қалыпты, біз оған ұя жасап береміз бе? -Балалар ұя төртбұрыш,дөңгелек болады. Мына пішіндерден ұя жасап жапсырамыыз. Балалар ұяда не болады? Балалар үлгіге қарап пішіндерді пайдаланып, ұя жапсырады -балалар ұяны көктемде жасайды,себебі құстар жылы жақтан қайтады. «Дауысынан таны» ойыны Музыка ойнайды.Құстардың дауысын тыңдап, сол бойынша қай құстың дауысы екенін ажыратады, және суретін тауып көрсетеді. «Кім тез» ойыны Кішкентай карточкаларда әртүрлі құстар,үй жануарлары,жабайы аңдар,үй құстары,т.б суреттері салынған. |
Біреуге көмектесу,қиын сәттерде қол ұшын беру. Құстарға,достарымызға,табиғатқа,т.б. Аға-әпкелер. Бой сергітіп қимылдар жасайды. Балалардың жауабы. Құстарды торғай, көгершін,қарлығаш, т,б. балапандары бар -Жасап береміз -Балапан Балалар тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдады. Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі |
Қорытындылау. -Бүгін біз үлкендерге,кішілерге қол ұшын беріп,қамқор болуға үйрендік.Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес,қайырымды ісінен ғана танимыз. Біз қайрымды баламыз, Тек жақсылық ойлаймыз. Кішілерге қамқор боп, Үлкеннің тілін аламыз. |
Біз қайрымды баламыз, Тек жақсылық ойлаймыз. Кішілерге қамқор боп, Үлкеннің тілін аламыз. |
Күтілген нәтиже:
Нені біледі: шығарманың мазмұнын.
Қандай түсініктерді игерді: үлкенге құрмет,кішіге ізет білдіруді.
Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: бір-біріне көмек беріп,ренжітпей,сыйлау керек екендігін.
МдҰ әдіскері: Куспанова Р.Х.
Тәрбиеші:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Кәусар» ІІ кішілер тобы
Күні: 01.05.2017ж
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бәріміз үшін бәріде» өлең Юлиан
Мақсаты:Ұлттар достығы туралы түсінік беру,ұлттар достығы туралы білімдерін бекіту.Өзге ұлт өкілдеріне құрмет сезімін қалыптастыру. Достық туралы түсінік беру, достыққа татулыққа тәрбиелеу.Сөздік қорларын дамыту
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Оқу іс-әрекетіне дайындық,жылулық шеңбері
Қажетті көрнекі құралдар:Ұлттар бірлігі күніне арналған суреттер.
Билингвальді компонент: Достық-дружба, дос-друг
|
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
|
Сәлеметсіздерме балалар. Жылулық шеңбері: Кәне, кәне тұрайық Үлкен шеңбер құрайық Қандай жақсы бір тұру Достарменен бір жүру Қандай жақсы дос болу Қандай жақсы көп болу Кіріспе: Балалар бүгін достық туралы айтамыз, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар. Екі достың суреті, олардың дос екенін қалай байқауға болады.Иә олай болса мен сендерге «екі дос» ертегісін оқып беремін . Қане бәріміз тыңдаймыз ба? Балалар біздер қандай елде тұрамыз Отанымыз Қазақстан, біздің елде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олардың барлығы біздің елде тату-тәтті тұрып жатыр. Балалар достар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүрулері қажет.Балалар енді біраз серігіп алайық. |
-Сәлеметсіз бе? Балалар жылулық шеңберіне жиналып, бір-бірімен амандасады. Өлеңді 2-3рет қайталап айтады Достардың сурет ертегіні тыңдаймыз |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Алақанды ұрайық Оңға қарай иіліп Солға қарай иіліп Айналаға қарайық Отырайық,тұрайық Қимылды ойын: «Достық көпірі» Шарты:Балалар екі қатарға тұрады, Қолдарынан ұстайды.Тәрбиеші балалардың қолдарының үстінен допты жүргізеді. Өлең жолдарын жаттаймыз. Мен айтамын сендер менімен бірге қайталайсыңдар. Бір шаңырақ астында Дос болайық бәріміз Қол алысып қашанда, Бір жүрейік бәріміз Балалар біздің топта барлығымыз тату –тәтті ойнаймыз. |
Орнымыздан тұрайық Алақанды ұрайық Оңға қарай иіліп Солға қарай иіліп Айналаға қарайық Отырайық,тұрайық
Балалар өлеңді 2-3 рет қайталайды.
|
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
Балалар бүгінгі іс-әрекетімізде немен таныстық? Балалар біз әрқашан дос болып жүруіміз қажет. Достарыңды ренжітпей бірге ойнаңдар. |
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Достық туралы түсінік берілді
Қандай түсініктерді меңгерді: Досты сыйлауды ,бірлесе ойнауды түсінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері :Достық туралы өлең айтып үйренді
Бөбекжай әдіскері: Куспанова Р.Х.
Тәрбиеші:Искалиева Ж.Ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген