Сабақтың
тақырыбы: «Күз
кереметі».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Күз мезгілі туралы түсінік
беру. Көкөністер мен жемістердің аттарын ататып, ажырата білуге
үйрету.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.
Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын
молайту. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың
типі: Жаңа білім
беру
Сабақтың
түрі: Дәстүрлі
Сабақтың
әдіс-тәсілері: Түсіндіру, баяндау,
сұрақ-жауап, әңгімелесу
Көрнекілігі: жыл мезгілі бейнеленген
суреттер, жемістердің суреті, күн бейнеленген сурет,
фишкалар
Күтілетін нәтиже:
- Жыл мезгілдерін ажырата
алады;
- Күз мезгіліне сипаттама бере
алады;
- Көкөністер мен жемістердің
айырмашылығын біледі.
|
|
Сабақтың
барысы
|
Әдіс-тәсілдері
|
Күтілетін нәтиже
|
Уақыты
|
|
Кіріспе-қызықтырушылық
кезең
|
-
Сәлемдесу;
-Көңіл-күйлерін сұрау;
-Күліп
тұрған күнді көрстеу;
Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін
жақсарту арқылы, жақсы нәтижеге ұмтылу.
М: Балалар мына суретте не
бейнеленген?
О. Күн.
М. Күн қайтіп
тұр?
О. Күн күліп
тұр.
М.
Ендеше
бізде күліп, жақсы көңіл-күймен сабағымызды
бастайық.
|
Сұрақ-жауап
|
Оқушылар сабақты жақсы
көңіл-күймен бстайды, барлық оқушы белсенді
болады
|
1мин
|
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
-Сабақтың
мақсат-міндетін қою;
Психологиялық
дайындық
Бір,екі,үш,
Сынып іші
тып-тыныш.
Жалқаулықты
тастаймыз,
Сабақты біз
бастаймыз.
|
Түсіндіру
|
Оқушылар сабаққа дайын болады
|
1мин
|
|
Танымдық-
операционалдық
кезең
|
Жаңа
сабаққа байланысты тірек-білімді актуалдау.
«Тез
сұрақ, тез жауап» ойынын жыл мезгілі бейнеленген суреттер арқылы
жүргіземін. Жақсы жауап беріп, сабаққа араласып отырған оқушыларға
көкөністен жасалған фишка беріп отырамын.
1. Бір жылда неше мезгіл
бар?
2. Жыл мезгілдерін
ата.
3. Күз мезгілінде дала
қандай боп тұрады?
4. Күзді неліктен ең жомарт
ай деп атайды?
|
Сұрақ-жауап
|
Осы сұрақтарды қою арқылы
оқушылардың күз мезгілі туралы қаншалықты ақпарат білетіндігін
анықтаймын.
|
4мин
|
|
Жаңа
сабақ
|
Оқулықпен жұмыс
жүргізіледі.
-
суреттегі жемістердің атын атау;
- бастырып сызу;
- суретті бояу.
№2
тапсырма. «Жемістерді себетке жина».
- суретте
берілгендердің атын атайды;
-
қайсысының жеміс, қайсысының көкөніс екендегін
ажыратады;
- көкөністерді себетке
жинайды.
Сергіту сәті
Қорбаңдаған
аюдың,
Құлпынайы көп
екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға
салайық.
№3тапсырма. Әңгіме
құрастыру.
-
оқушылардан суретте не бейнеленгендігін сұрау.
- қол
көтерген оқушыларға бір-бір сөйлемнен айтқызу.
Дидактикалық ойын.
«Сәйкес түсті тап».
Шарты: Әр оқушыға жеміс пен көкөніс
бейнелегенген суреттермен бірге түстер бейнеленген қағаздар
таратылады. Әр оқушы сәйкес түсті суреттің үстіне апарып қояды.
Барлық оқушының жұмысы орындарында тұрғанда тексеріледі. Ауызша
айтып шығады.
№4тапсырма.
-
көкөністердің атын атату;
-
бастырып сызу;
- суретті
бояу.
|
Баяндау
Сұрақ-жауап
Баяндау
Сұрақ-жауап
|
Жемістердің атын атап,
оларды бояйды. Сұраққа жауап берген оқушыларға фишкалар
беріледі.
Көкөністер мен жемістерді
ажырата алады.
Оқушылардың сөздік қоры
молаяды.
Оқушылар көкөністің атын
атап, қандай түспен боялатындығын біледі.
|
4мин
3мин
1мин
4мин
2мин
3мин
|
|
Қорытынды
|
Бағалау. Мадақтау. Көп жеміс
жинаған оқушыларды атау.
Үйге
тапсырма. Бірдей шелекті штрихтап
келу.
|
|
|
2мин
|