жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Күз Мектепалды тобы
I.Кіріспе бөлім
Шаттық шеңбе
Амандасу үлкенмен,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қане кей бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
Үлкенге біз, кішіге біз,
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз!

Бұлттар төніп, жерге
төгіліп,
Дымқыл тұман
басады.
Шөп сарғайып, өңі
тайып,
Дала нұры
қашады.
Ойнай
алмай,
Денең мұздап тоңады. (Күз
)
Ал ендеше бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы: «Күз».
II.Негізгі бөлім
«Күзгі орманға» саяхатқа шығу М. Керейбаевтің «Паровоз» әні ойнайды. Балалар паровоз құрып саяхатқа аттанады.



- Балалар сендер қайда келдіңдер? Неше жыл мезгілін білесіңдер? Күз айларын атап айтыңдар.

Сиқырлы сәт «Қайын ағашы» аудиожазба арқылы сөйлейді:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздің орманға қош келдіңдер! Мен сендерді көріп өте қуанышты болып қалдым! Сендер маған көмек бере аласыңдар ма? Қазір күз айы болса да, менің жапырақтарым түспей жатыр.
-Балалар, қайын ағашына көмек берейік! Жапырақ астында тапсырмалар берілген, әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын қайын ағашының жапырақтары ұшып кетеді.
Тапсырманы орындағаннан кейін ағашқа жақындап, 2-3 баладан жапырақты (шарды) босатып ұшыру.
1-тапсырма: «Күз туралы не білесің?»
«Күзде» деген сөзді қолдана отырып әр бала затқа байланысты сөйлем құрастырып айтады, көрнекілікті тиісті жерге орналастыру.

-Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Күзде жапырақтар сарғайып түседі...т,б


2-тапсырма: «Зайцев әдісі арқылы жеміс пен көкөніс жинау»
Балалар екі топқа бөлініп, кубиктардың көмегімен 6 түрлі жеміс пен көкөніс жинайды (Жеміс – жидек туралы ән қосылады)
Жеміс пен көкеністің айырмашылығын айтып, балалар жеміс және көкөніс туралы білетін тақпақтарын айтады.



Әр тапсырмадан кейін ағашқа жақындап жапырақты (шарды) балалар ұшырады.

3-тапсырма: «Күз туралы тақпақ жаттау»
Мнемокестесі арқылы жаңа тақпақ жаттау:
Қарашы, күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.


4-тапсырма: «Кұз туралы мақал – мәтел айту»
Орманға келіп балалар мақал - мәтел айтады.
Ағаштағы барлық жапырақтар ұшып кетеді. Аудиожазба арқылы қайын ағашы рақметін айтады. Сыйлыққа себеттегі алма беріп, қоштасады.
- Сендер өте ақылды балаларсыңдар! Мына себеттегі алманы өз бала – бақшамызға барғанда, қол жуып жейміз.
Өзіміздің анамыздай аялаған туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап,қорғау-әрқайсысымыздың азаматтық абзал борышымыз және парасатты парызымыз.
Табиғат туралы өлең
жолдарын айтады:
Қазақстан-туған
жерім,киелім,
Қасиетіңді қастерлеп,басымды да
иемін.
Табиғаттың тұнып тұрған
қазына,
Соның бәрін
аялаймын,сүйемін.
- Керемет балалар, енді паровоз болып тобымызға қайтайық.
Паровоз әні қосылады. Балалар паровоз құрып қайтады.

III. Қорытынды
Қонаққа журналист интерьвю алуға келеді


-Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз шеңберге тұрайық, бізді топта журналист күтіп тұр екен. Ол сендерден саяхатқа калай барып келгенлерін туралы интерьвю алғысы келіп тұр.
Сұрақ – жауап арқылы іс – әрекетті қорытындылау. Журналистпен қоштасу.

-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметіне белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін. Топқа барып, қол жуып, орманнан акелген алмаларымызды жеуге отырайық.
Күні:
Бөлімі: Қатынас
Білім беру саласы: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Күз».
Мақсаты: Күз туралы түсінікті кенейтіп, ерекшелігін әңгімелеу. Табиғат өзгерістері туралы, сурет бойынша әңгімелер құрастыруға үйрету.
Міндеттері:
Білімділігі. Күз туралы түсінігін кенейтіп, ерекшелігін әңгімелеу. Табиғат өзгерістері туралы, сурет бойынша әңгімелер құрастыруға үйрету.
Дамытушылығы. Балалардың сөздік қорларын молайту. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Экологиялық тәрбие беру. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік, құрал - жабдықтар: күз тірек сызбасы, паровоз жүргізушісің бас киімі, руль, станция белгісі, күзгі орман келбеті, сюжетті суреттер, жемістер мен көкөністер салынған кубиктер, мнекесте, микрофон, бейнекамера, алма, себет
|
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
|
I.Кіріспе бөлім
II.Негізгі бөлім III.Қорытынды |
Шаттық шеңбер Амандасу үлкенмен, Тәрбиенің басы ғой. Ал, қане кей бәріміз, «Сәлем» дейік үлкенге. Үлкенге біз, кішіге біз, Құрметпенен сіздерге Бас иеміз біз!
Бұлттар төніп, жерге
төгіліп,
Ал ендеше бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы: «Күз». «Күзгі орманға» саяхатқа шығу М. Керейбаевтің «Паровоз» әні ойнайды. Балалар паровоз құрып саяхатқа аттанады. Сиқырлы сәт «Қайын ағашы» аудиожазба арқылы сөйлейді: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздің орманға қош келдіңдер! Мен сендерді көріп өте қуанышты болып қалдым! Сендер маған көмек бере аласыңдар ма? Қазір күз айы болса да, менің жапырақтарым түспей жатыр. -Балалар, қайын ағашына көмек берейік! Жапырақ астында тапсырмалар берілген, әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын қайын ағашының жапырақтары ұшып кетеді. Тапсырманы орындағаннан кейін ағашқа жақындап, 2-3 баладан жапырақты (шарды) босатып ұшыру. 1-тапсырма: «Күз туралы не білесің?» «Күзде» деген сөзді қолдана отырып әр бала затқа байланысты сөйлем құрастырып айтады, көрнекілікті тиісті жерге орналастыру. -Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді. -Күзде жапырақтар сарғайып түседі...т,б
2-тапсырма: «Зайцев әдісі арқылы жеміс пен көкөніс жинау» Балалар екі топқа бөлініп, кубиктардың көмегімен 6 түрлі жеміс пен көкөніс жинайды (Жеміс – жидек туралы ән қосылады) Жеміс пен көкеністің айырмашылығын айтып, балалар жеміс және көкөніс туралы білетін тақпақтарын айтады.
Әр тапсырмадан кейін ағашқа жақындап жапырақты (шарды) балалар ұшырады.
3-тапсырма: «Күз туралы тақпақ жаттау» Мнемокестесі арқылы жаңа тақпақ жаттау: Қарашы, күз келді, күз келді Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді.
4-тапсырма: «Кұз туралы мақал – мәтел айту» Орманға келіп балалар мақал - мәтел айтады. Ағаштағы барлық жапырақтар ұшып кетеді. Аудиожазба арқылы қайын ағашы рақметін айтады. Сыйлыққа себеттегі алма беріп, қоштасады. - Сендер өте ақылды балаларсыңдар! Мына себеттегі алманы өз бала – бақшамызға барғанда, қол жуып жейміз.
Өзіміздің анамыздай аялаған туған жердің
табиғатына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап,қорғау-әрқайсысымыздың
азаматтық |




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген