Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Күз
мезгілі»
Сабақтың мақсаты:
1. Түзете-білімділігі: Балалардың күз туралы
түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшеліктерін айтуға
үйрету.
2. Түзете-дамытушылығы: Балалардың тілдерін
дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын
молайту.
3. Түзете-тәрбиелігі: Балаларды табиғатты
аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы тәрбиеленушілерді жан жақты
дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер
муляждар
Сабақтың барысы:Балалар,бүгін
біздің тобымызға апайлар қонаққа келіпті, кәне қонақтармен
сәлемдесейік.
2)Үленге де
сіз,
Кішіге де
сіз,
Апайларды
құрметтеп,
Бас иеміз
біз.

ІІІ. Жаңа
сабақ
- Қазір жылдың қай
мезгілі?
- Күз екенін қайдан
білдіңдер?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер
болады?
- Неліктен алтын, жомарт күз
дейміз?
- Күз мезгілінде бау-бақшада не
піседі?
· Жұмбақ шешу:
Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ
солады,
Бұл қай кезде болады?
(Күз)
- Жапырақтар - сары, қызыл, жасыл болады. Күн
біртіндеп қысқарады. Жауын-шашын көбейіп, күн суытады. Құстар жылы
жаққа ұшып кетеді. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша
дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Сондықтан
адамдар күзді «жомарт», «алтын» деп
атайды.
· Дидактикалық ойын: «Жапырақтың түсі
қандай?»
Мақсаты: Балалар жинаған жапырақтарын ажыратады.
(түсін, пішінін айтады)
ІҮ. Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар, (Қолдарын жоғары көтеріп оңға,
солға иіледі)
Алдымнан жел еседі (Қолдарымен беттерін
желпиді)
Кіп-кішкентай ағаштар, (Қолдарын біртіндеп
түсіріп, ақырындап отырады)
Биік болып өседі. (Біртіндеп тұра
бастайды)
Ү. Бекіту:
· Қимылды ойын: «Жапырақ
жинау»
Мақсаты: Балалардың епті, жылдам болуға
үйрету.
Үнтаспадан көңілді әуен ойналып, балалар
түрлі-түсті жапырақтарды жинап, түрін, түсін, пішінін атайды. Кім
қанша жапырақ жинағанын санатып, епті, жылдам баланы атап
өтеді.
· Дидактикалық ойыны: «Кім, не
біледі»
Балалар педагогтың күз туралы қойған сұрағына
жауап беріп, кім тез және көп ұпай жинаса, сол бала жеңімпаз
атанады.
“Күз
белгісі неде? (Ойын)
· Күзде жапырақтар…
(сарғаяды)
· Күзде күн … (суып, жаңбыр
жауады)
· Күзде құстар…(жылы жаққа
ұшада)
· Күзде түн…(ұзарады)
Күн…(қысқарады)
· Күзде жеміс-жидек…
(піседі)
· Күзде жазғы демалыс бітіп… (оқу
басталады)
ҮІ. «Біз не
білдік?»
Күзде күн суытады, жауын-шашын көп
болады. Ойын кім жылдам көкеністер мен
жеміс жидектерді құрастыру .
ҮІІ.
Бағалау
Балаларды жеке-жеке
мадақтау
КГКП ясли-детский сад «
Көкпекті Толағайы»
Ашық
сабақ
Тақырыбы:
«Күз
мезгілі»