400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Күз сыйы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім бөлімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
ТЕХНОЛОГИЯЛЫ
Қ КАРТАСЫ

Білім беру саласы: Вариативті компонент
Та
қырыбы: Дене шынықтырумен достасқаның, күшіңе күш қосқаның
Б
өлімдері: Шымырбектің денсаулық сатылары 
Мақсаты: Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірдің тірегі екеніне көз жеткізу. Денсаулыққа тек дене шынықтырумен айналысу арқылы жетуге болатынына бағдар беру. Емдік денешынықтырудың пайдасын түсіндіру. Карта арқылы жүрер сапарын бағдарлай білуге үйрету. Ойын саяхат арқылы шапшаңдыққа, ептілікке және денсаулыққа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Өткізілу түрі: Блиц-турнир 
Алдын ала ж
үргізілетін жұмыс: Денсаулық, салауатты өмір салты жайлы мақал-мәтел, тақпақ жаттау. «Әкем, апам мен спортты үйелмен» тақырыбына сурет салу, «Саяхатқа жиналамыз» ойынын әзірлейміз.
Блингвалды компонент: денсаулы
қ-здоровье, саяхат-путеществие, экскурсия, тіс щеткасы-зубная щетка, сабын-мыло, су-вода, рюзак-жолдорба.
Өткізілу кезеңі    Тәрбиешінің іс-әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялы
қ -оятушылық кезең    Шаттық шеңбері
Әуен ырғағымен балалар қолдарын бүйіріне қойып, түзу тұрады. Тәрбиеші балаларды көргеніне қуанышты екенін білдіреді.
Ол о
ң қолын жайып, жүрегінен қуаныш сыйлайды. Осы қимылды сол қолымен, екі қолымен бірге жасайды.     

Қимылдарды балалар бірге жасап, орталарын қуанышқа, жақсылыққа толтырады.
Ұйымдастырушылық -ізденушілік кезең    Тосын сәт: Қонаққа балаларға Шымырбек бала келеді. Ол сәлемдесіп, өзі жайлы, неге солай атағаны жайлы айтып береді де балаларды «Денсаулық» жолымен, саяхатқа баруға шақырады.
Жар
қын-жарқын күнде біз
Денсаулы
ққа қонаққа барамыз.
Шымырбек: Балалар саяхат
қа шықпас бұрын, жолға алатын керек заттарды атаңдаршы.
Ойын: «Саяхат
қа жиналамыз»
Балалар
үстел үстіндегі заттардан тек жолға керек заттарды, жолдорбаға сала отырып, атаймыз және орысша да қайталаймыз.
    Ал, компос не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Шымырбек: Балалар сендер дайын болсаңдар, саяхатымызға аттанайық. Алдымен картаға бір қарап алайық, сапарымыз қайдан басталатынын көріп алайық. 
    Балалар, саяхатқа немен барсақ деп ойлайсыңдар?

Шымырбек: 
    Жарайсыңдар, салауаттылық жаяу жүрістен басталады. Өйткені сендер жол бойы таза ауамен дем алып, денелеріңді шымырландырасыңдар. 
    Балалар сендерге жол бойы гүлзар кездеседі, ол жерде түрлі гүлдер өседі.
    Балалар біз гүлзарға да жеттік. Қараңдаршы, ішінде ерекше әдемі гүл гүлдеп тұр. 
    Қанеки, гүлдерге жақындайық.
«Емдік г
үлдерді иіскейік» тыныс алу жаттығуы.


Сергіту сәті:
Бойды сергек тік
ұста,
Емін
-еркін тыныста.
Демі
ңді ішке тез ал да,
О
ң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да, 
Үшбұрышты сыз ауада.
Сол
қол босқа тұрмасын,
Ше
ңбер жасап тынбасын.
Бойды сергек тік
ұста,
Емін-еркін тыныста.
Демі
ңді ішке тез ал да,
Сол
қолыңды соз алға.
О
ң қол босқа тұрмасын,
Ше
ңбер жасап зырласын.

    Енді саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
    Алдарыңнан әдемі ағаш кездеседі. Шымырбек ағаштың астынан хат тауып алады да, балаларға оқып береді. 
    Бұл хатты сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында қалдырған сияқты. СӨС ережелерін атаңдар депті.

    Жарайсыңдар, ал кім денсаулық туралы тақпақ біледі?

Балалар саяхаттап орманға жетеді.
Қалай ойлайсыңдар, неге орманда демалуымыз жеңілдеді?
Тыныс алу кезеңі
    Балалар, орманда доп ойнасақ қайтеді, кім саяхатқа доп алды?
    Олай болса, менің қалтамда түрлі-түсті шарлар бар, соларды үрлеп ойнайық.
«Кім шарды тез
үрлейді?»
«Кім епті?»

Шымырбек: 
    Жарайсыңдар балалар, қандай керемет ойын болды. Шарларды алып шыққаным қандай жақсы болды. Сендер шаршаған боларсыңдар, отырып тамақтанып алайық. Бірақ тамақты ішпес бұрын олардағы дәрумендерді атайық.
    Сенің жолдорбаңда қандай ас бар?
    Онда қандай дәрумендер бар?
    Ал, сенде ше?

    Ол тістеріңді, сүйектеріңді қатайтады. Ал, мен көкөністер алдым. Онда С дәрумені және кальций бар.

    Олай болса, жақсылап тамақтанып алайық та, денсаулық бағбандары болып «Денсаулық ағашын» өсірейік.

Д/о: «Денсаулық ағашы» денсаулыққа пайдалы, зиянды заттардың суреттерін қоямын. 
    Балалар, мына суреттерден денсаулық ағашына тек денсаулыққа пайдалы суреттерді ілеміз.
    Балалар, қараңдаршы, қандай керемет денсаулық ағашы, гүлденіп кетіпті.
Жадымыз
ға сақтайық,
Денсаулы
ққа пайдалы.
К
үшіңе күш қосатын,
Д
әруменді тағамдар.    

Шымырбекпен амандасып, оның әнгімесін тыңдайды.


Ойынға бәрі қатысады.
Ол жол сілтейді адаспау үшін.
Шымырбекпен саяхатқа аттанады.

Жаяу жүрейік.

Гүлдерді иіскеп тыныс алу жаттығуын жасайды.

Өлең сөзіне байланысты қимыл көрсетеді.

    Денсаулығымыз мықты, ауырмау үшін – шынығу керек.
    Ертеңгілік жаттыгу жасау керек.
    Тазалық ережесін ұстану керек.
    Спортпен шұғылдану керек.

Денсаулық – ол шыныққан
Барлы
қ дене мүшесі,
Денсаулы
қ – ол тыныққан
Ж
үйке жүйесі.
Денсаулы
қ – ол күлуің
К
өңіл-күйің жадырай,
Денсаулы
қ – ол жүруің
Ешбір жері
ң ауырмай.

Өйткені ағаштар, дәрілік шөптер ауаны тазартады.
Ешкім доп алмағанын айтады.

Шарлармен түрлі ойындар ойнайды.

Жұмыртқа, нан, алма.

Д, Е, А
Ірімшік алдым. Онда Д, А д
әрумендері бар.

Тағамдарда қандай дәрумендер барын айтады.

Денсаулық ағашына  дәрумендері бар денсаулыққа пайдалы тағамдердың суреттерін талға іледі.
Рефлекциялы
қ- түзетушілік кезең    Шымырбек: 
    Бүгінгі «Денсаулық жолымен» жүрген саяхатымыз аяқталуға жақын.
    Сендер бүгінгі саяхатымыздан, ол жерде көргендеріңнен, қандай әсер алдыңдар?
Т
әрбиеші: Шымырбек сенің бүгінгі бізбен бірге ұйымдастырған саяхатың балаларға қатты ұнады. Саған көп-көп рахмет! Салауатты өмір салтын сақтауға көмектескеніңе ризамыз! Әрқашан біз сені қолдаймыз!
Келесі кездескенше, сау бол!    

Өз әсерлері туралы айтып, Шымырбекпен қоштасады. 
Саяхаттың ұнағанын қимылмен көрсетеді.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Білді: Балалар салауатты
өмір салтының ережесін біледі. 
Ме
ңгерді: Дәрумендердің пайдасын, қай тағамда кездесетінін толық біліп, оның маңызын түсінеді.
Жасай алды: К
үн тәртібінің, таза ауамен шынығудың бала ағзасына тигізер әсерін түсініп жасайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі