Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ "Күзгі жапырақтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Күзгі жапырақ туралы түсінік беру. Міндеттері: -Жапырақтан кірпі жасауға үйрету. -Ұсақ қол маторикасын дамыту,қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдыландыру. -Ұйымшылдыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Копбаева Сая Кайратовна

Шығыс Қазақстан Облысы,Семей қаласы ЖШС «Бөбек» мектепке дейінгі шағын орталық

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»

Мақсаты:  Күзгі жапырақ туралы түсінік беру. 

Міндеттері:

-Жапырақтан кірпі жасауға үйрету.

-Ұсақ қол маторикасын дамыту,қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдыландыру.

-Ұйымшылдыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: желім, тақтайшалар, сулықтар,кірпінің суреті, жапырақ.

Сөздік жұмыс: ғажайып.

Билингвальді компонент: кірпі-ежик, жапырақ-листья.



Мотивациялық-қозғаушылық


Жылулық шеңбер.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Shape1


Балалар сөзін айтып, қимылын келтіреді.



Ұйымдастыру-іздестіру


Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз айларын атаңдаршы?

Күзде қандай өзгерістер болады?

Shape2 Shape3

Тосын сәт.

(Қоян келеді, амандасады.)

-Мен орманнан келген қоянмын.

-Кел қоян төрлет бізбен бірге бол

-Мен сендерге ормандағы досым туралы жұмбақ жасырғым келеді.

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,

Доп-домалақ, арқасы мың тікенді.

Ашуланса аяғын көрсетпейді,

Көресің көз салсаң бір ғажайыпты. (кірпі)

Shape4


Тәрбиеші кірпі туралы мағлұмат береді.

Кірпі-жабайы, ол орманда өмір сүреді.Қыс бойы жерге түскен қалың жапырақ астында ұйықтап жатады.Кірпінің денесі тікенекті болады, төрт аяғы, екі көзі мен құлағы бар. Жауын көрсе, аяқ-қолын жинап,домалана қалады.

-Кірпінің денесі сопақша болады. Денесінен кішкентай тұмсығы шығып тұрады.Аяқтары кішкентай.


Shape5

-Балалар, Бүгін біз сендермен жапсыру ұйымдастырылған қызметінде жапырақтардан түрлі аңдарды жасайтын боламыз.

Shape6

-Қараңдаршы, суретте жапырақтардан тиіннің, құстың, балықтың, үкінің, тасбақаның бейнесін жабыстырған екен. Енді кірпіні жапырақпен жапсырайық.

Дайын кепкен жапырақты пайдаланып кірпі жасау.

-Балалар үстелдің үстінде желім және кірпінің суреті бар, жапырақтарды алып, желіммен кірпінің суретіне қойып жабыстырамыз.Қауіпсіздік ережелері: Желімді жапырақты ауызымызға салмаймыз, ойнамаймыз, бір бірімізге жақпаймыз. Жұмысымызды аяқтап болғаннан кейін сүлгімен қолымызды сүртеміз.

Shape7 Shape8

-Жақсы балалар біраз сергіп алайық.

Сергіту сәті

«Көңіл күй жақсы болса» (видео)

Shape9

Билингвальді компонент:

кірпі-ежик, жапырақ-листья.

Қоян: балалар сендермен ойын ойнағым келеді, Ойынның аты: «Күзгі және жазғы жапырақтар» Шарты: Жаз мезігіндегі талға жасыл жапырақтарды жапсыру ал күзгі талға сары жапырақтарды жапсыру.

Shape10

Д/о: «Күзгі және жазғы жапырақтар»

Қоян: жарайсыңдар балалар, ойынды жақсы ойнадыңдар.

-Балалар кірпімізді жапсыруды аяқтаймыз.

Қоян: рахмет балалар сендер маған ормандағы досым кірпіні жапырақтармен жапсырып бердіңдер, ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатысқандарын үшін мен сендерге жұлдызшалар сыйлайын.

-рахмет қоян

-Сау болыңдар балалар, мен орманға қайтайын.

Shape11

Рефлексивті түзетуші

-Балалар, бүгін біз не жасадық.

-Бізге қонаққа кім келді?

Жақсы жасаған балаларды мақтап, мадақтайды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі. Күзгі жапырақтар туралы біледі.

Игереді: Жапырақтан кірпі жапсыра алады.

Меңгереді: Қауіпсіздік ережелерін сақтайды.



ЖШС Мектепке дейінгі «Бөбек»шағын орталығы




«Еркетай » кіші тобы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі «Жапсыру сабағы»

«Күзгі жапырақтар»







Тәрбиеші: Копбаева С.К.












Семей қаласы 2021 жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2021
803
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі