Күні: 18.11.2020
жыл
Білім
беру саласы: «Таным»
Оқу
іс әрекет: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Күзгі
табиғат»
Мақсаты:
Күз мезгіл туралы түсініктерін
кеңейту.Өлі табиғаттағы күзгі құбылыстар
туралы білімдерін кеңейту. Денені үнемі
шынықтырудың арқасында табиғат
құбылыстарына қарсы тұра алуға болатынын
түсіндіру. Қойылған сұраққа ойланып
жауап беруді дамыту,өзінің пікірін
дәлелдеуге үйрету.
Қажетті
құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: күз
мезгілінің суреті, слайд, бейне жазба.
Билингвалды
компонент: Күз-осень,
жапырақтар-листья, жел-ветер,
жауын-шашын-осадки, ағаш-дерево.
Мотивациялық-қозғаушылық:
Сәлеметсіңдер
ме, менің кішкентай бүлдіршіндерім.
Балалар
бүгін бізде ерекше күн. Себебі бізде
бүгін қонақтар келіп отыр. Сендердің
білімдеріңді,тәртіптеріңді көруге
келді.Қонақтарға қандай білімді
екенімізді көрсетейік.
Балалар
бүгінгі көңіл - күйіміз қандай ?
Бүгінгі
көңіл-күйлеріміз тамаша болса ендеше
шаттық шеңберін құрайық.
Шаттық
шеңбері
Қайырлы
таң ұстазым!
Қайырлы
таң достарым!
Шеңберге
тұрайық,
Жылулық
сыйлайық.
Балалар
бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу
қызметімізді бастамас бұрын,біз өткен
оқу қызметімізде «Күзгі
еңбек» тақырыбын
өткен болатынбыз. Балалар олай болса
«Күзгі еңбек» тақырыбын толықтай
меңгерген болсақ,аздап шолу жасайық.
-Күзде
адамдар қандай тіршілік жасайды?
-Дәнді-дақылдарға
нелерді жатқызуға болады?
-Өте
жақсы балалар. Ал, осы дәнді-дақылдарды
егіп,өсіріп, баптайтын адамды қалай
атаймыз, кім біледі?
-Күзде
не піседі?
Жарайсыңдар
балалар диқаншылардың еңбегі өте зор.
Олар біздің өмірімізге қажетті астықтарды
егеді. Күзгі еңбек тақырыбын жақсы
меңгеріпсіңдер.
-
Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған
оқу қызметіміздің тақырыбы «Күзгі
табиғат»
- Балалар
қазір,жылдың қай мезгілі?
-Күзде
қандай табиғат құбылыстары болады ?
-
Дұрыс айтасыңдар. Күз-жылдың төрт
мезгілінің бірі. Күзде күн суытып, көлдер
мен өзендер тартылып, өсімдіктер
қурап,ағаштардың жапырағы түседі. Күн
қысқара береді. Егін піседі. Жыл құстары
тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді.
- Ендеше
балалар, барлығымыз көзімізді жұмып,
күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.
- Балалар
күз мезгілінде неше ай бар?
-
Қандай атайықшы?
-
Далада, балабақшаға келе жатқанда нені
көресіңдер? (Аспан,бұлт,күн, ағаш)
-
Балалар қалай ойлайсыңдар, күн, су, ауа
керек пе? (Иә күн, су,ауа бізге керек)
-
Осының барлығын бір сөзбен айтқанда
недейміз? (Табиғат)
Табиғат
екіге бөлінеді: Өлі
табиғат және тірі табиғат. Тірі
табиғат-олар өседі, қоректенеді,тыныс
алады.Оларға адамдар,жан-жануарлар,
өсімдіктер жатады. Өлі табиғат-қоректенбейді
, өспейді.Оларға су,ауа,жер,күн,бұлт
жатады.Бірақ тіршілік атаулы оларсыз
өмір сүрмейді. Сондықтан олар бір-бірімен
тығыз байланысты.
-Ал,
балалар енді бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту
сәті:
Тербеледі
ағаштар,
Алдымнан
жел еседі.
Кіп-кішкентай
ағаштар
Үлкен
болып өседі
Жұмбақ
1.Дәмі
де жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі
жоқ. (Су)
2.Ақ
сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (Күн)
3.Өмірде
одан мол ештеңе болмайды, Құшақтасаң
құшағың тең болмайды. (Ауа)
Күзде
ауа-райы салқындайды. Күн салқындағанда
топырақ тоңазиды.Өсімдік тамырының
суды сіңіруі нашарлайды.Жапыраққа да
қажетті күн көзінің жылуы азаяды.Осының
бәрі өсімдіктердің қоректенуін
баяулатады. Осылардың нәтижесінде
жапырақ түсіп сарғаяды.
Рефлексивті
– түзетушілік : Қорыту
Балалар
бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
Бүгінгі
оқу қызметінде не үйрендік?
Сонымен
балалар
-
Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?
-
Құстар қай жаққа ұшып барады?
-
Табиғат нешеге бөлінеді?
Мадақтау.
Күтілетін
нәтиже:
Нені
білу керек: Күз
мезгіліндегі ауа-райы кезінде жылы
киініп, денсаулықтарын күтуді біледі.
Нені
игереді: Балалар
өлі табиғат және тірі табиғат туралы,күз
мезгілінде болатын ауа-райы туралы
толық меңгереді.
Нені
біледі: Күз
мезгілінің ерекшелігін-күннің суытып,
жапырақтардың сарғайып түсетінін.
Бекітемін:
Балабақша
меңгерушісі
Ордабаева
А.Т. _____________
Тақырып:
«Күзгі
табиғат»
Топ:
Балдәурен
Тәрбиеші:
Джекеева Ж.М.
2020-2021
оқу жылы