400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Квадрат теңдеу 8 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды математика пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жанаева Жазық Қойшыбайқызы-Мәртөк ауданы, «Сарыжар ЖОББМ» КММ математика пәні мұғалімі

Сабақтақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешу

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:8.2.2.3. квадрат теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты:Барлық оқушылар: квадрат теңдеулерді шешеді.

Оқушылардың басым бөлігі: квадрат теңдеулерді шешу жолдарын талдайды.

Кейбір оқушылар:квадарт теңдеулерді шешуде шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

Бағалау критерийі:Квадарт теңдеулерді шешу формуласын біледі.Квадрат теңдеудің түбірлерін табады.

7 модульдің қоданылуы:АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Пәндік және тілдік мақсат: Квадрат теңдеу шешу әдісін сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: «дискриминант», «түбір», «коэффициент», «бос мүше»

Диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері:Егер D>0; D<0; D= 0 түсініктері арқылы диалог құру

Құндылықтарға баулу:Мәңгілік ел идеясы негізінде қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім құндылығы арқылы азаматтық жауапкершілік ке, құрмет көрсете білуге, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ұлттық валютамыздың 25 жылдығын насихаттау.

Пәнаралық байланыс: геометрия

Алдыңғы білім:Қысқаша көбейту формулалары, толық квадратты айыру, квадрат түбір,квадрат түбірдің анықталу облысы,құрамында квадрат үбірі бар өрнектерге амалдар қолдану, квадрат түбірдің қасиеттері.

Сабақтың барысы:

Сергіту сәті: «Шаттық шеңбері». Квадраттар сөйлейді.

Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы 30-ға дейінгі екі таңбалы сандардың квадраттарын,квадрат түбірлерін сұрайды.

Квадрат теңдеу түрлеріне қарай топқа бөлінеді.

  1. Тапсырма. «Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы әр топтан бір оқушы қабырғада ілінген квадрат теңдеулердің түрін ажыратады. Сол арқылы тобына үлес қосады, яғни 500 теңге алады.

  2. Тапсырма.Ширату жаттығулары арқылы оқушылардың ойын шоғырландыру.

Тақтаға D>0; D<0; D= 0 жазулары бар парақшалар ілінеді. Топтарға екі түбір(формуласымен), бір түбір( формуласымен), түбірі жоқ деген парақшалар таратылады. Сәйкестендіріп тақтадағы парақшаларға жалғастырып ілу.Тапсырма 1000 теңгемен бағаланады.

Дескриптор:

-Дискриминантқа қарап түбірлер санын анықтайды.

-Түбір табу формуласын жазады.

- бір топ сараптама жасайды.

ҚБ: Смайликтер көтеру

Үлестірме карталар, смайликтер, ақ беттер,доп, теңгелер

Сабақтың ортасы

3-тапсырма. 2000 теңгемен бағаланды.

Квадраттық теңдеу

A

B

C

D

ТҮБІР

2х2+3х+1=0






2х2+х+2=0






9х2+6х+1=0






х2+5х-6=0








Дескриптор:

-коэффициенттерін анықтайды,

-формуланы қолданады;

-түбірін табады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы

Сұрақ: Коэффициенттер таңбаларының дискриминант есептеу барысында әсері бар ма? Кері байланыс беру.

4-тапсырма.. «Ойлан, жұптас, бөліс» (Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі) 5000 теңгемен бағаланады. Ең бірінші болған топ қана ала алады.Оқушылардың жеке ойлау, жұппен жұмыс жасау,бір-бірінің пікірін ескеру дағдылары қалыптасады. Тапсырмалар жазылған беттер таратыладыТеңдеуді шешіңдер: (х+5)2+(х+7)(х-7)=11х-23

Дескриптор:

-ҚКФ қолдана алады;

-өрнекті ықшамдайды;

-квадрат теңдеу түріне келтіреді;

-теңдеуді шешеді.

ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы

5-тапсырма.10000 теңгемен бағаланады.10000 теңгелік банкноттың ұзындығы енінен 7 см -ге ұзын, ал ауданы 120 см2. Банкноттың ұзындығы мен енін анықтаңыздар.

Дескриптор:

-есеп берілгені арқылы теңдеу құрады;

-квадрат теңдеуді шешіп, түбірлерін анықтайды;

- ұзындығы мен енін анықтайды.

ҚБ. Топтар бір-бірін тексеру әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Сұрақ:

Ұлттық валютамыз туралы не білеміз?Тарихы?

Теңге айналысқа қашан шықты?

10 000 теңгелік қашан шықты?

20 000 дық қай жылы шықты?

«Бір минут» әдісі арқылы қорытындылау.

Кейбір тапсырмаларда теңгемен есептесіп отырдық.Неліктен деп ойлайсыздар?

Бүгін валютамыз теңге 25 жасқа толып жатыр.

Рефлексия. «Жетістік баспалдағы»

Үйге тапсырма:7.18 есеп. Бізге ақша не үшін қажет? (ой толғау)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі