жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Квадрат үшмүше" тақырыбы 8 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат теңдеулер |
Мектеп: №1 МГ |
||||||
Мұғалімнің аты-жөні: Бекмолда А.Ж. |
|||||||
Сынып: 8 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||
Сабақ тақырыбы |
Квадрат үшмүше |
||||||
Cабақтың түрі |
Бекіту сабағы |
||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.2.1.1 квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру; 8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу; 8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу; |
||||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар:
|
||||||
Бағалау критерийлері |
Оқушы
|
||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Квадрат үшмүшенің жіктелуі жайлы ой-толғаулар жүргізеді, квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктеу есептерінің шешуін түсіндіреді. Пәнге қатысты лексика және терминология: Квадрат үшмүше, квадрат үшмүшенің түбірі, еселі түбір, квадрат теңдеу, бірінші/екінші коэффициент, босмүше, квадрат үшмүшені жіктеу, екімүшенің квадратын квадрат үшмүшеден бөліп алу. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Квадрат үшмүшенің түбірі деп ... Квадрат үшмүшенің түбірлерін табу үшін ... Егер квадрат үшмүшенің түбірлері болса, онда … Егер квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу мүмкін болса, онда … Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуге болмайды, егер ... |
||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі. |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
Мұғалім «жіктеу/жіктелу» ұғымының басқа облыстарда кездесуі жайлы мағлұмат береді. Физикада (оптика). Ақ спектрдың спектрға жіктелуі. Химияда. Жіктелу реакциясы – химиялық реакциялар, онда бір күрделі заттан екі немесе одан көп қарапайым заттар пайда болғанда. Биологияда. Жіктелу – органикалық заттың деградациясы, мысалы, көмірқышқыл газ бен су. |
||||||
Бастапқы білім
|
7 сынып курсынан оқушылар қысқаша көбейту формулаларын біледі және қолданады, көпмүшелерді көбейткіштерге жақшаның сыртына шығару, топтастыру әдісі арқылы жіктей алады. Оқушылар бұрын квадрат үшмүше ұғымын оқыды, оның анықтамасы мен түбірлерін табуды біледі. Білімді белсендіру кезеңінде теориялық материалды қайталау сұрақ-жауап, көпмүшелерді көбейткіштерге жақшаның сыртына шығару, топтастыру әдісі арқылы жіктеуге арналған тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асады. |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы
11:20-11:23 0-3 мин
11:24-11:26 4-6 мин
11:27-11:28 7-8 мин |
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар слайдтағы «4 сурет 1 сөз» ойыны арқылы тақырыпты өздері айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.
Сұрақ-жауап. Өткен материал бойынша оқушылардың оқылған материалын тексеру мақсатында теория бойынша сұрақ-жауап өткізіледі. Мұғалім бірініші сұрақты өзі қояды, сұраққа жауап берген оқушы өз сұрағын келесі оқушыға қояды. Сұрақтар:
Мұғалім «жіктеу/жіктелу» ұғымының басқа облыстарда кездесуі жайлы мағлұмат береді. |
Презентация Слайд 1-7
Презентация Слайд 8
Презентация слайд 9 |
|||||
Сабақтың ортасы
11:29-11:39 9-19мин
11:40-11:42 20-22мин
11:43-11:49 23-29мин
|
3.Лездік тапсырмалар Белсенді тақта (Оқулықтан В,С-деңгейлері бойынша есептер беріледі) Оқушыларға көпмүшені көбейткіштерге жіктеу дағдыларын белсендендіруге бағытталған есептерді шешу ұсынылады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар презентациядағы дайын жауаптар арқылы өзара тексеруді орындайды. Мұғалім кейбір оқушылардан көбейткіштерді жіктеуде қолданылған әдістер туралы сұрай алады. Қажеттілігінше мұғалім оқушылардың жауаптары мен шешімдерін түзете алады.
Жұптық жұмыс. Келесі сұлбаны жүпта қарастырыңыз. Қорытынды жасаңыз.
Мұғалім оқушылармен бірге квадрат үшмүшені ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтастыру әдісі арқылы көбейткіштерге жіктейді. Оқушылар сұрақтар қояды, сыныппен талдау жүргізіледі.
Мұғалім оқушыларға квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды ұсынады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды, жауаптарын жұпта тексереді. Берілген үлестірмелерді қолданып, барлық жауаптарды бос ұяшықтарға толтырып ұсынулары керек. Дәптерде қажетті жазбаларын орындайды. Берілген үлестімелерді қолдана отыра, бос ұяшықтарды толтырады.
Тапсырманы аяқтағаннан кейін слайдтағы жауаптар бойынша бірін-бірі жұпта бағалайды. оқушылардың жауаптары мен шешімдерін бағалайды, содан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды, жіктеудегі қиындық туғызған сәттерді айқындайды. Жауаптар презентацияда көрсетіледі. Бағалау критерийлері.Оқушы:
|
Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық
Презентация Слайд 10-11
Презентация Слайд 12
Презентация Слайд 14
Презентация Слайд 15
|
|||||
11:50-12:02 30-36мин |
Жеке жұмыс Негізгі деңгей: І-нұсқа ІІ-нұсқа а)
Дескриптор: Білім алушы - квадрат үшмүшеге түрлендіру жүргізеді/ квадрат үшмүшенің түбірлерін табады; - квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді. Дамытушылық деңгей: І-нұсқа №2. Тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен 4 м ұзын. Тіктөртбұрыштың ауданы 45 м2. Тіктөрбұрыштың ені мен ұзындығын табыңыз. ІІ-нұсқа №2. Тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен 2 м ұзын. Тіктөртбұрыштың ауданы 48 м2. Тіктөрбұрыштың ені мен ұзындығын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - есептің шартына байланысты дұрыс өрнек құрастырады, қажетті түрлендіру жасайды. -квадрат үшмүшенің түбірлерін табады. -есептің шартынын қанағаттандыратындый тіктөрбұрыштың ені мен ұзындығын табады Шығармашылық деңгей: №3
а
параметрінің қандай мәнінде
Дескриптор: Білім алушы -квадрат теңдеудің қасиеттерін дұрыс пайдаланады; - а параметрінің мәнін табады. Оқушылар дескриптор бойынша бірін-бірі бағалайды. |
Қосымша 1 |
|||||
Сабақтың соңы 12:02-12:05 38-40 мин |
Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады: • Бүгін мен білдім … • Маған қызықты болды … • Маған қиын болды … • Мен ... тапсырмаларын орындадым. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.
Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға оқулықтан есептер беріледі. |
Презентация Слайд Стикерлер
Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық
|
|||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
|||||
Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады. Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады. Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.
|
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау. Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады. |
Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді. |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген