400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ квадраттық функция 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

8.3A Квадраттық функция

№3 мектеп-лицейі

Күні: 23.01.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні Умбеталиева Ж.

Сынып: 8 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Квадраттық функция. у = ах2 + п және у = а(х –m)2 функциялары және олардың графиктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.5.1.2 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін біледі және графиктерін салады;


Сабақ мақсаттары

Квадраттық функцияның а, b, с коэффициенттері мен оның координата жазықтығындағы графигі  арасындағы байланысты орнатады;

Квадраттық функцияның анықтамасы мен қасиеттерін түсіндіру; әр түрлі әдістермен берілген квадраттық функциялардың графиктерін салу жолдарын меңгеру;

Бағалау критерийлері

Квадраттық функцияның графигін салып қасиеттері бойынша зерттей алады.

Тілдікмақсаттар

Оқушылар:

- функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды;

-коэффициенттеріне байланысты квадраттық функциялардың графиктерінің орналасуын пайымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- квадраттық функция;

- парабола;

- парабола төбесі, парабола тармақтары;

- симметрия осі;

- функцияның нөлдері;

- графикті симметриялы бейнелеу;

- оңға жылжыту, солға жылжыту.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- парабола тармақтары ... бағытталған;

- график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан;

- квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден (<, >);

- берілген функцияның графигін ... функциясының графигін екі параллель көшіру көмегімен алуға болады: х осі бойымен ... бірлікке ... (оңға, солға) жылжыту және у осі бойымен ... бірлікке ... (жоғары, төмен) жылжыту;

Құндылықтарды дарыту

Жеке-дара оқушыға бағытталған сұрақтар қою арқылы оқушы бойында өзіне деген сенімділікті, ойын ашық жеткізуге мүмкіндік беруді жоспарлаймын Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынас.

Бір біріне сыйластық, құрмет.

Топта бір біріне көмектесу , сенімділік білдіру

Өзара достық қарым қатынас


АКТ қолдану дағдылары

Квадраттық функцияның графигін салуды іс тәжірибеде көрсету үшін компьютерді, интербелсенді тақтаны қолдана отырып оқушылардың АКТ қолдану дағдыларын арттырамын.

«geogebra» бағдарламасы

Бастапқы білім

Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар графиктерін салу дағдылары, соның ішінде у = ах2 функциясының.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта жағымды орта құрамын. Күндеріне сәттілік тілеймін. Кері байланыс сұрақтарына жауап беру.

Оқушылар топ арасында бір-бірінің үй жұмыстарын тақта арқылы тексереді.

Оқушыларға үлестірме парақтар беріледі. Ол үлестірме парақшадағы функцияның графигі қай ширекте орналасқанын айтады. Сол арқылы оқушылар І,ІІ,ІІІ,ІV ширектер болып топқа бөлінеді.

Білу. «Миға шабуыл» әдісі.

Интербелсенді тақтадан жаңа тақырып мазмұнын ашатын сұрақтар беріледі?

1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды?

1. а≠0 болғанда у=ах2 функциясы квадраттық функция деп аталады.

2.Квадраттық функцияның графигі қандай қисық?

Квадраттық функцияның графигі - парабола

2.а>0 болғанда, парабола тармақтары қалай бағытталады?

а>0 болғанда, парабола тармақтары жоғары бағытталады

3.а<0 болғанда, парабола тармақтары қалай бағытталады?

а<0 болғанда, парабола тармақтары төмен бағытталады

4.D>0 болғанда, параболаның абсцисса осімен орналасуы туралы не айтуға болады?

D>0 болғанда, парабола абсцисса осімен екі нүктеде қиылысады

5.D=0 болғанда, параболаның абсцисса осімен орналасуы туралы не айтуға болады?

D=0 болғанда, парабола абсцисса осімен бір нүктеде қиылысады

6.D<0 болғанда , параболаның абсцисса осімен орналасуы туралы не айтуға болады?

D<0 болғанда, парабола абсцисса осімен қиылыспайды

7.а>0 болғанда, функция графигі (-∞;х0) және (х0;∞) аралығында қалай өзгереді?

а>0 болғанда, функция графигі (-∞;х0) кемиді, (х0;∞) өседі

8.а<0 болғанда, функция графигі (-∞;х0) және (х0; ∞) аралығында қалай өзгереді?

а<0 болғанда, функция графигі (-∞;х0) өседі, (х0;∞) кемиді

9. Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?

  1. у=5х2-6 3) у=4х2

2) у=7х-1 4) у=x3+x+1


Ортасы

Түсіну.

http://bilimland.kz/ru/ сайтын ашып, түріндегі квадраттық функциялардың графигін салу алгоритмімен таныстыру;

«Түртіп алу» әдісі бойынша әр топ түсінгендерін айтады, соңғы қорытындыны мұғаліммен талдап, сабақтың мақсатымен таныстырады. Барлық оқушылар барлық топтардың қорытындыларын қосып тірек конспект жазады.

Жұптық тапсырма. Әр жұпқа «Т» кестесі сызылған таратпа беріледі. «Т» кестесіне берілген квадраттық функцияларды түрлеріне қарай орналастыр:

у=х2 у= -2х2

у= х2+1 у= -2х2+4

у=- х2+5 у= 2х2 -7

у=- х2-1 у= -2(х-1)2 +6

у=-(х+2)2 у= -2(х+3)2 -5

у=-(х+4)2-2 y = 3(x-3)2

у= 2х2 +3 y = ( x+5)2

y= (x-2)2 y=(x-1)2

Т кестесі

y=ax2+n

y=a(x-m)2





Қолдану. Топтық жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі (квадраттық функцияның графигін салу алгоритмін пайдаланады).

«І ширек» тобына (тақтада орындау)

1. у=2х 2

2. у=2(х+2) 2

3.у=2(х+2)2-3 функцияларының графиктерін бір координаталық жазықтыққа салу.

«ІІ ширек» тобына (миллиметровкаға салу)

1. у=0,5х 2

2. у=0,5(х-1) 2

3. у=0,5 (х-1) 2+2 функцияларының графиктерін бір координаталық жазықтыққа салу.

«ІІІ ширек» тобына (интербелсенді тақтада салу)

1. у=-3х 2

2. у=-3(х-3) 2

3. у=-3(х-3) 2+4 функцияларының графиктерін бір координаталық жазықтыққа салу.

«ІV ширек» тобына («geogebra» бағдарламасында графикті кескіндейді)

1. у=-х 2

2. у=- (х-4) 2

3. у=-(х-4) 2+5 функцияларының графиктерін бір координаталық жазықтыққа салу.

Дескрипторлар:

- Тармақтарының бағытын анықтау;

- Төбесінің координаталарын анықтап, координаталық жазықтықта бейнелеу;

- Симметрия өсін жүргізу;

- Функцияның нөлдерін анықтап, графикте бейнелеу;

- у осімен қиылысу нүктесін тауып, графикте бейнелеу (0;с).

- Қажет болған жағдайда, қосымша нүктені анықтап, белгілеу.


Әрбір топ оқушылары тапсырманы орындап болған соң өз қорытындыларымен таныстырады, әр топтың нәтижелерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

«Сәйкестендіру тесті» («ШАНС» билетін алғандар тапсырманы флипчартқа тапсырманы орындап, тақтаға іліп, қорғайды)

Тапсырма: берілген функциялардың графигін у=х2 функциясының графигінен қалай алуға болады.

y= (x-2)2+1 Ох осімен екі бірлік оңға, Оу осімен бір бірлік жоғары

y= (x+1)2-4 Ох осімен бір бірлік солға, Оу осімен төрт бірлік төмен

y= (x-3)2-3 Ох осімен үш бірлік оңға, Оу осімен үш бірлік төмен

y= (x+4)2+1 Ох осімен төрт бірлік солға, Оу осімен бір бірлік жоғары

Дескриптор. Мәтінге қарай сәйкестендіруді орындайды .


Шығармашылық жұмыс. Қоршаған ортадағы параболаларға таныстырылым.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

Берілген функциялардан параболаның тармақтарының бағытын және төбесінің координаталарын анықтаңыз.

a) y=3x2 b) y=-x2-4 c) y=-2(x+5)2+3 d) y=4(x-7)2

Дескриптор:

Білім алушы

- параболаның тармақтарының бағытын анықтайды;

- параболаның төбесінің координатасын анықтайды.

http://bilimland.kz/ru/














































































АКТ

Сабақтың соңы

Үйге тапсырмасы Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді.

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.

8 сыныпқа арналған Алгебра-8, А тобы №13.4, №13.9, №13.11 есептерді шығару Сонымен бірге мына сайттағы есептерді қарастыру:

http://bilimland.kz/ru/


Рефлексия Стикер тарқатып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады. Ойды аяқта:

  1. Бүгін мен білдім.....

  2. Қолымнан келді....

  3. Мен үйрендім....

  4. Қиындық тудырды.....


http://bilimland.kz/ru/


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ жоспарын құруда жеңілден күрделіге әдісі бойынша оңай есептен күрделі есептер орындай алауға тапсырмалар құрылды. Тапсырманы орындауға қиындық көрмеу үшін әр түрлі әдістер қолданылды.

Жаңа тақырыпқа байланысты әр оқу мақсатына жетістік критериін алып қаншалықты тақырыпты меңгергендігін тексеруді жоспарлаймын.

Сынып тазалығын қадағалау.Сынып бөлмесінің ауасын тазарту

Компьтер, итерактивті тақтаның дұрыс қосылғандығына көз жеткізу .Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Парталарды топқа ыңғайлап орналастыру.Оқушыны тақтаға бағыттау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар


болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
1248
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі