Тақырыбы:
Отбасым-бақыт мекенім!
Мақсаты: Жанұядағы сыйластыққа,
адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Саяхат.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер «Бүгінгінің
баласы – ертеңгінің атасы», «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында
бала қарызы-әдеп пен сый».
Барысы: Қызығушылық
ояту.
-
Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар! Біз бүгін керемет бір
ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыңдар, ол қандай әлем
болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана
мемлекет. Ал, олай болса, ол мемлекеттің аты – «Менің жанұям» деп
аталады. Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауаптары: бақытты, тату, өнерлі, үлгілі. (Оқушылар
кезекпен осы сөздерді айтып, 3-топқа бөлініп, бір-бір жанұя
құрайды).
1. Ой
қозғау.
Топтық
жұмыс.
«Менің
жанұям» осы тақырыпқа байланысты ойларыңды жазыңдар, соңында
талдаймыз.
Оқушылар
ойлары оқылып, пікір алысады.
2.
Сұхбат алу.
Әр топ
өздерінің отбасына арналған өлең тақпақтарын ортаға
салу.
3.
Суретке түсіру.
Әр топ
өзінің жанұясының суретін салып көрсетеді.
4.
Рөльдік ойын.
-Әр топ өздеріне берілген
тапсырма бойынша көрініс көрсетеді.
1-топ
жанұя серуенде.
2-топ
жанұя кешкі мезгілде.
3-топ
жанұяда туған күн.
Осы
тапсырмалар бойынша жанұяның ролімен танысамыз.
-
Жанұя,
отбасы, семья – мемлекеттің іргетасы. Қоғамдағы әр жанұяның
босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін
емес. Президентіміз Н.Назарбаевтың 2030 стратегиялық
бағдарламасында негізгі бағыттарының бірі – отбасы болып
саналады.
5.
Хаттарға жауап.
1. «Отан
отбасынан басталады» мәнісі неде?
2.
Отбасының тірегі кім?
3.
Отбасыда кімдер тұрады?
«Менің
жанұядағы ролім» - деп аталатын бөлімде сендер өз міндеттеріңді
көрсетіңдер.
1-топ: Отбасының құрылымына зор маңыз
беріліп, мәнін қорғаған. Отбасының ар-намысын сақтауға, сырын
шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан
отбасынан басталады» дегенінің мәнісі осында. Отбасында осындай
тәрбие көрген жеткіншек болашақта Отанына да сондай көзқараста
болды. Отанды сатпауға, адал болуға үйренеді.
2-топ: Отбасының, жанұяның екі тірегі
- әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке-шеше арқылы өрбіген тұқымның
туыстық адамгершілік қатынастары жүйеленіп, әлеуметтік қоғамдық
құрылыс қалыптасқан.
3-топ: Отбасындағы әрбір адамның
туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары, борыштары
бар.
Міндет –
күнделікті іс-әрекет арқылы имандылық пен қайырымдылық рәсімдерін
орындау.
Парыз –
міндетті іске асырудың қалыптасқан жолы.
Борыш –
ата-анаға, үлкен адамдарға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ
сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған қайырымды
іс-әрекеттер.
Борыш
«қарыз» деген сөздің баламасы. Олай болса, ол ең әуелі ата-ана
алдындағы борышын өтеуді өмір жолына мақсат етіп қойып, сол
мақсаттарды орындауға жан-тәнімен әрекет жасап, еңбек
етеді.
Отбасының, жанұяның қос шынары – Алатаудай атасы және
аналардың анасы - Әже. Ата береке, мейірім, өнеге даналықтың қайнар
көзі ата салтын алға апарушыларға ақыл-кеңес беретін қадірлі қария.
Атаны сыйлау, ата-бабаны, елді сыйлау, әжені құрметтеу-өмірді
құрметтеу болып саналады.
Мұғалім: Бір көп балалы ана ұлдарына
былай депті:
-
Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны
шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан
соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңса, құйрыққа күл сепсе,
сол адамға не істер едіңдер?
Болжау.
Топтар ойларын ортаға салады.
Тұңғыш
баласы:
- Оның
басын балтамен шабар едім-депті.
Бұл
жауапқа қанағаттанбай:
- Сен не
дейсің? – деп екінші баласына қарапты.
Екінші
баласы:
- Оны мен
мылтықпен атып тастар едім.
Ал кезек
үшінші баласына келгенде ол:
- Оның
кеңсірігін бұзар едім.
Ал кенже
баласы атып тұрып:
-
Жоқ, ана,
мына үшеуінің де жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол
адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жаратушы,
жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге
жарық дүние сыйладыңыз. Іңгәләп аузымды ашып нәр сұрағанымда ақ
сүтіңізбен ауыздандырдыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын
деп, ағаш бесікке бөледіңіз. Жамбасым ойылмасын деп түбегіме
толтырып күл салдыңыз – депті
Сендер
қалай ойлайсыңдар? (Ой толғаныс)
«Жүректен
жүрекке» шеңбері. Ендеше, оқушылар шеңберге тұрып өз жанұяларының
жақсы бір қасиеті жайлы айтады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Отбасының қоғам мен
мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы.
«Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю,
өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны
баршаға аян. Дәстүрге арқа сүйемегеннің, көсегесі көгермейді деген
атамыз. Яғни, салт-сана, әдеп-ғұрып, ойын-той, қуаныш пен реніш,
ұлы жиындардың бәрі – жанұя тәрбиесі болған.
Жанұя –
адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын
бесігі.
Құрметті,
балалар, өз жанұяларыңды құрметтеуге, сыйлауға мақтан тұқтуға
шақырамыз. Сау болыңыздар!
Тексерілді:
Б.Б.Матенова