жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Купюра / Өзендер 3сынып
Мектеп: |
|||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Оқыту мақсаттары |
3.1.3.6 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау |
||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||
1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырата алады |
|||||
Көптеген оқушылар: |
|||||
1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюраларды ажырата алады және түрліше төлем жасайды |
|||||
Кейбір оқушылар: |
|||||
1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюралармен күнделікті өмірде түрліше төлем жасауды біледі |
|||||
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларын дамыту: белгілі бір соманы түрлі купюралар және монеталармен қалай жинауға болатынын түсіндіре алады. Пәндік лексика және терминология: Теңге, купюра, монета, ұсақтау. |
||||
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау: |
|||||
– 500, 800, 1000 теңгені түрліше жинақтай аласың ба? – 1000, 2000, 5000 теңгені ұсақтай аласың ба? |
|||||
Жазу: Өрнектер. |
|||||
Тірек білім, білік, дағдылар |
Теңге, монеталар |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
0-3 мин |
Ынталандыру. «Ой
ашар». |
Сұрақтар жазылған қима қағаздар. |
|||
4-6 мин |
Өзектендіру. Тақтада бірнеше елдің валютасын алып, бірнеше купюраларды араластырып қою. Балалар соның ішінен өздеріне таныс күнделікті өмірде пайдаланып жүрген теңге купюраларын бөліп алулары тиіс. Бөліп алған купюраларды өсу ретімен орналастыру қажет. |
Әр түрлі купюралар |
|||
7-11 мин |
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Мұғалім оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды ұсынады.Оқулықтағы купюраларға қарауды сұрайды. Біз суреттегі қандай купюралармен сабақта таныспадық? Сіздер бұл купюраларды күнделікті өмірде көрдіндер ме? Бұл купюраларды қалай ұсақтауды білесіңдер ме? Сіздер калай ойлайсыздар, бүгінгі сабақтың мақсаты қандай? |
Оқулық |
|||
12-29 мин |
Жаңаны ашу. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды.
2000 теңгелік, 5000 теңгелік купюралардың қалай ұсақталғанына қара. Тағы да қалай ұсақтауға болады?
Оқушылар өздерінің купюраларды ұсақтау нұсқаларын ұсынады. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқулықтағы практикалық жұмысқа арналған 3-тапсырманы орындайды.Топтық жұмыс ұйымдастыруға болады. Бұл тапсырма үшін оқушыларға әртүрлі купюралардың бейнелері бар қима қағаздарды ұсынуға болады. Тексеру барысында әртүрлі нұсқаларды қарастыруға болады. |
Оқулық, әртүрлі купюралар дың бейнелері бар қима қағаздар |
|||
30-36 мин |
Жаңаны қолдану. Мұғалім 4-тапсырмадағы есептердіі шығармас бұрын талдау жасатады: а)
ә)
Есептердің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жаздырып есептерді тақтада орындатуға болады. 5-тапсырманы орындауда топтық жұмысты ұйымдастыруға болады. Әр топқа бір өрнектен бөліп беріп, есептер құрастыртуға болады. 6-тапсырманы орындату үшін оқушылармен «Дүкен» ойынын топпен ойнатуға болады. Оқушыларға әртүрлі купюралардың бейнелері бар қима қағаздарды ұсынуға болады. Әрбір топ оқушылары барлық мүмкін нұсқаларды ұсынады. Өткенмен жұмыс. Оқулықтағы 7-тапсырманы жұппен орындайды. Әрбір жұпқа бір өрнектен бөліп беруге болады.Амалдардың орындалу ретін анықтайды және есептейді. Шыққан нәтижелерді кему ретімен жазып, Қазақстан аумағындағы ірі өзендердің ұзындығы бойынша ретін анықтайды. Оқулықтағы 8-тапсырмадағы теңдеулерді орындауды ұсынады. Зерттеушілік тұрғыдағы 9-тапсырманы оқушыларға кез келген қолда бар материалдарды (фишка, қағаздан қиылған дөңгелектер т.б.) қолданып жұппен орындауды ұсынуға болады. Әрбір дөңгелекке балалардың салмағын жазуға, ал қағаз параққа өзеннің жағаларын белгілеуге болады. Осыдан кейін кейіпкерлерді өзеннен өткізудің практикалық амалдарын орындау керек. Мұғалім қайықтың өзеннің бір жағасынан екінші жағасына дейін бірнеше рет барып қайта алатынын нақтылайды. Тексеру барысында оқушылар салмақтары 54кг және 46кг болатын ұлдар қайықты тасымалдаушы рөлін атқаратынын ерекшелеуі қажет. Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр. Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі. |
Оқулық. Дәптер. Тақта. Әртүрлі купюралар дың бейнелері бар қима қағаздар. |
|||
37-40 мин |
Рефлексия. –Сабақтың басында өзіміздің алдымызға қандай мақсаттар қойдық? – Бұл мақсаттарға жете алдық па? – Қиындықтар болды ма? – Оларды еңсере алдыңдар ма? – Бүгінгі сабақ несімен қызық болды? Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалау ұсынылады. |
Бағалау сызғышы. |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген