Ашық сабақ: Л дыбысы. Дайындық кезеңі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Л дыбысы. Дайындық кезеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы сөйлеу тілі дамымауының 3 - деңгей аңғарымы бар баланың сөйлеу тіліндегі дыбыс айтудағы кемістігін түзету бойынша технологиялық карта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта


Сабақтың тақырыбы:

Л дыбысы Дайындық кезеңі

Сабақтың мақсаты:

Артикуляциялық және есту аппараттарын [л] дыбысын

қоюға дайындау.

Міндеттері:

Білімділік:

Л] дыбысын қою үшін артикуляциялық аппарат мүшелерінің

қимылдарын дайындау.

Түзете - дамытушылық:

Кеңістікте бағдарлауын, зейінін, есте сақтауын,

  1. фонематикалық естеуін дамыту

Тәрбиелік:

  1. Таза, анық сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Айна, сюжетті сурет, зондтар, мақта, карандаш, артикулияциялық жаттығулар жинағы.

Сабақтың әдісі:

Ойын түрлерін қолдану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Қал жағдайын сұрау

- Ыңғайлы етіп отырғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

- Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үй тапсырмасын қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Артик уляциялық жаттығулар.

Мимикалық жаттығу:














Тыныс алу жаттығуы.






















Артикулияциялық жаттығуларды қайталау.






-Жылы жаққа ұшып бара жатқан қарлығаш сияқты көңілсіз боламыз.

-Ал сен күлімдеп көңілін көтер.

Ерінге арналған жаттығулар:

«Балапандар аузын кең ашып, тамақ сұрап жатыр».

-Балапандар қарындары ашқанда ауыздарын ашып шиқылдайды. Олар анасы әкелген тамақты жеу үшін тұмсықтарын ашады. Ауызды [ а] дыбысын айтқандай, кең ашамыз.Тілді ауыз қуысынан сыртқа шығарамыз. Осы қалыпта 3 -4 сек. Қстап тұрамыз, кейін ауызды жабамыз.

Тілге арналған жаттығулар:

«Кеме»

«Серуен»

«Алтыбақан»

«Жоғарғы, төменгі тістерді тазалау»

Ауа ағымын дұрыс қалыптастыруға арналған ойындар.

«Шар үрлеу»

«Жапырақ үрлеу»

«Көбелекті ұшыру»

Фонематикалық есту қабілетін дамыту.

«Дыбысты ұста» ойыны.

Логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар.

Дұрыс дем алуға арналған жаттығу

- ұртына ауа толтыру, демді шығару.

- мақтаға үрлеу

-карандашты сырғыту

Г) ұсақ моторикасын дамыту

«Отбасы» саусақ жаттығуы

Әр саусақты атай отырып, жұму.

Мына саусақ – Атам

Мына саусақ – Әкем

Мына саусақ – Анам

Мына саусақ – Сіңілім

Мына саусақ – мен

Бұл менің – Отбасым!

Алақанға массаж.

Қаламсапты жібермей, алақанның біреуі үстінде, ал екіншісі астында болуы керек. Алақанды алдыға –артқа қозғалту, алақанның басынан саусаққа дейін жеткізу.

- «Тәтті тосап» - жалпақ тілмен жоғары тілді жалау, жаттығу жасаған кезде ерні мен астыңғы жақтың қозғалмауы керек.

«Тыңдамайтын тілді жазалау»

Жаттығудың мақсаты: Тілдің бұлшық еттерін босаңсыту.

Жаттығуды орындау. Тілді жалпақ етіп, қозғамай ұстап тұру үшін, ауызды кең ашып, тілді астыңғы ерінге қойып, шығарып ұстап пя-пя-пя деп 5-10 ға дейін санап айтқызу керек.

Жаттығуды орындау кезінде тіл жалпақ, тілдің екі жағы ауыздың екі шетіне тиіп тұруы керек. Демді ұстап, толық дем шығарған кезде пя-пя-пя деп бірнеше рет қайталау керек.

- «Жалпақ тіл»

Жаттығудың мақсаты. Тілді босаңсытып тыныш ұстап тұруға дағдыландыру.

Жаттығуды орындау. Ауызды ашып, ерінді жымиып ашып, жалпақ тілді астыңғы ерінге тигізіп, осы қалыпта (5-10-ға) ұзақ ұстап тұру. Жаттығуды орындау барысында:

Ерінді тым созбау керек.

Тілді көп алға шығармау керек, тіл тек астыңғы ерінді жауып, тұруы керек. Тілдің екі жағы ауыздың екі шетіне тиіп тұруы керек.



ІV.Үйге тапсырма:

Артикуляциялық жаттығулары қайталау.

V.Сабақты қортындылау:

Баланы мадақтап, бағалау.

ІV.Күтілетін нәтиже:

Л дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгереді.





Тексерілді:__________________________









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2021
1257
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі