400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. «Л» дыбысы және әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге үлгі және көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Л» дыбысы және әрпі.
Кезең: дыбыс қою.
Сабақтың мақсаты: Дұрыс артикуляциялық дағдыларын қалыптастыру. Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Құрал - жабдықтар: айна, артикуляциялық жаттығулардың фото жинағы, заттық суреттер, белгі беретін жалауша.
Сабақтың жоспары:
1. Дыбысты қою.

2. «Л» дыбысын қоюға арналған дайындық артикуляция жаттығуларын жасау.

3. Ұсақ моторикасын дамыту

4. Ойын тапсырмалар орындау.
5. Сабақтың қорытындысы.

Сабақ барысы

1.Мұғалім-логопед: Біз қазір «Л» дыбысын дұрыс айтып үйрену үшін тіл мен ерінді жаттықтыруымыз керек. Ол үшін алдымен «Л» дыбысының артикуляциялық қалпын үйренуіміз керек. Суретін көрсете отырып үйрету.



2. Енді мен артикуляциялық жаттығулардың фотосын көрсете отырып жасаймын, ал сен жаттығуды қайталап жасайсың. (Жаттығудың орындалу дұрыстығын айна алдында бақылау)
Мұғалім-логопед: «тәтті тосап» жаттығудың суретін көрсету.

Жоғарғы ерінде тәтті тосап тұр деп елестет. Жоғарғы ерінді жалайық.

/ мұғалім-логопед суретті көрсетеді. Санау арқылы (1,2, 3) оқушы жаттығуды орындайды/.

«Кесе», «Жел соғады», «Тоқылдақ» жаттығуларын жасату.
Мұғалім-логопед: Мынау не? (суретті көрсетеді
)

(пароход)

Мұғалім-логопед: Пароход қалай дыбыс шығарады? (Л – л – ллл...)
Оқушы: Л – л – ллл...

Мұғалім-логопед: Сен мені мұқият тыңда. Елестет, біз екеуміз өзеннің бойында тұрмыз. Жанымыздан кеме өтіп бара жатыр, іші толған адам. Ал енді, кеменің дауысы қалай шығады, тыңдап көрейікші: Л – ллл.... Енді сен айтып көрші.
Оқушы: «Л – ллл»
Мұғалім-логопед: Жарайсын. Енді, «Бағынбайтын тілді жазалау»
Ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қойып «пя - пя – пя...» деп айтайықшы. Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде бірден 5-10-ға дейін санап, ұстап тұр.
Оқушы жаттығуды орындайды..
Мұғалім-логопед: Қане, есімізге түсірейік. Пя – пя – пя созып айтайықшы.
Оқушы: Пя – пя – пя...

Баланың ұсақ моторикасын дамыту.

Жіпке моншақтарды тізбектеу.

Мұғалім-логопед: «Дыбысты қағып ал» ойыны. Мен қазір бірнеше сөздерді айтамын, ал сен сөздің ішінде «Л» дыбысын естігенде шапалақпен қағып ал.

/Бала, бақа, қора, қала, оқушы, мұғалім, айна, су, көл, дала, бал, қоян, түлкі./

4.Қай әріп екенін айтыңдар. Алфавиттік жұмбақтарды шешіңдер.

Құлында бар,

Құнанда жоқ.

Жыланда бар,

Қыранда жоқ. /Л/

Балада бар,

Қорада жоқ.

Далада бар,

Жорада жоқ. /Л/


Буын ұйқасы:

Ла-ла-ла – ұшты көкке шағала

Ла-ла-ла – қармақпен балық аула

Ла-ла-ла – жүлдеге ал қола

Лу-лу-лу – Айша біздің сұлу

Лы-лы-лы – тоным менің жылы


Сергіту жаттығуы.
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнап.


Жаңылтпаш айту

Лаула алау лаула,

Алауласын аула.


Сабақтың қорытындысы.

Баланың жұмысын бағалау.

Қорытынды:
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Л дыбысымен.
- Л дыбысы қандай дыбыс?
- Л дыбысы дауыссыз дыбыс.
- Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Себебі созылмайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
1046
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі