400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Л дыбысы мен әрпі даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Л дыбысы мен әрпі.Даярлық сыныбына арналған материал. Л дыбысы мен әрпін таныстыру.логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, ой өрісін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Л л дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: Л л дыбысы және әрпімен таныстыру, әртүрлі тапсырмаларда орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын жетілдіру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты-дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.


Жылулық шеңбері: - Балалар, кәнекей, бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайықшы.


Бақыт деген осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері

Бақыт деген көрмей қалса сағынып,

Мен іздейтін адал жүрек сендегі.


  • Балалар, бүгін бізде сауат ашу және жазу оқу іс-әрекеті. Біз өткен оқу іс-әрекетінде қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші.

  • Дұрыс айтасыңдар. (Н н дыбысын тақтаға ілу ).

  • Н дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па?

  • Дауыссыз дыбыс.

  • «Н» дыбысын қандай текшемен белгілейміз? Көк

  • «Н» әрпінен басталатын және Н әрпі кездесетін сөздерді маған кім айтып береді?

  • Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?

  • Дыбысты – айтамыз, естейміз. Әріпті – көреміз, жазамыз.


  • Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар, жауабын шешуге маған көмектесіңдер.

«Мә-мә» деген әні бар

Секірер ор, жары бар

Селтеңдейді құлағы

Секіргіш бір жануар.

Ол не екен? (Лақ)


«Лақ» сөзін айтып көрейікші. «Лақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз?

  • «Л» дыбысы.

  • «Л» дыбысы қалай айтылып тұр? Кедергімен бе, әлде кедергісіз бе? (Л дыбысы кедергімен айтылып тұр). Тіліміз тісімізге тиіп, дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.

  • Олай болса, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз Л дыбысы және әрпімен танысамыз.

  • Сөзде неше дыбыс бар? Үш

  • Лақ сөзін буынға бөліп көрейік. Неше буын бар?

  • Бір буын бар.

  • «Л» дыбысы дауыссыз дыбыс. Оны көк текшемен белгілейміз.

  • Балалар, мынау «Л» дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі, ал мынау жазба түрі. (тақтаға жазып көрсету)


Тіл ұстарту жаттығуы

Ла-ла-ла - бұл әдіпті бала,

Лу-лу-лу – Нұрай сұлу.


  • Балалар, л –дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі. Мысалы: лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді, ал бал сөзінде сөздің аяғында, балапан сөзінде сөздің ортасында келеді.


«Сөздерді буынға бөл» тапсырма. (Піл, телефон, балапан, планета)

Жаңылтпаш жаттау.

Ләйлік лайға лайланды

Лайланған ләйлік,

Лайда отырып жайланды.


  • Балалар, Л-дыбысын, кәне ауада жазып көрейік.


Дәптерімізді ашайық.

Әдемі етіп жазайық.

Дәптермен жұмыс. Қарындашты дұрыс ұстап, жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту.

Дәптердегі үлгіге қарап, «л»- дыбысының баспа түрін жазады.


Сергіту сәті:

Жалт-жұлт етіп лақ,

Жағалайсың бұлақ,

Секірем деп бірақ,

Қала көрме құлап.


Қорытынды: - Балалар, біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық?Л – дыбысы дауыстыдыбыс па, дауыссыз дыбыс па?



Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
655
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі