400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ. "Л" дыбысын сөзде, сөйлемде дағдыландыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрлі жаттығулар арқылы дыбыстың дұрыс айтылып,сөйлемде дұрыс қолданылуын жүзеге асыру.Артикуляциялық жаттығуларды орындай отырып,сөйлеу қабілеттерін арттыру.Сөзұйқастар арқылы Л дыбысының анық айтылуын қадағалау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


  • сиқырлы дорбасын алып келіпті, Оның ішінде көптеген тапсырмалары бар екен. Оны дұрыс орындасаң, ол саған сыйлығын дайындап қойыпты.

1-Артикуляциямен еске түсіру және артикуляциялық жаттығулар орындау.

Қане дорбасын ашайық 1ші тапсырманы орындап көрейік. Л дыбысының артикуляциясы(жалпақ тіл үстіңгі тістерге көтеріледі, дауыс бар)

  • Енді аяз ата бізге тілге арналған жаттығуларды ұсынып отыр, қане бірге орындап көрейк. артикуляциялық жаттығулар. (әткеншек, тіс тазалаймыз, тәтті тосап) - слайды

  • Балалар, бұл жаттығулар қандай дыбысты дұрыс айтуға жасадық?

  • Л

2- Л дыбысын сөзде дағдыландыру

- Балалар, қане дорбаны ашып көрейік, аяз ата бізге келесі қандай тапсырма ұсынған екен.

1. Л дыбысының үлкен суретін – құрамында Л дыбысы бар кішкентай суреттерді тауып, қой (жылан, балық, қылыш, қалақ, құлпынай, жол, балта, балға, лақ, алтын.)

- Жарайсың, қане дорбаны ашып, келесі тапсырманы алайық.

2. Допты айналдыра отырып, бағыт түскен суреттегі сөзді атау (бал, балапан, бұлт, т.б. )

-Жарайсың бұл тапсырманы да дұрыс орындадық, қане дорбаны ашып келесі хатты ала ғой.

3- Л дыбысын сөз тіркесінде дағдыландыру

  1. Машинамен ойын - машинаны жүргізе отырып, Л дыбысын сөз тіркесінде дағдыландыру.

Ла-ла-ла- әдемі аққала

Ло-ло-ло- қыз айтады «Алло»

Лу-лу-лу- Мынау ұлу

Ал-ал-ал- тәтті бал

Ол-ол-ол-бұл ойын футбол

Ыл-ыл-ыл-Мынау маймыл

- Жарайсың, қане дорбадан, келесі хатты алайық.

2. Шыршаны безендіру - ойыншықтарда сөз тіркестері берілген, оны атай отырып, шыршаға ілу.

Қызыл алма

Жасыл қолғап

Көк жалау

Ақ лақ

Күлгін қалам

Көк балық

Сары балапан

4 - Сергіту сәті

5- Л дыбысын сөйлемде дағдыландыру

    1. суреттерді жинап, суретке қарап сөйлем құрау

Шолпан апа шұлық тоқыды.

Балықшы балық аулады.

Бала аулада лақпен ойнады.

Талғат балтамен отын жарды.

    1. Суретпен жұмыс, жасаған жұмысына сөйлем құрау

  • Балалар, жарайсыңдар, сендер барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Енді бізге Аяз ата не дайындап қойды екен.Қыс айларын жазыңдар.олардың ерекшеліктері туралы айтыңдар депті. (логопед баламен бірге жұмыс жасайды)

  • Қыстың бірінші айы қандай? Желтоқсан.

  • Екінші айы? Қаңтар.

  • Үшінші айы? Ақпан.

  • Желтоқсан айының ерекшелігі,мейрамдары туралы жаз. Желтоқсан мейрамдарынан қандай әсер алдың?

Қорытынды. Жарайсыңдар,балалар! «Желтоқсан» айы туралы мәтінді дәптерлеріңе жазып келіңдер. Сау болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.10.2021
686
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі