400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Лабиринттен шығу алгоритмдерін құру 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдер сабақ өткізуге көмегін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3А Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:0


Сабақтың тақырыбы:

Лабиринттен шығу алгоритмдерін құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.3. Орындаушаларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру

5.3.2.2. қадамды сөз түрінде ұсыну

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

  1. Лабиринт ұғымы туралы біледі

  2. Логикалық ойлай алады

Оқушылардың басым бөлігі:

  1. Ең тиімді қысқа жолды тауып лабиринттен шыға біледі, әртүрлі лабиринттермен жұмыс жасай алады;

Кейбір оқушылар:

  1. Лабиринттердің қолданылуы олардан шығу алгоритмдерін құрады.

  2. Лабиринтке өз бетінше тапсырма құра алады.


Бағалау критерийі

Лабиринт ұғымын меңгереді, лабиринттен шығу алгоритмдерін құрады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар лабиринтпен байланысты лексикаларды дұрыс қолдана алады.

Пәндік лексика мен терминология:

Лабиринт, өткел, жолдар

Сұқбатқа/хатқа арналған пайдалы сөздер:

Лабиринт - түрлі_______ мен ______ берілген шатасқан күрделі құрылым.




Құндылықтарға баулу:

Еңбекқор, шығармашыл, өз бетінше шешім қабылдай алатын, логикалық ойлауы жоғары ұрпақ тәрбиелеу;

Пәнаралық байланыс:

Математика, бейнелеу

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Алгоритм анықтамасын тұжырымдай алады, алгоритм орындаушысын біледі, алгоритмді сөз түрінде ұсына алады.

Сабақтың жоспарланға кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

0-8

Оқушыларға «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем»ойынын ойнату.Жасыл, сары, қызыл, көк түсті шаршы қағаздар таңдайды. Түстері сәйкес келген адамдар бір- бірімен амандасады. көк түстілер (Сәлем! )деп екі қолдарын жоғары көтеріп амандасады.

(сары түстілер) Нai- деп оң қолдарын көтеріп амандасады

(қызыл түстілер) қолдарын кеуделеріне қойып бастарын иеді.

Мақсаты: жағымды психологиялық орта орнату, оқушылардың білім игеруге деген қызығушылығын тудыру.

Сынып оқушылары таңдалған түстері бойынша топқа бөлінеді. Яғни қызыл шаршы, көк шаршы, сары шаршы. Осы шаршыларды құрастырып лабиринттің суретін шығарады.

Үй тапсырмасын «Домино» ойыны арқылы тексеру. Қағаз екіге бөлініп, біреуіне сұрақ, екіншісіне басқа сұрақтың жауабы жазылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап тауып, құрастыруы керек.

Алгоритм орындаушысы –алгоритмді жүзеге асырушы

Орындаушының командалар жүйесі-орындаушының нақты орындауы мүмкін командалардың жиынтығы

Алгоритмді сөз түрінде ұсыну- қарапайым түрде адамға мәтін түрінде түсінікті етіп жазу

Формальды орындаушы- бір команданы бірқалыпты орындайды

Формальды емес орындаушы-бір команданы түрлі әдіспен орындайды.

Команда деген- алгоритмдегі кез келген іс әрекет

Оқушылар бір-бірін үш шапалақ арқылы бағалайды.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырып бойынша білгендерін есіне түсіру,

Қима қағаздар, маркерлер, түрлі түсті шеңберлер, лабиринттердің суреті

Picture 1

Теория бойынша

9-20

«Ой қозғау» әдісі бойынша оқушыларға видеоматериал көрсетіледі. Оқушылар экраннан не көрсетіліп жатқанын және оның себебін түсіндіреді.


(Т) ДЖИГСО әдісі арқылы жаңа сабақты меңгертемін. Әр топқа сұрақтар беріледі, оқушылар кітаптан оқығандарын топпен ақылдаса отырып флипчартқа түсіреді.

1 топ. Лабиринт бізге не үшін керек?

2 топ. Лабиринттен шығудың бір ғана жолы болады ма?

3 топ. Лабиринт ұғымы

Мақсаты: оқушыларды топта жұмыс жасауын, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту, оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыту.

Топты бағалау «бутерброд» әдісі арқылы бағаланады.

Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

https://youtu.be/ZTCe3ouUsag


Интерактивті тақта, постер, маркерлер

21-30

(Ж)Оқушыларға «Лабиринттен қалай шығамыз?» сұрағы арқылы проблемалық жағдаят туындатамын. Оқушылар топта проблемалық жағдаяттан шығу жолдарының алгоримдерін құрады.

Басы

Оңға жүр

Жоғары жүр

Солға жүр

Төмен жүр

Солға жүр

Бағалау. Мадақтау арқылы жүргізіледі.

Мақсаты: оқушылардың ойлау, пікірлердің айырмашылығын талқылау, мәселені шешу дағдыларын қалыптастыру.

(ЖЖ)«Миға шабуыл» әдісі арқылы теориялық білімдерін практикамен ұштастырады. Кітаптағы 5 тапсырма

Мақсаты: Жаңа білімді салыстырып оны игеруге белсенділендіру, теорияны практикамен ұштастыру.

Жұптық жұмысты «басбармақ» арқылы жоғары/төмен көтеру арқылы бағалайды

Интерактивті тақта Компьютер

31-33

Сергіту сәті. Бейнероликтегі жаттығуды жасау

Интерактивті тақта

34-43

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

  1. А нүктесінен В нүктесіне жету үшін Орындаушы қолданатын командалар жүйесін құрыңыз.

  1. Зымыранның Юпитер ғаламшарына ең қысқа жолмен ұшу жолын анықтаңыз және ұшу жолының сөздік алгоритмін құрыңыз.

Командалар жүйесі: Алға (1 қадам), Солға, Оңға.

Ескерту: 1 ұяшық – 1 қадам.

__________________________________________________

__________________________________________________

__________________________________________________

Жеке жұмысты әр оқушыға ынталандыру мақсатында ауызша баға беремін.


43-45

«Плюс-минус -қызығамын» кестесі арқылы бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды.

+

Сабақта қызық болған, пайдалы болған жәйттар жазылады

-

Сабақта сәтсіз шыққан, пайдасы жоқ не шамалы болды деп ұйғарылған жәйттар жазылады.

Қызығамын

«не білгім келеді?» немесе «бұл мен үшін қызық бола ма? Деген сұрақтарға жауап келтіру»

Үйге тапсырма.

  1. Деңгейлік тапсырмаларды аяқтау

  2. Лабиринт сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

Бор, тақта

Қосымша ақпарат

Саралау-сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік ИКТ-мен байланыстар Құндылықтармен байланыстар


Оқушыларға алдыңғы тақырып бойынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін, сыни пікірлерді қабілетті

оқушылардың жұмыс сапасын

жақсарту

үшiн қолданамын.


* Оқушыларды олардың бірлескен жұмыстары немесе жеке жұмыстары кезінде қадағалау.

* Оқушылардың барлығы жасалған таңдауды түсінгендігін және өздігінен жұмыс ұсына алатындығын тексеру үшін сұрақтар қолдану.


* Сабақ кезіндегі өздік жұмыс оқушыларға зерттеудегі материалды, оны практикада қолдана отырып тереңірек түсінуге мүмкіндік жасайды.

* Денсаулыққа және компьютерді қолданудағы кауіпсіздікке ерекше көңіл аударылады.

*Лабиринт тақырыбы математика сабағында байланысып одан әрі пысықталған болуы мүмкін



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
827
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі