жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Лекал түрлері. Лекал дайындау.
Түркістан облысының
АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
мемлекеттік мекемесі
«№1 КОЛЛЕДЖ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ашық сабақ
Пән: Киімді құрастыру.
Сабақтың тақырыбы: Лекал түрлері. Лекал дайындау.
Курс:3
Топ: №17
Мамандығы: 1211000 -Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
Біліктілігі: 121106 2 Арнайы тігінші
Оқытушы: Досыбай Мейркүл
Созақ-2019
№17 Арнайы тігінші Бекітемін:
28 11.2019 Директордың оқу өндірістік
жұмыстары жөніндегі
орынбасары: ______________А.Сағындықов
№ 58 Сабақ жоспары
Пән: Киімді құрастыру.
Бағдарлама тақырыбы : Киім бөліктерінің лекалоларын құру мен көбейту.
Сабақтың тақырыбы: Лекал түрлері. Лекал дайындау .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Лекало түрлері, қолданылуы және лекал дайындау жұмыстарын меңгерту.
Дамытушылық: Білімдерін іс жүзінде қолдана білуін қалыптастыру.
ойлау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық жұмыстарды орындатуда дағды қалыптастыру;
Тәрбиелік: әсемдікке, іскерлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру,топпен жұмыс,өзіндік жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:.плакат,слайд,сызу құралдары.
Пәнаралық байланыс: сызу, математика, технология
Күтілетін нәтиже:
- Лекало түрлерін біледі.
- Лекал дайындауды біледі.
Қолданылған әдебиеттер: А.Асанова «Киімді конструкциялау» .
Е.Никитина. Киімді конструкциялау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу
ә) білім алушылардың сабаққа қатысын тексеру
б) білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру .
ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексерeу
«Миға шабуыл» ( слайд -4-7)
1-топ
1.Шалбардың отыру биіктігі қандай формуламен табылады?
Ботыр = Б0 Бс1= 0,5 •ЖАмық. – (1 ÷2)
2.Шалбар қандай киім түріне жатады?
2) Белді киім
3. Шалбар құру үшін қандай өлшемдер қажет?
3) ЖАбел ,ЖАмық , Ұбтізе , Ұ ш және қосымшалар:Қбел. , Қмық .
4.Қосымшалар қай өлшемдерге беріледі?
4)қосымшалар: Қбел. , Қмық .
5.Мықын сызығы бойынша шалбардың алдыңғы жартысының енін есептеу формуласы қандай?
5) М1М2=0,5• ЖАмық+ (0,5/0,7)•Қмық
2-топ
1.Мықын сызығы бойынша шалбардың артқы жартысының енін есептеу формуласы қандай?
1)
М
3М4
=(ЖА мық
+Қ мық)
- М 1М
21
2.
Шалбардың адым енін есептеу формуласы
қандай?
2) Бс2Бс3 = 0,1 •(ЖАМық + Қмық)
3. Бел сызығындағы артқы жартысының енін қалай табады?
3 )Б 5Б 7 = 0,5 • (ЖА бел +Қ бел) + бүкпе
4 . Шалбардың бүкпе ұзындығын қалай табады?
4) БоБс 1/3
5. Шалбардың артқы жартысының балақ енін қалай табады?
5) Е 3Е4 = Е 1Е 2+ 2,0
3-топ
1. Тізе сызығының орналасуы деңгейі неге тең ?
1 ) БоТо = Ұбтізе
2. Алдыңғы бойдың орта сызығы қандай нүктелер арқылы безендіріледі?
2) Б2, М21 1, Бc 23
3. Бүкпенің, қатпардың ені неге тең?
3) 2,0-2,5см
4.Шалбар бөліктерін атаңдар?
4) Алдыңғы бой , артқы бой, белдік , қалта бөліктері
5.Мықын сызығы деңгейі неге тең?
5) Бс 1М 1 = БоБс 1/3
4-топ
1)Жартылай бел айналымы өлшемін жаз.
1) ЖАбел (Ст)
2) Шалбардың алдыңғы жартысының балақ енін қалай табады?
2) Е 1Е2 = Е балақ — 2,0
3)Базистік тор дегеніміз не?
3)Бұйымның жалпы габоритын (оның ені және ұзындығы) анықтайтын көлденең және тік сызықтардың жиынтығы
4)Шалбардың артқы жартысының бүйір қиығының орналасуы
4) М 1М 3 = 0,1 х (ЖА мық +Қ мық)- -2,0
5)Шалбардың артқы жартысының қалта ауызының ұзындығы
5 )12-18см
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІҮ. Жаңа сабақ. Слайд (8-14)
1.Лекало түрлері.
2. Лекалдарды дайындау
Лекалдар сызбасы бөлшектердің құрылысын, пішінін, өңдеу және пішу үшін техникалық шарттардың анықтаудың техникалық құжат болып табылады. Лекалдар сызбасының құрастыруы салалық стандарттарды ұсынылған нормативті-техникалық құжаттары негізінде орындалады.
Лекалдар сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтер ретінде бұйымның үлгілік ерекшеліктері тұрғызылған. Техникалық сызба, бұйымды дайындауға ұсынылатын маталар қасиеттері, технологиялық өңдеу тәсілдері пайдаланылады.
Арнайы міндетіне байланысты лекалдар келесі түрлерге бөлінеді:
- оригинал лекалы;
- эталон лекалы;
- жұмысшы лекал;
- көмекші лекал.
Оригинал лекалы бұйымның негізгі өлшеміне дайындалған үлгісіне сәйкес болып келеді.
Эталон лекалы- градация (көбейту) арқылы барлық бой өлшемдер үшін лекал-оригинал негізінде дайындалады. Эталон лекалдары жұмысшы лекалдардың сапасын тексеру үшін қолданылады.
Жұмысшы лекалдары- эталон-лекалы бойынша дайындалып, бұйымның пішу шамасын орындау, мата шығынын анықтау және пішілген бөлшектердің сапасын тексеру үшін қолданылады.
Бөлшектердің қималардың сәйкестігін тексеру үшін көмекші лекалдар дайындайды.
Жалпы лекалдарды безендіру барысында бұйымның бөлшектердің негізгі және туынды бөлшектерге бөледі.
Негізгі бөлшектерге негізгі матадан пішілетін: артқы бой, алдыңғы бой, жең жатады.
Негізгі бөлшектер негізінде өңделетін бөлшектер туынды болып аталады. Бұл бөлшектер бұйымды безендіру немесе пішінді қалыптастыру үшін қолдануымыз мүмкін.
Туынды бөлшектерге келесі бөлшектер жатады.
1) Негізгі матадан – өңір астары, жоғарғы жаға, қалта, жапырақша, қақпақша, әдіптер, белдік.
2) Астарлы матадан – артқы бой, алдыңғы бой, жең, шалбар астары, майда бөлшектер.
3) Астарлық матадан – өңір аралығы, иық көтергіштері.
4) Желімділік (қатырма) аралықтан – алдыңғы бойдың қатырмасы, жырықтың қатырмасы, стегінің қатырмасы, жоғарғы жағаның қатырмасы және т.б.
Туынды бөлшектердің лекалдарын негізгі бөлшектер лекалдар бойынша технологиялық өңдеу тәсілдері есебімен орындайды.
Астарлы маталардың пішіндері қалыптастыру қасиеттері төмен, сондықтан бұл маталардан пішілетін бөлшектер де көлемдік пішіні құрылыстық тәсілдер арқылы пайда болады (бүкпелер, құрылыстық сызықтар).
Көмекші лекалдар дегеніміз бұйымды өңдеу барысында, мыс.- қалтаның орналасу жерін белгілеу үшін қолданылатын лекалдар.
Лекалдарды безендіру үшін қойылатын талаптар.
Тігін бұйымдарының лекалдар жинағына келесі мәліметтерді белгілейді:
- лекалдар аталуы (оригинал немесе эталон);
- бұйымның аталуы (бір негізді бөлшекте белгілер қойылады);
- үлгінің номері;
- лекалдардың арнайы (негізгі, туынды, көмекші) міндеті;
- бөлшектердің аталуы (артқы бой, алдыңғы бой, өңір астары);
- бұйымның өлшемі, см (Т1-Т16-Т19).
Бір негізгі бөлшектің лекалына қосымша мәліметтерді жазып шығады:
- ұсынылатын өлшемдер;
- құрастырушының аты-жөні;
- өңдеу күні.
Оригинал лекалдарда келесі құрылыстық бөлшектердің өлшемдерін белгілеп шығады. (бақылау сызықтар):
- артқы бойдың ені;
- алдыңғы бойдың ені;
- бұйымның кеуде деңгейіндегі ені;
- бұйымның бел тұсындағы ені;
- бұйымның бөксе тұсындағы ені;
- жеңнің ені, ұзындығы;
- бұйымның ұзындығы.
Бір негізгі бөлшекте лекалдар жиынтығының кесте түрінде тізімін ұсынады (бөлшектер спецификациясы)
Бұйымның бөлшектерін пішу үшін лекалдарда келесі шартты белгілерді қойып шығады:
- негізгі жіптің бағыты (нЖ);
- негізгі жіптің бағытынан ауытқуы (%, һ см);
- бақылау керітпелер (қималарды сәйкестіру үшін қолданылады).
Өндірісте жұмыс лекалдары эталон лекалдар бойынша ай сайын тексеріліп тұрады.
Негізгі жіптің бағыты мемлекеттік стандарттар бойынша белгіленеді (әр бөлшекте жеке түрінде қойылады). Мысалы, артқы бойдың н.ж. ортаңғы сызығына параллель бағытта түседі. Негізгі жіптің бағытынан ауытқу шамасы пішу жаймасын орындау кезінде бөлшектің бағытын қай шамаға өзгертуге болатынын көрсетеді. Ауытқу шамасы бөлшектің түріне байланысты пайыз бойынша беріледі.
Лекалдарды дайындау бірізділігі келесілерден тұрады:
1. Берілген ұзындық бойынша картон парақтарын кеседі. Бір пакет үшін 3-6 дана картон парақтарын кеседі. Парақтардың біреуіне фигуралы тесіктердің орнын көрсетуімен лекал контурларын сызады.
2. Парақтар пакетін машиналы тізбекті бір жіпті тепшіммен бекітеді. Тепшімді лекалдарды жасаған кезде бөгет болмау үшін бекітеді.
3. Сыртқы контур бойымен лекалдарды кеседі.
4. Үлкен емес фигуралы тесіктерді теседі, мысалы түймелікті торлау үшін.
5. Ішкі контур бойымен лекалдарды кеседі.
6. Лекалдардың контуры немесе қималары бойынша таңбалайды.
Рулоннан картон лекалдарды кесу үшін РЛЗ-2 машинасы арналған. Картонды лекалдар пакетін бекіту үшін 226 кл тігін машинасы арналған. Лекалды сыртқы контур бойымен кесу үшін ВЛН-1 машинасы арналған. Лекалда фигуралы тесіктерді тесу үшін ВЛО-1 машинасы арналған. Лекалды ішкі контур бойымен кесу үшін ВЛВ-1 машинасы арналған (бүкпе, қатпарлар және т.б.). Лекалдарды таңбалау үшін КСЛ-1 машинасы арналған. Лекалдар станционарлы кронштейндерде немесе бір немесе екісөрелі тізбекті ілмекті конвейерде ілініп сақталынады. Лекалдар сақтайтын бөлмеде температура 18-20 °С және ауаның ылғалдығы 60-70% болады.
ҮІ.Өзіндік жұмыс слайд (15)
« Кім жылдам»
1-топ Ерлер шалбарының лекалосын дайындау.
2-топ Әйелдер белдемшесінің лекалосын дайындау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. слайд ( 16 )
«Ойлан тап»
1. Лекало дегеніміз не?
(Лекалдар сызбасы бөлшектердің құрылысын, пішінін, өңдеу және пішу үшін техникалық шарттардың анықтаудың техникалық құжат болып табылады.)
2 Лекалоларды не үшін даярлайды?
( Киім бөліктерін пішуге, тексеруге,белгілеуге т.б)
3. Лекалдың қандай түрлері болады?
(оригинал лекалы; эталон лекалы; жұмысшы лекал; көмекші лекал.)
4.Көмекші лекало деген не? Көмекші лекалолар қайда қолданылады?
( Көмекші лекалдар дегеніміз бұйымды өңдеу барысында, мыс.- қалтаның орналасу жерін белгілеу үшін қолданылатын лекалдар).
5. Эталон лекалолар қайда қолданылады?
(Эталон лекалдары жұмысшы лекалдардың сапасын тексеру үшін қолданылады.)
6. Жұмыстық лекалолар қайда қолданылады?
(Жұмысшы лекалдары- эталон-лекалы бойынша дайындалып, бұйымның пішу шамасын орындау, мата шығынын анықтау және пішілген бөлшектердің сапасын тексеру үшін қолданылады.)
7. Лекалдар сақтайтын бөлмеде температурасы қандай болу керек?
( Лекалдар сақтайтын бөлмеде температура 18-20 °С және ауаның ылғалдығы 60-70% болады.)
Үйге тапсырма: § Лекал түрлері. Лекал дайындау.
А.Асанова «Киімді конструкциялау» . 154-161бет
Е.Никитина. Киімді конструкциялау231-240 бет

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген