Материалдар / Ашық сабақ "Лепті сөйлем" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Лепті сөйлем" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2020
1338
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ:

Табиғат пен адам

Лепті сөйлем

Мектеп: «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі»

Күні: 09.12.2020

Мұғалімнің есімі: Мухаметрахимова А. Е

 

СЫНЫП: 2 В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

22.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.7.1 сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).

Сабақ мақсаттары

 Барлық оқушылар:

 Лепті сөйлем туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

 Лепті сөйлемді ажырыта алады. Тыныс белгісін қоя алады.

 Кейбір оқушылар:

 Хабарлы, сұраулы сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдыра алады.

Бағалау критерийі

Лепті сөйлем туралы білді. Лепті сөйлемді ажырыта алды. Тыныс белгісін қоя алды. Хабарлы, сұраулы сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдыра алды.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, Зум платформасы

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, тарих.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы 5 минут

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 


«Мен бастайын, сен жалғастыр» ойыны.


  • Балалар сабақты бастамас бұрын, білетін ережелерді қайталап көрейік. Ол үшін «Мен бастайын, сен жалғастыр» ойынын ойнап көрейік. Мен сөйлемнің басын бастаймын сендер аяқтайсыңдар.

  1. Сөйлем аяқталған (ойды білдіреді)
  2. Сөйлем сөзден (құралады)
  3. Сөйлемдегі сөздер (бөлек жазылады)
  4. Сөйлемнің бірінші сөзі (бас әрәппен жазылады)
  5. Сөйлемнің соңына (нүкте қойылады)
  6. Хабарлы сөйлемнен кейін ( нүкте қойылады)
  7. Сұраулы сөйлемнен кейін (сұрақ белгісі қойылады) Жақсы балалар, ережелерді білетіндерің белгілі болды. Олай болса оқулықтың 100 бетіндегі 1-тапсырмадағы өлеңді оқиық

 

 

Ортасы 18 минут

Экранға шыққан сөйлемдердің аяғына тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу.

Тоғызыншы желтоқсан

Сынып жұмысы

Сыныпта өнерлі оқушылар көп.. Айдос ауылға келді ме? Алақай, ертең менің туған күнім!

  • Соңғы сөйлем қандай сөйлем?

  • Ендеше бүгінгі тақырып Лепті сөйлем.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

(слайдты шығару)

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу -100 бет

  • Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхатқа шығайық .

  • Өзімізді осы табиғат аясында  жүргендей сезінейік.

Видеоролик көрсету

  • Өлең не туралы?

  • Табиғатқа нелер жатады?

  • Бізді қоршаған орта не деп аталады?

  • Жақсы балалар енді өлеңге ат қояйықшы

  • Қалай, ұнады ма?

  • Біз сезімдерімізді қалай білдіреміз. Өздеріңнің көңіл-күйлеріңді сөйлемдер арқылы білдіріңдерші.

Дәптерлеріне бір сөйлемнен жазады.

Қандай керемет! Табиғат неткен тамаша! Қараңдаршы, мына гүлдердің әдемісін-ай! Елімнің табиғаты керемет екен!

  • Балалар, осы сөйлемдерге назар аударайықшы.



  • Бұл сөйлемдерден біз нені байқаймыз? Олар қалай оқылады?



  • Сөйлемдердің соңына қандай белгі қойылады екен?

  • Тақтадағы сөйлемдерге қарап қандай ереже құрастыруға болады екен?


  • Лепті сөйлем адамның көңіл-күйін, сезімін білдіреді. Олар көтеріңкі дуыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.



2-жаттығу. Сурет бойынша жұмыс.

Көп нүктенің орнына қажеттілерін қойып, үлгідегідей 2 суретке сөйлем құрастырып жазу.

  • Қандай әдемі гүл!

  • Мына пілдің үлкенін-ай!

  • Субұрқақ қандай амаша!

  • Неткен ақылдысың, балақай!

2 оқушыға оқыту.

  • Бұл қандай сөйлемдер! Қандай тыныс белгісін қойдындар?

3-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқу. (Бір оқушыға оқыту) Аружан оқиды.

  • Өлеңнен баланың қуанышын білдіріп тұрған сөйлемді табайықшы.


Қалақай туралы қысқаша мәлімет айтқызу. (Айару айтады)

  • Қалақай – төртқырлы тік сабақты жапырақты өсімдік. Оның безді түктері денеге тисе түтік ұшы морт сынып, ішіндегі сұйықтық денеге жайылып күйдіреді.Сол үшін қалақай шақты деп айтамыз.

 

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

«Интервью» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнежазба «Табиғат әседігі»

Аяқталуы  15 минут


Сұраулы, хабарлы сөйлемдерді, лепті сөйлемдерге айналдырамыз.

Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе?

Сыныпта өнерлі оқушылар сондай көп!

Мектеп ауласында әдемі гүлдер егілген бе?

Мектеп ауласына сондай, әдемі гүлдер егілген!

 Әкем шаңғы әкелді.Алақай, әкем шаңғы әкелді!

Қар қалың жауды. Қардың қалың жаууын-ай!

Ертең ауылға қуыршақ театры келеді

.Алақай, ертең ауылға қуыршақ театры келеді!

Сенің күлкің әдемі. Сенің күлкің  сондай әдемі!

Ия,бұл тапсырманы да орындадық. Яғни хабарлы, сұраулы сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдырдық, тыныс белгілерін дұрыс қойдық. Өз-өзімізді түстермен бағалайық.

Қорытынды

 Ал қазір, «Тез ойлан» ойынын ойнайық. Мұғалім сөйлемдерді оқиды, балалар тыныс белгілерін көтереді.

  1. Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

  2. Ыстық қой шіркін туған жер!

  3. Алақай, мен Астанаға баратын болдым!

  4. Райхан апай көйлек тікті.

  5. Ертең киноға барасың ба?

Сонымен балалар, лепті сөйлемнің ережесін қайталайық.

Балалар, сендерге бүгінгі сабақ түсінікті болды ма? Тыныс белгісімен көрсетейік.

Бәрі түсінікті болса ! белгісін

Әлі де түсінбеген жерлерін болса . белгісін

Түсініксіз болса ? белгісін көрсетеміз.

 

 

Оқушылар кестемен жұмыс жасайды

Үйге тапсырма: 4,  5-жаттығу, 101-бетте.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!