жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Лепті сөйлем" 2 сынып
|
Қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Мектеп: Береке орта мектебі |
||||
|
Күні: Мұғалімнің аты-жөні : Б.Уразбаева |
|||||
|
Сынып: 2 Сабақ 51-52 |
Қатысқандар:20 Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Лепті сөйлем |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме) |
2.2.3.1 Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды сөздік қорын толықтырады; 2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды; 2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
сөйлем, сөйлемнің айтылу
мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым
қалыптастыруға мүмкіндік жасау; |
||||
|
Жетістік критерийлері |
лепті сөйлемнің мағынасын
түсіндеді, |
||||
|
Сөздік қор
|
Әдептілік, мектеп ережесі, үзіліс кезіндегі ереже, оқушы міндеті, ақылды , байсалды , сыпайы , әдепті , алғыр , білгіш, ізетті , мейірімді, бауырмал, кішіпейіл, тілалғыш,білімді, әдемі, талапты, сүйкімді, шыншыл, қайратты, ақкөңіл, еңбекқор, қайырымды, әділетті, намысшыл, адал, сыйлы, шыдамды,батыр. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Мектептегі, үзіліс кезіндегі ережелерді сақтай отырып, оқушы бойында әдептілік, мәдениетті болу, сыйлау және зияткерлік әдептері қалыптасады. |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Белсенді тақтадан суретті қарау арқылы АКТ пәнімен байланыс, музыка желісімен сергіту сәтін орындау арқылы музыка пәнімен байланыс, үзіліс кезіндегі ережелерді, әдептілік арқылы өзін – өзі тану пәнімен байланысады. |
||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
«Әңгіме оқуды дамыту» тақырыбы бойынша мәтіндермен жұмыс орындалған.Суретке қарап көріністі әңгімелей алады. |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Сабақ барысында таныстырылым көрсеткенде қолданылады, әдептілік ережесін қарастыруда өзін – өзі тану пәнімен байланыс орнайды. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы 1 – 8 минут |
(Ұ) Шеңбер
құру. Алдымен балалар өзіне сәйкес келетіндей,
әдептілік мінез – құлыққа байланысты сөздерді таңдап, соған өз атын
тіркеп айту керек. - Ерте-ерте, ертеде бір үлкен ел өмір сүріпті. Бұл елде сөздер отау құрып бір - бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін - бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұл ел қалай аталады екен, балалар? Дұрыс, бұл ел «Сөйлемдер» елі деп аталыпты. - Сонымен, бүгін біз, сол Әлемдегі ең үлкен ел – «Сөйлемдер» еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін ,саяхатқа дайынбыз ба? - Иә. Ой ширату: Пойызға отыру: - Мәтін дегеніміз не ? - Сөйлем дегеніміз не ? - Сөйлемнің неше түрі бар ? - Олар қалай аталады ? - Хабарлы сөйлем дегеніміз не ? - Сұраулы сөйлем дегеніміз не ? |
Әдептілік мінез – құлыққа байланысты сөздер. |
|||
|
Сабақ ортасы 9 – 55 минут |
Лепті лөйлем дегеніміз адамның көңіл-күйін білдіреді, олар үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады Ауызша сөйлем құра, жазбаша дыбыстық талдау жасау Алақай - 3б, 6ә , 6 д. а – дауысты , жуан. л – дауыссыз, үнді. а – дауысты , жуан. қ - дауыссыз , қатаң. а - дауысты , жуан. й – дауыссыз , үнді. Ура - 2б , 3 ә, 3 д. у – дауысты, жуан. р – дауыссыз , үнді. а - дауысты, жуан Жасасын – 3 б ,7 ә, 7 д. ж – дауыссыз , ұяң. а - дауысты , жуан. с - дауыссыз, қатаң. а - дауысты , жуан. с - дауыссыз , қатаң. ы - дауысты, жуан н – дауыссыз, үнді. 4 – вагон: (МК,Ұ) Берілген жағдаятты ұжыммен талдау.
Сергіту сәті. Музыка ырғағымен сергіту сәті орындалады. Үзіліс кезінде өзімізді әдепті ұстай білеміз бе? (Т) Оқушыларға постерге үзіліс кезіндегі ережелерді топтасып құрастыру тапсырылады. (Т) Әр топ мүшелері өздерінің үзіліс кезінде орындайтын ережелерімен тансытырады. (МК) Бұдан кейін толықтырулар енгізіп, тақтада жазылған ережелерді оқимыз.
Тез ойлан!» ойыны. Ойынның шарты: айтылған сөйлемдерді балалар тез анықтайды. Егер сөйлемнің соңында нүкте болса отырып калады, сұрақ белгісі болса қол соғады, ал леп белгісі болса аяқты еденге ұрады. Бәйтеректің басына сен шықтың ба? Ыстық қой, шіркін, туған жер! Алақай, мен Астанаға баратын болдым! Райхан апай көйлек тікті. Ертең киноға барасың ба? Көрініс: «Жұмбақ жасыру» Сен неге айғайлай бересің? Сөйлемге қандай мағына бересін? Жөн жосығыңды түсіндірші, Жазуда қандай жерде келесің ? Мен ылғи айғайлай бермеймін, Қуана да , күле де білемін. Кейде өкініп , кейде ренжісем де, Көбінесе көтеріңкі ,көңілді жүрем, Сөйлемдерге көтеріңкі дауысберем, Сондай сөйлемдердің соңында келем. – Балалар, пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемдердің ТЫНЫС БЕЛГІ деген ақылгөй шешей орналасыпты. Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты. - Қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай сөйлемдер? |
Төрт топқа берілген өлеңдер
Музыка ырғағымен орындалатын сергіту сәті
|
|||
|
Сабақтың соңы 55 – 80 минут |
Кері байланыс
|
|
|||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|||
|
Қабілеті жоғары оқушылар берілген мақалдардың жалғасын бірден тауып, дұрыс айтып, ережелерді жаза алады. |
топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау, тақырыпқа сай қажет сөздерді таңдай алу, қажетті сөздерді дұрыс қолдана білуі. |
Оқушылармен сергіту сәтін өткізу арқылы денсаулығын қадағалауға және сабақ барысында қауіпсіздік техникасын сақтауларын ескертіп отыру. |
|||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген