400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ "Линзалар.Жұқа линзаның формуласы.ә

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларға линза тураыл мағлұмат бере отырып, жұқа линзаның, линзаның, линзаның оптикалық күшінің формулаларын, линзадан алынған кескіндердің кемшіліктері туралы түсінік беру Линзалардың қолданылу ерекшеліктері, негізгі формулалары арқылы оларда кескінді қалай тұрғызу,линзалардан алынған кескіндерді қалай ұлғайту керектігі туралы білімдерін толықтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:11 «а»

Пәні:физика

Пән мұғалімі: Кенжеғалиева С.Қ

Сабақтың тақырыбы: Линзалар.Жұқа линзаның

формуласы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға линза тураыл мағлұмат

бере отырып, жұқа линзаның, линзаның, линзаның оптикалық күшінің формулаларын, линзадан алынған

кескіндердің кемшіліктері туралы түсінік беру

Білімділік: Линзалардың қолданылу ерекшеліктері, негізгі

формулалары арқылы оларда кескінді қалай

тұрғызу,линзалардан алынған кескіндерді қалай

ұлғайту керектігі туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Тұрмыстағы және және физикадағы

есептеу жұмыстарындақолданылатын линзалар

туралы, линзаға түскен сәулелер параксиаль

сәулелер болмайтындығын және линзалардың

негізгі кемшіліктері туралы ойларын дамыту.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, епілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,

Сабақтің типі: Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: Математика, информатика

Сабақта қолданылатын әдіс: Сын тұрғысынан ойлау

әдісінің элементтерін пайдалану.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: инерактивті тақта,

электрондық оқулық, эксперименттік

тапсырмаға қажетті заттар, су. стақан,

тиын,қарындаш линзалар, ойық, дөңес,

шашыратқыш, жинағыш линзалар, компьютер.

Сабақтың ұстанымы: «Естігенімді ұмытып қаламын,

көргенімді есіме сақтаймын,істегенімді

түсінемін» (Конфуций)

Сабақтың өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

І.Ой шақыру

а) линзалар туралы түсінік( электрондық оқулықты пайдалана отырып мұғалім

түсіндіреді)

ә) қолданылуы

ІІ. Мағынаны ажырату

а)Линза туралы негізгі ұғым.

ә )Жұқа линзаның формуласы

б)Линзаның оптикалық күші

в) Линзаның ұлғайтылуы

ІІІ. Ой толғаныс

а)Линзада кескін тұрғызу

ә)Линзалардың негізгі кемшіліктері

б) Есептер шығару

1.Қарапайым есептерді шығару арқылы

2.Паскал прграммасы арқылы есептеу

4.Оқушылардың білімін бағалау.

5.Үйге тапсырма беру.

Жаңа сабақты түсіндіру

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар ! Бүгін біз төменгі сыныптарда оптика жайлы білімімізді әрі қарай жалғастырамыз. Олай болса, сендер осы линза деген сөзге қалай түсінесіңдер? Әрқайсыларыңның ойларыңды білгіміз келіп отыр. Өз ойларыңды айтсаңдар. (оқушылар өз ойларын айтып, ассоциацияны жазады. Мұғалім оқушылардың ойларын дұрыстығын айта отырып, білімдерін толықтыру үшін жаңа сабақты түсіндіреді.) Оқушылар,көптеген оптикалық аспапатарда: телескоптарда, микроскоптарда, фотоаппаратурада, проекциялық аппаратурада, дүрбіде, тіпті өзіміз көзімізге киіп жүрген көзілдіріктерде, қолдарыңа ұстап жүрген ұялы телефондарда қолданылады.Сонда «линза» дегеніміз- екі жағы сфералық бетпен шектелген мөлдір дене. Олар шашыратқыш және жинағыш болып екіге бөлінеді.Шашыратқыш линза өзі арқылы өткен жарықты шашыратады.Ал жинағыш линза бір нүктеде жинайды.Әрі қарай оқушыларға электрондық оқулық бойынша линзалар туралы толық түсінік беріледі.Онда мына жолдар түсіндіріледі:Линзаның бас оптикалық осі, линзаның оптикалық центрі, линзаның төбелері, қалыңдығы,бас фокусы, фокустық жазықтық, шартты белгілері мен негізгі ұғымдары мен сипаттамалары туралы мағлұмат беріп өтеміз.



Л инзаның фокустық жазықтығы деп- линзаның бас фокусы арқылы линзаның бас осіне перпендикуляр жүргізілгент жазықтық..Ол- Ғ׀Ғ фокустық жазықтықтар.Линзада фокустық жазықтық екеу, ал қосымша фокустар саны шексіз. Әрі қарай жұқа линзаны формуласы қорытып шығарайық.

Ол үшін жоғарыдағы көрсетілген №4 суретті пайдаланамыз.

S -жарық шығарып тұрған нүкте,S - нүктенің кескіні, SA- түскен сәуле,AS- линза арқылы өткен сәуле , F- линзаның бас фокусы, ВҒ- линзаның фокальдық жазфқтығы, О – линзаның оптикалық центрі, ОВ- линзаның қосымша осі.В нүктесі- линзаның қосымша фокусы

Нәрседен линзаның центріне дейінгі SО қашықтығы d әріпімен, линзаның оптикалық центрінен нәрсенің кескініне дейінгі ОS қашықтығы f әріпімен , ал линзаның фокустық арақашықтығы ОҒ-ты Ғ әріпімен белгілеп, келесі есептеулер жүргіземіз. Ұшбұрыштардың ұқсастығының үшінші белгісіне сәйкес SAS және OBS ұқсас ұшбұрыштар.Ұқсас ұшбұрыштардың сәйкес қабырғалары және қабырғалардың кесінділері пропорционал болады. Демек: Бұл Жұқа линзаның формуласы . 1 + 1 = 1

d f F

олардың қолданылу ерекшеліктері жинағыш линза нақты кескін берсе, d>0 (оң), f>0 (оң) және F>0 (оң). Жұқа линзаның формуласы мына түрде жазылады. 1 + 1 = 1

d f F

Егер жинағыш линза жорамал кескін берсе, d>0 (оң), f<0 (теріс) және F>0 (оң)

1 + 1 = 1

d f F

Шашыратқыш линза әр уақытта жорамал кескін беретіндіктері туралы да түсіндіріледі. d>0 (оң), f>0 (оң) және F<0 (теріс). Жұқа линзаның формуласы 1 + 1 = -1

d f F

Сол сияқты оқушыларға параксиаль сәулелер туралы да түсінік беріледі. Параксиаль сәулелер дегеніміз- линзаның немесе айнаның бетіне өте аз бұрышпен түсетін сәулелер. Әрі қарай линзаның оптикалық сәулені қалай сындыратынын анықтау үшін линзаның оптикалық күші деп аталатын физикалық шама қолданылады. Линзаның оптикалық күші дегеніміз- бас фокус арақашықтығына кері шама.Линзаның оптикалық күшінің физикалық мағынасы -жарық сәулелерінің линзадан өткендегі сыну дәрежесін сипаттаудан тұрады.

Линзаның оптикалық күші диоптриямен өлшенетіндігін және 1 дптр= 1 м¯ ¹

тең екендігін де айтып өтеміз. Электрондық оқулықтан тағы да линзада кескіндерді қалай тұрғызуға болатындығы туралы толық түсіндіріледі. Онда негізі басты мәселелер мыналар екендгіне оқушылардың көздерін жеткізу керектігі түсіндіріледі.

Линзаның кескіндерін тұрғызу үшін негізгі үш сәулені пайдалану керек.

1.Бас оптикалық оське параллель сәулелер линзадан сынғаннан кейін оның фокусы арқылы өтеді.

2.Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле сынбайды.

3.Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель кетеді.


Жинағыш линза нәрсенің нақты кескінін де, жорамал кескінін де беруі мүмкін. Сынған сәулелердің қиылысуы нақты кескінді, ал сәулелердің созындыларының қиылысуы жорамал кескін береді. Әрі қарай оқушыларға линзаның ұлғайтылуы туралы түсінік беріледі.Жалпы линза нәрсеніңүлкейтілген немесе кішірейтілген кескінін береді

Шашыратқыш линзада нәрсенің кескінін тұрғызсақ, ол әрқашан кішірейтілген және тура

(төңкерілмеген) жорамал кескін болады. Ал жинағыш линза заттың қай жерге орналасқанына байланысты нақты, жорамал, үлкейген, кішірейген кескіндер бере алады

. Сабақты қорытындылай келе, линзадан алынған кескіндердің кемшіліктері туралы да айтылып түсіндіріледі. Тұрмыста қалың линзалар көп қолданылады. Ал физикадағы есептеу жұмыстары жұқа линзаларға арналған диаметрлері кіші линзалар қарастырылады. Ол шыныныда олардың ,сондай-ақ диаметрлері бірнеше метрге жетеді.Теория жүзінде параксиаль сәулелер қарастырылады. Ал шын мәнінде линзаға түсетін барлық сәулелер параксиаль болмайды. Сондықтан линзалар бұлдыр кескіндер береді.

Олай болса оқуышылар линзаның мынанадай негізгі кемшіліктері бар екенін естеріңе сақтаңдар.1.Сфералық аберация- (лат: ауытқу)- жалпақ параллель сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокус пайда болады. Бұл кемшілікті жою үшін линзалар, диаграммалар қолданылады.

2.Хроматтық абберация- денелер жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялған дақтар пайда болады.Бұл кемшіліктерді жою үшін ахроматтар мен монахроматтар қолданылады.

3.астегматизм—линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау. Бұл кемшілікті болдырмау үшін дөңгелек линзалар қолданылады.

4.Дисторсия дегеніміз- кескіннің қисаюы.Бұл кемшілікті болдырмау үшін- көру аймағы шегінде линзаның көлденең ұлғаюы бірдей болуы керек.

Бүгінгі сабақты қорытындылай келе пысықтау сұрақтарын қоямыз.Оқушылар өз дәптерлеріне қажеттілерін түртіп алып отырады Нені білдім ?

DrawObject1 DrawObject2

DrawObject3

DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4






Оқушылардың алған білімдерін бағалау . Өз парақтарына не білемін? нені білдім ? нені білуім керек еді ? стратегиялары арқылы ойларын жазады


Үйге тапсырма: § № 4.11.11, №4.11.12


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
798
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі